IV-МАХАББАТ ЖӘНЕ ҒАШЫҚТЫҚ, СҮЙІСПЕНШІЛІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРІ

Бөлім: Махаббаттың ұғымдары 228

(Жалғасы басы 1-4 бөлімдерде)

    Сонымен махаббат ұғымы адамзаттың жан-ділмен, иманымен, адамдық болмысымен байланысты баста «Бір» атты киеден яғни менен өз үлесін алып өмірге махаббатпен Адам болып келеміз де осы жанның  өмірге айналасын тануға деген құштарлығының арқасында жұрт қатарлы жетіліп қатарға қосыламыз. Адамзаттың хайуаннан айырмашылығы да осы махаббат атты құдіретті күштің сыйға берілуінде болмақ. Абай атамыз; «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады; біреуі-ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар-тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі білсем екен демелік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр етекен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі-жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.

  Дүниенің көрінген Һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны..» (7-ші қара сөз)

  Сонымен махаббат деген жанның қасиеті, жанға берілген адамдық құндылықтар негізі. Енді бұл құндылықтың бізде жандағы белгісі өте әлсіз, ол жас кезімізде ол өте ықпалды болғанмен ер жете келе бұл махаббатымыз көмескіленіп кейбіреулерде мүлде жоғалып өлумен, пенделіктен адамдық болмысымыз хайуандыққа айналуымыз да бек мүмкін. Сондықтан біздің бұл тұрғыда махаббатымызды үнемі жетілдіріп толықтырып көбейтіп отыру үшін дінді түсіріп, ата-бабамыздың орындаған намаздары пайда зиянын және аттауға болмайтын шектерін анықтаған даналықтары арқылы қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүр атты махаббат құндылықтарын қалыптастыратын ұлттық жол-жобамыз да болуы хақ.

     Енді махаббатың бізден жасырын көместе біздің адамдық болмысымызды жетілдіріп бізге түрлі жағдайда қасиет болып қонатын 9 түрлі ар қуатын меңгеру амалы да бар. Бұл амалдарды біз өздігімізден ақылмен ойлап, болжап таба алмаймыз. Бірақ әрбір пенденің шамасына қарай, қабілетіне қарай және өмірде міндетті түрде орындауға тиісті әеркеттеріне қуат-күш, демеу беретін ғашықтық атты қасиет бар. Сонымен ғашықтықтың да 99 түрлі сапасы болып, біз өзімізге пайдалы керек деген нәпсіміздің де құштарлығын, қажетін өтейтін әрбір жаратылыс нәрсесіне ғашық боламыз, оны іздейміз, тапқанша, қажетімізді алғанша дамыл таппай күйіп-жанып өртенеміз. Ғашықтықтың ынтықтық, асықтық, құмарлық, құштарлық деген сияқты көмекшілері болса, онда жақсы көркем амал түрінде махаббаттың тұрақты белгісі түрінде сүйіспеншілік деген жұбы да бар. Ғашықтықпен бірге сүйспеншілік болса онда; мейірім, игілік, ізгіліктің, хайырлылық, жомарттықтың да пайда болуымен, іс-әрекетімен де махаббаттың қалыптасу, дамуы да байланысты болмақ. Ал ғашықтықпен құштарлық, құмарлық, асықтық сияқты рухани қуаттар болса онда нәпсінің қажетін өтеуге қандайда бір шекті аттап өтуге пендені мәжбүр қылуы да сөзсіз.

    Енді сүйіспеншілік болу үшін тәндік, рухани және жандық та тазалықтың болуы мен оның негізі тәрбие, дін ұстаным, шариғат, дәстүр екені де сөзсіз.  Қазіргі таңдағы жастардың, жалпы ұлтымыздың европаланған жағдайында болып жатқан «махаббат» деп атап алып негізінде түрлі жағдайдағы ғашықтықтардың кейбір сипаттарына тоқталып көрейік; Шәкәрім атамыз да бұл қуаттың әрекетін «Махаббат пен құмарлық» деген өлеңмен насихаттап кетіпті;

Ашылған көз тұра ма бір зат көрмей,

Миға хабар бермей ме түсі өзгермей.

Әдейілеп көрейін демесең де,

Қарсы алдыңа қоя ма түк кез келмей?

                  Сол сықылды көңілдің көзі ашылса,

Көп ойланып, қиынға сермей-сермей.

Білер, айтар, оятар, жыбыршытар,

Еркіңді алар, сөйлетер тыным бермей.

Ойдан маржан, меруерт төгілгенде,

Отыра алар кім шыдап оны термей.

Дағды қылсаң, дап-дайын істің бәрі,

Адамзат тұра алмайды әдетке ермей.

Бал ашқан соң оп-оңай бақсы болмақ,

Ол қоя ма ғайыптан хабар бермей.

Тоқты сойып дәндеген тоқтай алмас,

Жылқы ұрлағыш батыр боп о да елермей.

Бір рюмкадан басталар маскүнемдік,

Наша үстіне нашаға өрлей-өрлей.

Ойласаң соның бәрі бір құмарлық

Қуа бермей қайтеді терши-терлей.

Аздан кейін араны ашылады,

Қаза берсе таусылмас шыққан кендей.

Жердің жүзін қыларсың бір-ақ уыс,

Бәрінен де өзіңнің кеудең кеңдей.

Жын да жын, құмар да жын, мастық та жын,

Өлең де жын, қоя ма бойды жеңбей?…

    Сонымен ғашықтықтың яғни қазіргі кезде оны махаббат деп атап алған сүюдің яғни белгілі бір істерді, нәрселерді  ұнатудың нәпсілік бейнесі жынмен, жындылықпен байланысты екен. Ғашықтықтың мастықты да туындатып қазіргі кезде бір-бірін жақсы көру үшін дүние, байлық, сырты сұлулық, әсемдіктің, атақ, дәреженің, тұрмыстық жағдайдың да себепші болуы осы жынға, жындылыққа тәуелді екені сөзсіз. Сонымен жындылық ой бастан басталып, көкірек пен ұжданның тазалығына тәуелді түрде жүрекке хабар беріп, біздің жүрегіміздің қалағанын «махаббат» атауымыз да көптеген жағдайда мастық қана. Осы тұрғыда мұндай ғашықтық, асықтықтарды «махаббат» атап өлең жазып, ән шығарып жүрген ақын, композитор, өнер «жұлдыздары» да жындылар болып саналады.

   Жүрек, қан және басқа баратын сары су мен бастың да күтімі дұрыс болмаса, біздің шынайы махаббат сезімін табуымыз үшін дұрыс ойлай білуіміз мүлде мүмкін емес. Сондықтан қазақта; «Баланы жастан, қатынды бастан» бастап тәрбиелеу керек деген аталы сөздің растығы бүгінгі заманда артығымен дәлелденіп те жатқаны сөзсіз. Яғни дұрыс тәрбие көрмеген шет елдің салтын алған әрбір жас та кәрі де әдетке елітіп қалай ойлана алса, солай кеудеге хабар мидан келетіні де хақ. Енді біздің ғашық болған әйел, немесе  керісінше әйел затының еркекке ғашық болулы  да қан тазалығы, бой тазалығы ар сауыты жарығы болмаса, онда жынмен араласып нәпсілік құмарын өтеуге бағытталуы да сөзсіз. Әйел заттарының ойлау жүйесі көзбен көруге тікелей байланысты және қанымен сезім арқылы қысқа толқынды ақылмен ойлану ерекшелігі болып, ғашық еркегінің де өзі сияқты жыны болғанын қалап; «Қотыр атқа соқыр ат сай болар» дегендей бір-бірін көрмесе жақындаспаса тұра алмайтын жағдаймен төсектес болып, ортақ шаңырақ тұрғызғанмен, ол жындылық деңгейінде естіліктің, тектің әрекеті болмай дүниеге, ортақ қызыққа, бір кәсіпке, әдетке байланбаса онда бір-бірінен тез жеріп шаңырақтың ортаға түсуі де болады.

     Көп жағдайда ер мен әйел арасындағы ғашықтық ортақ іске, әрекетке және бір тақырыпқа ғана байланып тұру да мүмкін. Оны олар өздерінше «махаббат» деп ойлайды. Жоқ ол ортақ «махаббат» қуаты емес, тек ләзаттық жалған сезімдік әрекеттердің, қылықтық байланудың, жынның ісі екені де даусыз. Мысалы көп жағдайда жалаңаш жүруден, адамгершілік парыз қарыздарды елемеуден, ұлттық тәрбиенің болмауынан мейлі еркек, әйел болсын рухани жыныстық қуаттары малдық, хайуандық, жәндіктік дәрежеге дейін төмендейді. Мұндай жұптар мысалы малдық жағдайда анда-санда ғана күйлегенде қажет етін малдар сияқты ортақ қор асқа, ішіп-жемге тәуелді өмір сүреді. Ал хайуандық жағдайда қандай хайуандық сипатқа рухани түрленуіне байланысты мұндай жұптар сондай ләзаттық, шауқаттық байланысты болады. Бірін-бірі ұрып соғып, жәбірлеп, тістелеп деген сияқты өзара нәпсілік құмарлықтарын, ләззатын өтеумен де ғашықтық байланыста тұратындар да баршылық өмірде. Кейде әйел мысық, еркек ит сияқты бірде тату, бірде араз, бірақ жындары өзара байланыста болғансын бірін-бірі қия алмай өмірлері өтіп жатқандар да жеткілікті.

    Жәндіктің өмірі қысқа және көп өзара қатынасты талап етпейтін жұптар да болып олар күнделікті ортақ шаруаға, дүние табуға байланып тұрғасын, өзара оны «махаббат» қимастық атауы да қалыпты жағдай. Жұптарға ортақ екеуі де ұнатқан кәсіптің де болуы осындай жан ұялардың сақталуын да қамтамасыз етеді. Қазақта; «Ұрының қатыны өзіне сай» деген де мақал бар. Яғни рухани тұрғыда бір әрекеттен, кәсіптен ғашықтық құштарлықтары орындалатын болса, онда ондай жұптарға неке төсек қатынасының адамдық жоғары деңгейі маңызды емес. Өздерінің қандай дәрежеде болғаны жеткілікті де. Сол сияқты осындай ғашық жұптар арасында ортақ тақырыптың болуы да өз маңызын атқарады.  Өтірік айтатын еркекке әйел де сондай болып, бұл да сырттай қарағанда «махаббат» қуатымен байланған сияқты. Бірақ олар бірін-бірі алдау арқылы өз ләзаттарына жынына қуат алады да. Негізінен жыныстық қатынас арқылы байланыс ол жындық, гормондық тәуелділікте болып, бір жынысты некенің де әлемде пайда болуы да осындай жалған ғашықтықтың ортақ бір әдеттерден ләззат алуы арқылы пайда болатыны да сөзсіз. Осы тұрғыда шет жұрттың түрлі арсыздық тәжірибесі де қазақ ұлтының қалыпты әдетіне, салтына сіңіп талай жұптар осындай арсыздық арқылы нәпсілік қанағаттандыру, ләзаттану арқылы да байланып оны өздерінше «махаббат» сезімі деп те атауы даусыз. Сонымен бірге ортақ меншіктің дүнеиенің болуы да осында өзара байланыс жібін қалыптастыра алады. Және осындай байланыстарда тұрған отбасылардың өмірге бала әкеліп оның текті болуы, арлы болуы деген сияқты махаббаттың негізгі құндылықтарын өздері орындап әдеттенбегендіктен бала тәрбиесінің де маңызы жоғалып, балалардың да жастайынан түрлі дүние мен нәпсілік қажет өтеу маңызды деген тәрбиені көріп өсіп жынды-мастар қатарын күн санап толықтырып жатқаны да сөзсіз.

    Махаббат сезімі деген қандай жалпы махаббат ұғымы, оны меңгеру үлгісі қандай деген сауалға зиялы қауымның өзі түсіндірмегесін, керісінше оны жалғандыққа, арсыз істерге де таңып қойғасын ұлттық құндылығымызбен бірге адамдық «махаббат» ләзазтын да, оның ұлттық тәрбие дәстүрін де көпшілігіміз жоғалтып және ұмытып та бара жатырмыз….. (жалғасы бар)

 

Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

 

 

One thought on “IV-МАХАББАТ ЖӘНЕ ҒАШЫҚТЫҚ, СҮЙІСПЕНШІЛІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРІ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *