Жемқорлық ел билікті басып жатыр

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 56

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-fareast-language:EN-US;}

Күресті жемқорларға ашып жатыр,

Күн сайын хабарын елге шашып жатыр.

Пәленше ұсталды деп кісен салып,

Сотталып талай дөкей жазасын алып жатыр.

 

Сонда да жемқорлар өсіп жатыр,

Бірі кетсе орнынан басқа ұры келіп жатыр.

Кез келген ұры-қары таққа отырған,

 Қараң келіп, құттары билік қашып жатыр.

 

Көбейтуге партиялар ашып жатыр,

Арамдық пен хакімдік ағайын болып жатыр.

Халықтың құлағы бұған үйренді ме,

Арсыздық осылай пайдаға асып жатыр.

 

Масһаб пен ел билік жарысқа түсіп жатыр,

Күнде жиналыс  мақтануға ашып жатыр.

Бір заңын, бірі айтып шариғи тәпсірлерін,

Мәңгілік ел болмаққа сөздерін айтып жатыр.

 

Тажалдық бәрібір елді жеңіп жатыр,

Депутаттар заңнан сарай салып жатыр.

Ой мен тілдің арасына ор қазумен,

Ақын, жазушы, тілші үлесін қосып жатыр.

 

Сөз қазынасы басынан ұлттың ұшып жатыр,

Қаны қарайып қатындар жасып жатыр.

Байларына тамақ, төсектен уын беріп,

Улы жылан тегі қазақта өсіп жатыр.

 

Ел басшының басы да қатып жатыр,

Тығырықтан шығармаққа сасып жатыр.

Иман мен арды, ұятты алға қоя алмай

Қараңғылық бұлты елімізді басып жатыр.

 

Мәңгілік ел боламыз дейді алайда,

Ғылыммен білімді меңгерсек қалайда.

Шаруа дамып, бүние байлық қолда болса,

Сақталмақпыз мәңгіге жерлік жайда.

 

Мәңгілікке жаралғанды ата-анаң,

Жаннатта емін-еркін сайран салған.

Бұйрығын жаратқанның ұмытырып,

Шайтанмен бірге жерге түсіп қалған.

 

Мәңгілік ел боламыз ба құдайсыз да?

Имансыз, арсыз ел алайда жоғалмай ма?

Тарихтан тағдыр, даналардан нақыл қалған,

Ел билік ғибратын бұдан ала алмай ма?

 

Құдайдың еркі жел бұлтты айдамай ма?

Қалағанына осылай несібесін сыйламай ма?

Қалағанын өлтіретін және тірілтетін,

Жаратқан ел тағдырын өзі басқармай ма?

 

Өлем деп осы ел билері ойламай ма?

Тағдырын өз аруағын көре алмай ма?

Шынымен заңның болса құдіреті,

Ару бала тумаңдар деп заң шығармай ма?

 

Не өлмеңдер, не мына жаста деп өліңдер,

Көп жасауға заң жазып бекітіңдер.

Қартаятын елде адам болмасын деп,

Жұмыс қолын заңмен осылай көбейтіңдер.

 

Қатындар бұл заңдарға бағынбаса,

Ауруы да өсіп, жас тыңдамай өліп жатса

Дүниенің көптігінен заң да пайда бермей,

Мәңгі болып мұндай ел тұра ала ма?

 

Он бағытты меңгеруге жұмылалық,

Ал қаламаса құдайымыз не қылалық?

Көрінбейтін, ғайып және хикмет қой,

Құдайға не сый беріп назарын қараталық?

(ақпан 2014 жыл)

****  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *