Ата жолы — Керуеншілеріне насихат

Бөлім: Қиямет мезгілі рухани сынақтар 118

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-fareast-language:EN-US;}

     Қиямет мезгілінің негізгі белгісі болып уақыттың қысқаратынын пайғамбарымыз ескерткен екен. Ал уақыт қалай қысқаратынын және соған байланысты ықылым (климат) өзгерістерге түсетінін ғылымда дәлелдеп, қазіргі таңдағы бірде жер беті жылып кетті десе, кейбіреулері суып кетті,- деп жатқан ақпараттар да осы қияметтік кейбір жеке пенделерге, тұтас мемлекеттерге келген ауыр жағдай мен және жеке иманды адамзат баласына келіп жатқан ерекше құбылыс жаратқанның рахметімен көрінісін тауып жатқаны да сөзсіз. Бұл қияметтік өтпелі кезеңнің әлем кеңістігі теріс ақпараттар мен іске амалға айналған уақыттың ішіндегі ақ қара қуаттарының арасындағы қақтығыстан үш түрлі қозғалыстық негізден пайда болады. Сонымен негізгі Алланың құдірет қолы дегеніміз барлығын қамтып тұрған кеңістік ішіндегі бейнеленген тәңірлік сипаты уақыт болып, осы уақытқа барлық жаратылыс нәрселері тікелей мерзімдік себеппен, өліммен, тозу, қирау, қайта туылу, жаратылумен байланып қойылған. Сондықтан осы құдіретті уақыттың тұтас бір дәуірлік кезеңінің білімін заман деп атап, ал ішкі қозғалыс себептерін әрбір жанды жартылыс егелерінің және адамзат жанына тікелей қатысты мезгілдік сипатын және барлық үкімдермен қозғалыс себептерінің кітаптарын оқып, намаздарын орындайтын адамзаттың екі аралық жұбын көмес бейнелер, қозғалыс егелері денелерден тұратын, түс, аян, уақи-аят болып оқиғалармен көрініп, оқылатын кітаптар негізі болған  құран кітабын жалпы аруақ деп атаған жөн. Және бұл кітаптар жүйесін адамзаттың бейнеленген қуаттарға айналған құрандарының да саны, өлшемі болып оны 47-Мұхаммед деп атайтынын да естен шығармаңыз. Қазіргі таңда жер өз осінен ауытқып және соған байланысты жер өрісінің айналымы, жер тербелісі де жиілеп, уақыт ішіндегі мезгілдік сипаты қуаттарының қозғалыстық, ағымдық жылдамдығы да шапшаңдауымен, ақпараттық нұрдың жер бетіне түсуімен бүкіл өліктердің аруақтарының тез жетіліп, өсіп жатқанын және оны біз аңғармағанмен табиғатта неше түрлі құбылыстардың пайда болып жатқаны осыған дәлел бола алады. Сондықтан мұндай бір жылдық уақиғалардың бір күнге немесе бір сағаттың ішінде орындалатын мезгілді қияметтік деп атайтынын да білгендеріңіз жөн. Олай болса, қиямет мезгіліне тән түрлі себептік жағдайлармен өлілер тіріліп, табиғат, жан-жануарлар әлемі де түрленіп, өзгерістер пайда болуымен бірге жақсылық та жаманшылық та тең дәрежеде көбейіп, күн санап өсіп келеді. Барлық әлемдік қозғалыс адамзат жанына, түрленуіне тәуелді болып, аруақтардың жандарының көтеріліп, көк мүлкіне әсер беруінен және жаннаттардан, жұлдыздардан жерге нұрдың жаууынан адамзаттың ойлау қабілеті де, рухы, жаны да қияметтік екінші жағдайға өте бастауы да сөзсіз. Сондықтан адамзаттың да осыған байланысты сәулелік, өрістік сипаттары өзгеріске түсіп, жер анадан бөлінген ерекше пайдалы, зиянды сәулелердің әсерінен де ішкі дүниемізде де өзгерістер және бос кеңістіктер де пайда болып, жалпы тағдырымызға да қаласақ та, қаламасақ та осы бос кеңістердің толтыруымен; оң, теріс өзгерістер жүріп, яғни кітаптар ашылып, оқылып жанға жүктеліп, қиямет мезгілінің ақпараттық соғысының әлемдік деңгейде жүріп жатқанын біле бермейміз. Бұған нақты ғылымдық дәлел күн бетінің 6 дағы да жойылып, күн қызуының сәулелік сипаты артуымен, 1640-1710 жылдары да осындай жағдайдың 70 жыл бойы әлем халқы сынаққа түскені, жер әлемінің ыстықтық, суықтық алмасымы өзгеріске түсуімен және түрлі обалармен, аштықтармен, апаттармен белгілі болғаны тарихта мәлім екенін білгеніңіз жөн. Сонымен біздің заманымыздағы қияметтік жағдай өткен ғасырдың аяқ жағынан басталып әлем халқы қосымша жүктелумен және әрбір жыл өткен сайын бұл жүктердің салмағы да ауырлап, оған төзе алмаған, көтере алмағандар арғы бетке, шамасына қарай жүктеліп, ақтала алғандар бақытты өмірдің дәмін татып киелі, қаны таза ұрпақтарды болашаққа лайық тәрбиелеуге кірісіп кеткендер де арамызда жеткілікті. Ал бұл қияметтік жағдай қазақ жерінде жақсылықтан нәр алып, Ақ ұлдың көш бастауымен керуен жүріп, бірақ жол торыған өз ағайындарымыздың сынақ болып, ниеттердің, сенімнің сыналуы да, иманның зейнеттелуімен оны кімнің қайда жұмсап, қандай қазына жинағанын халықтың түсініп және қазақ руханиятының, тілінің әлемдік жағдайда алдыңғы көш басына көтерілетін заман да жақын қалғаны хақ. Бұл жағдайда қанша көктен кесектер түсіп, түрлі жағдайлармен сыналғанмен жүрегі мөрленіп, құлақ көздері созылған қандай да болсын ғұлама ғалым немесе «хазірет, сопы» болсын, өз сенімін қайта түзеуге шамасы жетпейтіні де хақ. Сондықтан мұндай пенделерді Абай атамыз; «Тәкледи иман келтірушілер», кітаптан оқып, молдалардан үйреніп соған сенумен ақылы тұзаққа түсіп, мың кісі мың түрлі амал қылса да өз бетінен қайтпайтындар,-деп суреттеп көрсеткен. Енді тек ата жолында құдайдың хикметтерінен өтіп, жүрегіне иман дәні себілгендер үшін ғана түсінікті болатын мынадай аз ғана мысал бере кетейін; Он жыл көлемінде бір мешітте жұма оқып, бір имамның ғана пәтуа пікірін естіп және көптеген кітаптарды; «Әулиеге зираттап құрбан шалу, серік қосу» яғни жынмен жүктелу және ата жолы істерін меңгергендер, шерік қосушылар яғни рухын, жанын араммен былғағандар дегендей пәтуаларға 4-5 рет ашық қарсы болғаным да бар. Және кейбір масхаб ғалымдарының інжіл және тәурат кітаптарын маңызын жойған, адасқан деген пәтуаларына да ашық қарсылық білдіріп және жазған еңбектерімнің кейбіреулерін беріп ақырында;-Бұндай еңбекті біз жабылып оқып түсінбедік, сіз маған үнемі қарсы шығасыз, біз сендерді яғни ата жолдық ордаларды да тексеруге құқымыз бар және соnталған тsqым салынған қауымсыңдар,-дегендей ашық айыптаудан кейін; «Сен тимесең мен тимен бадырақ көз» деп мүлде пікір айтуды доғарып, жұма намазымызды орындап, айтқан теріс пікірлерді дереу ұмытуға тырысып келе жатқан жайым болды. Сонымен ораза айында әдеттегідей құранды жатқа білетін қариларды алдырып қатым құранды тарауих намазымен бірге оқытқан әрекетінен кейін, қариларды тасуға жалдаған жүргізушісі жол апатына ұшырап, сонан 1 апта емханаға жатып шығып, артынан  қайта жалғастырған еді. Бұл жолы да жүргізушінің өзі, мешіт «намазханы» мас күйінде жолды кесіп өтіп бара жатқан пендені қағып, арты өліvмен аяқталып әйтеуір кешірім сұрап, ораза айының шапағатымен әзер құтылған еді. Сол жағдайды баяндап имамымыздың; «Осы қатым құран түсіруді тоқтатсақ деп ойладық, бірақ мұндай Алланың сынағынан өткен де дұрыс» деген пәтуасына енді іштей қарсылық  білдіріп; «Құранды түгел жаттап оқуға болмайтынын және оны аруақтың ескертуімен дәлелдегенімді, мұндай пайғамбар өсиеті, әулиелеріміздің ісінен теріс әрекеттереді тоқтатудың абзал екенін» айтып ескертпек болып, бірақ пікірімді ашық білдіруге өзімді тежеп, жастардан сөз естіп қалармын тыныш отырайын деп тоқтаттым. Бірақ енді мұндай ашық білдірілген адасқандығын ескерткен; Раббымыздың белгісіне мән бермей, енді имамымыз өзі көлігімен қариларды тасып, ақыры құранды басынан аяғына дейін түгел зорлап оқытумен тарауих намазын аяқтады. Сонымен нәтижесінде құрбан айында алғашқы он күндігінде имамымыздың үйі отқа оранып; «Түтінсіз от жіберемін, бәрібір құтыла алмайсыңдар!» деген үкімі түсіп, әйтеуір бала-шағасы аман қалды. Бұл нені білдіреді? Масхаб имамдарының ұстанған бағытының және масхабтың жол емес екенін,  көптеген амалдарының және құранды түгел жаттап, қарилықты меңгеру, өлеңмен тарауих намазын оқу сияқты да масхабтық көптеген әрекеттердің иман келтіруге қайшы екендігіне ашық белгі түскені хақ. Бұндай жағдайда масхаб имам, дін ғалымдарымыздың дін сенімдері болғанымен, ал имандарының мұндай апаттардан құтқаруға әлсіз немесе жоқ екенін білдіріп және дін ниеттерінің де қайшылықтарын ескертіп, барлық қазақ дін муфтиятына және дін істеріне де келген сынақтың да түскенін білдіреді. Бұндай құрбан айында және алғашқы 10 күнінде от арқылы білдірілген; «Ыбырайым жолына қарсы тұрдың!» деген ірі белгінің түскеніне мән бермей және енді әрі қарай бұл масхабтық адасушылыққа дем беріп қолдау көрсеткен барлық ел басшыларының, жазушы, тілші, сөзші баспасөз мамандарының  да сөз бақшасы үйінің болмаса жан қоралары отқа оранатыны ашық ескертілді.  Әрине мұндай жағдайда егер менің орнымда олар болса; «Көрдің бе, біздің сөзімізді құдайдың қалай қорғайтынын» деп, өз  жамағаттарын сүйішілейтін, баспасөз ақпарат беттерінде жабылып жазатын да еді. Мен керісінше; «Неге тағы да ескертпедім, айтуым керек еді?» деп іштей өкіндім және әйтеуір қолда барымен жамағаттың жинап жатқан асарына қосылып, жаратқаннан жеңілдігін сұрадым. Қанша дегенмен мешіттің қалыптасуына, ыстық суығына көніп, халықтың құлшылығына жағдай жасап, әйтеуір сенім жолында ниетіміз бір, ал ұлттық негізгі жаратылыстық иманымыз ұқсас екені де растық. Сондықтан бұл белгіні жариялаудың да себебі, енді осындай жоғарыдағы басшылардың және сырттан келген азғырушылардың көмегімен сынаққа түсіп жатқан дін қандас-қарындастарымыздың және бұл жағдайдың; «Жұт жеті ағайынды» болып, жан ұяларынан да енді құрбандықтар алуымен  белең алатынын, қияметтік сынақтардың екінші жұбы; «Отсыз түтіннің де» тұманмен иіс болып бірге келіп, адам тәндерінде, рухында бекіп жатқанын, жанын іштей жейтін кеміргіштерге айналып, азапқа салатынын да, бұдан әрбір аруаққа жандық, рухтық құран кітаптарына қарсы шыққан барлық ел басшы, сөз басшыдан бастап дін имамдары мен «хазірет, сопылар мен» бүкіл ел тұрғындарына ортақ сынақ екенін ескертіп, керісінше пайғамбарымыздың; «Зұлымдыққа түскендерді құтқарыңдар!» деген өсиетін орындауға тырысып амал қылған абзал болар еді. Осы ескертулерді әрбір дін имамдары, аруаққа қарсы болған ел тұрғындары түгелдей хабарланып танысқаны да абзал болар еді. Мүмкін араларында жүректерінде тағдырдан берілген ұлттық иман дәнін жоғалтпағандар болып, алдында тұрған қайғы-қасіреттерін аянмен аруақтан ескертілер. Ал, өкінішке орай көптеген аруаққа, Алланың құдіретті қолының денесіне, орындаушы себептеріне, бейнелеген Құран-кітаптарына қарсы тұрып, ашық ата жолын мазақтауға үлесін ерекше қосқандарға Құдайдың соты басталып, аруақтық кітаптары ашылып, қандай алтын берсе де құтыла алмайтын жағдайға түскені де хақ. Сондықтан болашақта ондай Құдай жазасын бергендерге де қандай ашық зұлымдық істесе де табалаудан, мысқылдаудан да аулақ болғаныңыз жөн. Керісінше «Құдай аясын» деп тілеңіз!  Сондықтан да қазіргі таңдағы ата жолында ниеттің қарапайым ғана түрі болған, кім қандай айып тағып, кінәлап, мазаққа айналдырса да өз ағайынын, дін қандасын жер есіктеріне жалғап, ең болмаса табанына таңба алуға, алдап та болса мәжбүрлеу керек, азаптарына бір пендені болса да жеңілдетіп, құрбандықтың қанымен тағдырын тазалап, зұлымдықтарынан, қосылған шеріктерінен арашалау керек. Бұл жағдайдың қазақ елінде тарихи шежіреміздің, дін ұстанымыздың шарты болғандығына дәлелді;  «Кеш мезгіл, келе жатты екі кісі, Сөйлесіп, кеңесерлік болып ісі. Арсылдап бір ит шығып қақпа астынан,  Бөлінді екеуінің әңгімесі.  Жүгірді және бір ит соны көріп,  Артынан тағы ит шықты оған еріп.  Жиылды сол арада қырық-елу ит, Бірінің даусын естіп, бірі келіп. Біреуі жүргіншінің сонда тұрып,  Ойлады қуалауға таспен ұрып.  Жолдасы жанындағы оған айтты: Қарама, не қыласың мойын бұрып. Өшігер олар қайта мұнан жаман, Тыймассың кесек атып, лақтырып. Үндемей жайымызға жүре берсек Өздері қояр әлі үріп-үріп. Бұл сөзді екеуі де қабыл етті, Иттерден қырық-елудей қадам өтті.  Басылып бірте-бірте дауыстары, Кешікпей алды-алдына тарап кетті. Тағы да бір сөз айтар келді ретім, Жаратқан түрлі мінез құдіретім! Біреудің малын яки бағып күндеп,   Күншілдер жоқ па шулап итше үретін Күндесін, шуылдасын, қылсын өсек, Етпелік сөйлеп жүр деп сөзін есеп. Иттердей үріп-үріп тарап кеткен, Қояды шулап-шулап, үндемесек. (Міржақып Дулат ұлы.)  Сондықтан «Сабыр түбі сары алтын» дегендей атамыздың өсиетін жадымызға тоқып алып бір мысқал болса да халық басына келіп жатқан жүкті жеңілдетуге жұмылғанымыз жөн. Абай атамыздың «Жаманға қарап жақсы болмайды, жақсыға теңеліп жақсы болады да» деген өсиетіне ескерсек, жаманға қарап дінді бағалау, жаманға қарап өзін дәрежелеу пенделік иттердің тірлігі ғана болып шығады. Баспасөз, теле арна беттерінде де осындай ата жолында, еліміздің салтында кездесетін төменгі топтардың сәл ғана қате болған қылықтары бүкіл руханият негізімізге орасан зиянын тигізіп, тажалдық топтардың халықты азғыруға ашық пайдаланып жүргенін білгендеріңіз жөн. Жақында ата жолына барып, бір сұңқардан зияраттауға артық ақша талап еткенінен зұлымдыққа түскенмін,-дегендей пәтуамен хабар теле арнасындағы «Біз» деген бағдарламадан тағы шайтан адамдарының әрекеті халыққа жария болды. Осы жағдайды көре сала жазбаларымды алып, Алматыдағы Хабар орталығына барып, Құдай оны қайдан Астанадан айдап әкелгенін сол Рахат атты жүргізушімен кездесіп; «Егер миллион қазақ жаман, арсыз болса, онда бүкіл қазақ және ұлттық дәстүріміз дін ұстанымыз дұрыс болмағаны ма? Көшеден өзінің де кім екенін ажыратып, ұлтын танымаған шайтандарды ұстап алып, пәтуасын халыққа жариялап, мазақ болғандарыңды қашан қоясыңдар? Ата жолы дегеніміз Алла жолын, аманат пен уәдесін орындаған барлық пайғамбарлар жолын жалғастырған әулиелеріміздің жолы, рухани байлығымыздың өзі емес пе?» деп сауал қойдым. Ол: «Бұл мемлекетіміздің ұстанымы» деп ақталды. Және жүре сөйлесіп, өздерінің бағытының дұрыстығын, үстемдігін қылығымен-ақ білдірді. Енді оларға тікелей халықтың пікірін жеткізу де мүмкін емес екені қазақ тілі түгіл, өзінің адамдық парқын, кім екенін, не үшін өмірге келгенін ұмытып қалған қатынға, көшеде кездескен жастарға, мастарға, жын-шайтандары қосылып кеткендерге ата жолын, пайғамбарымыздың бейнелеген құранын бағалатудан кімдерге пайдалы? Және көшеден іздеп тауып алған араммен жүктеліп жынданғандары өз міндетін (ролін) дұрыс ойнай алмай жатқаны халыққа ашық белгілі болмас үшін мүмкін жындыханадан барып алса дұрыс болар еді деген ақыл берсек, олардың ішінде небір дарынды әртістердің бар екенін және олардың ойлаған мақсат, мүдделерінен де асыра орындап бере алатынын; осындай ауырғандарды 10-даған жыл зерттеген тәжірибемізден белгілі болғаны сөзсіз. 7-8 жылдан бері ата жолы қандай болатынын көрсетейік келіңдер, зерттеңдер деп шақырғанға қайсың құлақ астыңдар? Үйде отырып-ақ, осындай ата-жолын даттап жүрген барлық ғалым, ел басқарушы, тілшілердің рухани ауруын, тағдырындағы күнәлік сынақтарын, жасырын істеген қылмыстарын, алған параларын аруақтан сұрап, болмаса өздеріңнің тазармаған жындарыңнан сұрап, халыққа жария қылып, ғаламторға жасырын таратып жіберіп зұлымдыққа, зұлымдықпен жауап берсек не болар еді? Әрине бұл адамгершілікке де, дәстүрімізге де, иманға да қайшы болып, сондықтан амал жоқ олар сияқты тажалдық әрекетке барудың да қажеті жоқ. «Таспен атқанды аспен ат!» деп аманат қалдырған аталарымыз. Нағыз Ата жолындағылар аталар аманатын, ұлттық салтын бұзбаумен ғана ерекшеленеді. Енді осындай  халыққа келіп жатқан қасіретті дайындаушылардың кімдер екенін, тажалдардың мекені қайда екенін өзіңіз болжап, анықтап көріңіз. Бұндай әрекеттермен тажалдардың қылығы ел басшымызға да үлкен қауіп төндіріп, әдейі бүкіл қазақтың абыройын айрандай төгуге,  ақиқаттың ақталатынын біліп, әлем  халқының алдында сондай көрегендікпен қарапайым аяғының астына қарамағандығын әшкере қылып, әдейі масқараға айналдырып, кек алуға ұйымдастырылып  жасалып жатқан әрекеттер екені де хақ. Ал   ата жолының ішіндегі осындай арамыздағы жүрген шайтан жамағаттарының әрекеттеріне себеп болған дінсіз қылықтармен көптеген ақылы толмаған жастар мен шайтанға қызмет қылған қатындардың аруақтың атын жамылып, жалған көріпкелдікпен, емшілікпен айналысқан әрекеттерімен ашық күресіп, халыққа өзіміз әшкерелегеніміз де ақылға, дінге де лайық болар еді. Енді осы ата жолына да келген тажалдық әрекеттің негізі де әрбір орданы жеке-жеке құжат алып, бір-біріне қоспай және оны басқарған аққу, сұңқарлардың халық садақасымен жүктеліп, жүректерінің жабылып, аяндарының тоқтауына әкеліп соқтырған, құрбандық малдарымен, сауаптарымен жинаған қасиет, діл білімі болып қалыптасатын, ұрпақтарына мұра, мирас өздеріне ғұмыр, мықты тағдыр болып қалыптасатын иман байлықтарын дүние байлықтарына, өткінші қызық мақтандарға айырбастап алудан ата жолының да жалпы сынағы пайда болды. Ал, пайғамбарымыздың өзі Раббымыздан; «Енді садақаларын ал, бата беріп тазарт!» деген үкімі келмейінше, елден жиналған садақадан тамақ алуға да пайдаланбаған сүннеттік үлгісі қалған. Масхаб, мүфтият, мешіттер негізінде де дін ұстанған ағайын, бауыр, имамдарымыздың осындай садақамен тіршілігін айырудан құлақтары созылып, жүректері жабылғаннан қарапайым құран аяттарын да теріске алып зұлымдыққа түскен себебі де, осындай халықтың мұң-мұқтажынан, ауруларынан түскен пара-ақшамен артық жүктелуден және тек мешіттерде отырып тілмен ғана иманның көлігі болатын; «Тіл»-«Ек» қуаттарын жинаумен ғана айналысудан пайда болып жатырғанын білсеңіздер абзал болар еді.  «Тіл»-ді жер ана есіктерінен, аналарымыздың зияраттарынан, ал «Ек»-тің тазарған түрін тек бақсылықты меңгерген әулие баба бастарынан ғана шежіре ағашына жалғанып, толық алуға болатынын біле бермейміз. Ол үшін пайғамбарымыздың намазы болған «аяқ— талдыру», жер бетін кезіп «хажылық» (қажылық емес) жасау яғни дінді меңгеруді, намаздарды толық орындап аяқтау; «Бақ қарап қыдырды алу» деген «Бақара» және «Һұд»-11 сүресіне, 109 аятына да тікелей қатыстылығын жадыңызға тоқып қойыңыз. Сондықтан мұндай зұлымдыққа түскен дін бауырларымыздың арасында үгіт насихат жүргізіп, ордалардың өзара бірігіп, ортақ қор ашып, халықтан түскен артық демеушілік қаражаттарды да соған құю арқылы аруақтардың ұлықсатымен ғана ел игілігіне, керуен жолын қалыптастыруға, жетім-жесірлердің, мұқтаждардың ғана қажетіне жұмсау керек. Тек осындай жағдайда ғана жасалған сауаптардың және берген зекет, қылған намаз амалдарға байланысты иман байлығын көкке жинап, қиналғанда, тарыққанда ғана ғайыптан пайда болатын несібе, ризық болып мұқтаждыққа байланысты ғана жұмсалатын қазына байлық және болашақ ұрпақтардың да алдынан шығатын рухани дүние болып қалыптасады. Мұндай тарихи оқиғаның бұрынғы замандарда аталарымыз бастан кешіргенін және ата жолының бұл шарасы діндердің арасын жалғайтын, еліміздегі және әлемдегі бүкіл ұлттардың туысқандығын қалыптастыратын әлемдік ортақ діні ісі, христиан діні мен ислам дінін біріктіруге негізделген жаратқанның үкімі екенін, қиямет мезгілінің келесі бір жағдайға өтетін көпір екендігін Ғиса пайғамбарымызға түсірген нұсқаулар мен Інжіл кітабы да растайды. Інжілден; Орда-қауымдастар және міндеттері. «Қазір сендерге біраз уақыт азап шегіп, қуғын-сүргін көруге тура келгенмен, осы сөнбес үмітке қуаныңдар! Азап шегулеріңнің мақсаты-шын жүректен сенгендеріңді дәлелдеу. Жойылып кетуі мүмкін алтын (жан киімі) отқа балқытылған кезде сыналып тазаланады. Сол сияқты алтыннан әлде қайда бағалы сенімдерің  (Ақ арыстық) де бастан кешкен азаптарың арқылы сыналып, берік те шынайы екендігі дәлелденеді. Сонда Иса Масіх қайта оралып, анық көрінетін күні Құдай сендерді мадақтап, даңқ пен құрметке бөлемек. Сендер басыбайлы қызметшілер, қожайындарыңа мойынұсыныңдар; тек мейірімді де ақпейілдіктеріне ғана емес, сондай-ақ, жәбірлерлеушілеріне де толық құрмет көрсетіңдер! Кейбіреулерің әділетсіз қиналғанда Құдайдың еркі солай екенін білгендіктен азапқа төзе білсеңдер, Ол соған риза. Бірақ егер жасаған жамандақтарыңа лайықты соққыға шыдасаңдар, оның несі мақтанарлық? Ал жақсылық жасай тұра азап шегіп, соған шыдасаңдар, бұл Құдайға ұнайды. Ол сендерді сол үшін де шақырды. Мәсіхтің Өзі бізге бола азап шегіп үлгі қалдырды, сондықтан Оның (Раббымыздың) ізімен жүруіміз керек. «Ол бірде-бір күнә жасаған да емес, аузынан өтірік шыққан да емес». Мәсіх Өзіне (Құдай еркіне, рухына) тіл тигізгендерге жаман сөз қайырмады, ағаш көрген кезде де оларды қорқытпады. Қайта, Ол ісін әділ Соттаушыға (Құдайға) тапсырды. Біз күнәнің құлдығынан құтылып, әділетті өмір сүре алуымыз үшін Мәсіх айқыш ағашта күнәларымыздың айыбын өз тәнімен көтеріп тұрды. Осылай Оның жаралары арқылы рухани дертімізден сауықтық. Өз бетімен жүріп адасып кеткен қой сияқты едіңдер, ал қазір өздеріңді бағып жетелеп, жандарыңды қорғап жүретін «Бағушыларыңа» (аруақтарыңа) қайта оралдыңдар.» «Қорыта айтқанда бәрің өзара ниеттес, қуаныш пен қайғыға ортақтас, бір-біріңді туған бауырлардай сүйетін, қайырымды да кішіпейіл болыңдар. Жамандық жамандықпен, қорлыққа қорлықпен емес, ақ батамен жауап беріңдер. Себебі Құдай сендерді шақырғанда Өзінің ақ батасына ие болсын деп мақсат еткен еді. Егер жақсылық жасауға ынталы болсаңдар, кім сендерге нұқсан келтірмек? Тіпті әділдік үшін азап шегетін болсаңдар да, соларың арқылы жарылқанасыңдар. «Өздеріңді қорқытқандардан еш қаймықпаңдар не уайымдамаңдар!» Қайта жүректеріңнен Мәсіхке (Иманға) қасиетті Иеміз (Раббымыз) деп ерекше орын беріңдер! Іштеріңдегі үмітті (аруақты, батаны) түсіндіруді сұраған кез келген адамға жауап беруге әрдайым дайын болыңдар. Тек ілтипат құрмет танытып сөйлеңдер. Мәсіх (тазартушы аруақ, рух) жолындағы сендердің ізгі жүріс-тұрыстарың туралы жаман айтып, айыптағандар өздерінің айтқандарынан ұялатындай болу үшін ар-ұждандарыңды таза ұстаңдар. Егер де жақсылық жасай тұра, азап шегулерің Құдайдың еркі болса, бұл жамандық жасап, азап шекеннен әлде қайда жақсы. Сол сияқты сендер, әйелдер, (аққулар) күйеулеріңе мойынұсыныңдар. Осылайша күйеулеріңнің кейбіреулері Құдай сөзіне (бата, аян) құлақ аспаса да, айтқан сөздеріңмен емес, игілікті мінез-құлықтарыңмен оларды Мәсіхтің (Раббымыздың) иелігіне айналдырыңдар. Олар таза да ізетті мінез-құлықтарыңды көргенде ғана осылай болмақ. Сендердің көріктерің сыртқы әшекейлерге: шашты ерекшелеп жинау, алтын әшекей бұйымдар тағып, көз тартарлық әдемі киімдер киюге тәуелді болмасын. Қайта көріктерің көңілдеріңдегі көзге көрінбес ізгі қасиеттеріңнен тұрсын: мейірімді де сабырлы жан дүниелеріңнің мәңгі солмайтын көркі Құдай алдында аса бағалы. Ежелгі заманда үміттерін Құдайға артып, Оған бағышталған әйелдер өздерін дәл осылайша әшекейлеген. Солардың бірі Сара еді; ол Ыбырайымның айтқандарына құлақ асып, оны қожайыным деп атайтын. Егер сендер ешқандай қорқынышқа көнбей адал өмір сүрсеңдер, Сараның рухани ұрпағы боласыңдар. Сол секілді сендер, күйеулер, әйелдеріңе ілтипатпен қамқорлық көрсетіп бірге өмір кешіңдер! Жан-тәндеріңнің нәзік екенін түсіне отыра, оларды ерекше қастерлей біліңдер, себебі Құдай рахым етіп сыйлаған мәңгілік өмірді сендермен бірге олар да иемденеді. Тәңірге сиынған кездеріңде ештеңе кедергі болмас үшін де осылай істеңдер!» «Ең бастысы, бауырластарым, ант етуші (қарғанушы, лағнеттеуші) болмаңдар! Көк пен жердің немесе басқа да нәрселердің атымен ант етпеңдер. Қайта, сендер «иә», «жоқ» дегенде шынмен жоқ болуға (қабыл болып кетуге) тиісті. Әйтпесе Тәңір сендерді жауапқа тартпақ. Кейбіреулерің азап шексе, онда Құдайға сиынсын, (намаз оқып, құран бағыштасын) көңілді болғанда мадақтау жырлары мен әндерді айтсын. Қайсы біреулерің ауырып қалса, қауым жетекшілерін (емші ақу, сұңқар) шақыртсын. Олар маңдайына Жаратқан Менің атымнан май жағып (шырығдан,шырақ жағып, құран бағыштап) оның үстіне қолдарын жайып сыйынсын (аласталсын). Сеніммен сиынғандарыңа бола Иеміз науқастың денсаулығын қайтадан қалпына келтіріп, сауықтырмақ. Егер ол күнә жасаған болса, кешірілмек. Сондықтан сауығып кету үшін, жасаған күнәларыңды бір-біріңе айтып мойындап, бір-бірің үшін сиыныңдар! Әділ адамдардың (аққу, сұңқарлардың ақ жолдың ғылымын меңгеріп ақ-әулиелік сатыға шығуы) Құдайға сиынуларының күші орасан зор. Ілияс пайғамбар да біз сияқты пенде болатын. Алайда ол жаңбыр жаумасын деп шын көңілімен сиынғанда үш жарым жыл бойы жерге жаңбыр тамбады. Ол қайтадан сыйынғанда аспаннан жаңбыр құйылып, жер өнімін берді. Бауырластарым, қайсыбіреулерің ақиқат жолынан тайса, басқа біреулерің оны кері қайтарсын! Естеріңде болсын: кім күнәкарды теріс жолдан қайтарса, сол оның рухани өлімнен құтқарып, көптеген күнәларының кешірілуіне себепші болады.» (Жақып; 5-тарау) «Сонымен, ақыл-ойларыңды іс-әрекетке дайын ұстауға бел буыңдар! Сергек болып, Иса Масіх салтанатпен қайтып келгенде көретін рахымға толығымен үміт артыңдар! Құдайдың рухани балалары ретінде Оған (аруаққа) бағыныңдар; бұрын оның шынайы хабарын (бата, аян) білмей, өмірлерің жаман істерге жетелейтін құштарлықтың жетегінде болып келді. Бұған енді жол бермеңдер! Қайта өздеріңді шақырған Құдайдың қасиетті болғаны сияқты, сендер де бүкіл іс-әрекеттеріңде қасиетті болыңдар! Киелі жазбада Оның «Қасиетті болыңдар, себебі Мен қасиеттімін!» дегені бар ғой. Сендер әр адамды бет-жүзіне қарамай әділ соттайтын Құдайға «Әкем» (Раббым) деп сыйынасыңдар. Ендеше жер бетінде жат жерлік болып сүретін өмірлеріңді Оны терең қастерлеп, Оған ұнамайтынды істеуден шошынып өткізіңдер… Сондықтан барлық жамандық атаулыдан арылып, бұдан былай алдамшы, екі жүзді, күншіл немесе басқаны қаралаушы болмаңдар! Жаңа туған сәбидің сүтке шөліркегеніндей, әрдайым Құдай сөзінің (бата, аян) «таза сүтіне» (аян, уахи, батаға) құштар болыңдар. Содан нәр алғанда рухани өсіп, күнәнің құлдығынан толығырақ құтыла аласыңдар. Себебі «Иеміздің (Раббымыздың) қандай ізгі екенін» өздерің біліп алдыңдар!».   «Қымбатты бауырластарым, (осы күнәкар дүниеде) жат жерлік (басқа жан болып тірілу) адамсыңдар, сондықтан сендерге ескертемін; өз жандарыңа ұдайы қарсы шығатын арам құмарлықтардан бас тартыңдар! Құдайға мойынсұнбайтын халықтар арасында адал өмір сүріңдер! Олар сендерді жамандық жасаушылар деп айыптайды. Алайда өз көздеріңмен көріп жүрген игі істеріңе бола, Тәңір бізге құтқаруға келген күні олар Оны мадақтайтын болады. Сонымен сендер Жаратқан Иенің (Раббымыздың) меншігі болғандықтан, Ол тағайындаған әрбір билік иесіне мойынұсыныңдар! Ел басшысы ретінде патшасына да, оның жамандақ жасағандарды жазалап, жақсылық істегендерді мақтауға бекітіп жіберген әкімдеріне де бағыныңдар! Құдай сендердің игілік істеулерің арқылы ақымақ адамдардың (парызшылармен, надандар) надан әңгімелерін тойтаруларыңды қалайды. Рухани азатсыңдар, соған сай өмір сүріңдер! Дегенмен осы еркіндіктеріңді жамандық жасауға сылтау ретінде пайдаланбаңдар, қайта, Құдайдың адал қызметшілері болып өмір кешіңдер! Әркімге лайықты құрмет көрсетіңдер; рухани бауырластарыңды сүйіңдер, Құдайды терең қастерлеп, Оған ұнамайтынды істеуден шошыныңдар, патшаны қадірлеңдер!»  (Інжіл; Елші істері) Ал енді бұл жазбадағы жалпы інжіл кітабындағы сандармен белгіленген барлық аяттарға Құран арқылы растап және Масіх-Ахметтің негізінде екі сипаты болып, Ғиса пайғамбарымыз менен кейін «Сол келеді» деп Мұхаммед пайғамбарымыздың Сол Масіх болып; «Жерден Мәді шығады» деген әулиелер ескертуінде Мәділік болып, пайғамбарымыздың аруағының ислам құндылығының ғылыми маңызының ашылуы осымен түркі елінде екінші қайталануы деп біліңіз. Мәділік қасиет, оны бүкіл адамзатқа ортақ тек ислам құндылығын, Құран ғылымын меңгеріп арнаулы кітап алуға яғни жер есіктері, әулиелер кітабы арқылы көкке, жолдарға жалғану әрбір мұсылманға ортақ несібе екенін де білгеніңіз жөн. Бұл қазақ еліне келген үлкен бақ және рухани да сынақ. Сондықтан; «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» ғана шығатын мұндай додаға түсіп сыналу да үлкен ерлік, қазақтық рухани болмысқа, номадтық тегімізге ғана тән екенін де ұмытпаңыз. Енді сенім негізі Інжіл, Таурат арқылы рухани қасиеттерді меңгерумен айқындалып және қасиеттің де сынақпен тағдырдағы қателіктер мен күнәлік жазуларды жоюға арналатынын білмей көптеген аққу, сұңқарларымыз дүниемен айырбастап, иман байлығын жинай алмағандықтан 9-жылдық сынақтан тек сенімі арқылы өтіп, ақиреттің негізгі несібесінен құр қалғандар және сынақтан сүрінгендер алдыңғы топтағылардың басым көпшілігі болып, ата жолының негізгі хикметі ашылмауына себепші болғаны да хақ. Иман байлығы негізінен ислам құндылықтарын, құранды меңгеруге байланысты және әрбір пенденің тағдырындағы ерекшеліктерге байланысты аян, уахи, батамен, аруақтардың жетелеуімен Мұхаммед пайғамбарымыздың тікелей өзіне және шапағатымен, шапағатшыларға жалғанумен ғана зейнеттеліп, сенім арқылы қорғалатынын да білген жөн. Сондықтан да аманаттармен жүктеліп, оны намаз орындау амалына және зекет, хаж амалдарын аруақ тапсырмасына қарай орындаумен мұндай байлыққа, кітапқа қолы жеткендер исламдық топтар түгіл әлем діндері алдында да үлкен ерекше  хикметпен сый алып, ата жолының барлық діндердің ағасы болып, сопылық ағымдағылар да «біз нені білгенбіз?» деп пірлеріне қарсы шығып, ата жолына келіп, сынақтардан өтуге, қасиеттілікті меңгеруге жаппай жүгіретіні де хақ. Бірақ мұндай жағдайдағы қазіргі ата жолында әлі бейқам жүргендердің Алланың берген алтынмен бағаланбайтын уақытының ертерек келген мүмкіндігін өз қалінше ысрап қылмай пайдаланбаса, қазіргі мақтан дәреже ертең шариғат, ата ғұрпын жетік меңгерген нағыз сенімнің батырларының ортамызға келуімен қарапайым дін ісі болып қана болып, шаң қауіп, сыйсыз қалу де қаупі бар екенін жадыңызға тоқып алыңыздар. Осы басылымдардағы құпия сырлы түсініксіз сандармен көрсетілген бүгінгі ертек, ертең хикметімен ғылым-білімі кітаптары ашылып, дәлелденетін ақпараттардың тек аққуларымызды ерекше қадағалап тазарту арқылы ғана және еркектерге тақуалықты меңгеріп, құранды қазақ тілінде меңгеру арқылы ғана ашылатын сыры бар. Оған негізгі себеп нахыл болып, қазақ сөзінде бүкіл жан және рухани сырдың философиялық сөз қуаттары кітап болып жасырылып және сандық мәндермен Құран, Інжіл,Тәурат аяттарымен сәйкес келіп, болашақ әлем халқының меңгеруге құлшынысын арттыратын жоғары дәржелі тілге айналуы да хақ. Ал Зәбур жазбаларының отырар кітапханасында түп нұсқасы қазақтың ежелгі тура жолдың мұрагерлігін растап, Құлтегін-Дәуіт пайғамбар да сақтың ұрпағы екені де расталатынына шүбәңіз де болмасын. Осы ақпараттардың негізі сол кітапхандағы теріге жазулы кітапты аян арқылы ұстап, көріп және аян арқылы жалғанып жазылып жатқанын да білу тек ата-жол хикметін түсінген, сенімде бауырлас ағайындарға түсінікті болары хақ. Сол кітапхананы және алтын сауыт пен діннің тәжін күзетіп жатқан Қазақ бабамыздың анасы Ұлсай Емер анамыздың да сақ қорғанынан табылып жауынгер деп аталып, Қарағанды маңынан табылған осындай ұқсас дүниенің әйел заты екендігі анықталып, бірақ оған әлі мән бермеген ғалымдарымыздың арқасында асыл анамыздың бейнесі өзге жұртқа сыйға ұсынатын мүсінге айналып жатқанын және тарихта шежіреде көптеген асыл аналарымыз бен бабаларымыздың, пайғамбарлардың бастары көтеріліп, зияраттап хикметі ашыла алмай жатқанына да негізгі кінәлі ата жолдық сарбаздардың өзара көре алмастық пен талапсыздықтардан, бірліктің жоқтығынан, әйелдік үш күндікке (30-жылға) негізделген жіңішке мінезділіктің, «гендерлік» ауруға ұшыраған, қатынның соңынан ерген «қатынбасты»  ер азаматтардың ескергені дұрыс болар еді. Енді қазақ тілінің әлемдік дәрежеге көтерілуіне себептің  екінші нақты дәлелі болып қазақ әйел затының текті қыздарымызда болатын ділдік 147-сандық жоғарғы номадтық белгінің болашақ ғылымда анықталумен белгілі болатыны, ал онан кейінгі орынды арап халқының 143-санды ділдік белгісі құранда нақты, санмен берілгені де да сөзсіз. Сондықтан да әрбір аққу, сұңқар аталағандардың осы ділдік белгіні қанына зейнеттеуге мүмкіншілігі болып, ол үшін ең басты қағида ана тілін шұбарламай таза сөйлеу, тіл мінезі мен ұлттық ғұрыпты сақтау, салттарды орындау арқылы ғана ер, әйел бірлігімен ғана мұнан да жоғары жаратушымыздың беретін жетістік, хикмет сыйы да бар екенін біліп; «Бірлік бар жерде ғана тірлік болып», ал тәкәппар, өз атақ дәрежесін қамдаған, қандай да бір қасиетті пенденің мұндай рухани сынақтардан өте алмай, орта жолда қалатынын да даусыз. Және қандай да бір ғұлама тақуа ер азаматының да әйел тазалығы, жарының тақуалығынсыз жетістікке жетіп, миғраждан кітабын алуы да екі талай және жұбайының мұндай жан, қан тазалығы болмаған жағдайда арты қайғы, өліммен аяқталуы да хақ. Қазірдің өзінде бұл сырдың біраз белгілері мәлім болып, іс жүзінде тәжірибелерден өтіп дәлелденіп, ата жолына және Ақ ұлдың жеке басына келген осындай сынақтан аз ғана мәліметтер алдыңғы басылымда жазылды, халыққа да әшкере  болды. Соған байланысты бұрын Ақ ұлға жәрдемге тұрып, көмекші болған не бір керемет аққу, сұңқарлардың орта жолда қалып және қайта 9-жылдық сынақтан өтпесе, көшке де ілесе алмай мүлде ескерусіз қалатыны да өкінішті. Және осындай 3-ші дәрежелі өлім сынағынан, Мұхаммед пайғамбарымыздың меңгерген дін істерін орындаумен батасын алмай мөр, жүрек көзін ашушылардың да түрлі топ бастаған пірлердің де алдағы уақытта нақты ғылымы, сыры ашылып масқара болмауын да ескерген жөн. Сондықтан қазіргі таңдағы керемет болып, халықты бастап жүрген ақкуларымыздың еркектің жетегінсіз, құранды меңгерген ұстаз, жетекшісіз жоғары дәрежелі жетістікке жетуі мүмкін емес екенін де білген жөн және жаратқаннан міндетті түрде сынағы болатыны да хақ. «Еркек бастаған көш озар, әйел бастаған көш тозар» деген Айша анамыз батасында. Оған елімізде кейбір әйел бастаған топтардың қазіргі таңдағы да жағдайы айқын дәлел болып, болашақта сыналудың тіптен қиындай беретінін де ескерген жөн. Және бұл рухани сынақтардың әулие бастарынан шығатын нұр бұлақтарының көзін құран арқылы тазартып ашумен, зиярат басының тазалығын қалыптастырумен, тылсым көздермен, аруақтық қуаттармен тікелей қатысты болып, осы жолда тазалық сақтауда күресіп, нәпсісін, мінезін сынайтын «жиһад», «майданға» шықандардың ғана ниеттерінің тазарып, сенімі қуаттанып иманды зейнеттеудің жетістіктеріне жете алатыны сөзсіз. Болмаса жоқ.  Сонымен  бірде Жамбыл ата басына барып зираттаған кезде зиярат басын к..н ашып, басын қалай болса солай орай салған және дәретсіз жалаңаш әулие бастарын былғап жүрген, үйлену тойын сылтау қылған жастарды және осыған ұқсас ата жолдық керуен тобын көріп, қатты ренжіп ұрысқан, өз дін бауырластарымыздың мұндай тажалдық әрекеттеріне де налыған жағдай да болды. Сонда Жамбыл атадан аққулар арқылы; «Мұндай шайтанға айналған пенделерге кітап ашылды» деген ескерту түсті. Ол кітапты да біраз уақыт күтумен жоғарыдағы жазылған аурулардың негізгі себептері, ел басшылары сенсін, сенбесін қасірет болып,  сенбегендерге сынақ болып түсуімен талай ұрпақтардың тамырлары қиылатын, шежірелік бұтақтарының қырқылатын, көптеген осындай дін қандастарымыздың да тірідей тозаққа түсіп азапталатын жағдайы да жақын қалды. Бір ғана мысал; Бастың қадірін кетіріп және оны ашықтай мазаққа айналдырғандарға жоғарыда себептері келтірілген 7 түрлі бас ауруы басталып және оның дәрігерлік білімде емі болмай, дәрігер ғалымдардың, ел басшыларының өзі де осы жағдайға түсіп, дүние түгіл басымен қайғы болып арпалысқа түсетін болады.  Америка елінде басталған «меннингит», ми құрты ауруының жетілген түрі осы құбылыстың басталып  әкеден ұлға, шешеден қызға жұғатын алда талай түрлерін еститініңіз, өз арамыздан да көретініңіз де хақиқат. Сондықтан Ата жолындағы жалаңбас еркектер мен екі жүзді аққуларда тәндерінің арамдалуын әдейі сатып алған, біліп істеген күнә ретінде бұл сынаққа алдымен түсіп, аруақтың екі айтпайтынын сонда білетін болады.   Бұндай рухани сынақтардың аз ғана білімі болған кітаптың енді екінші, үшінші жақтары бар екенін, соны меңгеруге аққу, сұңқарлардық жарысқа түсетін де уақыты өтіп те барады. Және бұл рухани байлықты ел, дін басшыларымыз, ғалымдарымыз мойындамағанмен, еліміздегі орыс ұлттары мен христиан елдерінен де келіп, исламдық шарттарды иман байлығын меңгеруге жарысып және де ата жолының хикметтерінің ғылымын көрсетіп дәлелдеуге жарысатын, ал арамыздан озат шыққан аққу, сұңқарларымызды әлем жұрты шақырып, рухтан хабар, бата алуға құрметтеп ордалар ашып беріп, қаражат төлеп, ардақтап мемлекеттерінің төрлеріне шақырып, шығаратын да уақыт келеді. Мысалы Америка еліндегі бас ауруларды қазақ әулиелері бастарын зиярттатып, рухани тазалықты үйретумен оп-оңай ешқандай дәрісіз емдеуге болатынын күні бүгін де дәлелдеуге болады. Бірақ ескеретін жағдай мұндай рух және жан арқылы емделуге жетекші болған аққу, сұңқар, емшілердің толық тақуалығы және құран арқылы мақамы, бақсылық қасиеті де бекіп, аруақтардың ауысуын қамтамасыз ете алмаған жағдайда және зиярат басындағы тазалық, дәретсіздіктен де кейбір керуен істерінің нәтиже бермей жатқанынын да ескерген жөн. Біздің кейбір зияраттау барысында әулие басында осындай пенделердің кетіп, иістердің тазаруын күтіп, кейде құранды зікірмен оқуға да ұлықсат бермей бос қайтатын, нұр алмайтын уақыттар жиі кездеседі. Бұндай сырды көбінесе христиан бауырларымыз тез түсініп, тақуалық сақтауға оңай келісетінін де жиі кездестіремін. Сондықтан ата  жолының негізгі қағидасы таурат, інжілден бастау алып, христиан халқы қанша дегенмен жан ғылымы тағдырында жазылып, біздердің исламдық тажалдардың, әулие бастарына тағзым етіп сиынғанды «серік, шерік» деген аю қақпандарына түспейді де. Біздер; «Лә илаһа илла Алла, Мұхамадур расулла» деп пайғамбарымызға табынып, сыйынамыз да, Алланың қалаған достарына сиынуды серік қосу яғни жындану, жындылық  деген надандықпен пайғамбарымызды жеке бөліп дәріптеумен тәңірге айналдырып алғанымызды және осындай түрлі тек ислам дін ғалымдарына ғана тән надандықты әзірге христиан халқы білмей-ақ қойғаны да абзал. Және адамдық қасиеттіліктің өлшемі 24-пайғамбарлық қасиеттердің «Ек»-тің; 25-ші «Ен»- елшілік көрінісі болып төменнен жоғарыға қарай шектері «Ер»-і, «Ақ» болып, бүкіл исламдық ғалымдар мен ел басқарушылары өздерінің бұрынғы жоғары ақыл болған, қазіргі заманның қарапайым кез келген пенделік төменгі ақыл, білім дәрежесімен өлшеп, дінді, ата жолының көріпкелдік жолындағы ілім істерін мазаққа алушылар өздерінің ішкі ілім айнасын, қандай адамдық қабілет дәрежесі бар екенін бейнелеп, халыққа өздерін жария қылып зұлымдыққа түсушілер қатарынан болып есептеледі. Аталарымыз; «Немен өлшесең сонымен аласың» дегеніміз осы. Ал жоғары ақыл заман талабынын хикметті көрініс, сынақтарын шешуге арналған көріпкелдік, пайғамбарлық қасиеттерді меңгеру және ол негізінен  көкке шығатын 24 саты болып саналады. Інжілдегі 24-ақсақал пайғамбарлар батасымен ғана көтеріледі.  Сондықтан осындай  хикметке ашық қарсылық білдірген қақпаншылардың тұзағына түскен; Жер- «Қара»-дін-жан нәсілі негізі екенін қазақ ел басшылары бас тартқанмен, әлем халқы мойындап, қазақ жерінің нәсілдік қуаттылығы ата-бабамыздың ұстанған  «Ақ»-пен «Ар»-ға табынған дінінің хақтығы да дәлелденетін күн, ата жолының да толық ақталатын күні жақын қалды.  Осындай хикметтердің көрініс беру жағдайында енді халқымыздың негізгі сауатты, білімді топтарының зияраттауы, аруақтан бата алуға, көке шығатын күміс «Баспалдаққа» келуі де басталып, мұндай жағдайдағы бүгінгі көрінісімізді, екі жүзді ата жолындағы салтымызды өзіміз сынап, түзеп және тәкаппарлық, мақтаннан аулақ болып, мұндай бақты көтеретін салмақты да осы бастан жетілдіре берген абзал. Әрине мұндай өтпелі кезеңге тап болған екі жүзді тәубаның, күмәннің құдығынан шыға алмай жүрген мемлекетіміздің  ел, дін басшыларына және құр атақпен, шенмен қолдан дәрежелеп, бұқара халықпен салыстыру арқылы өздерін ғұлама қылған философ, психолог, шипагерлік ғалымдарымыздың жүректерінің аруағын көретін және жақсылық пен жоғары ақыл сөзді, уахиды еститін құлақ көздері де жабық болуына байланысты мұндай тылсымнан берілетін аруақтың анық білімін өздері көре алмағандықтан, күдік күмәнін де туындатуы, сенбестік те болуы қалыпты жағдай. Бірақ әрбір нәрсені парымен, жұбымен түсіретін Раббымыздың үкімі бойынша бұл ақпараттардың екінші ұшы қазақтың ғалымдары қабыл алмағандықтан да, болашақта құран құпия ғылымы білімді европа халықтарына да берілуі де әбден мүмкін және мұндай жағдайда ел, дін басшыларымыздың, зиялы атаған қауым мен ғалымдарымыздың әлемге мазақ, күлкі болғанынан ешқандай қазақтың абыройы асып, мәртебесі өсіп, көсегесі де көгермейтінін де ұмытпаған жөн. Сондықтан бұл қауымдықтар өздерін халықтан бөлек санап тәкаппарланғанмен; «Қол сынса жең ішінде, бас жарылса бөрік ішінде», «Алдыңа келсе атаңның құнын да кешір» деген аманатты да ұмытпай, мүмкін болса осы ата жолының  негізгі басылымдарын, бабалардан қалған аманат  жазбаларын кең түрде таратып, алдын ала пайғамбарымыздың; «Зұлымдыққа, құдыққа түскен ағайындарыңды құтқарыңдар!» деген өсиетін де орындай білген имандылық шартына лайық деп түсінген жөн. Сонымен бірге қазіргі таңда белгілі болған ғылыми маңызы әлемді таң қалдыратын жаратылыс құпия сырлары мен сызықтық, сандық, түрлік бейнелермен бірге ғылымда «днк»-ар сәулесі арқылы алыстан ағзаларды жаңалап, қалыптастыруға болатынын дәлелдегендемен, оның негізгі амалын, намазын қазақ аталарымыз мыңдаған жылдар бұрын-ақ меңгергенін дәлелдеу осы ата жолының негізгі мақсатының бірі болып, бірақ бұған тосқауыл болған халқымыздың, ұрпақтарымыздың несібесін жат жұртқа жем қылған ел, дін, сөз, көш басшыларымыздың көздеріне түскен бөренелерін қалай алып тастай аламыз? Әрине тек құдайдан жәрдем келмей және олардың басына келетін азаптары көрініп, тәубеге келгенше, сабырмен күтіп, тек араларынан бір пенденің болса да иманына жәрдем беруге, осы басылымдарды алдарына жеткізіп таныстыру арқылы ғана өзіңізге сауап, аруақтың ризашылығына бөленіп, Құдайдан қайтар деп ақпарат жүзінде «жиһадқа», мылтықсыз майданға үлес қосуға сапқа тұрсаңыз, елімізге көктен түсетін нұр үстіне нұр болары да хақ. Пайғамбарымызға; «Мұхаммед енді құран арқылы ұлы күрес жаса!» деген аяттың сыры да пайғамбарымызға құранды жүректеріне иман қылып құй демеген. Керісінше, ескертулерін жеткіз, сенімге келіп уәде бергендерді, намазын оқып, амалын орындағандарды Құдай сынақпен реттейтінін білдірген. Сондықтан түсінсін, түсінбесін өзі құранды жетік білемін, масхабтың ғұламасымын, «сопы-ишанмын» дегендердің бәріне; Абай-Шәкірім еңбектерінің қазақтың философиялық түрдегі құран тәпсірі екенін білдіру керек. Ал қарсы болып құдайдың бейнеленген құранына, кітаптарына иманға келмегендері мейлі әлемнің патшасы дәрежесінде болсын, сынаққа түсері де хақ. Бұл жағдайды әлем шаруашылығын дөңгелеткен Сүлеймен пайғамбарымызға да Раббымыз ашық ескерткен. Осы уақытқа дейін баяндалған 1000 беттерден аса жазбалардан да бөлек,  алда әлі талай құпия сырлары баяндалатын, сонымен бірге мазаққа айналған аққу, сұңқарлар мен атажолдық бауырластардың жүрегіндегі ашу-ызасын шығарып, Құдайдың қулықты да жаратушы екенін білдіретін, біздерді діни сауатсыз деп айыптағандардың масқара, мазаққа ұшырап, жазған кітаптарының бастарына бәле болып жабысатынын да естен шығармаңыз. Әрбір істердің нәтижеленетін мезгілі және алдын ала белгіленген дін шегі болатынын ұмытпаған дұрыс. Сондықтан алда әлі талай асулар мен баяндалатын аруақтардың аманаты бар екенін және осы аз ғана  әулие бабаларымыздың, бақсы болған аталарымыздың меңгерген мағрипат білімінің, ар білімінің философиясын ата жолында хикметті істерге қанық болған, сенімдері бір бауырларыма аққу, сұңқарларға түсінікті болып,  сенімдері нығайып, өздеріне ғана тиісті құран арқылы келетін, кітап болып бейнелеген аруақтық иман байлығын іздеп, халыққа жол көрсетуге нұсқаулық білімге жараса болғаны деп білеміз. Әрине бұл жазбалардың көптеген қазақ бауырларымызға ертек сияқты, кейбіреулеріне түсініксіз, біреулеріңіздің жүрегіңізге жылу болып жаққанымен, сырын толық ұғына алмау қалыпты жағдай. Сондықтан әрбір оқырман Халифа Алтай құран аудармасын, түсінбесе де таза дәретті яғни тақуалық киімді үнемі сақтай отыра 30 рет оқып шығуға міндеттеніп, әрбір екі-үш оқығаннан кейін осы жазбалармен бірге, Абай-Шәкәрім аталарымыздың өсиеттерін оқып отырса, мүлде басқа қырынан көрініп, ойдың тазаруымен кітаптардың ашылатын хикметтері және үнемі зияраттауды үзбеумен, аян алумен де байланысты болып, иманның қуаттана беретін, кейбір шәкірттеріміздің осындай тәсілмен меңгеріп жатқан сыры да бар. Сонан кейін ғана Ясауи бабамыздың құран насихаты түсінікті бола бастайтыны хақ. Келесі басылым жазба бетінде сұхбаттас, пікірлес, ниеттес, сенімде бауырлас болып кездесуге жазсын деп сыйынайық Құдайға! Бұл жазбалардағы ақпараттар да бір адамға келмегенін, оған себепші құранмен арадағы жалғануға тұрған шәкірт аққуларымыз және оларды күзетіп, тазартушы бақсылықты меңгеріп жатқан ер азаматтарымыз да бар екенін білгеніңіз жөн. Осындай қатарымыз толып, ата жолы аруақтар аманатын болашақ алдында; «Ат ататтырып, сүйек сындырмай, аман есен, бай қуатты болып, ақтап шығуға жазсын!» деп бір-бірімізге тілектес болайық! Ата жолын біреулеріңіз біліп, екіншілеріңіз сырттай тілектес болып жүрген сенімде ниетіміз бір, дін қандастарымызға; Иманға бай, сеніммен өсірген малдарыңыз көбейіп, сезімдеріңіз тазарып, иманмен суғарған жандарыңыз-бақшаларыңыз өркен жайып көбейе берсін, ана тіл ардақтап, өсіріп отырған діл бақшаларыңыз да жемісті болсын, ағайын! Сіздерге Раббымыз, Иеміз, рухани әкеміз; ұшқыр ой, азат ақыл, таза ниет, естуші құлақ, түсінетін жүрек беріп, біздерге осы аманаттарды шашпай-төкпей, халыққа түсінікті тілмен баяндайтын шабыт, сабыр мен қабілет, қуат берсін деп тілейміз!…

Алғабас ауылы.Бейбітшілік көшесі №6 үй. Байтасов Тоқберген Кескір ұлы.(Қазан. 2012жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *