Дәулен досыма

Бөлім: Өмір баспаладақтары-Қ.М. Тарыбаев 114

Жерге шашар күн шуақ,

Тіршілік шегі ол сұрақ.

Жалғандық өмір жолынан,

Парыздың жүгі тұр сұрап.

Өмірге неге келдің деп,

Арманың неде көргің кеп.

Мақсатың барма алдағы,

Сағымды қуған пенде көп.

Ақиқат шындық бұл маңда,

Алқымнан қысым ұрғанда.

Алдағы жолды айқында,

Қайрым болмас жалғанда.

Тағдырың өзен ағысқан,

Ниеті бірлер жағысқан.

Тіршілік қатар заңы бар,

Жерге түскің «ғарыштан».

Адасып енді кетпегің,

Арманға мақсат дет дейін.

Күресе жүріп тірлікте,

Жемісі болсын жеткенің.

Адағы қадам оң болсын,

Үлгі ғып ұрпақ ол тұрсын.

Қызыр боп кірсін есікке,

Қондырған қолға бақ құсың.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *