Жол мен жоба және намыс туралы.

Бөлім: Ата жолы кітабы №6 57

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin:0cm; mso-para-margin-bottom:.0001pt; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi;}

              

         Ертеде бір пайғамбарға уахи түсіпті «Сенен де өткен дана адам бар, сонымен таныс» деген үкім түседі. Ол пайғамбар «Мені жаратушымыз пайғамбар қылып осы елге, пенделерге жол көрсетуге жер бетіне жіберсе сонда менен қалай дана болады» деген оймен әлгі көрсеткен кісіні сұрай, сұрай үйіне де жетіпті. Сонан үй алдында сақалы белге түскен, тырнағы өсіп кеткен бір кісі қарсы алыпты. «Өз бойын күте алмаған тазалықтан мақұрым адам қалай менен дана болар» деген таңданумен үйге кірсе, үй ішінде екі шошқа байлаулы тұр екен. Сонан жөн сұрасуды жөн көрген пайғамбарға әлгі кісі; «Қонағым ойыңды түсіндім мені кәпір көріп тұрғаныңды» деп өз тарихын баяндапты. «Анау тұрған екі шошқа менің ата-анам, Алланның қарғысына ұшырап сондай күйге түсті.  Кейде әкем  арқамды қасышы деп өтініш айтады, мен арқасына қол тигізсем тәніме қаралық кіреді сонан жүрегім кірлеп құлшылығым бұзылып Аллаға деген сенімім жоғалады, бірақ шошқа да болса әкем ғой, қалай бұйрығын орындамаймын деп тырнағымды өсірдім. Тырнағыммен арқасын қасимын тәніме тәні тимейді. Ал арғысы тұрған анам, кейде мейірімі түсіп «бетіңнен сүйейін» деп сұрайды, бетіме тұмсығы тисе жүрегім кірлейді, сондықтан сақалды бей берекет өсіріп қойдым шошқа болса да анам ғой, бетімді тосып сақалымнан сүйгіземін, сонда бетіме дақ түспейді» деп жауап берген екен. Сол пайғамбар, ол адамның даналығын мойындап басын иген екен. Ал аталарымыз; «Әке-шешең жынды болса байлап бақ!» деген нақыл қалдырыпты. Ал пайғамбарымыз; «Кімде кім ата-анасына жақсылық жасаса, оған Алла Тағала жақсылық етсін.» (811-өсиет)(10) Ал қазақ халқының Құдай патшалығын ісін меңгеру аруақ заңдылығының жемісін көрген, тура жолды тапқаннан кейін ғана жүздеген әулие-әмбилердің хикметті істерімен және сопы ғалымдарымыздың жан сырын ашық айқын бейнелеген еңбектері қазақ халқының кітап берілген мұрагерлер елі екенінен анық дәлел болады. Онда неге қазіргі таңдағыдай біртұтас ұлттың түрлі топтарға бөлшектенуіне кімдер кінәлі десеңіз, бұл жағдайға алдын-ала пайғамбарымыз болжап өсиет қалдырыпты;  «Бірде-бір қауым жақсылыққа жеткеннен кейін жамандыққа кеткен емес, өзара ұрыс-керіске тек тек жетімсіздіктен ғана барған.» (704-өсиет) (11).

           Олай болса қазақ халқының ішінде бұндай арсыздықты туындататын екі түрлі «Ман» қуатының жетімсіздігі бар. Біріншісі; Ақыл-ой қуатының азуымен «Ғылым» кітабына жалғана білмеу мен билік орындарына надан басшылардың келуінен, жолдан адасуымыздың себебі пайда болған. Екіншіден; дүниенің жетімсіздігінен және дүние бар ел басқарушы, дін басқарушыларының қанағатсыздықтарынан өз арамызда көре алмастықтың пайда болуымен ата салт дәстүріміздің жобасынан, «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деген өзара садақа беріп, жылу жинап, артық хайыр жасаудан, дүние қоңыздық, европалық салттарға еліктеумен жалған заң шығарып, Құдайға ашық жала жауып бас тартуымыздан білімді қоғамның жүректері жабылып, құлақтары сырттан келген негізсіз білімдермен жүктеліп, созылудан бүкіл қоғамды артқа тартушы шайтанның жамағаттарына айналумен, жолымыз- ұлттық намыстың да, жобамыз— адамгершілік, ізгілік, қайырымдылық, мейірімділік ұжданның да жоғалуынан пайда болғаны хақ. (Ар мен Уақ және Ман қуаттары атты 6-кітаптан үзінді) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

 

          Ар-ұждан-ынсап және жан бірлігі «Бір»-Жар туралы.

   

           «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді. Өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс-ұждан. Ұждан дегеніміз ынсап, әділет, мейрім. Ұждан- екі өмірдің азығы. Құдай бар, ождан дұрыс, қиямет шын-Еш діннің мақсаты жоқ мұнан асқан.» (Шәкәрім ата) Олай болса адам баласына керекті бір-біріне сүйіспеншілікті ұждан қалыптастырады екен. Біздің мемлекетімізге де керекті басты қазына ұжданымыз болу керек екен. Ал ұждан қайда, қайдан іздейміз, қалай табамыз? Ұждан тарихының болашақта қалай өрбитінін Шәкәрім атамыз былай болжап кетіпті; «Қытай елі отырықшылыққа ерте түскен қауым. Ескі заманда қытайлар рахатты кеңшілік өмірде болған. Бай, кедей өзінше бақытты еді, бірақ бір кездерде таң қаларлық науқасқа ұшырады… Әркім ұйқысы қашып тыныш ұйықтай алмайтын болды. Оның себебі; сол кездерде ұждан (ұят, ар) туды, яғни жер бетіне періште келді. Бұл ұждан періштесі бір нұрлы сұлу қыз суретіне түсіп, түн болғанда қытайларға көріне бастады, күндіз көрінбеуші еді. Әркім қызметі, саудасы болғандықтан күндіз Ұжданмен сөйлесуге қолдары тимеуші еді. Бірақ күн батып, қас қарайып, көктегі жұлдыз жылтылдаған соң, Ұждан шәһәрдің кең көшелерін аралай бастаушы еді. Халық жұмыс, шаруасынан босап тәтті ұйқыға кете бастағанда, Ұждан байлардың сарайына, кедейлердің балағына кіріп, төсегіне жақын келіп: «Ей кісі, маған қара!»- дейтін еді. Ол сасқанынан қызды көрген соң; «Ей, қыз, саған не керек?»- дегенде, қыз ақырын ғана; «Сен бүгін не істедің? Соны анық тексеріп ойла!» -деуші еді. «Мен не істеппін? Бөтен, бұзық еш нәрсе істегенім жоқ» десе, ол қыз; «Әбден түсініп ақылыңды жиып ойла!» — деуші еді. Ол кісі ойланып, ойына түскен бір ісін; «менің сүйткенімді айтамысың?» дегенде ол қыз көрінбей кетуші еді. Сонан кейін ол кісінің көңілі алаң болып, тиышсызданып түні бойы ұйықтай алмаушы еді. Ұждан қыз үйден үйге қыдырып, әлденеше мыңдаған қытайларды ұйқысыздық дертіне ұшыратушы еді. Сол уақыттың дәрігерлері бұл ұйқысыздық оба науқасына қарсы неше түрлі дәрі жасап ем қылса да, не апиын, не наша, не көкнәрі сияқтылардың түк пайдасы болмады. Сол өлкенің ең ақылды адамы Син-Лу- Жи бай жақсы кісі болса да, ол бұл науқастан аман қалмады. Бұл байға әркім борышты болғандықтан, бірталай адам оған борышын төлеу үшін қызмет қылушы еді. Егер борыштылардың бірі харакет қылмай борышын төлемесе, не біраз бидайын ашыққандықтан ұрласа, бай оны мейлінше сабап қатты қинаушы еді. Әрине ол оны басқаларға Ғибрат (сабақ) болсын деп істеді… Бірақ түн бойы жалғыз жатқанда, байдың ойына әлдене ойлар келуші еді. Мысалы, «пәленше неге ұрлық қылды?» «жейтін тамағы жоқтықтан», «тамағы неге жоқ?» «Бар бидайын аласым үшін мен алдым», бай осындай ойларды ойлап жатып, кейде күліп те жіберуші еді; «Қызық-ау, ұрлықты ол қылады, ал оның аш қалғанының обалы менде сияқты!» — деп. Сүйтіп байдың да ойы бөлініп ұйықтай алмайтын ауруға ұшырапты. Қанша ойласа да бұған ем таба алмай, бір күні бай қатын, бала, туысқандарын жиып алып, елден жиған малдарын, жерлерін өздеріне қайтарып, садақа беретінін айтты. Мұны естіген қатын бала, туысқандары зар жылап: «Ұйқысыздық дерті байды ақылынан адастырды»,- деп, оны емдетуге қам жасады. Дәрігерлерге, қала бастығына білдірген соң, «Бай ұйқысыздық дертінен жынданып кетті» деген хабар әр жаққа тарайды. «Мен де ұйқысыздықтан өлетін болдым» деген бай, кедейлер саны көбейе бастайды. Қауым бұл науқастан қатты қорықты. Уақытындағы ұлықтар қызметін жөндеп бұрынғыдай жолмен жүргізе алмай жаман састы. Патшаның уәзірлері, бақсы-балшылары көп кеңесіп, бұл науқас түнде келіп әркімді тынышсыздандыратын Ұждан деген қыздан (жан, жар) екенін анықтап, амалын таба алмай отырғанда, сол қаланың ең ақылды қариясы ойларына түсті. Қарияға барып; «Ей, атамыз! Дүниенің бейіші қаламыз ойран болып барады! Бізге бір шара, жәрдем қыла көріңіз!» деп аяғына бас ұрып, патшаның жіберген сыйларын ұсынды. Қария бұлардың сөзін әбден ұғып, ойланып отырды да; «Қорықпаңдар балаларым! Мұның емі оңай. Ол қыздың жолын бөгеп, оны келтірмеу керек. Сонымен жұмыс бітеді»- деді. «Ұқтық! Бірақ ол қыздың жолын қайтіп бекітеміз? Ол қыз бекітулі есіктен, биік қорғаннан, көпірсіз, өткелсіз сулардан қалай болса солай өтіп үйге кіреді»,- дегенде қария; «Оның амалы тіпті оңай! Заң, закондар жазып, оны баптарға бөліп, әркімнің не істейтінін, не істемейтінін ақ қағазға қара сиямен жазып, бекіту керек. Ол заңда әр адамның қылар ісін дайындап, соған қарап іс қылуға міндеттендіру керек. Сөйтіп, әркім қылар міндетін, әм қылмайтын ісін біліп қоюы керек. Көп қауымға мұны сөйлеп, оқып отыруға, басшыларға заңшыларға ерік беру керек. Олар қауымға үйреткені үшін ақы алып, сонан соң бәрі сол заң бойынша іс қылып рахат ұйықтайды»,-деді. Сонда олар жабылып молдасы бар, әкімі бар, ұлығы, ғалымы жабылып зәкүн дайындауға белсеніп кірісіп кетті.  Тағы әкімдердің басын қосып өздері қарар қабылдады; «Бұл жазылған заңды әркім білмейді, елдің қасиетті заңшыларына елдің ұлықтары білімділерге қаратып тұрсын! Қырық кітап тегін ақтарылмайды, білім ақысы немесе білмеу жазасы деп ақы төлейді. Сонан кейін Ұжданнан да, оның туысқаны Ынсаптан да тіпті қорықпайды, келсе сөзін тыңдамай; «Кет жоғал! Мен не қылсам заң жолымен қылдым деп, көрпені басыңа бүркеніп ұйықтай беру керек!».  Сонымен ол заң халықтарға таратылып күндердің күнінде Ұждан қыз тағы байға келсе; «Ол уақыттың өткенін білмедің бе сұлу қыз? Енді менің мал үлестіруге еркім жоқ. Заңның он алтыншы кітабының (шерік қосу), сексен екінші бабының (ашық түрде жалғастыру аяты), жүз бесінші бөлімінде (Кітап иелерінің сөзді өзгертіп қарсы болу аяты) не жазылғанын білемісің? Онда айтылған; «Мал, байлық аз-аздан азар ғана жиналады. Атадан балаға қалады, әр адам малды сақтауға міндетті, ысырап қылу заңға қарсылық болады; әркімнің малында қатын-бала, мирасқорларының үлесі бар»,- делінген. Егер малымды садақа беріп кедейлерге үлестірсем, онда мирасқорларға қиянат қылған боламын. Ол заңға қарсы, естідің бе қызым? Және заңның жүз алтыншы бөлімін (заман жетістіктеріне қарай аяттардың, сөз ұғымдарының ауысу аяты) тыңда: «Малын заң бойынша ұстамай ысырап қылған адамды тұтқынға алу керек, малына ие қою керек»,- делінген. Кет, қызым! Мұнан былай маған келме! Мен заңға қарсылық қылмаймын»-деп, бай көрпесін бүркеніп рахаттанып ұйқыға кетіпті. «Тегінде, ұждансыз жан өлікке есеп. Адамның кеселі жоқ мұнан кесек, Ар, ынсапсыз, мейірімсіз залымдарды Қате қылған болмаспыз хайуан десек».

          Сіздерге ертек, біздерге шын, осыдан 10-14 жылдар бұрын жаратушымыз берген егемендігіне қоса сыйға қазақ жеріне ұждан періштесін түсіріпті. Ата-бабасынан кіндігі ажырай қоймаған асылдың сынықтары, жан анамыздың ақ бастауы ұждан қыздың берген тапсырмаларын орындауға белсеніп кірісіп те кетіп, көктен келген батамен талайының ожданы оянып, ынсапты болып, әділетті істер істеп туысқандарына, еліне деген мейірімдері оянып, ұйқыдан ояна алмай жүрген қандастарын да, жаппай ұждан қызды тыңдауға шақыра бастады. Бірақ бұл жетістік қолдан жазылған заңға да, арғы беттен көшіріп алған дін заңына да, дін басшыларының халықты өздеріне ұйытқан жолдарына да қайшы келіп, әрі иемденген байлығынан айырылып қалуға қорыққандардың мазасын әбден алып болған соң жоғарғыдағыдай үкіметіміздің ел, дін басшыларының жабылып кеңесіп шешуімен ұжданымызды, ынсаптылығымызды да соттаған заң шықты. Сонымен жеңдік деп діншілеріміз де, ел басшы, заңшыларымыз да ұйқымыз тыныш болатын болды деп әкім қараларымыз да тыққандарымызды, құпия қазына сырларымызды да білмейтін болды деп, онымен бірге байларымыздың да қаражаты үнем болып, қайта терең ұйқыға жиналғаны сол екен, енді ұждан қыз өзінің туысқаны ынсаппен бірге күйеуін «тоқтыны», шындықты-ақиқатты да ертіп күш жинап және көк әскерін артынан ертіп қайта келді деген хабар келді. Сондықтан басыңыз мұздап, шаншып ауырып, екі шекеңізден қысып, ұйқыңыз тынышсыз болып немесе жауырыннан ұстап, білектен сыздатып, жүректен қысып, желкеден түртіп, тізеден сырқыратып ауыртып және түсіңіз шым-шытырақ қорқынышты жағдайларды көрсетіп, ұжданыңыз түрткілеп жүрсе, онда бабаларымыз әдетке-ғұрыпқа айналдырып кеткен жазылмаған заңды жобаңызды қайтадан іздегеніңіз абзал ағайындар. Ең қауіптісі тізеден ұстап, тобықтан белгі берсе, онда «Арыстанның» аузында тұрғаныңызды, онан қашып құтылар ешқандай жер жоқ екенін де есіңізде мұқият ұстаңыз. Сондықтан бұндай жағдайларда белді бекем буып, сүйген, қимайтын дүниеңізді дорбаңызға салып алып, жаман да болса, өз ағайындарыңызға таратып беруге, әулие-әмбилер басына барып, құрбан шалып, жаратқаннан кешірім сұрауға дереу жолға шықпасаңыз, арты кеш болып, зұлымдыққа тап боларыңыз да хақ. Ал шариғат ісін, Құдай ісіне яғни жолға заңға айналдырып, қақпан қылған молда мен европадан үлгі алған ұлық пен әкімдерден 16-бап, 82, 105, 106-шы бөлімдерін оқып «шерік қосу, серік қосу, жалған тәңірге табыну» деген ойдан шығарған заңын тықпалаған ақылын  көрсеңіз, тыңдамаңыз да; Кет деңіз!

            Енді осындай елімізде ойдан жазылған заңға қарсы Ұждан қыздың  жазылмаған заңы, көрсететін шындығы да, ашық хикметі де бар екенін де білгеніңіз жөн. «Ұждандыны мақтайды тамам адам, Мейлі ғалым болса да, мейлі надан. Ар, ынсаппен іс қылып азап тартып, Ақ жолында өледі бірталай жан. Ыразы қылдым дейтін Құдайы жоқ. Өлген соң тірілмеймін деп ойлаған… Ел түзеуге құрбанмын деп-ақ айтар, Өзі қалай пайда алар онысынан? Адал жолда өлгеннің арманы жоқ, Дегені болмай ма екен құрғақ мақтан. Ар, ынсаптың құмары осы десе, «Құмарың не?-деп сұра зұлымдықтан.» Артында азап та жоқ, рахат та жоқ. Емес пе ерегіскен екі дұспан? Сен ананы сүйесің, ол мынаны Мұнан ақыл жиренді не қылмыстан. Ар, ынсаптың осыдан үміті не? Ел түзелсе, өлген соң не пайда оған? Не дін емес, не тыныш өмір емес, Артқы үшін арпалысты неге осыған? Ел түзеп тарихта аты қалар дейді, Ақылым тоя алмайды менің бұған. Жоқ, шырағым! Жанымыз жоғалмайды. Екі өмірдің- азығы осы ұждан! Әйтпесе оған бұл өмір төлеу емес, Төлеуі: түпсіз рахат, тозбас заман. Ар, ынсаптың пайдасын жан сезеді, Өлген соң бәйге аларын біліп тұрған. Ақ жүрек, адал ниетті бола алмайды, Ұжданның бұл сырына шын нанбаған. Шын нану-ақылменен қабылдауы, Қалады зұлымдықтан сүйткенде аман. Әйтпесе өлген соң де мақтанбақшы Жорымасқа жолым жоқ солай тамам. Ақ, арам, ұждан зұлым деп не керек. Сый алмай, не қиналмай жоғалса жан. Шолақ ойлы дәлелсіз шолтаңдаған «Фанатик» діншілсің ғой дер-ақ маған. Тамам, дерттен сау ақыл, менің сыншым Мың айтып ұқтыра алман деймін саған!»«Адам өз ұжданы алдында адал шыншыл болуы адам өзіне өзі ізгі қасиетті болуында, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады.» (Әл-Фараби) Ізгі қасиет махаббатың жетілуі де тек өз жаны-ұжданының алдындағы адалдықтан, жүректің тазалығынан, ақ ниеттілігінен ғана пайда болатынын ескертіпті атамыз. Онда адам баласының барлық қасиеттілік, тектілігі, парасаттылығы да «Ман» қуаты И-манның сарайы жүрекпен ғана нәтижеленетіні даусыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *