Дін-жаның өсіп өнген

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 96

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-fareast-language:EN-US;}

Замана тарихаттан дерек болған,

Әр халық өз шежіресін өзі жазған.

Байқап тұрсаң әр заманда дін өзгеріп,

Біліміне заманның да күйлеп тұрған.

 

Дінші имам тілі майда дін тарқатқан,

Рух пен жанды бір деп неге ататтырған?

Бастапқы жан ақ және топыр-себеп,

Жаратылыста ай нұры себеп оған.

 

Рух деген таза ақылдан түсіп тұрған,

Күнәмен араласып тәндер жаратылған.

Таза ақылда нұрдан зекет тамызғанда,

Жын-шайтаннан есті адам таратылған.

 

Мейлі рух, мейлі жан, өлім болсын,

Дін-амандық арқасында тірі жүрсің.

Дін ақылың тәніңді тастап кетсе,

Тәнің  шіріп топырақ болмақ күшің.

 

Дін-жаның рух суатынан өсіп өнген,

Біліммен адамзат жаны кеңіп өскен.

Ал енді есті ақылмен болжап көрсең,

Дін киімі, денесі жанның үлкейетін.

 

Масһаб білімі таласым жоқ шариғаттың,

Намазы парыз бен сүннет қарыздардың.

Барлық нәрсе жұпсыз, парсыз жаратылмас,

Құдай ісі-тарихат пен мағрипаттың.

 

Тараған дінің бүгін ұлттық дәстүріңнің,

Тоғыз жол торабынан алған іліміңнің.

Әлем кеңіп, діндер де өскенменен,

Масһабпен өсеме жан- денесі киіміңнің?

 

Киімсіз жаның қаңғып жүр кеңшілікте,

Дін-рухыңды қамап қойып мешіттерге.

Дін ісі-тура жол деп құдай ісін ұмыттырған,

Қудалап заңмен тиым салып елшілікке.

 

Дархан қазақ пейлі кең бұрын болған,

Тура жол-діннің шартын түгел қарастырған.

Ендігі дін көңілің мүлде өспей тарылғаннан

Жаныңа азық енбей тегің болды азған.

 

«Шерік қосу»-жүктелу деген нәсілдермен

Бес саусақ шеріктерден білгісі нәсілдерден.

Алақанда үш сызық тағдырға себеп берген,

Үш пен бесті алу діні жанның жетілетін.

 

Жеті түрлі қуаттың негізі аруақ деген,

Тағдырың кітабың бұл өсіп өнген.

Аруағың өспей көлеңкең ұзармайды,

Құлшылығың көлеңкемен көкке жеткен.

 

Дін дүниең қазынаң бар көкте жиған,

Жүрек — дене жарық ол, жұлдыз болған.

Ата-баба мирасы ол көкте тұрған,

Иман қуат болмай ма жұлдызды алсаң?

 

Жерден есік іздеген, көкке саты,

Бұл расулдің де қалдырған намаздары.

Жер емшегін, шал емшегін ему үшін,

Алланың досын тауып жалғанады.

 

Аллаға мадақ достарына сәлем деген,

Құранның бұл аятын аз меңгерген.

Алланың достарынан киім алып,

Ата жолда талайлар жанын иемденген.

 

Әлі талай аққу сұңқар шығар елден,

Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар мінген.

Әлемге қазақ дәстүрі бақ жол болып,

Барлық дінді ел боламыз бірлей білген!

(ақпан 2014 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *