Мен біржанмын, жұмбақ сырмын пендеге,

Мылжың емес, сараң емес сөзге де.

Орта бойлы, қысық көзді, ат жақты,

Көп ішінен ілінбейтін көзгеде.

Адаммын мен ет-сүйектен жаралаған,

Қан қысмы тамыр бойлап тараған.

Бойымда бар ерекше бір қасиет,

Адам көзбен тылсым жаққа қараған.

Аруақтың пендесімін амнатты жүктеген,

Бұрығын Бабалардың орындайтын көптеген.

Алла барын мойындатып,иманды ғып ұрпақты,

«Ата» жолға елің үшін еңбек терін төк» деген.

Қызық жанмын, бастықтарым ар жақтан,

Аруақтар қоршап тұрған жан-жақтан.

Екі өмірге көпір салу мендетім,

Істелер іс, қиындықтар бер жақтан.

Қызық жанмын, аруақпен тілдескен,

Арыстанбаб, Ясауиге сіз дескен.

Көпшілікке көрінбейтін тылсыммен,

Арман, мақсат, ниетерім бірлескен.

Аруақ көп, тылсым жақтан ел үшін,

Алла жолмен биіктер ел ісін.

Ту көтерді Айша-Бибі періште,

Еңбек етер, ұрпақ үшін біз үшін.

«Бір жеңнен қол шығарып» бірлесіп,

«Бір жағадан бас шығарып» жүздесіп.

Айша-Ананың ақ туына ілесек,

Жетерміз-ау биіктерге күнде өсіп.

Амантын аруақтың жеткіздім,

Ақылға сап, сарптап бір өткізгің.

«Өлі риза болмай, тірі байымас»дегенді,

Туралықты Бабалар, айтып кеткен тек біздің.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *