II-Аққу- сұңқарлар және ата жолы.

Бөлім: Аққу, сұңқарлар және Ата жолы 143

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE

/* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}

II-Аққу-сұңқарлар және ата жолы.

Сонымен енді ата жолының рухани болмысын тағы да шегініс жасап шолып көрейік. Әрбір қоғамдағы қандайда бір болған қозғалыстың себептерін, пайда-зиянын толық ажырата білмей, ол туралы баға берудің өзі ақымақтық. Және қазақ елінде екі ғана қозғалыстық партияның ғана болып, бірі ел билікке келсе, келесісі «оппозицияға» айналып осы екі аралықта бітімге шақыратын халықтың екі жаққа да ықпалды күшті қалыптастыра алмағандықтан әлемдегі бар бүліктің негізі де осындай жағдайдан туындап жатқаны да хақ. Сондықтан тек ислам дін тұрғысынан ғана қарамай жалпы барлық дін тұрғысынан қазақ елі халықтарының ортақ рухани мүддесі тұрғысынан қарап көрсек.

Ата жолының негізгі қағидалары Тәурат, Інжіл құндылықтарын меңгерумен Ғиса пайғамбарымызға ерген елшілердің ісін және Мұхаммед пайғамбарымыздың соңына ерген сахабалар жолын жалғастырумен көрінісін бергені де даусыз. Осы тұрғыда таураттық жазбаларда ескерткеніндей әрбір заманға қарай ғылымы, хикметі мәлім болған аяттардың уақыт өте келе соған байланысты қарсы аяттардың, күнәлі істердің де пайда болатынын ескерткен. Сондықтан бұрынғы Мұса пайғамбар көрсеткен мұғжизалары ол заманда ақ бақсылық болып саналғанмен, замандар өте тылсымнан осы хикметтерді меңгерген қасиеттілердің аруағы толық тазара алмай тіршіліктегі пенделерге киелі рух болып енуінен сол заманға сай білімін, тазалықтың және діннің өркениеті мен құдайлық іске аян, түстерге жүгіне отыра амал қылмаған жағдайда, онда бұл жартылай пайда, жартылай зиян немесе пайдасынан зияны көп істерге айналары да сөзсіз. Олай болса мың жыл түгіл жүз жыл бұрынғы дін ісіндегі көптеген амалдардың да қарсылығы яғни; «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» дегендей діннің өркендеуімен қоса осыған байланысты бұрын пайдалы болған көптеген амалдар, аяттар насихаты керісінше, қателіктер мен күнәлі істерді туындатуы да сөзсіз. Себебі қандай да бір жақсылық, өзгеріске қарама-қарсы оның көлеңкесі және қайшылығы да пайда болары сөзсіз. Олай болса құранда; «Олар 300 жыл жатты 9 арттырды» деген аяттың үкімі осы діндегі рухани өзгерудің шамасын (циклдық) белгілейді.     

             Сол сияқты Адамның аруағынан, меңгерген ілімінен Хауа анамыз жаратылса, яғни бөлініп шыққан болса, жындардан оттың жалынынан да шайтандардың бөлініп шығуы болады. Сондықтан әйелдер қанында, рухани болмысында шайтандар әйелдік гормонның негізін белокты құраса, ал еркектік гормон жын негізі болып түрленіп көбейіп, жетіліп қарекеттік, интеллекттік (түйсіктік, білімдік) қуаттарға, адамзат тегі ағашына айналуы да керек. Түп негізі жыныстық қуат болып әйелдік жын қуаты қысқа толқынды жіңішке, еркектің жын қуаттары ұзын толқынды жуан болып саналады. Сол сияқты еркек қанында шайтан қуаттары әлсіз ана сүтінің жағдайына тәуелді болған сана қуаты түрінде (интеллект) аз болса, керісінше әйел қандарында сезімдік (интуиция) сипатында  басымшылық болады.

            Адамзат өмірінде жын мен шайтанның өзара қосылуы тек адамзаттың рухани болмысы арқылы ғана атқарылып өзара көбеюге бұйырылған. Сонымен әрбір адамның үш түрлі рухани қуаттық сипаты бар. Ол жындық-қарекеттік, шайтандық-сезімдік және ақыл-ой және ар қуаты адамдық болмысы болмақ. Сонымен осындай тұрғыда адамзаттың қаншалықты ар қуатын яғни бойлық, денелік кеңістіктегі орнын, шегін алуына байланысты да физикалық тұрғыда көмес жағдайда адамзаттың рухани екінші болмысы қалыптасады. Өлгеннен кейін адамзаттағы тәндегі барлық күш, қуат, әрекеттер мен жаны да осы өзінің тірі кезінде қаншалықты өсіре алған көлеңкесіне еніп, үш түрлі сипатта өмір сүріп, ұзақ жылдар бойы қайта тұтастыққа айналу процесі жүреді. Бұл рухани денелердің өз жанына туысқан ұрпақтары болса солардың оқыған құраны, құрбандығы арқылы әулие-әмбилер басында өзара бірлену арқылы келесі бір даму сатысына өтуі де тез атқарылады. Мұны құранда да, барлық кітаптарда рухани жүктер деп атаған.

            Масһабшы надандар осындай қазақ дәстүрінің негізі сонау тәураттан бері жалғасты келе жатқан осындай амалдарға негізделгендіктен және мұны пайғамбарымыз да тек сахабаларына үйретіп қалған жалпы қауымға тек орта үмметтік амалдары ғана белгілі болғандықтан ата жолының халық арасында да жалпы білімді аталған қауым арасында да қабылданбауына себеп болды. Себебі қандай да пенде болсын жыны, шайтаны болғандықтан оларды өмір сүрген заманында тазартып тақуға айналып, бәрі бірдей өмірден әулие болып өтпегендіктен де жын-шайтан дегеніміздің өзі осы денесі, ары, бойы яғни кісілігі жарыққа айналмаған, жетілмеген біздің сонау замандардан бері дүниеден өткен өз ата-аналарымыздың өздері де болмақ. Және осы тірі кезінде қаралай жын, шайтан болған пенделер арғы дүниеге өткенде адамдық болмыста, кісі болмақ па? Және тірісінде жинамаған ақты, арды, денені, зейнет жарығын қайдан, кімнен алмақ?

 Осы тұрғыда масһаб діншілерінің, қазақ жастарының жынды ырымға алып мазақ қылып жүргендері шындығында өзінің ата-бабаларының жетілмеген, тазармаған рухын мазақтайды және осы арқылы өз ұрпағына, болашағына да балта шабады.. «Осындай қабірдегілерді ұмытқан кәпір елдей болмаңдар» деген құранның 60-сүре 13-аятымен ашық ескертіп, мұндай жүктердің уақыт өте еріксіз түрде сол өзінің ұлтына, сол жерде өмір сүрген халық өкілдеріне жүктеліп, олардың мінез-қылықтарын да, нәсілдік қуаттарының өзгеруіне әсер беретіні ескертілген. Ал осы тұрғыда қазақ елінде қаншама ұлттар өткен және орыс халқымен де енді қабірлеріміз де жеріміз де ортақ, олай болса аруақтарымыз да ортақ. Сонымен ата жолының негізгі мақсаты отан көгін тазарту, рухани қуаттарды меңгеру, халықтың гендік, тұқымдық сапасын сақтау және қуаттылығын да арттыру еді. Бұл араптық дін салтынан көрі христиандық, буддалық, тәураттық дін ұстанымдарға жақын болғандықтан, осы ұлт өкілдерінің де ата жолына ағылып келуімен ата жолының алғашқы кезде исламдық тақуалық шариғат амалдарын Ақ ұлдың ерікті түрде жеңілдік беруімен халықтың тез көтерілуіне, ата-баба аруағына жалғануына пайда берсе, екінші жағынан уақыт өте бұл тиімсіз әрі зияны да тие бастады.

  Осы жағдайда аққу, сұңқарлар бірте-бірте исламдық тақуалықты енгізумен құдайлық аян, уахиларды мүлтіксіз орындаумен алға қарай ата жолы дәстүр өркениетіне, исламдық тұтастыққа, тура жолына келіп кіруіміз керек еді. Бірақ оны меңгере де алмады да, меңгергісі келгендерді қудалаумен арттарынан өсек, жала жабу сияқты амалдармен негізгі таза ақпараттарды, ата жолдың тақуалық сырларын Ақ ұлдың маңындағыларға жеткізу мүмкін де болмады. Бұл да барлық діндердің, елшілердің басында болған сынақтың да жалғасы еді. Мұхаммед пайғамбарымыз да тақуалық сопылық намаздарын өзіне ең жақын сахабаларға ғана көресетіп, жалпы ислам дінінде құпия болып, оны Арыстан бабамыздың 450 жыл жүріп Ясауи бабамызға үйретуінде де әлі бізге белгісіз болған, болашақта құпия сырын ашатын хикметті білімі бар.

             Ата жолының бастапқы кезде халықты ерекше хикметтерімен кез келген пенденің зияраттап құрбан шалса болғаны, күнәсынан тазарып жолының ашылып кетуімен, соған байланысты халықтың да ықыласы ауып, ал бұл іс басында жүргендердің барлық жағынан да табысты болуына да кері әсерін тигізбей қоймады.  Яғни  кешегі кедей, күнін зорға көріп жүргендерге құдайдан жеңілдік несібе, дүние байлығы да берілгендіктен өзара дүние байлықпен жарыстың да басталып, мұның да ата жол руханиятына кері әсерін тигізіп және шайтандар жамағаты мұны өз пайдасына бұрып алып ақырында ата жолын баю жолы деп соттатып тынғаны, бір ауданның сот шешімін енді қазақ елі бойынша үкім қылып алғаны да халыққа мәлім жағдай.

Бұдан жалпы қазақ ұлты ғана емес, бүкіл қазақ халқынан өзге ұлттардың руханиятының да, христиан халқының өкілдерінің де зардап шегуін туындатты. Қара күштердің ықпалды әсеріне ел билік заңмен жол ашып та берді. Соның әсерінен түрлі жеке бір жақты дін секталарының дамуына жол берілді, артынан қудаланып талай бүліктерге де себепші болып, өлім яғни тазармаған жындардың, шайтан қолының халықты, жастарды азғыруына ел билік пен зиялы қауым өз қолдарымен жәрдем бергені де сөзсіз. Бұл жерде ел билік, масһаб діншілерінің тағы да үлкен қателігі тәурат жазбаларында көрсетілгендей кезінде «леулі» атты нәсілдер тобы болып, құдайдың үкімімен халықтан садақа алуды тек солардың ғана үлесіне бергенін, ондай жағдай талай ғасырлар бойы жалғасқанын, себебі оларға осындай тазартушы қасиетті, жұрттың күнәларын жүктеп алуға қабілетті де ол ұлт өкілдеріне қоса берілгені баяндалады. Ал Ақ ұлдың мөр ашуы, яғни жүрек тамырлары арқылы жер ана рухына тікелей жалғану да осындай халықтың күнәлі болмысымен жүктелініп, онан тез тазаруға болатын қабілет қасиеттің де қоса жалғануымен ерекшеленді. Сондықтан кез келген Ақ ұлдың қолынан жүрек тамырларының мөрін аштырған қандай да бір ұлт өкілінің адамдары емдеу, тазарту істеріне де дарындылық пайда болып алғашқы кезде осындай істермен де ата жолының беделі көтерілгені де және бұл жағдайдың керісінше қайта сынақ болғаны да бар. Себебі бұл алғашқы кезде құдайдан несібе нұрдың, аруақтық қуаттардың жер бетіне, ата жолына келген пенделерге толассыз сыйға берілуімен де ерекшеленген еді. Сондықтан да осы тұрғыда да халықты тазарту ісінде өз еркі садақасы болмаса, емдеуге деген арнаулы ақша алуға болмайтыны, яғни құдайдың сыбағасын, аяттарын арзан ақшаға айырбастауға болмайтыны  және өзін, бойын үнемі тазартып отырумен, тақуалықпен, сауаппен ғана ақиретпен саудаласып бұл қасиетті ұстап тұра алатыны да ескерілмеді, түсіндірілмеді. Егер қандайда бір тазарту дін ісіне, хайырға жалақы алсаң, онда құдайдан ештеме ала алмайтының қазақ нақылының; «Құдайдан қайтар» деген дәстүрінің негізі де сақталмай, дүние байлағына айырбасталып кеткені де сөзсіз. Сондықтан бұл жағдайда талай аққу, сұңқарлардың халықтың күнәсімен жүктеліп, онан тазара алмай жоғалып кетуіне де себеп болды.

Енді құранда; «Сендер тәурат, інжіл және пайғамбарларға түскендерді толық орындамасаңдар түк емессіңдер» (5-68) деген Алланың үкімі, яғни құранда баяндалмағанмен, бұрынғы шежіредегі намаздарды зерттеп құдайдан аян арқылы орындауды міндеттеген екен. Осы аяттардың үкімін қазақ елі исламды тәурат, інжіл және Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарына жалғаған толық тұтас сегіз  дінді 9-шы ұлттық жол-жоба «Лұқман» сүресімен тура жолдың негізінде халыққа келген табиғи апаттар, індеттерді құрбандық қанымен жуу арқылы тоқтатуға болатынын және әрбір өмірге келген адам баласына жылына арнаулы құлшылық орындарында бір құрбандық шалу міндет екен. Ал енді осындай 10 жаны бар бір отбасының өмір бойына және жан басына жылына шаққандағы дәстүрлік ұмыт қалған құрбандығын қысқа уақытта өтеу мүмкін бе? Әрине жоқ. Осы тұрғыда құдайдан қазақ халқына жеңілдік келіп керуенге шығып 20 адам шықса әрқайсысы бір құрбандық атағанда 20-ға көбейтілетін жағдай берді. Сондықтан сауап, нұр алу тиіс те болды. Және бұл тұрғыда қазақ елінде жылына миллиондаған қой, малдар құрбанға шалынып ел экономикасына да, халықтың әлеуметтік жағдайына да тікелей әсер беріп, рухани да тазаруға, отанымыздың көгінің ашық болуына мүмкіндік болатын еді. Бұған тиым салынғаннан кейін осы екі арада қаншама мал аурудан, індеттен қырылып жүздеген есе шығынға ұшырадық. Және асылып өлген, өзіне қол салған мен қаншама жазылмай жатқан аурулар, сынаққа түсіп ажалға ұшырап жатқан ауруларды қосқанда, әйел халқының жатырларына ене алмай жатқан нәсілдік қуаттардың, жүректердің себебінен туылмай, өмірге келмей жатқан балалар мен темекі, арағынан, шайтанынан, арамынан тазаратын халықтың жүгін есептегенде оны ешқандай ақшамен де бағалап салыстыру да мүмкін еміс.  Сондықтан ата жолы осы төменгі сырттан қарағанда жабайыдай сатысында ғана тұрған жағдайдың өзінде, керісінше халыққа да, мемлекетке де тиімді болып денсаулық сақтау тұрғысында миллиардтаған пайда келтіретін құдайдың өзі берген бағын тепкен ел болғанымыз да сөзсіз. Сонымен емшілік істерді меңгеру тұрғысынан да ата жолын заңға бағындыру арнаулы лицензия қағаздарын беру арқылы бұл ұлықсатты құдай емес, енді пенделер беретін жағдаймен де сенім мен нанымға да соққы беріліп, көптеген қасиетті адамдардың ниетін бұздырып, құдайға және ата жолы дәстүріне ықыласты сенімін терістеп, иманын жоғалтуға да зұлымдық жасап аруағынан ажырауға әкеліп те соқтырды.

            Бірақ қанша ел билік, масһаб діншілер тарапынан қажырлықпен қудалағанмен де ордаларды аралап жүріп, айыппұл салғанымен де ата жолының негізгі сарбаздары бұл істерін тоқтатқан да жоқ. Бұл да бір шыңдалуға, сабырлықты меңгеруге, керісінше сынақ болып, біздер осының арқасында ата жолының негізгі құндылығын сақтай да алдық. Ал екінші жағынан ата жолының әрбір ордасы ел билеушілермен түрлі жағдайда келісімге келіп, шағын кәсіптік тұрғыда мекемелер ашып орта топтық деңгейін сақтауға мүмкіндік  алды. Тек біз сияқты аз ғана топтар ешқандай ұлықсатсыз да ешқандай да  қазақ дәстүріне сай емшілік істерді тоқтатпастан, ешкімнен оған ақы талап қылмағандақтан да құдайдың қалауына, аруақтардың қолдауына ие болып, ата жолының амалдарын, аруақ тапсырмаларын жалғастыра бергеннен құдайдың қалауына жетіп, осындай ата жолының білімін, рух, жан сырларының құпияларын түсінетін даналыққа жетіп және бұрынғы жалпы білімсіздік замандардарда айтуға да болмайтын, ислам әлеміне де таныс емес көптеген жасырын құпия сырларды баяндауға да мүмкіндікке жеттік.

Ата жолындағы болған сынақтарды, кедергілерді, келеңсіздіктерді және ел билік, зиялы қауымның қателіктерін тәптіштеп баяндап отырғаным бұл жазбаларды оқитын да негізінен төменгі топ емес, орта топ өкілдері және білімді қауымның да болашақ ата жолына келіп аққу, сұңқар аталып, ата дәстүріне  қызметке тұрары да хақ. Сол сияқты ел билеушілердің де бұл қазақ руханиятының енді алты жылда өздері қызметшісіне айналары да хақ. Әрине егер де ажалдың құрығына ілінбей қалғандар болса. Сондықтан қателікті, жамандық жағын білмей қатесіз қарекет жасау мүмкін де емес.

             Енді әр нәрсені салыстырмалы түрде түсініп, қандай да бір халықты зияраттатып құрбан шалып, әулие басына құран оқылып, Алланы дәріптегеннен, достарына сәлем бергеннен, ұлт тілегін олардың жаннатына, тек ағаштарына жалғанғаннан дінге де, масһабқа да, ел билік өкілдерінің қалтасына да, бюджетке де ешқандай зиян жоқ, керісінше пайда ғана бар. Бірақ ата жолын ішкі жағынан алып қарағанда халықты қалай болса солай зияраттату, жетекшілерінің өздері де толық дәрет, киімді сақтамау, батаны аруақтан емес түйсік, сезімнен насихат үгітке айналдырудан ата жолының рухани кемелденуіне, дарындылықтарды меңгеруге, қазақ дәстүрін әлем алдына шығаруға үлкен зияны да бар. Екінші жағынан мұндай пенделердің өз бастарына, жан ұяларына да үлкен қауіп-қатер де бар. Сондықтан бұл жағдайды қудалау, кек алу емес, керісінше зұлымдықтан құтқару тұрғысында міндерін түзеуге білімді қауымның да, дінді меңгерген тақуалардың, имамдардың да жәрдемге келгені де дұрыс болар еді.

   Сонымен мейлі ата жол керуені, өзге топтар болсын, мейлі жеке пенделер болсын зияраттағаннан қандай қуаттармен, қандай нығметтермен немесе қандай қиындық кедергілермен кездесеміз деген сұрақ қойыңыз.

(жалғасы бар)

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясымен, Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *