Ар-ман, ар-ұят, ар-намыс, ар-ұждан және ар-ісі.

Бөлім: Ата жолы кітабы №6 182

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin:0cm; mso-para-margin-bottom:.0001pt; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi;}

       

         «Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар. Әуелі «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүргені құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпен мал тап деген сөз болса, ол-ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек-ол арлының ісі…малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой…Бұлардың бәрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе?…Ол ата-ананы малға сатқан соң, құдайға дұшпандық емес пе?..» (29-сөз) Арманға айналған екі игілікті алу үшін әуелі бірге айналуға; «Сен мені не етесің? Мені тастап, Өнер бастап, Жайыңа Және алдап, Арбап, өз бетіңше кетесің. Неге әуре етесің? Қосылыспай, Басылыспай, Байыңа, Және жаттан Бай тап, Өмір бойы қор етесің…Ғашықтық-қиын жол, Жетсең-Жеттің. Жетпей өттің, Не болды? Арманда өмір өтті, Ойлар ма екен бір мені сол?..Шын жүрек-бір жүрек, Қайта толқып, Жолдан қорқып Айнымас, Шегісіп Қайтпас, Өлсе бір сөзбен, не керек?…» Арманның талабын өзіңнің жүрегіңнен ізде! деп; «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап, Әуре етеді ішіне қулық сақтап. Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап. Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе, Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе. Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып, Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе? Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме, Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме. Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде, Сонан тапқан-шын асыл, тастай көрме.» Аруақ қолда, мал, ақша деп; «Қуанбаңдар жастыққа, Елірме күлкі мастыққа. Көзің қайдан жетеді Достық пенен қастыққа? Сөз екен деп ап шықпа, Адалдан тапқан тиынды Сал да сақта қапшыққа. Қолдағыны (аруақты) қорғап бақ, Мал арзан деп аптықпа…Елу бесте біз дағы Сенісер адам таптық па? Арсыз құмар болғандар Опыр-топыр, шақ-шұққа. Түспей жүрме көрдің бе, Жалаң-жұлаң, тақ-тұққа?» Ар мен ұят, ұжданың ақирет ризығы деп; «Ұяламын дегені көңіл үшін, Ұсақ қулық бір ғана өмір үшін. Татымды достық та жоқ, қастық та жақ. Жігері жоқ, маңызы жеңіл үшін. Жалығу бар, шалқу бар, іш пысу бар, Жаңа сүйгіш адамзат, көрсе қызар. Ар мен ұят ойланбай, тән асырап, Ертеңі жоқ бүгінге болған құмар. Туысқаның, достарың-бәрі екі ұшты, Сол себепті досыңнан (аруағыңнан) дұшпан (жын-шайтан) күшті. Сүйсе жалған, сүймесе аянбаған, Бұл не деген заманға ісім түсті?! Өзің үлкен, қылығың — бала шаға, Балаша мәз боп жүрсің тамашаға. Әкесі ұрысса балаға, ол да – достық, Баласы ұрысса әкеге, жараса ма?» Ал арман-шын және бірлік-ынтымақта деп; «Жапырағы қуарған ескі үмітпен Қиял қып (армандап) өмір сүріп, бос жүріппін. Жыбыр қағып, көңілді тыншытпайды Қашанғы өтіп кеткен бұлдыр бір күн. Ол дәурен өмір емес, бір көрген түс, Ойға түйме қызықты қиялдан күс. Қарашы өз бойыңда түгел ме екен Ыстық жүрек, өң-шырай, қуат пен күш? Төңкеріліп құбылған жұрт-бір сағым, Шынға шыдап, қоса алмас ынтымағын. Көптің аузын күзетсең күн көрмейсің, Өзіңді-өзің күзет, кел, шырағым!»деп өзіңе-өзің «Абай бол!» деп, Арыстаннан яғни өлімнен сақ болуды ескертеді. (Ар мен Уақ және Ман қуаттары атты 6-кітаптан үзінді) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

 

Ақ-дене-мөр. Ар-хақиқат, шындық! У-ағаш, Аруақтың жаратылыс негізі.

