Адамзаттың негізгі сынағы сөзді меңгеру, яғни даналыққа жету болып, иман өлшемі де белгілі денелермен, сызықтық, түр, түстік бейнелерге айналған сөздің қуатын меңгеруге тәуелді болады. Енді ислам дінінің құндылығы да осындай сөз құпияларының әлемдегі барлық қуатының құранның 7 үніне жасырылып, оны тек әрбір ұлттың өз тілінде, өз үнінде намаздарын оқу арқылы ғана құран жеті үнімен, яғни әрбір ұлттың тіліндегі жеті үнмен қосылып, 14 санды мақамның пайда болуымен көктің құпиясы ашылып, ілімге айналып Ыбырайым жолына жалғану деп аталу себебі де сондықтан. Ал енді бұл басылымдарда үнемі сөздерді санмен көрсетіп отырған сырдың да құпиясы, әрбір мықты бекіген сөздердің қуаттық шамасы кітап, аяттар болып, құран аудармасы әрбір ұлттың тілінде оқылғанда, осындай мәндермен құранның насихаты әлемге ортақ түсініктерге айналып және осы кітаптар арқылы ғана бүкіл әлемге құраннан бұрын келген кітаптарды растап бекітіп, қателіктерін әшкерелеп отырады. Және қандай бір аударма ғылымындағы қателіктерді, тәпсірдегі жіберілген логикалық ағаттықтарды оңай салыстырып тексеруге болатын құпия сыры да бар.
Бұл жүйені негізінен Інжілдік хауарилар мен біздің бабаларымыз меңгеріп және Тәураттың түскен уақыттарында өмір сүрген Сансыз бабамыздың осы сан ғылымын жетік меңгеріп, әлем таба алмай жүрген барлық негізгі төрт кітаптың теріде жазылған шежіресі қазақ жерінде Отырар кітапханасында сақтаулы тұрғаны да хақиқат болып, болашақта ашылары да хақ. Сонымен сөз құпиясын шешіп, заманына қарай тіршілік логикасы мен дін философиясы мен жан туралы терең сырлы ілімді, яғни имандылық қуатын меңгерген елдер ғана өркениетке жетіп дамып, өзге елдерді соңынан ертіп, рухани аға болу діннің негізгі заңдылығы. Осы орынға таластың әсерінен әрбір ел өз шежіресін қолдан жазып, тарихи оқиғалардың маңызды кезеңдерін халықтың жадынан шығарып, жоғалтып өз дін ұстанымдары үстемдігін қалыптастыру ислам әлемінің негізгі салты болып, оны аталарымыз «Қызылбастық намаз» деп атаған. Сондықтан христиан елдерінің қазіргі негізгі ислам елдеріне қарағанда жетістікке жетіп, шаруашылығының да өркендеп, бұзықтықтың да аз болуы өздеріне жаратқаннан түскен сөз атауларын, қуаттарын толық жоғалтпай, білімдік аттарға айналдыра білуден, яғни сөз қуаттарының маңызын сақтап, ат қоюмен бірге өлшемі де сәйкес болуынан, негізгі үндік тазалықты сақтауынан, яғни ілімнің тазалығын қорғайтын сенім қуатының бір қалыптылығынан деп түсінгеніміз абзал.
Ал ислам елдері негізгі сөз атауларының құпиясы түркі елдерінде ашылып, діннің өркен жайған мезгілдерін тарихаттан өшірумен айналысқан арамза ғалымдардың әрекеттері ғасырлар өте түркі әлеміндегі әулие, ғалымдардың өмірден өтіп, арамызда ондай даналықтардың жоғалуымен орнына жалған, надан ғалымдар пайда болып, діннің негізгі бастауына ілімнің білімге, сенім қуатына айналған сөз атауларын қайтадан алып, иман ұғымының, жандағы құпия білімнің жоғалып, білім арқылы қалыптасқан дінге сенімділікті имандылық деп атаумен ислам дінінің өзге діндерден әлде қайда бағасы да, құндылығы да төмендеумен және құран жіптерінің үзіліп, иман қуатының жоғалуымен көрінісін тапты. Енді біздердің сенім қуатын меңгергендерді иманды, яғни кітап алған, құпия білімі бар ілімді, жаны жетілген, жүрек көзі ашық деген т.б. иманның барлық сапасын қолдан теліп; хазірет, дін ғалымы, дін имамы атап, олар өздерінің адасқанымен тұрмай өздерін құпия білім кітабы бар; пір, ұстаз санап, соңына ерткен барлық халықты да адастырумен айналысып жатқандарын білмейді. Оған бірден-бір себеп иманы, яғни ілім білім ортасы таразысы; кісілігі, кітабы, жүрегінде иман шары, яғни арының дәні жетіспейді. Ар дегеніміз жанның ұрығы, иманның негізі, адамның тектілік негізі болып саналып, сондықтан аталарымыз; «Малым жанымның, жаным арымның садақасы» деп атаған. Ал жүрегінде иманы бар адам баласының жалпы бойы, яғни «аура» аруақтық өрісі жетіліп, аққа айналған ар сауыты болып, бұл сауыттың қалыптасуы керісінше ниеттің тазалығына, сенім қуатының жетістігіне тәуелді болады. Сонымен Інжілдіктердің тек хауарилар ғана меңгерген иман қуаты кітаптарында рухани дән-дене деп аталағанмен, кейіннен олар да бұл атауға ат таба алмай сенім деп атап, қазіргі таңдағы «Отец» деп атайтындар осы иманды меңгерген құпия жанында кітабы бар дегенді білдіргенмен, шындығында жалған, өтірік деп айтсақ қателеспейміз.
Бұндай дене кітабы, яғни жанның негізгі сауытын қалыптастыру арқылы иман қуаты жолдас, серік болып періштеге айналып Мұхаммед пайғамбарымыз иман қуаты арқылы ғана миғражға көтеріліп, Алла тағаламен тікелей тілдескен. Бұл қуаттың негізгі сипаты адам баласына көлік, тұлпар болып бейнеленетіні және ол көркем есімдермен байланысты болып аталарымыз оны қасиетті кісілердің, әулие-әмбилердің аруағы деп те атайтынын біле бермейміз. Аятта; «Әй жын мен адамзат тобы! Көктер мен жердің шектерінен өтуге шамаларың келсе, өтіңдер. Өте алмайсыңдар! Бірақ бір қуатпен өте аласыңдар.» (55-33) деп көкке көтерілуге жын мен адамзатқа ортақ қуаттың иманның, яғни алған құранның, көркем, мықты сөздің қуат, пырақ болып бейнеленуі арқасында ғана көкке көтерілуге болатынын ескертеді. Бірақ бұл мұғжизаның 17 санмен белгіленіп, әрбір иманы жетіліп, ар сауыты қалыптасқан момынның пайғамбар шапағатына жалғанып атқаруға болатын хикметті ісі екенін масхаб ғалымдарының үлгі қылып немесе өздері де қайталағанын баяндаған насихатын көре алмайсыз. Керісінше, жынды адамдық болмыстан басқа, яғни шайтан тобына қосып, мазаққа айналдырып, қалай тазарып, бірленіп көкке бірге көтеріліп, миғраждан несібе кітабын, аятын алатын пайғамбарымыздың ізгі үлгісін мүлде шариғаттан да шығарып тастаған. Сондықтан пайғамбарымыздың осындай 30 түрлі тажалдың пайда болатынын, сүнеттері, жинаған дүниесінің жоғалатынын білген. Және құранның барлық негізгі 30 кітабы иман негізінің орнына сенімді жалау қылып, құранды теріске алумен, өздері де білмей, білгендердің тілін алмай, халықты азғыратындарды ескерткен. Сондықтан аталарымыз қарғыстың ең жаманы; «Өзің білме, білген аруақтың көрсеткен тілін алма!» деп мақалдаған.
Енді біздің жоғары мәртебелі хазіретіміздің де көктің ең болмаса 3-4 сатысына шыға алмай және мұндай жан білімі, иман кітабының жоқтығына дәлел қарапайым қойшының көретін аянын да ала алмай; Беріш Құрбан атамыздың топырағын Сұлтан Бейбарыстікі деп қазақ халқының бәрін, ел басшыларымен қоса алдағанын өзі де білмейді. Себебі оны көрсететін жүрегінде бастапқы тағдырлық иманнан басқа, өзінің келтірген, сыйға алған аруақтық жеке иман қуаты, жалғанған кітабы, яғни хазіреттік түгіл имамдық қуаттылығы да болмады. Ал енді осындай қарапайым аталарымыз меңгерген сөздердің, нахыл, мақалдардың сыры ашылып қалмасын деген ібілістің әрекетімен сөз атаулары бәрі араптан ғана келген деген ұғымды тықпалап, құранды тек арап тілінен өздеріне оқытып, басынан аяғына дейін жаттатумен, имамдардың жүрегіне иман қуаты кірмеуін өз қолдарымен иманға қарсылық жасатумен, тіл мен сөздің арасына жік салып, ойдың бұзықтығын қалыптастыруды әдемі көрсетіп қойған.
Иманның негізгі жаннат үйіне жалғанатын жібін өретін ой тазалығының, ой қуатын қалыптастыратын сөз даналығы сұхбатты дін имамдарының өзі жоғалтып алған. Тілі шұбарланбаған, ысылдамай сөйлейтін, ауылда қалып оқи алмай қалған имамдар болмаса, жалпы Нұр Мүббәрәк сияқты жоғары оқу орындарын бітіргендер керісінше, тілдің бұзықтығын үйреніп шығады. Сондықтан бір-бірінен үлгі алумен, тіл мен сөздің арасын бөліп, ақыл-ойын тәпсірлерге матап, шерік қатып сөйлемейтін, жазбайтын қазақ елінде бірде-бір дін ғалымы мен иманын таба алмайтыныңызға бәс тігуге болады. Сөз тазалығы болмаған жерде тіл мінезі қалыптаспай, пайғамбарымыздың; «Кім тіл нәпсісін тазартып, сақтауға уәде берсе мен де жанатқа уәде беремін» деген аманаты да орындалмаса, онда жаны жаннатқа жалғанбай қайдан иман келеді? Енді кім сандар тағлымына жете назар салса, сенім мен ниеттің ортақ кездесетін орны 11 санды кітабы болып, ал иман негізінің екі белгісі 49; 9 саны болып 9 тәубелік кітабының сеніммен ортақ мәні болудан да бұл жан сырының есептік жүйесі білімді, сөз астарын жетік меңгеруді қажет ететінін ескертіп тұр. Пайғамбарымыздың; «Иман 60 немесе 70 бұтақты» деген өсиеті де құрандағы осы сандағы кітаптың санын ескерткен. Яғни, иман қуатының барлығы 130 кітап болып, оның 13 сатысын Ясауи бабамыздың көрсетіп кеткен Сәни дәптері құран емес деп қалай айта аламыз? Сонымен иман екі сападан тұрып, оның бір сапасын Абай атамыз 9-сөзінде; «Осы мен өзім қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жоқ жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді…Мен өзім тірі болсам да, анық тірі емеспін. Әшейін осылардың ызасынан ба, өзіме-өзім ыза болғанымнан ба, яки бөтен бір себептен ба?..» деп астарлы сұрақ қойып және астарлы жауап беріп иманның негізгі сипаты қандай жаман болса да ұлтыңды, еліңді сүйіп, өзіңе-өзің кіммін деп жауап беріп барлық қызығың, дүние құмарлығың өлмей иманым бар деме деп ескертіп кетіпті.
Қазақта ұлтын сүйген адам баласы қандай дәреже, атағы болса да ана тілі мен сөзін қадірлейді. Ал сөз құндылығын білген пенде Абайына ғашық болып, өсиеттерін мүлтіксіз орындауға тырысып, орындай алмағанда имандымын деп мақтана алмасы да сөзсіз. Бірақ мен көрген, естіген ақылшыларымыз, өздерін иманды атағандардың ішінен тілмен Абайшыл, ал іс жүзінде өзгеше екі жүзділіктерінен басқа әзірге байқай алмай жүрмін. Соған қарағанда, онда мен де ниетім, яғни талабым әлсіз болып үмітсіздікке түскенім бе? Ал үмітсіз пенде шайтан, онда есі де жоқ болып шығады. Көрдіңіз бе қанша сенімдімін, намаз оқушымын, зекет беріп, ораза ұстаушымын дегенмен мұндай ниетпен иманның да ауылы алыс екенін. Сонымен онда менен де төмендер бар деп өзімді кейде жұбатамын. Олар кімдер деңіз? Қазақта тура жол болмаған, барлық дін араптан келген, шариғат та тек құран түскеннен кейін пайда болып, оған дейін адамзат қараңғылықта жабайы болған т.б. Мұхаммед пайғамбарымыз соңғы пайғамбар ғана емес, енді тіптен соңғы елші де болып, ақирет өмірінің тіршілігі тоқтап, сондықтан енді Раббымыз ешкімге ақиреттік кітабын, тағдырын оқып, болашағын көрсететін уахи бермейтін болыпты және құран келгеннен кейін барлық паралар кітаптар үкімі жойылып, тек арап тілінде ғана барлық ілім сыры белгілі болады екен деген хазірет, имам, дін ғалымдары, философ, жазушы қандастарыма қарағанда Құдайға шүкір ниетім дұрыстау, қазақ, аруақ десе ішкен асымды да бөліп бере саламын. Ана тіліне махаббаты болмағанның қазақ ұлтына, отанына деген жан ашырлық бауырмалдығы болады дегеніміз де жалған, олай болса ниеті де дұрыс емес. Демек, сенімділігі де екіжүзді.
Соған қарағанда тіптен ана тілінен де мақұрым кейбір ел басшыларына қарағанда да ниеттілігім дұрыс, басымды үнемі жауып және еге болып жүрмін бе деп Абай атамыздың әйтеуір иманым бар деп өзін жұбатқандай; «..Тегінде ойлаймын: бұ да жақсы, өлер кезде «әттеген-ай, сондай-сондай қызықтарым қалды-ау!» деп қайғылы болмай, алдыңғы тілеу болмаса, артқа алаң болмай өлуге.» (9-сөз) деп, арттағы 9-дық тәубең иманың болса, онда енді алдыңғы жаққа аруағыңмен, «аура» көлеңкеңмен, өмір серігіңмен бірге 2 меніңді қосып, жіберген тілеуің яғни 11 санды кітабың болса, ақ өліммен өлесің деп ескерткен екен. Енді аруағын, ата жолын, тарихын соттап және ана тілін де шұбарлап, алдыңғы жаққа жіберген «тілі»-«жібі»-тілеуі де кесілген ағайындарымның ниеті әрекет болып сеніміне енбей, иман түгіл сенімі ұсынған бойы да жоқ хазіреттеріміз, имамдарымыз, ел басшыларымыз, ояздарымыз сендер; бұл келген қиямет мезгілінде қандай халге түсесіңдер деп, өлі де болса тірінің ісін жасап, осы басылыммен ең болмаса қазақтық намыстық ниеттеріңді халыққа көрсетіп өлсеңдер, ұрпақтарың жерлегенде де көп қиналмас еді деген адал ниетімді жазып, сенім білімді әшкерелеп көрсетіп отырған жағдайым бар. Ал шындығында иманым бар ма, жоқ па?- оны халық көзімен немесе жаратқанның өзінен Құдайдан ғана сұрап білуге болатынын да білемін. Ол үшін де рухани өлім сатыларын және 3 түрлі жағдайдағы сынақтарынан да өтіп, кітаптарын меңгеру керек екенін ғана түсінемін!