Қиямет мезгілі және ниеттердің сынағы.

Бөлім: Қиямет мезгілі рухани сынақтар 52

Қалада жер жүзінде бұзақылық істеп, түзушілік істемейтін тоғыз кісі бар еді.» (27-48). Бұл аяттағы 27-ші сан философиялық, сөз даналықтарын меңгерумен, дін ілімінің жағдайын көрсетіп және 27-ні бірлесек (2+7=9) тәубелік белгі саны пайда болады. Және адамзаттың көру қабілетіне байланысты періштелік қуаттарының, аруақтық сандық мәнін, өлімнің себептік белгісін де көрсетіп тұр. Сондықтан хаж сүресіндегі қажылықтың да жағдайы осы белгіден бастап жолға шығып, 29 санмен қағбаны тәуап етуді сандар тағлымымен астарлы түрде ескертеді. Және аяттағы  48 санмен берілген белгі де жоғарыда баяндаған адамзаттың ниетінің бұзылуы 9 түрлі ой бұзықтығынан пайда болатынын сүре аят сандар тағлымымен де ескертіп тұр. Бұл аяттың негізінен сөз сөйлеу мен ойлау қабілетінен пайда болатынын және пайғамбарымыздың; «Кім тіл нәпсісін тазартып, сақтауға уәде берсе, мен де жаннатқа уәде беремін» деген өсиетіне сәйкес барлық бұзықтықтың негізі осындай ой мен сөздің арасының бұзылуынан, ата аманатын сақтамаудан пайда болатын кісіліктің жетімсіздігін ескертіп тұр. Егер сандар қимасын; (27+48=75) санымен адам баласының сенім қуатының немесе екі  әйел, еркек жынысқа байланысты қалыптасатын мінездің шамасы мен екіжүзділіктің белгісі, яғни негізгі тажалдық белгі тәубеге тәуелді естің жоғалуымен талапсыздықтан, ниетсіздіктен, ессіздіктен пайда болатынын да ескертіп және шерік қатушылардың бейнесін сипаттайды. Сондықтан дін ғалымдарымыз мұндай пенделерді «шерік қосушы», жын-шайтанды деп атаумен, яғни рухтық бейнеде сөздің тазалығымен, ақпараттық белгімен байланысты ғана түсініп, негізінен дұрыс сөйлемеген, жалған хабар жеткізуші пенделерді «шерік қатушыларды» атайды.

Негізінен солай болу тиісті, бірақ бұндай қателікті анықтайтын пайғамбарлық-абыздық, философиялық құндылық арқылы өлшенетінін ақыл таразысы болмағандықтан, тек қағаз бетіндегі білімділікті меңгергендер, өздерін ілімді атап, яғни құпия сырлы уахи білімін, кітабын алған жоғарғы дәрежелі пайғамбар сипатына балап шерік қататындарын да білмейді. Сөз қуаты, жолға жалғанудың бейнесі адам басты арыстан болып 27 метрлік Мысыр еліндегі ескерткіш құран сөздерінің атауларының  жәһилет заманында пайда болған араптың аталарынан бұрын да бар болғанын ескертіп тұр. Сондықтан жынның да үш сапасы болып, яғни денелік, тәндік, рухани жағдаймен көрінісін беріп, адам баласының да осындай үш сапасы және шайтандық қуаттардың да үш сапасы болып, барлығы 9 санымен адамзаттың ақыл-ойын, жынын, тілін тазартуы арқылы пайда болатын иман қуатының дәні адамзаттың «Кісілігі» болып қалыптасатынын және тәубе сүресінің Алла атымен басталмайтынын және барлық пенделік, мінездік қуаттық денені осы сүренің ішінен табатыныңызды ұмытпаңыз. Сондықтан ислам дініндегі «иман келтірдім» деген мағына бес парыздық шамамен емес, 9 сандық белгімен алғашқы өлім сатысынан өтіп тәубеге келумен, яғни жоғары аяттағы жынын тазарту арқылы бір қуатты меңгеріп, жындық қуатын тазарту «Ақ» сауыты арқылы ғана алғашқы көкке жолға жалғанумен нәтижеленеді. Сонымен жоғарыдағы үш сапаның, адам баласының ниеттілігі, сенімділігі жетілмеген жағдайда; кісілік сыртқы  «Ақтық» өрістік бейнесі, бойы, көлеңкесі де «қаралық», қараңғылық өрісі болып қалыптасып, өрістік жан киімі денеге айналумен шайтандығы басым болғанда маймыл мінезді, жындылығы басым болғанда шошқа сияқты ойына не келсе соны істейтін, жиіркену дегенді білмейтін пенделікпен бұзықтық кісілік арсыздық денесін табады.

Аталарымыз еркектерге байланысты 9 кісілік бұзықтықпен дауыс, сөз жүзінде «Дию» болып бейнеленіп, ал тіл, үн жөнінде «Пері» деп атап ат қоя да білген. Сондықтан да әрбір пенде өз қауымындағы бұрынғы әке-шеше, ата-ана 7 жұртымен осындай жағдайдағы да жындарға байланысты да кісіліктің «көздерімен» байланыста болатынын 27 саны ескертіп тұр. Енді бұған қоса әрбір пенденің ниетіне қарай сенім қуаты кісілігі пайда болып, мүшелдік қалыптасу барысында бойы, көлеңкесі бөлініп, мінезіне қарай денесі де пайда болып, егер таза адамдық мінез-қылықты болса өзіне серік болып, ал хайуандық денені тапса, онда өзінен бөлінген иістік қуаттары кеңістікте түрлі бейнедегі шеріктерге айналумен,  өзіне теріс бейнедегі жындылық рухани негіздегі сенім қуаты болып қосылады. Сондықтан әрбір пенденің сөйлеген сөзі, істеген қылықтары, әрекеттері осындай денелерге айналуымен 9 түрлі сипаттық мінездік, әрекеттік, бұзықтық та бейнеленген денелерді табатынын да ескертіп тұр. Енді аталарымыздың; «Заманына қарай адамы болады.» деп ескерткендей, мұндай рухани бұзықтықтың қазіргі таңдағы білімді меңгеру әлемдік жарысында ойлары бұзық ғалым, имам, хазірет, ел басшы, заңгерлердің осы топтарды құрып партиялармен, дін секталармен, түрлі ойын-сауық шығармашылық дарындылықтармен, елдің рухани жетілуіне кедергі болатын саясаткерлік, жазушылық, ақындық істермен айналысатын басқарушы топтың арасынан да екіжүзді кісілігі, яғни «дию, пері» тажалдығы барлардың табылатынын да білгеніңіз жөн.

Осындай ниеттің екіжүзділігінен ата-баба ғұмырлық әдеттерінен және қалыптасқан таза рухани аруақтық қуаттарына жалғана білмеуден, жер рухынан табандары ажыраудан, 10-шы мүше болатын бастың да денелері қорғалмай екі аралық шеріктерге жалғанумен ойдың бұзықтығынан пайда болатын 9 түрлі құзғындық әрекеттің үстем болған елдерге 9 түрлі сынақтармен үнемі жаратушымыз, ондай жынды сулы қасқа бастардың көкке жалғанатын жіптерін үзіп отырып, оны Құран аяттарында да ашық ескерткен. «Олар (жын-шайтанға айналған бұзықтар), Алланың нұрын (көркем сөзін, аян, аяттарын, уахи-батасын, өз аруағын) ауыздарымен өшіруді қалайды. Егер кәпірлер жек көрсе де, Алла тағала мұны ұнатпайды да өз нұрын толықтайды.» (9-32) (41) Осындай есі кеткен елге есін жиғызуға апаттарды, азаптарды жіберетінін және 41 санмен бейнеленуін ескертеді.

Бұндай жалпы ұлтымыз болып, ниетіміз бұзылып, сенімді, білімділікті, дүние байлығын желеу қылып, түрлі ессіздікке түсіп кететін, сөз даналығының өлетін, мәңгүрттікке түсетін қазақ басындағы қияметтік жағдайды Абай атамыз; «Қазақ жаттың бір жақсысын көрсе құлдық ұрып, өзінде барды менсінбей және «Әуелі-бұл ісімді ол ісімнен асырайын деп, артық ісмерлер іздеп жүріп, көріп, біраз істес болып, өнер арттырайын деп түзден өнер іздемейді. Осы қолындағы аз-мұзына мақтанып, осы да болады деп, баяғы қазақтың талапсыздығына (ниетсіздігіне) тартып, жатып алады.» «Кей жұрт ақыл айтарлық кісіні іздеп таба алмайды. Қылығының қылшығын (ниетін, сенім қуатын) танитұғын кісіден (аруағынан) қашық жүретұғыны қалай?» «Қазақтың шын сөзге нанбай, құлақ та қоймай, тыңдауға қолы да тимей, пәлелі сөзге, өтірікке сүттей ұйып, бар шаруасы судай ақса да, соны әбден естіп ұқпай тынбайтұғыны қалай?» деген түрлі ескертумен, қазіргі кезеңдегі Құдайдың ашық көрсетіп, өздеріміз арқылы оқытып жатқан аруақтан келетін батасы, аяны түгіл Абай-Шәкәрімдей даналарын да оқи білмейтін ғалым философтардың, дін ғалымдары арқылы пайда болған тажалдық рухани дертімізді алдын-ала болжап кеткен.

Егемендік алдық деп өз рухани құндылықтарымыздың бәрі ескі, жарамсыз де біріміз араптардан, бірлеріміз өзге елдерден рухани азған білімдерін толық меңгеріп, басымыз тасқа тисе де ел басшыларымыз өз райларынан қайтпай, өз туысқандарымызды итше атып тастайтын қияметтік мезгілдің келгенін және ашық түсіріп, көрсетіп жатқан құдайдың белгілерін де, өзіміздегі тұрған білімімізді де мойындаудан бас тартып, тәкаппарлықпен жинаған дүние мүлкіміз, атақ, дәреже, шеніміз құтқаратындай алған бағытымыздан қайтар да емеспіз. Біздің заңымыз, әскеріміз халықты қорғау үшін емес ел басшыларын қорғау үшін ғана қызмет ететінін мұндай жағдайда өздерін тура жолдамыз деген дін басшыларының да себебін көрсетіп, жанын пидаға салып арашаға түсетін діндерінің әлсіз екенін, имандарының жоқтығын айқын әлемге әшкере қылып жатқаны хақ.

Бұрын қандай қылмыс жасап, әкесін де өлтіргенде аруақ атап алдына бас игенді; «Иілген басты қылыш та кеспейді, Бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде, Алдыңа келсе атаңның да құнын кешір» деген дін салтымызды жоғалтумен бірге, «Алла арам қылған кәпірді де өлтірме!» деген Құдайдың үкіміне да ел басшыларымыз ашық қарсылық көрсетіп, халықты қорғаған болып өздеріне, дінсіз заңдарына, пәтуаларына қарсы болғандарды халыққа ұсынбау үшін, алыстан ата салу, өтірік жала ұйымдастырып соттай салу дағдыға айналды. Бұл жағдаймен халықтың қауіпсіздігін емес, өздерінің рухани азған пәтуаларын, ата-бабадан келе жатқан аманат ақпараттардың халыққа жария болмауына тосқауыл қойылып, біржақты өздеріне ыңғайлы дін ұстанымдарын қорғау және ұлттық рухани болмысымызға қарсы; Абай атамыздың ескерткен:  «қызылбастан алған намаз, имансыздыққа бастар жол» деген  дінсіздік қылықтарын жасыру үшін істелген шара екенін, болашақта ақиқаты анықталатынын қаперлеріне де алар емес. Хайуанды да жаман озбырлығына бола өлтіре салмай, қорқытып, қамап, тәрбиелемей  өлтіре салудың да ақиретте сұрауы немесе бұл дүниде сынағы, азабы өз басыңа, жанұяңа жын қуатына айналып қайта келетінін әзірге біздің осындай жағдайда ағайындарына араша түсетін, құран арқылы дінді, дін қандастарын қорғауға тиісті болған масхабымыз себебін түсіндіруге шамасы да келмейтініне халықтың көзі әбден жеткенде, қалай өздерін тура жолдамыз деп айта алады екен?

Ақирет тіршілігінде хайуанның да жаны рухқа қосылып, бейнеленіп кек қайтаруға түсірген Құдайдың әмірі, Раббымыздың білімі кеңістікте үкім болып бейнеленіп, ертең өз ұрпағыңды сондай өлімге бұйыратынын, ел басшыларымыздың өз тамырларын өздері кесіп жатқан әпенділер тірлігін түсіндіретін, арашаға түсетін жақсыларымыз, таза кісілігі барларымыз өзгенің өтірігіне ұйып, тажалдардың  аю қақпанынан шыға алмай қалғаны да хақ. Сондықтан бұндай жағдайда рухани бұзықтықтың жоғары дәрежесіне жеткен шеріктердің үстемдігі басталып, күзетшісіз, аруақсыз қалған пенделерге жаппай шабуыл жасап, шеріктердің қосылуымен түрлі бұзықтықтардың белең алуымен, өзіне-өзі қол жұмсау, адам өлтіру, жындану сияқты қылмыстар көбейетіні де хақ. Бұндай жағдайда Құдайдың нұры түсіп, хақиқат көрініп, жоғарыдағы аяттағы 9 кісінің әрбір жанның қорасына  еніп, жинаған аз-маз білім арқылы жинаған саулықтарын шауып, жуық арада осы жағдайдың жаппай індет болып, әрбір «білдіманның» басына, жанұясына, ең аяулысына айықпас дерт болып жабысатын және оны енді өзінен көрмей, сіздерден — ел басшылардан, дәрігерлерден көріп және ондай жалғандықты жақтайтын  осындай әділетсіз заңымыз барда талай жазықсыз жандар да, жала арыздармен қараланып, жазаланатыны даусыз.

Осындай тажалдық істердің бірі ғана болған мысалға жүгінсек; Шымкент қаласындағы болған оқиғаның ел басқарушылардың, халық қалаулыларының «Спид» ауруын денсаулық министрі бұйырып, қызметшілері қолдан екті деп жазықсыз сотталып, азапталғандардың да сұралатын кезі келіп, соған қатысқан пенделердің өздері немесе ұрпақтары сол аурумен жазалатынын да ұмытпағаныңыз жөн. Және осы сияқты түрлі жағдайдағы оқиғалардың ел басқарушыларының дінінен, ұлтының ғұрпынан ажыраған әділетсіз заңдарының тікелей көмегімен қаншама жазықсыз пенделер қараланып, үкімделіп жатқан тозақтық, кәпірлік әдеттерді заңымызбен ерекше қорғалатынын есептеп, көз алдыңызға келтіріп көрсеңіз, қандай рухани надандықтың, күнәнің, шайтанның құлдығына түсіп кеткен елге айналғанымызды айқын түсінер едіңіз.

Екінші белгісі осындай күнәнің құлдығынан пайда болған тозақтық азаптардың аз ғана бөлігін көрсетіп жазылған, яғни осы басылымдарда көрсетілген жоғарыдағы түрлі аурулардың себептері енді әрбір оқыған, бірақ түсінуден бас тартқан пенделерге сынақ болып үкімделетіні де, бастарына міндетті түрде келетіні де сөзсіз. Сондықтан аталарымыз мұндай себептерді білгенде; «Сақтансаң сақтаймын деген Құдай!» деп ескерткен. Және жоғарыдағы Құран аяттарының хижра жыл санауымен есептелген мысалға сәйкес исламдық дін сынағы болып түсірілген, аруақтар арқылы  оқылған уақи батаға, иманға, Алланың нұрына толықтыруға түсетін үкімнің биылғы жыл аяғынан бастап 9 жыл бұрынғы оқиғалардың дәл сондай түрде қайталануы да, ата жолының бейнесінің, батаның хақиқаттығы, хикметтерінің көрінісі де қайта басталып және де аруақтық хикметтерді жын-шайтаннан деген дін, ел басшыларына, ғалымдарға, пенделерге үкімдер мен азаптар келіп сыналатын болады.

Сондықтан да қазіргі таңда қазақ елінде 14 жылдай уақытта, яғни ата жолының алғашқы үкімі түскеннен бастап, адамдардың сәулелену дәрежесі де артып және құдай ісін меңгерген, зияраттап өз шежіресінен ата-ана рухына жалғана білген, тылсымнан табаны таңбаланған адам баласының жаны қосымша қуат алып, жер есіктеріне, көк мүліктеріне жұлдыздарына жалғанумен; «гелий» қорғаныс, імүндік балшықтарының да жетілуімен байланысты бақытты өмірдің дәмін татары да сөзсіз. Бұндай адамзаттың үлкен жалпыға бірдей түсетін қияметтік азаптың келуінен бұрын алдын ала ұзақ жылдар насихатталып, ескертіліп және намаздық амал қылып, құран аяттары, шариғат білімдері арқылы рухын тазартып орындай білгендердің өз дәрежесіне қарай міндетті түрде таңбаланатынын інжіл жазбалары да ескертеді.

 Қазіргі таңдағы ата жолына келіп, толық дәретін сақтап, зейнеттік, тақуалық киімін де қалыптастырған  және 9 жылдық сынақ кезеңінен өткен, әрбір пенденің табаны ғана емес, бой өрісінде де немесе тәнінің еттерінің, көз бездерінің де тазаруына байланысты жан перделері ашылып тылсымнан түскен ерекше белгі таңбалары да бар екені хақ. Сондықтан мұндай ата жолдық сарбаздар қатарынан табылып және түрлі ақпараттық жағдайдағы азғырудан аман болып, ата-салт дәстүрін сақтап, ғұмырлық шараларды орындай білсеңіз, онда сабыр қылып күте білсеңіз, шамалы уақытта бұл жағдайдың нәтижеленетін кезі де келіп, тозақтық пенделерге ешқандай дәрі-дәрмектің әсері болмай, тек Құдай құдіретіне ғана жүгіну арқылы азаптарынан сауығатын мезгіл де жақындап қалғаны хақ.

Мұндай қияметтік жағдайлар аталарымыздың бастарында болып; «Зер ұстаған зердің жайын біледі, Жақсы басшы елдің жайын біледі. Басынан көп өмірді өткізген жан, Қайғымен жердің жәйін біледі… Ой дүние-ай, дүниесің, Дем алғанша құбыласың. Шаң жұқтырмайтын кейде тұлпар, Кейде орға жығасың. Кеше көл еді бүгін тақыр, Кеше бай еді бүгін пақыр, Ар сатуға ақырын келе жатыр.» (Көбей би ) деген өсиетпен жер ана рухымен қайғының екеуі егіз екенін, сондықтан жер дауы қашанда дін дауы, ал нәзік жандылардың азғындауы міндетті түрде жесір дауына соқтыратынын да ескертіп кетіпті. Егер осындай жер дауы, жесір дауы және етек пен «аудың» «гендердік» дауынан, тажалдық азғырылудан аман қалып, ата-салтыңызды, ұлттық намысыңызды таптатпай аруақтан бата, жобасын алып рухыңызды, яғни сеніміңізді таза ұстаған болсаңыз онда, осындай тірілей тозаққа түсіп, азапқа қалған, кешегі бай бүгін пақыр, кешегі ғұлама бүгін «ақыр» (есек) болғанын көріп, бүгінгі күніңіздің қадірін түсінумен, мұндай азаптан құтқарған Раббыңызға мың да бір шүкір қылатының осы бақыттың өзі емес пе? Көптеген ата жолдық бауырластардың: Маған ата жолы не берді?-деген өзгенің байлығына қарап, өзін кем қор санап, рухани байлықты, жоғалтқан денсаулықтан, ақ жаулықтан, он саулықтан шамасына қарай аруақтар батасы мен аяндары арқылы жаны тазарып, иман бақшасын өсіруге үлесін алғанын білмей, екіжүзділікте жүргендер сол уақыттарда қандай нығметтерден айырылғанын біліп, әттең әлі де өз үлесін молырақ алатын едім деген өкініште де болары хақ. Ал ең өкініштісі «аруаққа»,  яғни Алланың себебі, Құдай ісінің өзіне, қолына, көзіне, бейнеленген құранына табынуға болмайды», яғни ескертуінен білдірген жамандықтарынан тиылып, жақсылыққа берген бағдарынан, өсиетінен үлгі алып, құлшылық етуге болмайды деп Құдай ісіне де жала қойған, жаратқаннан келген нұрдан өзін де, жанұясын да тыйып, таңбасын алып, рухани егінін суғара алмағандықтан, осындай дін қандастарымыз, имамдарымыздың, дін ғалымдарының да жан ұяларына қасқыр шауып, түрлі ессіздік, кемістік рухани ауруларының да белең алары сөзсіз және бұл сынақтардың ұрпақтарына мирас болатын тазармаған қанның буы, тәнінің иісі, сөздің бейнесі болып ауысуымен, өздері тірлігінде қайта сыналып, рухын, жанын тазартып үлгіріп, шежірелік таза аруағын қалыптастыра білмесе, онда болашақ шежіре ағашының да өркен жая алмасы да хақтық. Аталарымыз; «Қасқырдан қорыққан қой бақпайды»деп астарлы ескерткен. Ал бұл діни дәстүрімізді теріс түсінген дін имамдарымыздың еліміздің тұрғындарын ата ғұрыптық, ақ бақсылық жын-шайтандарға қарсы шығатын бақсылық пен таяқ ұстаған дін шопандық дәстүрімізді елге жек көрінішті және жыннан, шайтаннан қорқуды дінге айналдырып, ондай сенімдерін, діни шариғаттық білімдерін; иманның келуі — ілім деп сенумен өздері де жын-шайтандардың қақпанына түскені даусыз.

Бұрынғы аталарымыз, әулиелеріміз меңгерген ілім, бүгінгі қағазға түскен іргелі немесе шариғаттық білім болып, ғұмырлық және діндік істерге айналып, ілімдік сипатын, маңызын, яғни тылсымдық құпиялығын да жойған. Оны енді жындардың шайтандары да меңгеріп алғанын, күнәні туындататын қарсы аяттарды қалыптастырғанын білген жөн. Сондықтан бұрынғы замандағы иман қуаты болған күштер, бүгін сенім қуатына рухани сипатқа еге болып, иманның сыры көкте жасырылған негізгі кітаптан ғана нұр болып заман уақиғаларынан, білімге қарай мөлшерленіп берілетінін білетін бірде-бір дін ғалымы, теолог исламда да, басқа да сопылық дін ағымдарында да жоқ десек өтірікші болмаймыз.

Заман дегеніміздің өзі иман ілімі, даналық болып сипатталатынын пайғамбарымыз өсиетімен ескертіп кеткен. Сондықтан иман келтіру тікелей заманға және уақытқа тәуелді болады.  Аталарымыз; «Заманына қарай адамы» деп, Адам болу сөзінің негізі «Ілімді болу»-періштелік дегенді білдіретінін ескерткен. Сондықтан адамдық бейне, қасиет иман қуатымен тікелей тәуелді және  Иманның екінші, үшінші сипаттық бейнесі «Рахмет» және «Рахим» болып бейнеленеді. Иман қуаты, яғни иман келтірген болсаңыз, онда Алланың рахметіне немесе тағдырға жазылған күнәңіздің бір белгілі кезеңдері, уақиғалар кешіріліп, орнына жақсылықтарға жетелететін себептердің, нығметтердің жазылуымен, тағдырыңызға өзгеріс енумен Раббыңыздың рахымына кенелген болып саналатының хақ. Пайғамбарымыз; «Таусылмас иман, шүкіршіл жүрек, зікіршіл тіл, сабырлы тән бер!- деп сұраңдар» деп осы құпия сырларды қарапайым өсиетпен түсіндіріп кеткен. Олай болса рухтың тазалығы мен жетімділігі тәнге зейнеттеліп сабырлықты, мінезді қалыптастырса, ал иман адам баласының жанына берілетін парасы, ақшасы, көктегі жүректеріндегі ақиреттік несібесі болып екі сипатта болып оны 9 санымен рухани жандық, жерлік; ал 49 санымен көктік болып қалыптасып және аралық жұбын енді хазіреттеріміз, дін ғалымдарымыз құраннан тауып орындарын көрсетер деген үміттеміз. Сенім рухпен, бейнеленген сөзбен, алған біліммен қуаттанып, тазарып түрленеді, ал иман тілмен суғарылып өседі немесе ана ділі, тілінсіз таусылып өшеді. Бұндай ерекшеліктерді; Сенім мен иманның айырмасын Інжілдіктер де білген, бірақ иманға нақты атау бермеген.

Құрбандық шаларда әуелі ниет қылып құран оқисыз, бірақ әрбір істі әуелі Құдайға сендім; «Бисмиллаһи» деп, сосын иман бер деп; «Рахман  рахим» деп Алланың осы екі сипаттағы имандық қуат көркем есімдерін еске аласыз. Бұл жан сырларының иманның құпиялары да исламға дейін де інжілдіктердің сахабаларын «хауарилер», яғни имандылар деп атап, олар түрлі бақсылық істермен жын-шайтаннан тазартып және жүрек мөрін, аманат жанға тікелей қуат алуды, иманның бір дәрежелі қуатына жалғануды, яғни бас арқылы аталарымыз ескерткен; «Төртеу түгел болса, төбеден келеді» деген тылсымнан келетін аян, уахи білімге, иманға жол ашумен айналысқаны баяндалады. Құран келгенге дейін мұндай баспен рухқа жалғану құлшылық істер арқылы барлық дін адамдарына тән болып осындай жағдайда ондай қасиетке жеткендерді «отец», «поп» деп атаған. Бірақ кейіннен бұл жоғары дәрежелер білімдік сапаға ауысып тек атақ, орындармен аталып, қасиеттің маңызы жойылғанын және жан туралы мәлімет кітап берілгендер арасында да жоғалды деп ашық ескерткен. Ал Құранның барлық кітаптарды жинақтап, құралып толық жер жүзінің адамзат қауымынан ортақ аян, уахи болып оқылумен, білім ғылым дамуының «эволюциясын», жаңғырып, өрістеуін қалыптастырып, енді бас арқылы жүрек ашу құран білімі болып, тылсымнан тағдырлық жанға жазылып берілетінін христиан елдері де жанына, тағдырына берілген тек құран аяттары  арқылы ғана өсіп-өніп өркендеп жатқанын біле бермейді.

Мұхаммед пайғамбарымызды; «Адамзатқа шырақ түрінде жібердім» деген аяттың құпиясы да осы иман қағидасының әлемге ортақ 60 бұтақты дәрежесімен, жан ғылымының құпия сырымен байланысты болады. Ал енді ислам келгеннен кейін ақиретпен арттағы жүрек көзімен, аруақпен тікелей байланысты қалыптастыратын ата жолында Ақ ұл арқылы көрсетілген мұғжизаны; Мұхаммед пайғамбарымыздың жауырыннан қағу арқылы жүрек көзін ашып, иман ұрығын еге білгені сахабалардың өсиеттерінде баяндалады. Бірақ бұл сырдың тек ойпат, яғни киелі орындарда атқарылып, табан арқылы ғана жалғанатынын Ғиса пайғамбарымыздың өзі шәкірттеріне қоштасар алдында аяғын жуып беріп; «Бұның сыры кейін белгілі болады» деген өсиетінің құпиясын тек қазақ аталарымыз ғана меңгеріп, Шәкәрім атамыз нақты баяндап кеткенін біле бермейміз.

«Умра» қажылық дегеніміздің өзі табан арқылы жер рухына жалғанып, иманның бірінші дәрежелі қуатын меңгеру, зейнеттелу болып, ал қажылықтың төбемен байланысты білімдіге жалғану иманның екінші дәрежесіне жалғану екенін дін ғалымдарымыз әзірге өздері де білмейді, сондықтан қажылыққа барып келіп, жалаңбас жүріп «қажыдым» деп, жындылықты дәріптеп, дінді мазаққа айналдырумен айналысады.  Ал мұндай пайғамбарымыз көрсеткен бұл мұғжизаны Ясауи бабамыздың да, түркілік көптеген әулиелердің де меңгергені хақ. Сондықтан да Арыстан баба, Ясауи баба мөрлерінде 10 жапырақты тылсымдық кітаптың белгісі көрсетілген. Және түркі жұртынан 11 Ахметтің шыққанын да баян еткен жазбалар бар екені де даусыз.

Осындай иман ұрығын егу, жүрек көзін ашу мұғжизасының қазақ елінде қайталануы екінші жағынан қияметтік мезгілдің басталғанын, иман мен сенімнің ара жігін ажырататын мезгілдің туғанын ашық дәлелдейді. Ал біздің масхабтық білімде иман келтіру деп сенім қуатының ілімдік сипатын ғана меңгеруді, яғни рухани негізді дәріптейді де, жанға байланысты құпия ілім дәні, иман болған жерде дін сынағының болмайтынын, сынақтың екі жағдайда; тек ниетке, сенімге, рухқа беріліп, ал иман-нұр Құдай сөзі, үкімі жанынан, «біздерден» болып, ал имандарың сыналады деген сөздің астарында жын-шайтандық болып; «Құдай өзін-өзі, нұрын азапқа бұйырады» дегенмен бірдей болып табылады да күдіксіз серік қосып, Аллаға ортақ қосушы дін хазірет, имамдарымыздың өзі болып шығады. Ал енді иман келтірудің ғылымы болған ниеттің; 48;11 екі дәрежесін, сенімнің; 11;81;9 үш дәрежесін, иманның; 49;9 екі дәрежесінен бұрынғы әулие бабаларымыздың ниеттілікті ата-салт дәстүрі болып, ортақ ұғыммен шариғат негізі етіп алып, ал сенім мен иман қуаттарын меңгерудегі немесе ортақ сандар жүйесімен; 11;9;48;81;49 болып бес қуаттық негізді меңгеруді бес парыз деп және оны тек намаз оқумен, ораза, зекет, қажылық, иман келтіру деп алып, ішкі сырын білмей кейіннен адасқандардың әрекеті де осындай жағдайдан пайда болып болғаны да сөзсіз. Сондықтан өздерінде бастапқы нұрдың тау-таспен, жермен, сумен байланысты ниетінің, ана тілінің қуаты, діл білімі жетіспегендіктен де жүректерінде мұндай нұр, құпия білім, ақылының толуына, сенімінің беріктігіне қарай егілетін иман дәні де болмағандықтан Құдайдың хикметін, аруақтық істерді жын-шайтаннан деп түсінеді де халықты да солай азғырады. Демек, тажалдық болып саналады. Сондықтан пенденің жүрегінде қандай нәрсе болса өзгені де солай бағалаудан мұндай пенделердің өздерінің иман айнасын көруге болады. Абай атамыздың; «Жүз тура жолдағыны шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткеннен садақа кетсін» деп адамзаттың құлшылығын, сәждесін 32 санмен көрсетіпті. Олай болса Құдайдың әділ үкімі түскен кезде құранды шала білсе де, әйтеуір арамнан тыйып, өз бауырын малын (жынын) арамнан тазартуға, құрбан шалуға, алдап та болса зияраттап табанын бекітуге, бойына таңба алуға ат салысқан қандай да бір «жаман», «маркетшіл» аққу, сұңқар, ата жолдық сарбаздар қандай да бір аруақ жоқ деп садақа беруден тыйып Алла досын арам деген «хазіреттен» де дәрежесі қиямет мезгілінде артық болады деп түсіну керек.

Ал таңбаның тек жер рухына байланысты салынатынын білген пенделер әуелі өз еліндегі Алла достарын түгелдеп барып, арап еліне сахабаларға жалғануға «умра» қажылық жасау керектігін және тылсым заңы, ақирет заңы қандай да бір жоғары дәрежелі әулие болсын, өз әке-шешең, ата-анаң, жеті ағашыңа шүкірлік амалын жасамай, тілектеріңді қабыл алып, Аллаға ұсынбайтынын да және ұсына да алмайтынын білген жөн. Және бұрынғы кездерде құпия болып, кейіннен Қажы бабаның зияратының Алматының іргесінен табылуының өзінде, енді бұл кісінің басына зиярат етпей, Мұхаммед пайғамбарымыздың да қазақтар түгіл, бергі беттегі жалпы түркі жұртын да қабылдамайтынын білген жөн. Ал Қажы бабамыз өз рухани дәрежедегі шәкірттерінің алдынан өтпей, яғни негізгі 40 әулиеге сәлем бермей, тағы да қабылдап, тілектерді Раббымыздың алдына ұсына қоюы да екі талай.

Енді еліміздегі масхаб біліміндегі сенім білімі де дүниемен өлшеніп, мұндай өз еліне, Алланың ардақты қылған құлдарына мал, ақша жұмсауды «маркетинг», Құдайдың атын жамылып халықты алдау, әулиелерден яғни жер бетіндегі Мұхаммед пайғамбарымыздың 47 санды құраны болған шапағатшыларынан, ақиреттік көмекшілерінен  иманға қуат, денсаулыққа, тағдырға ешқандай пайда келмейді деп, ақирет қайғысынан көрі дүние қуанышын жоғары қоятынынан осындай дін имамдарымыздың, өздерінің шариғат арқылы халықты тазалыққа шақырған ізгі амалдарынан пайда болған алғашқы иман қуаты да, ақиреттен ұлтының әулие-әмбилері, бақташы, шопандарына жалғанып еккен иман дәндері суғарылмай, өркен жая алмай имандары әлсіреп жоғалуы да хақ. Сондықтан еліміздегі осындай пенделіктің пайда болу мен өзара көре алмастықтың туындауы да, арман-ниеті бұзылып құран аяттарын теріске алуы да сөзсіз. Бұл сырды да Абай атамыз иманның жан періштелігімен және ой тазалығымен парамен (2 теңге, ақша) байланысты болған 33 санмен; «Кім ақиретте де, дүниеде де қор болмаймын десе, білмек керек еш адамның көңілінде екі құмарлық бірдей болмайды, екі ынтық құмарлық бірдей болмайды, екі қорқыныш, екі қайғы-олар да бірдей болмайды. Мұндай екі нәрсені бірдей болады деп айтуға болмайды. Мұндай екі нәрсені бірдей болады деп айтуға мүмкін емес. Олай болғанда қай адамның көңілінде дүние қайғысы, дүние қуанышы ақирет қайғысынан, ақирет қуанышынан артық болса-мұсылман емес!…»

 Енді біздің масхабымыздың хазіретінен бастап, ел басшыларымен бірге халықтың артық садақа бергенінен, бірін-бірі жомарттыққа тәрбиелеп, ортақ қазаннан ас ішіп, сапарлас мұңдас болып, хажылық ниеттерін халықтық, аруақтық мүддеге сәйкестендіруден, бір-біріне артық хайыр істеп, жақсылық жасап, жомарттық мінезді қалыптастырудан  кедейленіп қалады деген тыйыммен және дін ұстанымында дүние өлшемі болса, онда иманды түгіл мұсылман да емес, сенімі де жоқ деп, бұл пәтуаны мен емес, дана атамыз ескертеді. Ал кім мұндай дүниеқоңыздық ойға түсіп, пәтуаға еріп, амал қылып мұсылмандықтан шықса кәпір болып және мұндай пенделер іс бастарында, ақыл беретін қызметтерді атқаратын білімділер қатарынан болса, онда олар нақты тажалдық кейіпке енеді.

Осындай сенім мен иманның арасын ажыратып, ұлттық ниеттің негізін, жан сырын біліп түсініп қоймас үшін де ондай пенделердің шайтаннан болған бұзық серіктес кісілері болып, сондықтан да ана тіліне, шежіресіне, ата аманатына деген жауапкершілік те, махаббат та болмайды. Осындай жағдайдан барып; «Аллаға серік қосу» деген ұғымның тілмен, сөз астарын меңгерумен байланысты болып, мұндай дінсіздіктен серігің, иман жолдасың шайтан болып, күзетші иманды көрсетуші «Көздердің теріс айналып» жамандықтарды жақсы қылып көрсетуімен, қандай білімді, ғалым ел басқарушыларының да адасуға түсетінін білдіреді. Сондықтан да бұндай жағдайдағы жоғарғы дәрежелі ақыл беруші басшыларымыздың иман мен сенім ортасын тауып өлшейтін ақирет кітабы да болмай, аталарымыздың «Іліммен білім ортасын таппасаң бүлін» деген нахылға сәйкес мемлекетімізде ел басқару жүйесінде де, жеке пенделерде де сенімнің екі сипаты пайда болып, яғни біріміз дінші атанып, тек ілім жолын таңдаумен және барлық дін құндылығы сөз ғылымы да  құдайлық болып, Алладан басталып, құран арқылы атаулар құпиясын көрсеткен емес, керісінше арап ұлтынан басталады деген ұғыммен тек сөздің сыртқы бейнесін алумен қызылбастық діни «фанатизм» жолын таңдап алдық. 

Енді білімді сауатты қауым өкілдері де сенімнің тек біліммен айқын болған себептеріне ғана сүйенумен, ал жаратқанның адам ақылы жетпейтін хикметті білімін, ілім арқылы зерттеп, білімімізбен салыстырып өлшемін түсінуден, сөз ғылымын меңгеруден бас тартудан руханиятымыз екіге айырылып, сондықтан  екі жүзді пышақ сияқты болып ұлт ішінде өз ара қырқысу, партия құру, дінде де бөлшектенуді туғызатын тажалдың қақпанына шаруа, қараша бұқара халықты да байлап бердік. Ал, осындай жағдайда қалыптасқан билік басындағы зиялы қауым өкілдерінің және соңына ерген өз ұлтына сай ниеттілігі қалыптаспаған пенделердің де діл қуаты жетімсіз болып, ана сүтін ембей өскендей рухани жетімсіздік те пайда болып, дін емшегін, яғни шал емшегін ембегендіктен яғни сенімді ілім, біліммен  үнемі рухын жетілдіріп отырып  жанын аянмен тазарту арқылы жер, көк есіктерін тауып қана табанмен, баспен тіл, тілек жіптеріне, иман ағашына жалғанып иман қуатымен, жапырағымен бекітіп отыратынын, 3 сатылы негізгі өлімдік тәубасын да білмейтін мейлі хазірет, дін ғалым, философв, психолог, ел басшылары болсын тажалдың қақпанына түсіп, зұлымдыққа тап болуы да хақ. Сондықтан мұндай жағдайда қияметік үкімдерден, Құдайдың сотынан, осындай Аллаға қарсылық, аяттарына ортақ қосу істерінен басшылық жасап, шайтан жамағаттарына айналған қандай да бір ақылды ел шаруашылығын, дүние істерін жетік меңгерген ел басшыларының да құтылып кетуі де екі талай. Себебі, мұндай рухани екіжүзділік бар жерде Құдайдың сынағы да бар, ал иман байлығы бар жерде, жанның жетіліп, қасиетті ұрпақтардың өмірге келумен, көк қазынасы жүректердің де ашылып, адамзаттың тылсым арасындағы ақпарат есіктері болған көздердің де таза қуаттылығы болумен ғана ондай елдерде берекет пен тыныштық болатынын естен шығармаңыз.

Ақ ұлымыздың меңгерген жүрек ашу мұғжизасамен мыңдаған аруақтардың бастары көтеріліп, көктен жерге несібе жауып, еліміздің шаруашылығының да қарыштап өсуіне септігі тиіп, ел басшыларының да имандарына қуат болып, осындай дәрежеге жеткенімен, енді ол қуатымыз сарқылғанын және көк несібесінің жалпыға бірдей жабылғанын, биылғы жылғы қуаңшылық, от апаттары ескертіп, енді дүние байлығына мәз болып, ата жолына қарсылықпен, тіптен кейбіреулерінің атасын да тастағандарға азаптың түсуіне шамалы-ақ уақыт қалды. Ал мұндай жағдайда еліміздің аспан несібесінен ажырап, жалпы рухани берекеті кетіп жатқаны масхабтың тура жол дегенінің Раббымыз өтірік екенін дәлелдеп, мұндай жалған жолдың ел, дін басшыларының иманы жоқтығына кепілдіктің болып, түрлі жағдайдағы сынақтардың, құрғақшылықтың пайда болуы да орындалмаған аяттардың, тыңдалмаған уахилардың қуат болып қайта бейнеленіп, хикметті көрінуі деп түсінгеніңіз абзал.  Сондықтан мұндай иманы, яғни құпия алған жан білімі жоқ, сондықтан сенімі екіжүзділер өздерін де, ұрпақтарын да өз қолдарымен  жаратқанның баураушы азабына ұсынып жатқандарын мүлде мойындар да емес.

Осы басылым жазылмастан бұрын жоғарыда көрсеткен аурулардың, қияметтік азаптардың пенделердің тірілей тозақтық жағдайға түсуінің себептерін және қазақ еліне ғана емес, әлем жұртына түскен ғасырлық дәрежедегі дін сынағы мен індет, аурулардың әлем ғалымдарының басын қатырып, амал жоқ дін мен ғылымның тұтастығын мойындап және шешімін таппаған індеттердің шипасын алдын ала аруақтар арқылы жаратушымыздың түсіргенін және нақты шипалық шаралармен дәлелдеу арқылы әлем ғалымдарының да назарына қазақ халқының мұндай  рухани байлығының хикметінің көрініс беруімен, көптеген өзге ұлттық ғалымдарының зерттеп, дәлелдеп ғылымда ірі жаңалықтар ашуына себеп болатынын қазақтың ең беделді деген ғалым дәрігеріне насихаттап, көрсетіп көрдім.  Сонда ғалым шалым; «Бізге осындай Құдай ісін зерттеуге ұлықсат беретін үкіметіміз заң шығарса дәлелдеп, баяғыда-ақ  діннің хақтығын ашып беретін едік»-деді. Бұдан нені ұғынуға болады?

Қазақтың зиялы аталған қауымында тағдырдан берілген иман қуатының арқасында осындай дәрежеге дейін жеткізген иман қуатының сарқылып, сондықтан жалпы қазақтық, ұлттық, діндік сенімі болғанмен, оны жетелейтін Аллаға ғашық қылып, ұжданын, періштелігін жетілдіріп өсіретін және ақиреттен қорқып іс қылуға жүрегін мазалап, Құдайдан ғана қорқуға мәжбүр ететін иман қуатының жетілмей, жүрек, құлақ көздері жабылып, құлақтарының созылып кетіп зұлымдықтың, тажалдың қақпанына өзін байлап бергендерін көрсетеді. Яғни, қарапайым ғана шариғаттық намаздарды да орындамағандықтан, ғұмырлық, дәстүрлік иман шарттарын, ұлттық ниеттілік намаздарын тастап қойғандықтан, ата-баба шежіре ағашы мен көк несібесінен ажырағанын да білдіреді. Енді иман қутын «ар» деп түсініп, ал ардың қарекеттік бейнеленуі намыс болып, бұндай ұлттық намысы жоқ қандай да ғұлама, ел басшы, дін басшысының иманының жоқ екендігі қазақтың аталарымыз меңгерген философиясы ашып көрсетіп тұр. 

Осындай өздерін зиялы атаған қауымдардың; жалтақтық, намыссыздық, имансыздық екіжүзді пәтуаларынан енді менің ойыма Міржақып Дулатов атамыздың өлең шумағы ойыма түсті. Шындығында осындай Құдайдың жіберетін азабынан кейін және ақиқаттың ақталып, аруақ заңдылығын аталарымыз меңгерген тура жолды әлем қызығып, үлгі өнеге алып, үйренуге топтап қазақ еліне зияраттайтын заман келетіні хақ.  Оған негізгі себеп уахи, батаның, аянның көк есіктерінің ашылуымен бірге жер-дініміздің де түлеп, ерекше қуаттардың, су буының бөлінуімен бірге қазақ елінің киелі орындарына қарапайым ғана зиярат еткен пенделердің ерекше қуат алуымен әлемге жария болып, әлем жұртының елімізге ағылып келіп, әулие бастарында күні-түні кезекте тұратын мезгіл де таяп қалды. Сол уақыттарда иманы жоқ, тек сенімге ғана жүгінген екіжүзділердің; «мен осыны бұрыннан да білетін, орындайтын едім  және мен бастан туғаннан «аруақ» деп сенуші едім»,- дегендей кешегі желтоқсан уақиғасынан кейінгі түрлі ұлтшыл, жанашырлардың, ел басшыларының кенеттен пайда болғанындай, қазіргі үндемей тым-тырыс жатқан, басын күйттегендер немесе миллиондаған халықты ашықтай азғырғандар да, түрлі кітаптар жазғандар да аяқ астынан діншіл, ұлтшыл, намысшыл, аруақшыл халықтың жан ашыры болып шығары даусыз.

Олар өздерін халық алдында масқара болудан қорғап, дәрежесін, тақтарын сақтау мақсатында және ұлттық сенімін таза ұстап, себілген иман дәнін жоғалтпай, аз болса да өз пікірін ашық айтып жүргендердің халық алдында беделі, абыройы, дәрежесі көтерілуінен қорқып, тағы да баспасөз, ақпарат бетіндегі мүмкіншіліктерін, жинаған дүниесін де аруақ жолына, Құдай ісінен аямай шашулары да ғажап емес. Сондықтан ондайларды Раббымыз пайғамбарымызға; «Мұнафықтарды сен білмейсің, олар араларыңда жүр, тек Алла біледі» деген ескертумен және ондай адамдардың болашақ замандарда білімділер қатарынан пайда болуымен тажалға айналып, Алладан ашық аяттардың, яғни хикметті мұғжизалардың келуін «жын, шайтаннан» деп аяттарды мазаққа алатынын аятта: «Қылжақтай тұрыңдар. Расында Алла сескенгендеріңді жарыққа шығарады» де(64) ..Желеуретіңдер! Сендер иман келтіргеннен кейін қарсы шықтыңдар. Сендерден бір топты кешірім етсек те, бір бөлімдерің күнәкар болғандықтарың салдарынан азапқа ұшыратамыз. (66) Мұнафық ерлер мен әйелдер бір-бірінен, Олар жамандыққа бұйырып, игіліктен тосады. (Аруақ батасынан, тазару, емшілік істерден) Сондай-ақ олар қолдарын жұмады. (Құрбан шалудан, Алла жолында зияраттап, ақша, дүние жұмсаудан бас тартумен бірге өзгелерді де азғырып, тосады.) Олар Алланы ұмытты. Сондықтан Алла, оларды ұмытты. Расында мұнафықтар, олар бұзықтар.» (9-67) Міржақып Дулатов атамыз осындай мұнафықтардың қандай болатынынан құран аяттарын ашып көрсетіп кетіпті де; «Қайда едің?» деген сауал қойыпты. «Кешегі қара күндерде, Жұлдызсыз, айсыз түндерде, Жол таба алмай сенделіп, Адасып Алаш жүрегенде, Бұл күнгі көп көсемдер, Сұраймын сонда қайда едің? Ақыл таппай дағдарып, Жанашыр таппай сандалып, Барарын қайда біле алмай, Жүрген күнде сан ғаріп,  Есепсіз көп шешендер, Жөніңді айтшы қайда едің? Сарыарқа  сайран жерлерім, Көкорай  шалғын  көлдерім, Асқар тау-биік белдерім, Бәрін жауға алдыртып, Атадан бала айырылып, Қанаты сынып қайырылып, Қасірет толып жүрекке, Тұрған бір кезде қайғырып, Қысылып қазақ тұрғанда, Данышпандар қайда едің? Толып жатқан қамқорлар, Елде жоқ едің қайда едің? Құландай үркіп елдерің, Қалдырып мекен жерлерін, Кедейдің сорын қайнатып, Майданға жасын айдатып, Жаяу-жалпы, жалаңаш Қатын-бала, ерлерің  Аштықтан қырғын тапқанда, Сыпыра жомарт қайда едің? Тіл жоқ, көз жоқ, басшы жоқ, Өлімге басын байлатып Жібереді жаным-ау, Жанашыр жақын қайда едің? Енді бүгін кім жаман? Данышпан емес, кім жауыз? Жомарт емес, кім сараң? Көсем емес, кім жалтақ?  Шешен емес жоқ адам.  Бәрі білгіш, бәрі ер,  Жеткіздің, Алла тағалам.».

 Елімізге сыртқы тажалдардың айдап салуымен, бірі европалық салттарды, екінші біреулері қызылбастық салттарды күштеп ендіріп, заңмен қорғап, ата салт-дәстүріміздің негізін ғұрпымызды, ар-ұяттылық, мәдениетімізді жоғалтуға апарып соқтырған жалаңаш, жалаң аяқ, аян көліктерінен айырылған жастарымыздың өз-өзіне қол салып, болмаса көше бойында жыныстық әуейілікке түсіп, бүкіл баспасөз беттерінде, теле арналарда тек жыныстық әуейілікті ашық дәріптейтін, жындылық айқай-шуды өнер-жұлдызы қылған қазақтың ділін аздырып, жанын өлтіріп, өмірге тек сапасыз, мәңгүрт ұрпақтардың санын көбейткенге мәз болған, қазіргі жағдайымыз Міржақып атамыз суреттеген көріністен де арты зор қайғы-қасіретке апарып соқтырған рухани қырғынға, ауру, азаптарға соқтырған қазіргі рухани денсаулығымыз тажалдық пенделердің  үлкен жеңісі деп біліңіз. Енді бұл жеңістің өзіндік теріс дінмен, яғни мөрімен бекіп отыруы да заңдылық. Ондай «мөрдің» көрінісі бағзы замандарда азғындыққа ұшырап жоғалған елдердің салты болған, қазіргі христиандық діндегілердің намазына айналған өліктерге де мүсін жасап, басына гүл қойып, шоқынудың сипаты ел басшыларымыз түгіл жалпы халықтық салтқа айналып та үлгірді. Және осындай жағдайда екі рет ел басшымыздың өзі гүл қойып, халық алдына үлгі көрсетумен екі рет артынша елімізге сынақ түсті. Бірі ашаршылық құрбандарына жалаңбас, жалаң аяқ әйел мен баланың мүсінін жасап, артынан аруақтардың қарап тұрғанын көрсетіп және басына гүл шоқтарын қойып намаз орындаудан кейін Алматы қаласында жер сілкінді. Егер Астана қаласында сілкінгенде, батпақ үстіне салынған қала бірден қисайып жоқ болып, әлемге қаралай масқара болатын едік. Тастың үстіне салынған қаланың сілкінгені де Раббымыздың қолдауы, жәрдемі болар.

Екінші рет Құрманғазы атамызды жалаңбас, тозақтық бейнемен мазақтап және басына ел басшымыздың өзі гүл қойып шоқынғанда Астана қаласына түрлі жағдайда сынақтар түсіп, көптеген адам өлімімен құрбандық алып, мұндай әрекеттердің қайталанбауын ашық ескертті. Сондықтан мұндай жағдай айтпаса да түсінікті болып, дін, сөз басшыларымыз дабыл қағу керек еді, бірақ ондай имансыз рухани өлілерден ешқандай белгі де болмады. Сондықтан да Раббымыздан мұндай әрекетімізге тылсымнан қандай жауап болатын  себебін сұрадым: « 55. «Өлілерге гүл шоқтарын қойып сыйынудан пенденің тағдырына келетін сынақтар?»  Жауап; «Нәсілдік сынақ пен ұрықтың азып, өмірге келетін ұрпақтың рухани кемістігін туындатады. Және жақсылық істеріне кедергі түсіп, кері тартумен ісі өнбейді.» Яғни, ата-бабаларымыздың Раббымызға берген негізгі жүктелген аманаты нәсілдік «Әлмисақ» уәдемізді бұзып, ант атқан болып Құдайдың лағнеті және пайғамбарымыздың үмметіне көрсеткен, білдірген шапағатын қоқысқа лақтырушы болып саналамыз.

Мұндай жағдайдағы ел басшыларының әрекетінен бүкіл мемлекет ісінің кері кетіп, көптеген шығындармен садақа, жан құрбандықтанымен ғана теңеп отыратын да сынағы бар екенін де білгеніңіз жөн. Осындай әрекеттердің алдын алатын уәзірлердің де есі кеміс болып, бұндай жағдайда ел басымызға бойына шерік қосылып, аяны тоқтап, ислам елдері және жастарымыздың алдында мазаққа айналудан кім ұтты? Мүмкін ел басшымызды мұндай істерге баруға, арандатуға әдейі ұйымдастылып отырған тажалдардың әрекеті болар? Сенбесеңіз әрбір осындай ел басшыларының дінсіздік, исламға жат әректтерінен кейін міндетті түрде елімізде болатын апатты, азапты жағдайларды бақылап көріңіз. Сонда жаратушымыздың жаңылыспайтын әділ үкіміне куә болатыныңыз да хақ. Сондықтан осындай құранның тасталатын қияметтік мезгілінде пайғамбарымыздың; «Қиямет мезгілінде адамдар мұсылман болып оянып, кешке үйге кәпір болып оралады» деген әулиелік пәтуасын қазақ елі артығымен орындап, тажалдың қызметшісіне айналғанымыз да хақ.

Осындай жоғарыда көрсеткен сандармен белгіленген, біздің қазіргі салтымыздан пайда болған қайғы-қасіреттен отан соғысынан да, кешегі аштықпен қырылған замандардан да мыңдаған жылға жалғасып дәрежеленетін рухани тұрғыда жүздеген есе зардап шегетінімізді; «Атадан бала айырылып, Қанатынан қайырылып, Қасірет толып жүрекке, Тұрғандары қайғырып..» көргіңіз келсе, жиі ел аралап, күнде теле арналарды бақылап отырсаңыз да жеткілікті дәлелдер мен және алдағы уақыттарда еселеп артатынан және ел басқарған өздерін кітап берілген, абыз, данышпан атайтын дін имамдарының өзін де; Раббымыздың артындағы Аруағынан айырып, алдындағы  көздерін теріс айналдырып қоюымен» «Тіл жоқ, көз жоқ, басшы жоқ, Өлімге басын байлатып  Жібереді жаным-ау, Жанашыр жақын қайда едің?» деген сұраулардың да пайда болатыны да хақ.

Осындай рухани азғындыққа түсіп, дүние байлығының соңына кетумен, халқын қынаша қыратын ауру, індет, апаттарға заң жүзінде қолдарымен байлап беретін ел басшыларымен бірге түрлі іс басында рухани қызметте тұрған баспасөз, жазушы қауымдар арасына осындай жазбаларымды тарату барысында, текті иманды асылдың сынықтарының да кездесіп, бірақ талапсыздықтарын, ниетсіздіктерін, дүниеге байланған шарасыздықтарын үнсіз мойындайтынын да көріп жүрмін. Ал негізінен тажалға қызметке тұрған көпшілік дауысты жазушы, дін имамдары болған пенделердің ашық қарсылықтарына да жиі кездесемін. Бір қарапайым мысалға тоқтала кетсек; Мұндай басылымдарды жалпы халыққа таратуға демеуші түгіл, оқушыны да қалталы азаматтардың арасынан таба алмағандықтан және мұндай аруақтан келген ақпараттарды түсініп талқылайтын дін ғалымдарының өзіне қарсы пікірді қолдамақ түгіл, қудалайтынын да білемін, жиі кездестіремін де. Сондықтан негізгі мұндай астарлы ұғымдарды түсінетін, араларынан әйтеуір біреуі шығар деген үмітпен мешіттерден бұрын баспасөз қызметкерлеріне өзім апарып тықпалап; оқып мүмкін жүрегіне иман кіріп, ұлтына деген жанашырлығы оянып, ең болмағанда дәстүрімізге қиғаш, қарсылық сөздермен халықты азғырмаса екен деген ниетпен талай есіктерді қағып, кейбіріне кіре алмай, кейбірінен ауыр сөз де естіп жүргенім, осы тажалдың тойының қазақ еліндегі көрінісі болар деп түсінемін.

Қош, бірде осындай кезекті сапарға шығып «Қазығұрт» атты баспа бөліміне басымды сұғып, М… атты бір жазғыш, білгішпен сұхбаттаса кетейін. Менің ата дініміз, салтымыз туралы пәтуаларыма бірден қарсылық білдіріп; « Мен өзім құранды сенен артық білемін…Барлық сөз араптан келген… Қалам деген арап сөзі…масхаб тура жол..т.б.» уәждерінен кейін; шежіреден, ата-баба дін ұстанымен, Інжілдің, Тәураттың да егесі біз екенімізді және Дәуіт пайғамбарымыздың Қазақ бабамыздың ұрпағы болып Құлтегін деген жанама аты болғанын, негізгі сөздің мәйегін қалыптастырған Жүніс пайғамбардың Тоны Көк Білекті қаһан аталғанын, пайғамбарлар әулеті болған арыстардың бәрі сақтар мен ғұндардардан шығып және бұл ақпараттардың бәрі Отырар кітапханасында Шыңғысхан бабамыздың тықтырып қойғанын айтып, ұлттық намысын оятып түсіндірмек болдым. Сонда маған ол;  «Намаз оқитын ба едің?» деп өзінің «намазхан» екенін білдірмек болды. Мен: «Тура жолдың намаз оқуы да 8-ден тұрады, ол жағына барыспай-ақ қояйық» дедім. Ол: «Кім саған бұндайды айтты?» деді. Мен; «Раббым көрсетті» деп жауап бердім. Ол: «Ал, осындағы жазылғандарды кімнен, қайдан алдың?» деді. Мен «Құдайдан» деп жауап бердім. «Құдайдың өзінен бе?» деп сұрады. Мен: «Әрине енді кімнен болушы еді?» деп, «Рабб деген ұғымды білесіз бе?» деп қарсы сұрақ қойдым. Сол-ақ екен; «..өткендегілер шапыраштылар да осындай…тағы біреу өзін пайғамбармын деп, сен де өзіңді пайғамбарға ұқсатып (намаз оқу туралы болар)… Дәуіт деген кім?, қайдағы бір еврей…» деген аузына келгенін құсып, аруаққа тіл тигізіп, бөлмесінен өзі есікті ашып, желкелеп қуып шықты. Тек мен оған; «Осындай ұлтыңа, аруағыңа қарсылықтан ертең сол жағыңа қисайып немесе жер баса алмай қалсаң, тәубеге келіп, аруағыңнан кешірім сұрап, ата жолына келуді есіңнен шығарма» деп, бұрында мұндайлардың талайына кездесіп және мұндай имансыз пенделерге ашуланып, көпке дейін өзіме-өзім келе алмай жүретінмін.

Құдайдың нығметімен, аруақтарының қолдауымен осындай дәрежеге жетіп, халыққа ақыл айтушы болғанмен, бірақ масхабтық жалған тәпсірлерге ұйығандықтан, Құранға емес арап жұртына деген махаббаты ашылып «тәкледи», тәпсірлік сенімі бекігені сондай, менің Құран сөзін, ұлттық рухымызды, аруақтық намыстылығымызды жақтаған сөздерім жүрегіне кіріп алған кәпір жынын түртіп оятып, жер рухынан, көк отанынан, қазынасынан ажырап, жансыз тек сенімі білдіргенімен түйсікпен ғана ойланатын, жаны қараңғыланып, перделеніп қаралай тозаққа өзін байлап беріп жатқан осындай аруақсыз, ессіз, аманатсыз тажалдардың қақпанына түскен іс басындағы топтықтарды құдай аясын дегеннен басқа шара жоқ.

Аруақтық ұлтын- дінін, дін-жерін, дін-жанын, дін-рухын, дін-суын, дін-отанын, дін-ниетін, дін-иманын, дін-арын және дін қандасы болған ортақ намыс дегенді рулық жалған намысқа айырбастаған, баспасөз еркіндігін, қол ұзындығын пайдаланып, халықтың ессіз топтарына, қазақ ұлтына ортақ бірліктегі аруақтарды ел басқарған пенделер мен дүниелік істермен, рулық белгілерімен салыстырып  іріткі салатындарға; «Қайсысың шапырашты аруағынан зиян шектіңдер?» деп сұрақ қойып; «Ар қайда, ұят қайда, Құдайдан қорықсаңдаршы!» деп айқайлағым да  келеді. Бірақ  мұндай сенімі бар қолында сезімі (аруағы) жетілмеген имансыздардың адамзат бірлігі Құдайдың құдіретті қолы аруақтан қорықпағандардың қияметтік жазасын тезірек бергені де жөн болар еді. Мүмкін жастарымызға сабақ болып, осындай мысалмен де мыңдаған адамдардың құтқарылуына себеп болғаны да, өзіне емес артынан ерген ұрпақтарына жеңілдік және сауап болар еді де, болашақ ұрпақтары қасіретке қалмас еді дегеннен басқа айтарымыз жоқ. Сондықтан атамыз;  «Енді бүгін кім жаман? Данышпан емес, кім жауыз? Жомарт емес, кім сараң? Көсем емес, кім жалтақ?  Шешен емес жоқ адам.  Бәрі білгіш, бәрі ер,  Жеткіздің, Алла тағалам.» деген сауалмен тажалдардың нақты бейнесін сипаттап кетіпті.

    Осындай білгіш зиялы қауым өкілдеріне; «Есіктің алдында қурай өсіп тұрған, күз келіп Құдайдың өзі келіп сындырып кетіпті» деп пенделікпен ызаларына да тигім келеді. «С» деген таңба су тегінің кеңістікте теріс таңбалы екі атомдық белгісін беріп оны «ион» немесе «Он» деп атап әрбір құрандағы «өзіне» «С»-ны қоссаңыз Құдайдың сөзі болып бейнеленгенде аруаққа айналып кететін біліңіз де, мұндай жүрегінде жыны, басында жынды сары суы тазармаған пенделерге әзір айтпай-ақ қойыңыз оқушым; «Пәледен машайық қашып құтылыпты» деген жындыларға және осындай жағдайларға байланысты айтылған болар. Ондайлар үшін бәрібір машайықтары арқылы Алла тілдеспейді, яғни аруақ жоқ. Бала кезімізде анау-мынау ұсақ түйек сұрап келген көршілерге ондай нәрсесін тауып бере алмағанда аналарымыз; «Жоқ деп айтпа, жоғалып кетеді, бүгін болмай тұр деп айт» деп бұйыратын еді жарықтықтар. Олар біздер сияқты көп оқып, құранды арапшадан оқып қиналмай-ақ білген екен де! Сондықтан құрандағы санмен көрсетіп, астарлы сөзбен меңзеп қойған құдірет қолын жоқ дегендерге, Құдайдың өзі қайдан іздеп келе қойсын. Құдай ниеттерін сынап, сенімдерінің қандай екенін тезірек көрсетіп, азаптарын да жеңілінен берсін деп тілеңіз тажалдың қақпанындағы ағайындарымызға.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *