Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin:0cm; mso-para-margin-bottom:.0001pt; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi;}
Алла тағаламыздың жерді, әлемді алты күнде жаратқан басты қуаты – нұр (сәуле). Яғни жарықтың немесе сәуленің түрлену немесе ыдырау, өзгеру белгісі 6 санына тәуелді. Барлық жаратылысты Алла баураған десек, осы шеңбер ішкі жағынан тек 6 санымен тең бөлініп, «Алтын қима» деп те аталады. Адамға келетін құпия үннің уахидың саны да алты. Ал адам ағзасындағы тазарған сәулені жан жылуы «биоток» деп алты таңбамен атаймыз. Алты негізгі жерлік ғылымды меңгеруден даналықтың іргетасы қаланады. Сондықтан бұл сандарға алда талай қайта-қайта оралып отырамыз. Алтымен кісілігіміз айға мінер. Сондықтан айда барлық нәрсе алты есе жеңіл жерден. Еркектің мал қуаты әйелден алты есе ауыр. Керісінше әйел затындағы шашында болатын алтынның саны 6 есе еркектен көп болғандықтан жалаңбас әйелдің қоршаған орта мен еркекке тигізетін зияны да жалаңбас еркектен 6 есе көп. Сондықтан да «Алтын басты әйелден, бақырбасты еркек қоғамға тектің азғындығына зиянсыздау». Әйел заты алтымен жүктеледі. Еркектің алты түрлі мінезі бар. Әйелдің төрт түрлі қылығы бар. Әйел қылығы 10-мен дәрежеленіп 40 үйі қалыптасып, еркекпен қосылумен ортақ 46 санды періштелік қуатты қалыптастыратын да адал неке, әйел затының таза арынан, иманынан ғана пайда болады. Адам баласының өсіп-өнуге қажетті нәсілдік, ұлттық, қауымдық өмір сүрген жер арасымен байланысты періштелік қуаттық белгілері артқы жағында болады да оны «арқау» деп құранда «Ғыфыр» сүресі 40 санымен жер ана рухына байланысты белгіленген. Сондықтан Раббымыз араптарға әйелдеріне; «Анамның арқасындайсың» деп айтуға тыйым салған құпиясын, жан сырын «Ұлдың жақсы болуы нағашысынан» деп, ананың арқау қуаты әкесінің рухынан яғни сөз мінезінен қалыптасатынын ескертіп және бұл салада мұндай қуаттарды тазартумен, тектілік тазалығын сақтау барысында құпия құлшылық амалдарын қазақ аталарымыздан басқа шешкен әлемде ел жоқ.
Діл білімі жетілмей, тіл, сөз қуаттарын меңгермеуден және арсыздық істерден мидың азайып кеуіп, теріс біліммен салмағы артуымен тектіліктің азып, жамбас ағзаларының семіздіктен шамадан тыс жалпайып өзгеріске ұшырауын туындатады да керісінше мидың кішірейіп, ойлау қасиетінің жетімсіздігін туындатады. Осындай тектілікті қалыптастырыу барысында; «Арты қайқайған, құйрыққа арам жинағандар құл-құтанды туады» деп Шыңғысқан атамыз кейбір тәні азғындаған қазақтарды арнаулы мөр басып, тектілермен қыз алысып, қыз беруге тыйым салынған құл-құтандар тобына қосып отырған деген дерек қалған. Сондықтан данагөй аталарымыз; «Бәрінен де қой (малды, жынды) бағып, қорасында қамап ұстап, құйрықты шектен тыс өсірмей, етегін ашпай арын қалыптастыра білген өмірге қасиетті ұрпақ келтіріп, бәрінен де озар!» деп түсіндірген. Абай атамыз;«Қарашада өмір тұр, Тоқтатсаң тоқсан көнер ме? Арттағы майда көңіл жүр, Жалынсаң, қайтіп келер ма? Майдағы жұрттың іші-қар, Бәйшешек қарға өнер ме?..»Адам баласының артынан ерген аруағын «май» деп және адам баласының көкірегінің, көңілінің де қалыптасуы артқы ағзаға байланыстылығын ескертеді де «Қар»-деп әйел затының май өнімі натрий орындарын ескертумен енді оған діл бақшасының, бәйшешектің, қызыл денелердің, «тельца» қан құрамында өсіп-өніп шықпайтынын ескерткен. Яғни арттағы және әурет мүшелердің артық май жиналуымен немесе майдың арттағы көлеңке періштеге өтіп тәннің кеуіп арықтауымен енді оның орнына адам баласының ішкі асқазан, ішек ағзаларында «хлористый натрий, натрий хлориды» сияқты кірпіш түсті жынның-шайтан жартаылыстарының өсіп-өнуімен ар-естіліктің жоғалуын, туындататын рухани мәңгүрттікті ескерткен. Шәкәрім атамыз; «Ер қоспақ пен сөз қоспақ» деген деген насихатпен нағашысынан ана сүтімен 40 үйінің тазалығына байланысты, яғни 4-еуге айналып, қасиет болып келген сөз мінезін еркектерде 6 түрлі құйрық, жамбастың бітістік көрінісімен 6 мінездік сипатты беретінін астарлап ескертіп, арам жеу мен түрлі теріс қылықтардан және еріншек жалқаулықтан құйрық майдың өсуімен және адам мінезінің айнасы болып табылатынын меңзеп, әйел түгіл еркекке де шапанмен артыңды жауып жүр дегенді ескертеді. «Ер қосқанға ұқсайды сөз сөйлемек, Қисындырып жымпитып қосам демек, Атқа тыныш, адамға жайлы келіп, Көзге сұлу, өзі оңды болса керек. «Ол қалайша ұқсайды?»-деп ойлама, Байқарсың сөзімді оқып қылсаң шама. Ер мен сөздің арасын салыстырып, Біреуіне біреуі ұйқаса ма?..Атқа тыныш, адамға және жайлы Алды-арты бірдей сұлу, көзге ыңғайлы. Оғаш, оғат, оқыра, сызаты жоқ, Ер қайда сыр сымбаты түгел сайлы!». Сөз, тіл мінезімен адам баласының жамбас жаратылысының яғни тектілігінің, ағаш ерінің, жын үйінің қалыптасатынын ескертеді. Сондықтан сөз мінезі де тілі де азған европалықтардың шектен тыс семіздікке ұшырауы да осындай енді қазақтың еліне келген арсыздық салтынан, нәсілдік ағаштарының азғындауынан пайда болуы хақ. Осыдан-ақ 46 және 64 сандық сүрелер мен аят мәндерінің, адам баласының періштелік дәрежелерінің жыныстық ағашына да, қыз тәрбилеген нағашысына да байланысын данагөй аталарымыздың нақылын, жан сырын, иман жолдасының, иман келтіру амалдарының негізін айқын баяндап және ғылым насихатын да түсіндіріп тұрғанын білуге болады. Сондықтан ақылдың шырағы, пырағы, қолдаушың мен қорғаушың артыңдағы ақылдың періштесі; Алтау араздаспас үшін тән, ар тазалығын қалыптастырып, ауызға берік болып, арам тамақ ішпеу керек, тілді таза шұбарламай сөйлей білу керек. Денедегі артық иіс те осындай араздықтар белгісінен пайда болады да иістердің сарайы адамның жамбас, құйрық орындары болып саналады. Осындай адам тіршілік қуатының, арлылығының азуынан қоңыр майларға айналып, тән еттерінің сасуын, жалпы ағза мүшелерінің иістеніп түрлі жағымсыз иістермен, нәтижесінде ісік, дерттерге және жазылмайтын рухани азғындықтарға апарып соқтырады.Сондықтан бұндай рухани кеселге ұшыраған өркен «ниетті» деп атаған елдеріміз иіс сусыз өмір сүре алмай, үйдегі сиқырлы сандық тек иістен қалай құтылуды дәріптеп, жер жүзіде иістен құтылуға белсеніп кірісіп кеткені қашан. Денедегі иісті, шіріп жатқан шайтан лағын, иіс сумен тоқтата алмайсың, бәрі бір ісікке, «Анти кісіге», «Антиплод»-қа айналып, түбі әйтеуір мезгілі келіп өзінен, ұятсыздықтан, арсыздықтан, имансыздықтан ауру, азап, қайғы-қасірет болып хабар беретіні сөзсіз.
Жалпы алты саны тіршілік ету шегі, екінші бір жағдайға өту шекарасы мен жаратылыс білімдерін, ақылды, арды толық қамтитын белгі болып есептеледі. Алтау араз болса адал өлім де бұйырмайды. Жер бетінің тіршілік иелері үшін алты саны сегіз санымен алмасып келіп тұрады. Бұл сан ғылымда үндестік заңының, тыныстықтың, әуеннің (гармония) атасы «алтын сан» болып есептеледі. Табиғатта аққудың алты түрі, сұңқардың да алты түрі бар. Әр қазақтың қанында алты алаштың белгісі бар. Сондықта алтыншы сана сезімі ғана адам баласына шындықты көрсетеді. Алтыншы басылымда 6 санының құпиясына алда қайта ораламыз, талқылаймыз. Қазіргі таңдағы табиғаттағы нәрселерді «нано» деп өзін іштен басқаруға түрленуге мәжбірлеу де осы «полимер» атомының 5 электронды қаңқасы болып, 6-шы электронды қабылдату арқылы ерекше сапаға, қасиетке еге болатыны ғылымда белгілі болғанмен оның құпиясын әлі толық меңгере алмай жатқаны растық. Адам жанының да өзін-өзі басқару осы тағдырдан берілетін бастапқы басқарушы қарекеттік екі жарық негізімен және ана құрсағында рух болып үрленетін 4 сөзге тәуелді өсіп-өніп дүние есігін ашады. Ал алтыға байланысты аталар нақылынан, жан ғылымынан хабар берсек; «Бір атадан алты жаман туғанша, Алты атадан бір жақсы тусайшы елге тұлға боп.» «Ағайын алтау, ана біреу!» «Ақыл алтыда, ой жетіде.» Енді бұл бірлікті Абай атамыз 6-шы қара сөзінде; «Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды-бірлік, ырыс алды-тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады-білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік аты-ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Жоқ, бірлік-ақылға бірілік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады! Бірлік малға сатылса антұрғандық басы осы…»деген насихатпен алты бірліктен ған имандылық пайда болатынын ескертіп: «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды, ертегіні термек үшін. Көкірегі сезімді, тілі орамды, Жаздым үлгі жастарға бермек үшін… Мұнда жоқ «алтын иек, сары ала қыз» Кәрілікті жамандап өлім тілеп, Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз. Әсіре қызыл емес деп жиренбеңіз, Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз. Батырдан барымташы туар даңғой, Қызылшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой. Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз, Елірмелі маскүнем байқалған ғой. Бес-алты мисыз (жын, пері) бәңгі күлсе мәз боп, Қинамай қызыл тілді, кел, тілді ал, қой!..»
Қазіргі қазақ еліндегі спортшы, ойыншыны елдің рухын (ақылын) қорғаған батыр деп, ал қызылшыл, қызықшыл қанқылдап ән салып, арсыз, малсыз, күлкішіл, өздерін «жұлдыз» атайтын рухани азғындықты халықтың маскүнемдігі деп ескертеді. Және ондай қылықтан тіл, сөздің азуымен рухани періштелерінің жетілмей тектің де азып, даңғой, қызықшыл, еліктегіш, сауықшыл, күйшіл ұрпақтардың ғана туатынын ескертеді. Адам баласының рухани өркендеуі 5 қуатты яғни 5 күнге жалғану үшін өнер, кәсіп, түрлі шаруашылық еңбек арқылы арқылы меңгеріп қана 6-шы діл білімін, уахиды, кітапты алып түрлі рухани сыннан өту керек екенін баяндайды. «Үш күн арқаң босаса, бола қалдың бас асау. Жан қысылса, жайтаңдап, Жанды еріткен жайдары-ау. Жан жай тапса сен неге Жат мінезсің жабырқау?..Берерменде бесеусің, Аларманда және алтау Топ болғанда көресің Түрлі дауды жүз тарау..» деген астарлы сөзбен Раббысына назын айтып; үш күн деп рух, жан және жын қуаттары бірлігін ескертіп енді бұл үшеуге 5 қуатты нәсілдік сезім қылып бересің де, ал иманды серік қылып өз жағыңа алып және осы алты періште арқылы бәрін көріп, біліп және «қолдау» сұрап, жүз түрлі дауды шешесің деп, Алланың өзі дегенің періштелік бейнелеген сегіз сипаты осы деп түсіндіреді. Және бұл адам баласының ақиреттік бейнелерін періштелік қанаттарды қалыптастыруды: «Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сен де — бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар, қалан!..» деп адам баласына жаратқаннан меңгеруге берілген 6 жақты қабырғасы бар, 12 қырлы несібені алумен, 6 түрлі пайдалы білімді меңгерумен рухани үйінің, жан сарайының кірпішке яғни қағбаға айналуын ескертеді.
Олай болса қажылық дегеніміздің сыры да алтауды түгелдеумен ғана (3-97; 3-күн және 9+7=10+6) нәтижелі болатынын ескертеді. Ал Шәкәрім атамыз бұл алты рухани періштенің қалыптасу құпия сырын; «Кішкентай күрең қызыл, дөп-дөңгелек, Тамаққа әбден тойса, болады көк. Қанға тойып алған соң қарны үлкейіп, Үлкендігі кетеді 10 есе боп» деген астарлы жұмбақ өлең құрастырып тағы да астарлы шешуін көрсетіпті. «Деп «ойларсың таба алмай бұл немене? Таба алмасаң, айтайын, ол таз-кене! Түйе кене атанып қанға тойса, Көксұр болып кетеді күрең дене.». Қанатты періштелердің көлеңке болып бейнеленуін; қан өрісінің 10-мен (46) дәрежеленуі арқылы және «кене-неке» заңдылығы арқылы еркектің кене сияқты әйел қанынан нәр алатынын да, рухани дененің, яғни еркектің сыртқы зейнет киімінде (аура) яғни бойдағы дақтардың әйел арқылы қанынан алған өріс қуатымен көксұр-күрең көлеңкелі дене өрісін құрап және бас терісімен де байланыстылығын және қалай қалыптастынын Ғиса пайғамбарымыздың Інжіл кітабындағы дененің құпиясы туралы насихаты мен астарлы сөздерін шешіп, қазақтың мәнді сөздерімен бейнелеген. Адам баласының денесінің бастапқыда түйе кенеге ұқсаған бейнесі болып, оның 3-ке бөлініп, тозақ сатыларынан өтуімен иненің көзіне ұқсаған аспаннан қарап тұратын көздерге айналатынын және оны аятта; «..Олар түйе иненің көзінен өткенше аспан есіктері ашылмайды» деп астарлап ескерткенін теріс тәпсірлеген дін ғалымдары өздерін құран ғылымын толық меңгеруші тура жолдамыз, біздің соңымыздан ер деп, ел басшыларын да жалпы ғалымдарды да алдап, құран аяттарын арзан ақшаға айырбастап, аяттарды күшінен қалдырып, дінді рәсімдік сипатпен білімді халықтардың жиіркенішін қоздырып жүргендерін тоң мойындық, тәккаппарлықпен мойындайтын түрлері әзірге көрінбейді. Енді біздің масһаб діншілеріміздің христиан елдерінің дін рәсімдерінің адасуынан інжіл насихат ғылымы өзгерді деп, құлшылық рәсіммен ғылым, білім арасын ажырата білмеуінен және інжілдің құран арқылы қорғалғанын ескерткен аяттарды да жалғанға шығарып, күдіксіз серік қосып, Аллаға ортақ қосумен және дін ғылымының тұтастығын кітаптарды бөлшектеп артқа, «майға» қарай лақтырушылар болып саналады.
Енді Інжіл өсиеттерінің ғылымына Құран аяттарының сандық мәндерінің құпия сырлары, ғылымы арқылы айқын көз жеткізуге болады. Бір ғана мысалмен Ғиса пайғамбарымыз бесті беріп бұл алтымен жан сарайын қалыптастыруды сауапты ізгілікті істер арқылы қалыптасатынын және құлшылықтардың ( яғни 5-ті 40-үйден ал –«бери!»; ты—ыт-қозғал!) нәтижесін, 6 санын меңгерудегі бастан өткеретін 100 түрлі даулар мен сынақтар сипаттарын және жоғарыдағы Құрандағы 46 санды аяттарды былай түсіндіріпті: «Байқаңдар, мейірімді істеріңді жұрт алдында көзге түсу үшін істемеңдер! Әйтпесе сендердің оны екі жүзділер секілді жұрт мақтасын деп мәжілісханалар мен көшелерде жариялатпаңдар! Сендерге шындығын айтамын: олар алмақ сыйларын осымен-ақ алып қойды. Ал сендер қайыр бергенде, не істегендеріңді сырлас достарың да білмесін! Осылайша жасаған қайырымдылықтарың құпия болмақ. Сонда құпия істердің бәрін көретін Әкелерің (Раббыларың) сендерге сыйын бермек. Құдайға сыйынғанда да екі жүзділердей болмаңдар; олар жұрт көзіне түсу үшін мәжілісханаларда (мешіттерде), көше бұрыштарында да тұра қалып мінажат етуді (намаз оқуды) жақсы көреді. Сендерге былай деймін: олар (намазхан аталып) алмақ сыйын осымен-ақ алып қойды. Ал сендер мінәжат еткенде өз бөлмелеріңе кіріп, есігін жауып алып, көзге көрінбейтін Әкелеріңе сыйыныңдар! Сонда құпия істердің бәрін көретін Әкелерің сендерге сыйын бермек. Құдайға сыйынғанда жалған тәңірлерге құлшылық етушілер іспетті (жаттанды тілектермен) құр сөз сөйлей бермеңдер! Олар көп сөз айтсақ еститін болады деп есептейді. Сендер сондайларға ұқсамаңдар! Себебі көктегі Әкелерің (Тәңірлерің) өздерің сұрамай тұрып-ақ, сендерге не керек екенін біледі. Егер өздеріңе күнә жасағанды кешірсеңдер, онда көктегі Әкелерің сендерді де кешіреді. Ал егер басқалардың күнәларын кешірмесеңдер, онда көктегі Әкелерің сендердің де күнәларыңды кешірмейді. Ораза ұстағанда екі жүзділердей беттеріңді тұнжыратып жүрмеңдер! Олар ораза тұтқандарын мұңайған түрімен жұртқа әдейі білдіреді. Ал сендер ораза ұстағанда да бастарыңды жуып, шаштарыңды ретке келтіріңдер. (Дәретті, киімді толық сақтау) Осылайша ораза ұстағандарыңды жұрт емес, көзге көрінбейтін Әкелерің білетін болсын. Сонда құпия істердің бәрін де көретін Әкелерің сендерге сыйын бермек. Жер бетінде (іштеріңде) өздеріңе дүние-байлық жинамаңдар, оларды күйе жеп, тот басады немесе ұры бұзып кіріп, ұрлап кетеді. Қайта өздеріңе байлықты көкте жинаңдар! Сол жерде оны не күйе жемейді, не тот та баспайды, ұры да бұзып кіріп, ұрлап кетпейді. Байлықтарың қайда болса жүректерің де сонда. Дененің «шамы» -көз. Көзің кіршіксіз таза болғанда өмірің түгелдей нұрға кенеледі. Ал егер аш көз болсаң, бүкіл өміріңді қараңғылық басады. Сонымен, егер өміріңде нұр орнына қараңғылық болса, ол қандай қара түнек болмақ! Ешкім екі қожайынға бірдей қызмет ете алмайды. Олай еткен күнде біреуін екіншісінен артық көріп, соған бағышталады, ал екіншісіне немкетті қарайды. Сол сияқты, сендер де Құдайға және байлыққа бірдей қызмет ете алмайсыңдар! Сондықтан сендерге мынаны айтамын: не ішіп-жейміз деп өмірлеріңді, не киеміз деп тәндеріңді уайымдамаңдар! Өмір тамақтан, тән киімнен артық қой! Әуелде ұшқан құстарға назар салыңдаршы: олар егін екпейді де, орып, қамбаға жинамайды да, бірақ көктегі Әкелерің оларды асырайды. Ал сендер құстардан әлдеқайда артық емессіңдер ме?! Сондай-ақ осындай мәселелерді уайымдап, араларыңдағы қайсың өз бойын (рухани көлеңке періштесін) тіпті бір қарыс ұзарта алады? Неге (дүниелік тән сәнін) киімдеріңді уайымдап жүрсіңдер? Даладағы қызғалдақтардың қалай өсіп тұрғанына көңіл бөліңдерші: олар еңбек те етпейді, жіп те иірмейді. Сендерге былай деймін: Сүлеймен патша өзінің бар сән-салтанатында сол гүлдердің біріндей әдемі киінбеген еді. Ал енді, бүгін далада өсіп тұрған, ертең отқа тасталатын шөпті Құдай солай киіндірсе, сендерді әлбетте, одан бетер киіндірмей ме, сенімі аздар-ау! (Бойдың көксұр күрең дененің киімнің қалыптасуы). Сондықтан не ішіп-жейміз, не киеміз деп уайымдамаңдар! Тәңірге мойынсұнбағандар барлық сондай нәрселерге ие болуға тынымсыз ұмтылуда. Ал бұлардың сендерге қажет екенін көктегі Әкелерің біледі ғой. Ең бастысы, Оның Патшалығының қамын ойлап, Оның әділ еркін (аруақ тапсырмаларын, көрсеткендерін) орындауға ұмтылыңдар! Сонда көктегі Әкелерің сендерге бұлардың бәрін қосып береді. Сонымен ертеңгі күн туралы уайымға салынбаңдар! Тәңір ертеңгі күннің де қам-қарекетін ойлайды. Әр күннің қиыншылығы өзіне жетерлік.» (Матай; 6-тарау) деген 6 санымен белгілеген астарлы насихатпен Ғиса пайғамбарымыз Құранда ескертілген адам жан бақшасының және өлімнен соңғы дене киімінің (рұқты) сапасын қалыптастыру үшін де, Құдайға дұрыс құлшылық жасап және адал ниетпен еңбек етеу арқылы алдын-ала көлеңкелеріңді өсіріп, бой ұсынып оны көктегі қазыналарыңда, сарайларыңда жинаңдар деп ескертеді де: «-Жарлылар сендер бақыттысыңдар! Құдайдың Патшалығы өздеріңе арналған! Қазір ашыққандар, сендер бақыттысыңдар: себебі тойынатын боласыңдар! Қазір қайғырып жылағандар, сендер бақыттысыңдар. Себебі қуана күлетін боласыңдар! Адамдар көктен келген Маған бола сендерді жек көріп, орталарыңнан аласталып, қорлап, аттарыңа кір келтірсе де, бақыттысыңдар: сол күні қуана секіріп шаттаныңдар, Себебі көктерде сендерді зор сыйларың күтіп тұр! Солардың ата-бабалары бұрынғы пайғамбарларға да солай істеген. Алайда байлар, сендер қасіретке қаласыңдар: себебі рақаттың дәмін толығымен татып келдіңдер! Қазір қарны тоқтар, қасіретке қаласыңдар: сендер ашығатын болсыңдар! Қазір күлгендер, қасіретке қаласыңдар: сендер еңіреп жылайтын боласыңдар! Егер барлық жұрттан мақтау естіп жүрсеңдер, қасіретке қаласыңдар: Олардың ата-бабалары да жалған пайғамбарларға да солай істеген.» (Лұқа: 6-тарау).
Қазіргі қазақ елінде және әлемде болып жатқан жағдайдың осы кезіндегі інжіл оқиғаларының қайталану екенін көруге болады. Және Құран аяттарында да барлық істердің, заманға байланысты пайда болатын қылықтардың бұрынғы ата-бабаларыңның істегендерін, нәсілдердің оянып, жүктелуімен бұрынғы арсыздық қылықтардың қайталануымен айқын болуымен белгісі көрінеді. Олай болса аруаққа қарсы шығып, ата салт-дәстүрлі дінімізді мазақ қылғандар да, құран оқып табынуды «шерік, серік қосу» деп, Раббымыздың нұсқауын, кітаптарды сайқымазаққа айналдырған қазақ тілді дін ғалымдарымыз бен имамдарымыздың Абай атамыздың ескерткен; «Үш күн арқаң босаса, бола қалдың бас асау. Жан қысылса, жайтаңдап, Жанды еріткен жайдары-ау. Жан жай тапса сен неге Жат мінезсің жабырқау?» деп 5 күнге ұлттық шежіреге толық жалғана алмауынан яғни 2-ін ата-анасының рухынан хабар ала алмауынан осындай ұлтқа жат қылықтың жүктелуімен ұлттық намыссыздықтың көрінісі, сана қуатының жетілмей жүрек көздерінің жабылуымен білінеді. Бұндай жағдай әрбір тарихымызда әрбір 100 жыл сайын қайталанып отыратын және бұрынғы өткен замандарда сыртқы елдерден келіп дінді азғырғандардың ұрпақтары мен сондайлардың айтағына ерген Абайын сабаған, Шәкәрімдей даналарына у берген, Әл-Фарабидей ғұламаларын елден кетуге мәжбүрлеген пенделердің өмірден өткен нәсілдерінің тозақтық мерзімі толып, бастарының көтерілумен қайтадан «Уақ»-тарының, «Ру»-лық белгілерінің өз арамыздан ұлтымыз ішінен қайта өнім беруінің көрінісі деп түсінгеніміз абзал. Осындай алты алаштың бірлігін бұзып; «Алтау араз болса ауыздағы кетеді» деген аталарымыз ескерткен 3 өмірдің 5 күнге жалғанудың яғни сегіз түрлі Алланың құдіретті сипаты, жанға нәтижеленетін ризық несібесі осындай амалдардан пайда болады. Бұрынғы данагөй аталарымыз және Әл-Фараби атамыз да алты қабырғалы «қағба» үйін 6 ғылымнан хабар беретін жазу, суреттермен әшекейлеп, «Сандыбат сарайы»-«Ақ—Орда»— деп, тылсымнан белгі алып және ғылым үйренетін білім ордасын атаған екен. Және адам баласының мұндай иман көмекшісінің сипатын: «Қарекетшіл интеллект (аруақ) өзіне ілескеннің бәрінен жоғары, ал сол қарекетшілдердің (періштелердің) түгел басын қоссақ материалдық заттардан анғұрлым биік тұрар. Мұны үңги түссек, материалдық заттар қатындағы аспан денелері табиғат әлемінен биік саналады. Ал, мұнан жоғарының санатына өзінің тіршілігіне себепшіні ғана жатқызамыз. Тіршілік иесінің мұндай себепшісіз болуының өзі ақылға сыйымсыз.» деп «Төртеу түгел болса, төбеден келеді.» деген аталар нақылы бесінші себепшінің аспан денелерімен байланысты әрбір адам баласының «Тарық» жұлдызы Алланың «ӨЗІ» «себепші қолқабыс» екенін түсіндіріпті. Енді бұл себепшілерді қарапайым аталарымыздың даналық пайымдауымен түсіндірсек: «Сол замандарда Қазбек Тауасар ұлы өзінің ұлын үйлендіріп, сонан қонақ кәдесін жасап құдаларын күтіп жатқанда, сол ауылға Сырым Дат ұлы жолаушы болып бара қалады. Бұл жағдайды естіген құдалар Сырым Дат ұлын шақыруды өтініш айтып, жүздесіп батасын алайық деп үй егесіне қолқа салады. Сонан Дат ұлының қасына ерегн жолдастарымен құдалармен бірге ет жеп болғаннан кейін, қонақтар Сырым атамыздан астың батасын беруді өтініпті. Сонда Сырым атамыз: «Алты үйлерің түгел болсын аумин»,-деп бет сипай салыпты. Төрде отырған құданың үлкені қозғалақтағасын Қазбек би; «Қонақтардың кебісін әкеліңдер» деп сырттағыларға бұйырған екен. Құда сонда тұрып: «Мен түзге шығайын деп отырған жоқпын, Дат ұлы деп марапаттаған шешеніміздің берген батасы мынандай болды, сонда ол өзіне еріп келген 6 жігітінің үйлерінің амандығын тілеп отыр ма, болмаса құда болып келген мына біздердің алтауымыздың үйіміздің амандығын жұмбақ қылып меңзегені ме?– деп ыңғайсызданып отырмын» деген екен. Сонда Қазбек Тауасар ұлы: «Бұл жұмбақтың шешімін мен айтайын ұлықсат болса деп ұлықсат алып; Менің балам отау тігіп, мен келінді болдым. Енді менің балам үш жұртты болды. Өз жұрты, қайын жұрты және нағашы жұрты. Сол сияқты қыздарыңыздың шаңырағы бөлініп ол да үш жұрты болып, құдайдың пәрменімнен сіздер мен біздердің ақ батамызбен олардың алты жұрты пайда болды. Осы алты үй бірлікте тату-тәті ғұмыр кешумен аман болса, онан артық ұрпақтарыма қандай тілек, дұға болушы еді» деп жауап берген екен.
Қош оқырман бұл алтыдан құранда ескерткен: «Мұхаммед әрбір көп ант ішкен ынжықтарға бой ұсынба. (10) Өте айыптағыш, өсек тасығышқа да, (11) Жақсылыққа тыйым салушы, шектен шығушы күнәкарға да, (12) Сотқар, сондай-ақ тексізге де, (13) Бұлар малды, балалы болса да. (14) Оған аяттарымыз оқылған сәтте: «Бұрынғылардың ертегісі» деді. (15) Жуырда оның мұрнына дақ саламыз. (16) Бұларға бақша иелеріне пәле бергендей пәле бердік. Сол уақытта олар, таң сәріден оның жемісін жинап алуға ант ішті. (17) Алла қаласа демеді. (18) Олар ұйықтап жатқанда бақшаға бір апат айналды.» (68-19) Құдайдың бұйрығын, шариғат амалдарын ертегі деп, барлық тіршілікті дүние байлығымен өлшегендер осындай 19 сандық мәнді періштелер бірлігінен тұратын бақшасынан жұрдай болады екен. Енді жеке-жеке тәпсірлеп түсіндіріп көрсек; 10 саны қайратты жындылықа, ойынға баулумен; 11 саны діл білімін, надандықты, дінсіздікті; 12 саны шариғатты, салт-дәстүрді меңгермей күнә жасаушыларды; 13 саны тектілік қасиетті терістеумен; 14 санмен мал және періштелік қуаттарын тазартпаумен; 15 санымен ішкі сана-сезімнің жетімсіздігін; 16 санымен түйсіктің жетілмеуімен дәм, сезім қуаттарының алтауының араздығын; 17 санымен сыртқы бой өрісімен, кісілік сипатын, намаздарды орындау нәтижесін, «Ісра»-ны меңгермеуден; 18 санмен рухани дарындылық, ілімділік, сөз мінезінің нәтижесін, жындылығының шамасын ескерткен. Енді осы періштелердің 6-дан басқаларын 19 ға дейінгі сипаттарын қандай себептерге байланысты болатынын, рухани және жан сүннеттелу, құлшылық негіздерін іздеп көрейік.