 

        Әл-Фараби атамыз әлем жаратылысы туралы толғанғанда; «Алла белгісіз құпия қазынадан шығып, мәлім болуды қалап, сонан соң өз жанарынан бірінші жарықты (Жар-ақ), яғни нұрды жасау кезі болып саналады. Ол суық та жылы да емес, дымқыл да құрғақ та емес, еркек те, әйел жыныста емес еді. Алла тағала осы жарықты бүкіл әлемнің негізі етіп алды да, барлық жасалатын, болатын нәрселердің түп болмысының нышандары басынан аяғына дейін осы алғашқы жарықта жатыр. Бүкіл нәрселік (органикалық) тірі дүниенің рухани нышандары да осы жарықта болады.» деп бұдан кейін бұл «Ақ»-қа барлық жаратылыстың қасиеттері мен несібелік қозғалыстық, сезімдік, махабаттың барлық сипатын беріп, нұрды жаратып оны барлық нәрсенің басқарушы, жаратушысы «Раббысы» қылып көркемдеді. Осы жаратушымыздың жүзі Раббымыздан алған нұрымыз арымызды бастапқы «Ақ»-қа қосу үшін аралық бос кеңістікте жаратылған, арлық ағаш негізі «У» арқылы ғана қоса аламыз. Яғни Арымыз судан пайда болса, Ақ-жарық судан жаралған оттың негізі болып енді осы екеуінен де белгісі бар аралық ағаштан пайда болған «У»-көмір қышқылы (өмір уы) арқылы  Ақ-тың негізгі бастауы алғашқы екі сәуленің негізі болып, барлық денелердің бейнеленуі Ақ-арқылы ғана түзілетін денеге Ар мен У-дың бірлігін қалыптастырып бүкіл жаратылыс негізін қамтитын атқарушы қуат, «Аруақ» атты күрделі періштенің пайда болуын қалыптастыру Адам атты күрделі қанатты періштеге берілген нығмет еді.

         Адамның жер бетіндегі дүниелік тіршілігін қамтамасыз ету үшін үнемі «Ақ»-ты «Ыл»-ға араластырып, онан «Ми» пайда болып, осы бейнелеуші мидың, ақылдың жұмысы арқылы енді «Ар»-нұрға ұят, намыс, қайрат, ұждан және «Ман» атты сапаларды беруді, ар қуаты арқылы тазартушы пендесін «Мұсылман» деп атап, оның барлық нұсқаулары мен шарттарын, кітаптарын Ақылға жүктеп, ал ақылды басқарушы, жаратушымыздың бізге көрінетін нұры, сипаты; таза ақылды «Раббымыз» арқылы және Раббымызбен екі  аралық атқарушы, адам жанының ақирет өміріндегі барлық қарекет  тіршіліктің себептің себепші атқарушы қол; «Аруақ» қуаты, періштесі арқылы басқаруды үкім қылды да, барлық жанды нәрселерге жаратылыс, қозғалыс, ақылдың «Аруағы «Бол!» деп бұйрық берді. Енді біздің пәни дүние мен ақирет тіршілігімізде өсіп жетілуіміз жын періштесімен, күштерімен жұптасу арқылы ғана толық денеге айналу шарт болды. Сондықтан жыныс, ну тоғай ағаштан-у, ал удан-май шығатын еді. Осы ағаштан енді барлық жанды, жансыз нәрселерді түрлендіруші, бейнелеуші отты нәпсіні де жаратып, ал оттан тіл,  тілден бал шығу үшін сөзге түрлі мінез беріп, сөз мінезінен иіс пайда болса, жақсы дұрыс  иістерден тіл арқылы бал, балдан су, судан жан, «жан» анаға, ағаштан алған майды тамызу арқылы жан жарығы яғни адамзат баласы қайта пайда болатын еді. Сондықтан осы балды да майды, уға айналдырып шарап қылып ішуге де, қызметші нәпсіні сөз нәпсісі «жынды» және көз нәпсісі «шайтанды» қарсылық істерге де, тазарту арқылы пайдалы қызметке жаратуға, бос орындарды меңгеруге, толтыруға қоса жаратты.

          Енді осы жаратылысты жүйелеу үшін Інжіл арқылы астарлы әңгімемен мысал бере кетейік; Ғиса пайғамбарымыз көктен түсіп, жаратқанның үкімін жеткізетін қиямет мезгілі деп үлкен қиын-қыстау мезгілдің адамзаттың басына туатынын сол кездерде Аруақтың көтеріліп, адамзатқа жаппай енуі болатынын ескертіп; «…Себебі сол уақыттарда әлем жаратылғаннан бері күні бүгінге дейін еш болмаған және қайтып болмайтын қиын-қыстау кезең бастарыңа түседі. Егерде Тәңір Ие бұл күндердің санын қысқартпағанда, ешбір жан құтқарыла алмас еді. Бірақ Ол өзінің таңдап алған адамдарына бола сол кезеңді қысқартып қойған.(Бұл жағдайда адам балаларының қауымдық, ұлттық, үмметтік сияқты ерекшелігіне байланысты ішкі тағдыр уақыттары, рухани жетілгендік мезгілдеріне тәуелді болып, соған байланысты қиямет мезгілінің де әр халыққа келетін жақсылығы, несібесі және азабының да ерекшелігі де болатынын ескерткен.) Сол кезде біреу сендерге: «Міне Мәсіх мұнда!» немесе «Әне, Ол анда!» (Мәді, дінді тура жолды көрсетуші, топ басшылары) десе, иланбаңдар! Себебі жалған «мәсіхтер» (тазартушы, жол көрсетуші, жүрек ашушы, елші, емші діншілер) мен «пайғамбарлар» (болжампаз, философ, социолог, психологтар, телогтар, хазіреттер, шейхтар) шығатын болады. Олар, мүмкін болса, Құдайдың таңдап алған адамдарын да алдап, теріс жолға адастыру үшін ғаламат кереметтер мен ғажаптарды көрсететін болады. Байқаңдар! Мен сендерге мұны алдын ала айтып тұрмын. Сондықтан сендерге: «Қараңдар, Ол айдалада жүр!» (өзге елдерге хаж жасау) десе шықпаңдар! Немесе: «Ол ішкі бөлмелерде!» (ел ішіндегі мешіттер мен шіркеулерде) десе де, иланбаңдар! Себебі найзағайдың шығыстан басталып, батысқа дейін жарқырайтыны сияқты, (шығыс елдерінде пайда болып) Менің Билеуші ретінде көктен қайтып келуім де аяқ астынан (туған жерлеріңен, зияраттардан) және ап-айқын болады. (өліктер сөйлейді) «Жемтік қайда болса, құзғындар (берекет, ырыс, нығметтер түскен жерге, теріске бұрушы «білдімандар») сонда жиылар» делінген емес пе?..Сол кезде Менің Билеуші ретінде қайта келуімнің ғажайып белгісі аспаннан көрінетін болады…Сол кезде егіндікте жүрген (нәпсінің жетегінде жүрген еркек) екеудің біреуін періштелер қабыл алып, (өлім үкімі түсіп) екіншісін қалдырып кетеді. Бірге диірмен тартып отырған әйелдің де біреуін қабыл алып, екіншісін тастап кетеді. Сондықтан сергек болыңдар, сендер Қожайындарыңның (Раббыларыңнан келетін іс атқарушы періштенің, аруақтың) қай күні қайтып келетінін білмейсіңдер!..».

       Қазіргі таңдағы қазақ елінде яғни шығыста болып жатқан қиямет мезгілінің басталуын осылай айқын бейнелеп көрсетіп және «рухани ұрының» жын-шайтандардың да үстемдігі басталып, елге түрлі азаптарға және от, су апаттарының да көбейуімен белгі түсетінін ескерткен. Және өліктердің де хабары келіп, Құдай патшалығының үкімдері басталып, оған әрбір мойын ұсынған пендесінде болатын жағдайды:  «Сол кезде Құдай Патшалығыдағы жағдай мынаған ұқсас болады: Он (10) бойжеткен (жан, нәпсі, сезім мен сана, ар қуаттары) қолдарына шамдарын ұстап, күйеу жігітті (рухты, ақылды) қарсы алуға шығыпты. Олардың бесеуі (5) ақылды (ар), бесеуі ақылсыз (сезім-уақ періштелері) екен. Ақылсыз қыздар шамдарын алғанымен, құятын артық май алмай шығады. Ал ақылдылары (Ар-ұждан періштелері) шамға қоса майға толы құмыраларын (шарап) да ала жүреді. Күйеу жігіт (рух-кісі) ұзақ кешіккендіктен, барлығы қалғып, ұйықтап қалады. (өлім, ұйқы). Бірақ түн ортасында: (ұйқы кезінде) «Күйеу жігіт келіп қалды! Қарсы алуға шығыңдыр!» (Уахи елу)-деген дауыс естіледі. Сонда қыздардың (жандар) бәрі де орындарынан тұрып, шамдарын жөндейді. Ақылсыздары, (тозақтағылар ұжмақтағыларға) ақылдыларына:-Майларыңнан беріңдер, шамдарымыз сөнейін деп жатыр,-дейді, ал олар:- Бізге де, сендерге де жетпей қалғанынша, өздерің сатушыларға барып, май сатып алғандарың жөн,-деп жауап береді. Әлгілер майға кеткенде күйеу жігіт келіп, дайын тұрғандар онымен бірге тойға кіріп кетеді де, есіктер жабылып қалады. Кейін майға кеткендер келіп: -Тақсыр мырза! Бізге аша көріңіз! деп өтінеді. Ал күйеу жігіт оларға: -Шын айтамын, сендерді танымаймын!-деп жауап береді. Сондықтан сергек болыңдар! Себебі сендер Мен Билеуші ретінде көктен келетін күнді де, сәтті де білмейсіңдер.» (Матай жазбасы 24; 25-тарау) Бұл астарлы әңгімемен әйел қанында пайда болатын ділдің жартысын яғни 10-мен бірдің, Рухтың зейнеттелуін яғни оң қол аруағының 18 ғаламмен, Ғиса пайғамбармен төбемен, баспен байланысты хикметін насихаттаса, ал сол қол арқылы 5 сезімді (Ру-ел), тек періштелерінің есік қағып сыртта тұратынын және жан қуатының 10-ақжаулықтан яғни 10 саусақпен көрсетілген оң, сол белгілерінен болатынын және оның бесеуі іште болса, бесеуі сыртқы орта аралық күштермен, аруақтармен және неке арқылы әйел еркек арасындағы алыс-беріс, көңіл суымен байланысты болып сондықтан аталарымыз; «Бес бересі алты аласың бар» деп, ал жетіге толық аруаққа толтыру үшін аяқ тазартып, ақ табан болып, ел кезіп жер мен көкке жалғануды да Ғиса пайғамбарымыз: «Достарым,сендерге айтамын: тәнді өлтірсе де, кейін басқа ештеңе істей алмайдындардан қорықпаңдар! Сендерге кімнен қорқу керек екенін айтайын: өлтіргеннен кейін тозаққа түсіре алатын Құдайдан қорқыңдар! Сендерге тағы айтамын: Одан қорқып, Оны терең қастерлеңдер. Бес торғай екі теңгеге сатылмай ма? Дегенмен олардың біреуін де Құдай ұмытпайды…Көктен келген Маған қарсы сөйлеген әркімге кешірім беруге болады, бірақ Құдайдың Киелі Рухын (аруақты) қорлаушыға кешірім болмайды.» деп болашақта киелі рухтың рухани ұстаздың жерден пайда болып оның тәліміне қарсы шыққандар кешірілмейтін жазаға ұшырайтынын ескертіп: «Адамдар сендерді мәжілісханаларға, ел басшыларына және басқа да билік иелеріне апарған кезде қалай жауап беріп, не айтпақтарыңды ойлап уайымға салынбаңдар! Не айту керек екенін сендерге сол сәтте Киелі Рух үйретеді.» деп Мұхаммед пайғамбарымыздың үйретуші, жүректерді толық тазартушы мөрдің киесі, санада сөйлеуші «Аруағы» сол кездерде жүрек ашу хикметтері арқылы шапағатының белгілі болғанын Құранның мына аятын алдын-ала түсіндіріп кетіпті: «Өлі біреуді тірілтіп, оған адамдардың ішінде онымен жүретін жарық қылсақ, ол, қараңғылықтарда қалып одан шыға алмайтын біреу құсаған бола ма? Осылайша кәпірлерге істеген істері әдемі көрсетілді.» (6-122) Ал адамдардың ішіндегі жарық-нұр, жартаылыс басынан бастап жаратылған «Шыр-ақ» Мұхаммед пайғамбар аруағы еді. Сондықтан пайғамбарымыздан келетін шапағат нұр «Сол» және Одан қорқыңдар деп Інжілде ескертілген. 

      Енді Ғиса пайғамбарымыздың аруағы майы дайын 5 қызбен қосылатын өмірге киелі ұрпақ болып келетін рухани бастау емшілік, тазарту істерінің мөрі болса, Мұхаммед пайғамбарымыздың негізгі жанды жетілдіріп, өсірумен байланысты, ал сандық мәні; мінез бен сөз, істерді меңгеруші бастапқы 3 негізді қозғалысты (5-қыз+ 1-күйеу; 6-рухани жетілуімен) және сана қуатына Ар-ға бірлеуші (10-қыз+16 қуат) сөз ғылымын меңгеру; 26-мәнді «мөр» болып аятта; «Мұхаммед: «Егер Алла қаласа еді, мен Құранды сендерге оқымас едім де, оны сендерге білдірмес еді. Расында мен бұдан бұрын іштеріңде өмір бойы болдым. Сонда да түсінбейсіңдер ме?»,-де.» (10-16)(26)  Енді осындай жан сыры мен рухани көмес сырлы осындай аяттардың құпиясын және Екі «Мен» жан мен рух киесі соңғы оң және сол болып, қолдағы аруақ қуатын қалыптастырушы адамзаттың екі асыл пайғамбарларының өсиеті түгіл Құранды да мазаққа алған дін ғалымдары мен масһаб білімдерін және философия, психология ғылымдарының менікі екі; «Мен» негізі Алла «Бар»-ды, хикметті  растықты, жан ғылымын жоғалтқан қателіктеріне қайта оралатынымыз хақ деп біліңіз. (Ар мен Уақ және Ман қуаттары атты 6-кітаптан үзінді)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *