Аруақ- өлім даусы Арыстан!

Бөлім: Ата жолы кітабы №6 153

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin:0cm; mso-para-margin-bottom:.0001pt; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi;}

 

                       

      «Ар»—Қуат; ыс— «У»;  тан-«Ақ»-жарық. АР-ЫС-«Ағаш-У»-ТАН-«Ақ жарық» Аятта; «Ал оларға насихаттан жалтаратын не болды? (49) Олар мүлде үріккен құлан сияқты; (50) Арыстаннан қашқан.. (51) Жоқ, олардан әрбіреуі өзіне бір ашық нұсқа берілуін қалайды.» (74-52) (126) Бұл сүреМұхаммед пайғамбарымызға Жәбірейіл періште арқылы келетін уахи, үкімдермен және өліктерді тірілту, жер бетінің хикметті істері мен Әзірейіл періштесі арқылы келетін рухани өлім және қайта тірілу мен қиямет мезгілі Исрафил періштесі арқылы сүр үрілу, дауыстың, күш, қайраттың Алладан қорқудың, 5 тәңірлік қуаттың толық бейнеленген мұғжизалы, хикметті көріністері болып, бұл сүренің жұбы 47-сүре Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағаты мен парасаттылық сана қуатының негізі және тура жолдың ғылымы болып түсіндіріледі. Сондықтан 10«Жүніс»+11«Һұд»+12«Жүсіп»+14 «Ибраһим»=47 «Мұхаммед». Осы бес сүренің сандық мәндерінің Құран ішінде көлденең және тігінен «Хатте»(диван) бұрыштарын құрау арқылы пайда болатын жасырын насихат, үгітінен ғана тура жолдың ғылыми үгіті пайда болады. Енді аяттағы сандық мәндегі; 49, 50; 51-санды аяттардың мағынасы мен «Арыстан»-«Аруақ» (рухани өлім) ұғымының астарлы сырын іздеп көрсек; Бұл санды мағынаны аяттарды көлденеңінен 7 санды сүре өлімнен кейінгі тылсым өмірін «Ағраф»-«Ақ» деп атап «Аруақ» тіршілігі және әр түрлі қуаттардың белгілерін, түрленуін, жаннат, тозақ сипаттарын үгіттейтін 206 =(8) аяттан, белгіден тұрады. Енді аятта: «Тозақтағылар, ұжмақтағыларға; «Бізге суларыңнан немесе Алланың сендерге берген несібесінен төгіп жіберіңдер» деп айғайлайды. Олар: «Расында Алла, ол екеуін де кәпірлерге арам еткен» дейді. (50) Олар, діндерін ойын-сауыққа айналдырып, дүние тіршілігі алданғандар. Олар, осы күнге жолығуларын ұмытып және аяттарымызға қарсы келгендей, бүгін Біз оларды ұмытамыз.» (7-51).

           Енді құландар тозақтық пенделердің аруақтары болып, ал «арыстан» бір жағдайдан келесі жағдайға өту кедергісі, көпірі яғни өлім және есеп күнінің меңгеруші және шапағатшы ұжмақтық періштелер, Алланың достары болып есептеледі. Енді 51-аятты «хатте» ұғымы мен насихатын тексерсек; «Мұхаммед құлдарыма хабар бер. Күдіксіз Мен аса жарылқаушы, ерекше мейірімдімін. (49) Шын мәнінде азабым да күйзелтуші. (50) Оларға Ыбырайымның қонақтарының да жайын айт.(51) Сол уақытта періштелер Ыбырайымның жанына кіріп: «Сәлем» дегенде, Ыбырайым: «Біз сендерден қорқамыз»  деді.» (15-52) Бұл аяттардан Раббымыз бен пенделерінің арасындағы хабардың, елшіліктің, шапағат берумен және түрлі апат, өлімнің орындаушы періштелерінің сипатын береді және жоғарыда көрсетілген екі нығметтің де белгісін осы сандардың үгіті көрсетіп тұр. Енді Абай атамыз 51-санды нығметтің жағдайын өлеңмен; «Әуелде бір суық мұз-ақыл зерек, Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек. Тоқтаулық, қалыпты шыдамдылық-Бұл қайраттан шығады, білсең керек. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек. Жеке-жеке біреуі жарытпайды, Жол да жоқ, күлкі де жоқ, Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек. Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, Ғылым сол-үшеуінің жөнін білмек.» деген насихатпен ғылым яғни кітап алумен байланыстырады да екінші нығметті; «Ғашықтық, құмарлықпен-ол екі жол, Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол. Сенен артық жан жоқ деп, ғашық болдым, Мен не болсам, болайын, сен аман бол…»деген 52-санымен Алла жолында соғысып, нәпсіні, құмарлықты тәрбиелеу арқылы және сопылық, тақуалықты меңгеру арқылы жарға ғашықтықпен жан негізінен ақирет дүниесінен нығметті, иман қуатын зейнеттелуін ескертеді.

           Ата жолының; «Арыстан бабаға түне де рухани өліп, яғни өлімді жеңіп, жарықты, кісіні қайратты ал, Түмен баптан тіле де жұпар иісті нұрды ақылды құранның насихатын ал, Айша анадан жүрекке махаббат жылуын, қызыл түрді ал!» деген қағиданы атамыз, онсыз «Жол да жоқ» бұл үшеуінсіз (жарық, жылу, таза иіс қуаты, қозғалыс) ғылым да жоқ екенін сол замандарда насихат етіп кетіпті. Сондықтан Арыстан бабаны өлілер патшасы, рухани өлімнің есігі болып, Ясауи баба, Айша ана бастапқы қозғалыс қуаттарының Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатын және Раббымыздың үкімдерін жеткізуші, орындаушы аруақтары болып саналады. Енді Құран насихаты бойынша ғылым берілу және құс тілі осы бірінші игілік; 15; 51 сандарымен зейнелеттелетінін ескертеді. Аятта: «Алла (Т) бір адам баласымен көкейіне салу түрінде немесе перде артынан ғана сөйлеседі: Не бір елші жіберіп, өз бұйрығымен қалағанын уахи етеді. Күдіксіз Ол, өте жоғары, хикмет иесі.» (42-51) Бұл аятпен 5 тәңірлік қуаттың шапағатшысы; 5 әулиенің бірлігі және  «Бір»-ге толық иман келтіре білген елшісі арқылы түрлі жағдайда құс тілі үйретіледі. Бұл қазақ еліне иманы жолдас болғай; Қыдыралы Момбай ұлы арқылы жүректердің мөрін ашу арқылы болған, әлі жалғасын тауып жатқан; «Аққу, Сұңқар» арқылы аруақтан хабарды жеткізіп бата беру және соған байланысты елімізге келген  хикметті істердің хақиқатын растайды. Ар ісі-бес қуаттың тәңір ісінің көктік несібемен періштелердің түсуімен; 10 арқылы бейнеленуінің нәтижесі болып оны пайғамбарымыз; «Көктен жауған май мен бал» деп астарлап ескертіпті. Бұл ұлтымыздың санасы-діл біліміміз, «Ой бақшасы» деп те атаймыз. Ар, сана қуатының, естіліктің жетімсіздігінен пайда болатын жағдайды Абай атамыз; «..Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар, Көңілінің көзі ашық, сергек үшін…Кәрілікті жамандап, өлім тіліп, Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз. Әсіре қызыл деп жиренбеңіз, Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз.» деп адам баласының әсіресе еркек затының сөз ұғу қабілеті ар қуатын қалыптастырып, ар-дың негізі ақтан басталатынын ескертеді де: «..Батырдан барымташы туар даңғой, Қызылшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой. Арсыз малсыз, ақылсыз, шаруасыз, Елірмелі маскүнем байқалған ғой. Бес-алты мисыз тілді, кел, тіл ал, қой!…Сәнқой, даңғой, ойнасшы, керім-кербез, Қанша қызық болады өзіңізге?» Барлық арсыздықтың түп тамыры тілден және «Сексуальды»- ойнасшыл, күйшіл, күйлегіш, күйлеткіш, қазіргі замандағы батыр, даңғой (спортшыл) жастарымыздан тек мастардың-жындардың ғана санын көбейтумен ұлттық сана-сезіміміздің жоғалуын ескертеді. Сондықтан бұл жағдайды Омар Хаям атамыз: «Сұм тағдыр, көп талқыңды көрген атам, Бар ма екен пейілі тар сендей қатаң! Сен осы есенсің бе, есуассың ба?-Дап-дайын езге шыпаң, ерге –жапаң?» «Не пайда өзімді-өзім тия алғаннан? Не пайда есті кейін жия алғаннан! Кінәмді кешер Құдай, аяп, мүмкін, Не пайда бүлдіріп боп ұялғаннан?».

       Түбінде тағдырға жазылған нәпсінің жетегіне ерсең, нәтижесінде Құдайдың құрығына түсіп онан кейін діншіл, намазхан болып, шариғатпен тек өзіңді тия бергеннен пайда жоқ, білімсіздікпен өз дін қандастарыңа жапа беріп, артынан ұялғанмен бәрібір жазаланасың, сондықтан тағдырдағы алғашқы екі сөзді түзеп, орнына қойып аманатты қайтару керек деп ескертеді. Бірақ бұндай аманатты ескермейтін тек пірге қол беріп, орта үммет болуды қалайтындар яғни мешіттен шықпай «намазхан» аталып отырушылар да жеткілікті арамызда. Сондықтан ондай екінші берілетін жол-жобасын елемейтіндер үшін;«Жоқ, олардан әрбіреуі өзіне бір ашық нұсқа берілуін қалайды.» (74-52) (126)  Енді адам баласына келетін дайын нұсқаны, заманға қарай уахиды, кітабын алмайтындар масһабшылар туралы 126-санды аяттардың сырынан іздеп көрсек; «Сол уақытта Ыбырайым: «Раббым! Бұны бір тыныш қала қыла көр! …» Кім қарсы болса, оны да аз күн дүниеде пайдаландырамын, сонан соң оны ақиретте от азабына зорлаймын. Ол, барар орынның жаманы.» (2-126) «..Раббыларың сендерге бес мың белгілеулі періштелермен жәрдем етеді. (125) Алла (Т) мұны сендер үшін қуаныш әрі онымен жүректерің орнықсын деп қана етеді. Нұсрат, өте үстем, хикмет иесі Алланың қасынан ғана болады.» (3-126).

        Бұл аяттардан негізінде Мекке қаласымен және Ыбырайым пайғамбарымыздың жолымен байланысты дүние, ақирет және өлім үкімдерінің таразыға тартылатын, жүректердегі тағдыр жазуларының оқылып, хикметті істердің көрінуін білдіреді. Олай болса Арыстан баба басынан әрбір пендесіне ашық нұсқа кітабы ашылып, әрі қарай тағдыр істеріне құран аяттарынан үкімдердің берілуін аруақтардың, көлеңкелердің бір жағдайдан келесі жағдайға өту істері атқарылады. Ал әрбір пенденің жасаған хайырлары, сауаптары бойынша тілектері қабыл болуы Алла Тағаланың алдына әрбір пендесінің кітабын-кісісін, аруағын ұсыну Ясауи баба басынан Түркістаннан орындалатын болса, ал жанға қуат, дертке шипа және діл білімінен өзгерістер, неке және көңіл кітабын, ұждан қуатын Айша анамыздың басынан Тараздан таразыға тартылатынына сеніп иман келтірген жөн. Ал мұсылмандар үшін жүрек істерінің таразыға тартылып оқылуы тек «ғұмыра» жасап арап елдерінен бару арқылы орындалады деген пайымдау, пәтуаның жалған екенін сол елдерге барып 10 рет қажы болғандар енді, жүректері тазарып, мөрлерінің ашылуымен пайғамбарлық 24 түрлі қасиеттерді толық меңгерген, даналықтың, құлшылықтың жоғары сатысына жеткен «Лұқман» болу керек еді. Олай болса арап елі тек пайғамбарлар отаны болып, әлем ғылымының, философиясының жетекшісі болып танылуға тиіс еді. Бірақ 14 ғасырдан бері болмаған жағдайды енді қолдан құрастыру да мүмкін емес және барлық нәрсені жұбымен және парымен жараттым деген жаратқанның үкіміне ашық қарсылық білдіру де кәпірлік болып саналады. Жүрек ісі кіндікпен және жермен байланысты аспанымыз отан анаға тәуелді. Сондықтан да; «Қашпаңдар бақ берілген жерде!» деп қатаң ескерткен. (Ар мен Уақ және Ман қуаттары атты 6-кітаптан үзінді) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

 

               Құс тілі-бата, ардан хабар туралы ғибрат.

 

         Ертеректе Құс ілімінің қазіргі білімді замандағы серік қосу», «шерік қосу» деп аталмай, дін ілімінің ең маңызды биік дәрежесі болып тұрған заманда бір кісі жаратқанға жалбарынып; «Маған ғылым бер, құс тілін үйрет!» деп жалбарынып қоймаған екен. Сонан Раббымыздан уахи келіп; «Құс тілін меңгергенде не қажетіңе жаратасың?» деген сұрауға; «Өзім туралы, болашақ туралы хабарды біліп жүрсем» деген жауабынан, құс тілінің сырын түсінетін қасиет беріліпті. Сонан бір күні екі қарға бір-бірімен сөйлесіп отырғанын естіпті. Олар; «Мына үйдің сиыры бұзауын өлі туатын болды, содан енді егесі сиырын  қоса сойып, біз де сонымен бірге өлексеге қарық боламыз» деп мақтанып отыр екен. Бұл жағдайды естіген кісі дереу сиырын сатып жіберіпті. Енді бірде екі қарлығаш бір-бірімен сөйлесіп,; «Қожайынымыздың үйі жақында өртенетін болды, біздің де ұямыз өртте қалап, баларымызды да құтқара алмайтын болдық» деп шырылдап жаратушыға сәжде жасап зарын төгеді. Бұны естіген қожайын үйін де дереу сатып, артынша үй алып және бұзаулы сиыр да сатып алыпты. Сонан тағы біраз уақыт өткеннен кейін екі сауысқан төбеде қонақтап отырып; «Мына үйдің қожайыны жуық арада өлетін болды, оның жаназасына сиырын соятын болады, одан біз де содан қан-жынға қарық болып, тояттайтын болдық» деп сөйлесіп отырғанын естиді де назаланып, құдайға жалбарынып; «Уа, Раббым менің құс тілін білгенімде, өзімнің осындай өлімімді естиін дегенім қалай, маған бұдан шығар жолды хабар жіберіп неге алдын-ала білдіртпедің?» деп жалбарыныпты. Сонда Раббымыздан: «Сенің  өткен күнәңді жеңілдету үшін бұзауыңды садақаға алайын деп едім, оны қимадың, сиырыңды да сатып жібердің. Сонан хабарды ести тұра амал жасамағандықтан күнәң ауырлап, үйіңмен орнын толтырмақ болдым. Бірақ онан да қашып шықтың. Енді амал жоқ өзіңді де, оған қоса сиырыңды да күнәңнің өтеуіне, ақирет сұрауының жеңілдеуіне жаныңды да құрбандыққа алуға шештім.» деген уахи келген екен.

          Бұл біздің елдің ел басқарушы, дін басқарушыларына, жалпы халықтың бақытына келген жеңілдіктен қашқаннан кейін өз бастарына, болмаса жан ұялары мен малдарынан амал жоқ өтейтін, құдайдың құдірет қолы арыстаннан-аруақтан қашқан қылықтарына ұқсап және аятта: «Тағы Біз әрқандай кентке елші жіберсек, олар жалбарынсын деп, ол жердің тұрғындарын таршылық, қиыншылыққа ұшыраттық. (94) Сонан соң жаманшылықты жақсылыққа ауыстырдық. Тіпті артылып кетті де. «Аталарымыздың басына да таршылық, кеңшілік келген екен» десті. Сондықтан оларды кенеттен қолға алғанымызда өздері де білмей қалды.» (7-95) Бұл аятпен барзақ (ағраф жері) әлеміндегі тылсым құпиясы аруақтардың өлімнің, азаптың үкімін де жеткізуші болатын дәрежесі туралы ғылымын көрсетіп және бұл сүренің насихаты біздің елімізге келген дін сынақтарын заманның оқиғасы және орыс мемлекетіне бодан болғаннан көріп, ал діннің жаңадан үкімдерін жеткізіп, халыққа жол көрсетуге өз ұлтымыздан, арамыздан тағайындалған елшіні де, дәстүр сипаттағы дінімізді де, бұрынғы араптарда немесе араптан келген дін істерін білген аталарымызда болмаған деген сылтаумен мазақ қылғандардың жан ұяларының бақшасы мен қораларына (дене қабына) кенеттен түсетін азап, ауру, өлімді білдіреді. Абай атамыз бұл санның насихатын; «Сұрғылт тұман дым бүркіп, Барқыт бешпент сулайды. Жеңіменен көз сүртіп, Сұрланып жігіт жылайды. Әйелмісің, жылама, Тәуекел қыл Құдайға! Өлең айт, Үйге қайт! Атаңды анаң азғырып, Тұрғызбаған бейішке. Алласы оны жазғырып, Әкелді бастап кейіске. Әйелде ешбір опа жоқ, Бүгін — жалын, ертең- шоқ, Белді бу, Бетті жу!» деп бұндай сынақтың басты себепшісі әйел халқының азғындауымен, шайтанға айналуымен және тектің азуымен әйел жүзі-бет пен еркек жүзі, нәсілі белдің азғындығынан пайда болған, ел арасынан шығатын жынды ел басқарушылары мен ағайындарымыздың да болатынын және балтырлардың ашылып, Құдай ісі, құлшылық істерін теріске алумен; «Күшік асырап, ит еттім, Ол балтырымды қанатты. Біреуге мылтық үйреттім, Ол мерген болды, мені атты.» деп бұндай пенделерің түбінде нәсілдерінен Құдай атқан, атасын, анасын сатқан сатқындардың да шығатынын ескертіпті. Ал бұл жағдайдың «Бет» пен «Белдің» азуымен кейін аруаққа, руға, нәсілге айналып, ел кезіп кететіндерді Омар Хаям атамыз; «Баяғы көрдім сұлу ғаламатты, Мейірман бүгін қайта бола ғапты. Дегендей «Жақсылығың зая кетпес»,-Жаутаңдап жанай өтіп бара жатты.» деген астарлы өлеңмен осындай ел басқарған, халыққа ақыл беруші өз арамыздан шыққан ағайындарымыздың аруақтарының жағдайын, бастары көтерілмей, өз ұрпақтарына жалғана алмай, ел кезіп тіленіп жүргенін және бұл ағайындарымыздың керісінше өзге елдің нәсілдеріне жалғанумен ұлттық, арлық намыстарының өзгеріске түсіп; «Іштен шыққан жау жаман» деген аталарымыздың астарлы ескерткен аруақ білімін, жан ғылымын да түсіндіріп тұр. (Ар мен Уақ және Ман қуаттары атты 6-кітаптан үзінді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *