I-Аққу- сұңқарлар және ата жолы.

Бөлім: Аққу, сұңқарлар және Ата жолы 85

Ата жолының негізгі мақсаты және білімі мен құранның үкімдері, құпия сырлары да толық болмаса да халыққа танымал болып, бұған көзі қарақты оқырмандардың да беріп жатқан пікірлері және еліміздегі рухани ахуалдың да қазақтың дәстүрі, яғни атасының, анасының әдет-ғұрпын, салтын меңгеруге деген ықыластары да басталды. Демек рухани тұрғыда қазақ халқы құдайдың еркін қабылдауға дайындалып ояна бастады деп түсінуге де болады. Сонымен көп ұзамай қазақ елі де, өзге ұлт өкілдері де топ-тобымен ата жолына келе бастауы да сөзсіз. Бірақ сол халыққа жол көрсетіп ақ пен қараны ажыратуға ата жолындағы аққу, сұңқарлардың жағдайын, қандай амалдары дұрыс, қандай істерінің зиян екенін қандай білімді адам баласы бірден анықтап адаспай немесе адастырушылардың еркіне көнбей аман қалуы да мүмкін емес. Себебі қандайда бір ғылым, білім, дін өркениеті бір орында тұрмайды. Бұрынғы замандарда керемет болып, тек бақсылар ерекше қасиетті әулие-әмбилер атқарған істерді қазір қарапайым ғылым, біліммен-ақ кез-келген адам баласы меңгере алатын құбылысқа айналды. Сол сияқты ата жолында алғашқы кезде керемет қасиетімен ерекшеленген аққу, сұңқарлар, емшілер бүгінгі күн талабымен орта топқа түсіп қалғаны және оны мойындауға еркі жібермей дарынды жастарға, арттағы келе жатқан топтарға жол байлау кедергі ғана болып, ата жолының даму өркениетін тежеуші қарсы күштерге айналғанын білмейді де.


Осы тұрғыда мысалы Масһаб білімі кезінде құран арқылы қаншама ғылым деректерінің пайда болуымен ғұлама даналардың шығуына себеп болса, ал бүгін бұл білімдерді сол қалпында алудан оған қарсы мыңдаған жылда пайда болған теріс білімнің әрекетінен, құранды теріске алудан дін өркениетін де артқа тартушы «экстремистік» білімге құлшылыққа да айналғанын, әлем бүлініп арты соғысқа ұласып жатса да оны мойындау әрине қиынның қиыны, себебі осы тұрғыда рухани өлі, жүректері жабық мөрленген халықпыз. Олай болса ата жолының өз ішінен шығып жаманын да жақсысын да көріп, ұзақ жылдар бойы мұндай сыннан өткендердің ғана өз-өздерін сынауы арқылы бұл жағдайды түзеуге болады. Сондықтан осы топқа жататын менің де 15 жылдай көрген тәжірибелерімнен және кейбір істерде өзім де байқамай сеніп, опық жеп өкінген кейбір аққу, сұңқарлардың тарапынан болып жатқан арсыздықтарды шамам келгенше баяндап сынап көрмекпін. Енді бұл көзі қарақты оқырмандарға және салыстырмалы түрдегі ереже-заңға бағынатын себебі қандай жаман болғанмен, ата жолына келіп ата дәстүрін сыйлаған бір амалын болса да орындаған пенде, масһабшы тақуа болып, ұлтының дәстүріне қарсы өз ата-баба аруағын Алладан «басқа», яғни шайтан деп жүрген имамдардан дәрежесі артық деп түсініңіздер. Сондықтан да осы жазбалар арқылы сынаған сыналғандарды менің жек көргенімнен емес, керісінше мінін көрсетіп, соны түзесе деген мақсат-ниеттен екенін де ескерген жөн.

Мен ел билікті, ел басшымызды да жек көргеннен сынап жүргенім жоқ, керісінше солардың ішінде арлы шамалы билеушілердің бұл қателіктерді түзеп, тарихта жаман аты қалмасын деген аяушылық бауырмалдықпен осындай әрекетке барып жүргенімді естен шығармаңыздар. Енді ата жолының даму заңдылығын болашағына да болжам, жоспар жасау үшін де әуелі ата жолының негізгі ұстанымы мен мақсаттарын, жалпы дін жолындағы өзге елдердің дін ұстанымынан ерекшеліктерін баяндап өтейін. Сонымен бұл негізінен қазақ еліне құдайдың үкімімен барлық ұлттардың, діндердің басын тоғыстыратын тоғыз жолдың торабы да Түркістанда тоғысатын бейбітшілік жолы, «маршы» яғни керуені болып, Ата жолы деп аталып иманы жолдас болғай Қыдырәлі Тарыбаев Момбай ұлының бастауымен сонау өткен ғасырдың 1997-шы жылдары басталғаны да көпшілікке де мәлім жағдай.

Ата жолының негізгі қозғаушы күші ол «Жүректен мөрді ашу» кейде «Мөр ашу, мөр салу» және «Жүрек ашу» деп те атап масһаб және түрлі исламдық топтардың мұндай құранда жоқ деп байбаламдағанымен, расында бұл туралы жүздеген аят бар және Ғиса пайғамбарымыз да, Мұхаммед пайғамбарымыз да жүрек ашу хикметтерін меңгерген. Бұл жерде «Жүрек ашу» деген ұғымды діннің барлық саласында да; «Жүрек көзінің ашылуы», яғни жүректің жомарттығына жетуге бағытталған тылсымнан әрбір ата жолына келген адам баласының өз тағдыр кітабынан аян, уахи кітаптарына жалғану болып мұнсыз оқыған намаз, ораза, зекет, ұстанған тақуалық, сопылықтың өзінде түк пайда жоқ немесе жалған дін тобына айналмақ. Себебі қандай адам баласы да күнәдан бастап жаралып біздерге шайтанның қолы, яғни сасық иіс тұманның тимеуі біздің ол иістермен дем алып, тамақ арқылы тәнге сіңірмеуіміз мүмкін емес. Және тағдырлық кітабымызда қарама-қарсылық сынақтармен жазылғанын бақытты, бақытсыз болу өз әрекетімізден, ақталу құлшылығымыздан пайда болатынын да естен шығармаңыз. Сондықтан араб елдерінің көбінесе жемістермен ғана азықтанып, ет, балық өнімдерін аз тұтынуы да осындай тұрғыда оларға дұрыс, себебі тәндегі күнәлік қарсылықты осындай тәсілмен өсірмей тазартуға болады, ал біздерге бұл әдіс болмайды. Сөз де, үн де біздің тұтынған тағамдарымыз арқылы енгенмен оны қорыта білу үшін ұлттық үніміз, діліміз, қандық ерекшелігіміз де құран түспес бұрын әбден бекіп шежіремен жазылып та қойған. Сондықтан да олардың ана тілі, де үндік жағдайы да құран үні арқылы сөйлесіп, ділін қуаттандыра алса және құран үні арқылы да өзара қатынас жасап ас қорыту қабілетін, сыртқы өмір қабын қуаттандыра да, арттыра да алады. Ал енді біздің діліміздің, үніміздің, сөзіміздің де ерекшелігі болғандықтан, біздің діншілердің құранды жаттап алып, арапша дұғамен ғана жалбарынып, екі сөзінің бірі арапша болғанымен мыңдаған жылдан бері қалыптасқан қандық қуатты ділімізді өзгерте де, қуаттандыра да алмайды, керісінше надандыққа сананың да жабылуымен, жүрекке мөр түсіп аян, уахидың тоқтауына, алты ауыздық даналық қарекеттік, интеллекттік қуатымыздың азғындап әлсіреуіне де себепші де болмақ.

Сонымен жалпы әлемдегі адамзат жүрегі ұқсас бірдей болғанымен, біздердің рухани өмірімізді де, тәндік қажеттілігімізді де қамтамасыз ететін қандай да бір отандық, жер рухымен байланысты да аруақтық ерекшелік болып, олай болса дін істеріміз, шариғатымыз бәрі ортақ болғанмен жол-жобамыз, амалымыз өзгеше болуы да заңдылық. Осы тұрғыда әр адам баласының тағдыры да өзінше бөлек кітап болып, ұлттық тұрғыда ұқсас болғанымызбен, жалпы әр адамға жеке-жеке аяндарға үкімдер оқылып тазару ерекшелігі де, сауап тұрғысынан күнәдан ақталу мүмкіндігі де , қасиеттілігі де әр түрлі екені де хақ. Сонымен осы тұрғыда қасиеттілікті меңгеру, ақталу, күнәдан тазару арқылы жүрек ашу деген ол құдайлық қана іс болып, кімнің жүрегі қалай, қандай жағдайда ашылуы да құпия жағдай. Бұл тұрғыдағы дін топ басшылары өз шәкірттерінің құлшылығы, намаздары, сауаптық амалдары арқылы жүректерінің ашылуын, ұжданның жетілуін қамтамасыз етуі де керек. Яғни «жүрек ашу» ұғымы жаратылыстан бастап бар және жүрек көзі ашық болмаған пенде дінді де, ғылымды да меңгере де алмайды, көріпкелдік, емшілік, бақсылық сияқты амалдарды орындай алмайды, даналыққа да жете аламайды.

Енді жүрек көзінің ашық болуы пайғамбарымыз көрсеткен миғраж оқиғасымен және жеті жолға жалғанумен байланысты болса, ал біздер үшін пайғамбар шапағатына жалғанумен осы жолдарға миғражға бармай-ақ тікелей пайғамбарымыздың шапағатына жалғану арқылы да кітап алу мүмкіндігі беріліп, сондықтан да оның пайғамбарға дейінгі қасиетті әулиелерге, пайғамбарларға, елшілерге де байланысты түрлі қасиеттік сипаттары болатынын да білгеніңіз жөн. Сонымен енді ата жолындағы Ақ ұл аталған Қыдырәлі Момбайұлының жүрек ашу мұғжизасын жүрекке құдайлық мөр салу, немесе барлық пендеде бұл ұлықсат етілмеген кедергі мөр тұратын тылсыммен арадағы байланысты ашу деп түсінген жөн. Сонымен жаратушы Иеміздің барлық нәрсені жұп және пар қылып жаратып жүректегі мөрдің үш түрі болып; (оймен, көрумен, естумен) көзбен, ұжданмен жанмен байланысты болса, ал Ақ ұлдың жүрек ашуы ол жүрек қалқанша безіне келетін қос тамырдың тылсымнан оң аяқ, сосын бауыр мен жүрек арасындағы тамыр арқылы көмекейге тербеліс болып берілетін тылсымнан келетін үн, дыбыс жолдарын ашумен, яғни есту қабілетімен ерекшеленеді. Және осы қос тамырдың толық ашылуы да үшін жүректің де көзінің тазарып ашылуы арқасында ғана өз мақсатына жетіп, бұндай адам баласының тамыры түрленіп кеңіп, ұрпақ өнеді яғни тегі жетіліп қасиеттілігі де артады. Ал оны меңгере алмаған жағдайда ұрпағының өсіп-өнуі тоқтап және ұрықтық, ұрпақтық қабілетінің де жойылуына да әсер беріп жүрек соғысының тоқтауына да себеп болады. Бұл қасиет бұрын болған ба? -деп сұраңыз. Әрине болған, бұл ерекше қасиет діннен кітап алып уахи бата түрінде оқыған барлық пайғамбарларға да тән естушілік қасиет болған. Мұны қазақ сөздік қорында; «Ақ құлақ, қатты құлақ» деп те атаған. Бірақ есту қабілетінің де әр түрлі жолдары, себептері де, дәрежелері болып және тылсымнан хабар алу ерекшелігі де болған. Ал бұл қазақ елінде болған хикметті істің, яғни жүректің қос тамырының ашылуын қалыптастыру үшін; періштелер 4 жасында Мұхаммед пайғамбарымыздың жүрегін ашып, тазартып тамырын да алдын-ала ашып кеткен екен. Мұхаммед пайғамбарымыздың есту қабілеті ерекше болып құранды бата түрінде оқуы да осы мұғжизаның исламда ерекше сипат алып, ал енді осындай оқиғаның қайталанып әлемдік дәрежеде дін өркениетін қалыптастыратын, дінде құтқарушылардың келуін әлем күтіп жүргенде кенеттен қазақ елінен басталғанын тек надан, тажалдар ғана мойындауға құлықсыз. Және қазақтық мінезімізге тән көреалмастық деген індетке де шалдыққанбыз.

Сондықтан мұның да өзіндік бір ерекшелігі дін имамдарының, ғалымдарының да түсіне алмауына құдайдың сынағы да себеп болғаны да сөзсіз. Себебі ата жолына дінді біліп, шариғаттты ұстанып, тақуа болып барып жүрек тамырын аштырғандарды мен өз басым кездестірген жоқпын. Көпшілігі көшеден, базардан түрлі қыспақтан басын қайда тығарын білмей келгендердің аз уақыттың ішінде осындай жүрек тамырын аштырып, бата беріп, халықты таң қалдырып шыға келгені де көпшілігі десек қате емес. Әрине бұл көп жастардың, әсіресе қыздардың тәндік бой тазалық ерекшелігіне байланысты болып, осындай тылсымнан анық аруақтың тапсырмасын жеткізе алатын дарындылар да жеткілікті болып, алғашқы кезде бұл ерекше жағдай және құрметтелуге де лайық болғаны сөзсіз. Сонымен бірге бұл ақ бастаудың әлем халқының басын біріктіретін бейбітшілік керуені «маршы» деп атауымызға да лайық барлық ұлт өкілдерінен де жүрек тамырларын ашу арқылы аруақтардан бата беріліп, әулие-әмбилердің шапағат беру тұрғысында ұлттық, жүздік, рулық сипаттарға да бөлінбейтініне нақты дәлелдер де жеткілікті. Орыс, неміс, кәріс, ұйғыр, татар, т.б. көптеген қазақ елінің тұрғыдарынан да бөлек, шет елдерден келіп тіпті негір ұлттарынан да жүрек тамырларын аштырып қазақ аруақтары арқылы өз елінде де бата алып беруге мүмкіндік алғандар да баршылық. Бірақ ата жолының тоғыз жылдық сынағы бойынша, жылдар өте әр жылдың меңгеретін өз жүгі, тазалықтық шарттары болып, әрбір ата жолына келген адам баласының жүрегі де тазарып, жүрек көзінің ашылуымен аян, түс көру қабілетін жетілдіріп және аққу, сұңқарлар арқылы батадан келген ақпараттарды салыстыра отыра меңгеруге тиісті болды. Осы тұрғыда Ақ ұлдың үнемі аққу, сұңқарларға; «Аянға абай болыңдар!» деп ескертіп отырғаны да рас. Бірақ енді кешегі көшедегі, базардағы немесе от басындағы отырған әйел, қыз-қатындар аяқ астынан мұндай дәрежені меңгеріп оны сабырмен алып жүру және шариғат ісін меңгеріп, тақуалық та жетілмей, жүрек тазалығын сақтау мүмкін де болмады. Сондықтан да жүрек көзі ашылмай аян, түс көру қасиеттері де тоқтап қалды. Сондықтан да өзінің тағдыр кітабын оқи алмай, өзіне тән күнәсін біліп ақтала алмай, ата жолында енді кешегі керемет аққу аяқ астына нілдей бұзылып, шайтанның азғыруына түсіп, батаны өз қалауына қарай бұру және өз түсінігінен, сезімінен сөздер қосу сияқты батаны бұзу аруаққа қарсылық, шайтанның жамағатына айналу да қарыштап дами бастады. Енді киелі рухқа әулиелер аруағына емес, кез-келген тазармаған аруақтарға да жалғану мүмкіндігі де пайда болды. Және бата алып берудің маңызын бірінші орынға қойып, тақуалық арқылы жүрек көзінің ашылуымен байланысты түрлі емшілік, білімдік, өнерлік дарындылықтардың маңызын ескермегендіктен де, көптеген осындай қасиетті мөрі ашылған аққу, сұңқарлардың жүректегі батаның тамыры кеңіп ашыла алмай және ордаларда тақуалыққа тәрбиелейтін жетекші мамандар да болмай, көбінің амал жоқ аққулық, сұңқарлық дегеннен бас тартуына да тура келді. Және осы тұрғыда тағы да жүрек тамырын ашуды қайталау болып, мұндай іске мен өз басым ашық қарсы болып, қандайда бір жүрек мөрі ашылған ер, әйелдің бойын тазартып жүрек көзін ашу арқылы қасиетін де жетілдіріп батаға шығаруға болатынын дәлелдегенмен керісінше: «Тоқберген жүрек ашумен айналысады» деп оны мөрді, жүрек тамырын есту қабілетін ашумен шатастырып, ал шынында бұл тақуалықтың, діннің негізгі намазы болғанмен оны мөр ашумен байланысты түсініп, ата жолына бұл әлі кезге дейін шайтанға айналғандардың азғыруына, біздің істерімізге қарсы қоюға да себеп болып жатқаны да даусыз. Сонымен ата жолында тақуалық түгіл қарапайым шариғат амалын да орындамайтынын және аққулардың шалбар киіп орданы да таза ұстай алмай, шаштары жалбырап жүріп, еркектер шылымын бұрқыратып, аузында боқтық, намаз оқу, толық дәрет, бас киімнің де маңызы болмай азғындықпен ата жолында алғашқы кездегі қасиетті аталған «кереметтер» енді теріс үлгі көрсетуші, аруақтың аманатын терістеуші тажалдарға айналып алды.

Осы тұрғыда халықты зияраттатып ешқандай да батасының нақты дерегі жоқ болса да, әйтеуір жақсылыққа деген сөзді жаман деуге ауыз бармайды дегендей насихат, үгіт түріндегі батамен ғана халықты жетелеп жатқандар ата жолының көпшілігін құрайды. Жақсылық тұрғысынан бұл үлкен сауапты іс, бәріміз де осындай жағдайдан өттік. Дәреттің не екенін, зияраттаудың не екенін білмей аспаннан түскендей болып жүріп, ата дәстүрін меңгеруге де себепші осы топтықтар да болды. Бірақ енді қасиеттілік тұрғысында онан да әрі кедергілерді жеңіп, ұлттық әулиелік құндылықтарды, дарындылықтарды меңгеру үшін онан ары қарай не істеу керек?- деген сұраққа еш жауап ала алмайтыныңыз да сөзсіз. Енді батаны мүлде жоғалып кетті деуге де болмайды. Бірақ солардың арасында да өз беттерінше ізденіп, тақуалықты, шариғат істерін жетік меңгеру арқылы да бата берудегі тазалықты сақтап ата жолының негізгі мақсатынан ауытқымай келе жатқандар, сонымен бірге түрлі тазару, емшілік, құран арқылы тікелей ақпарат алуға жалғанғандар да бар. Бірақ олар өте аз және ел биліктің мұндай саясатынан әлі кезге дейін ата жолын қудалап халыққа жек көрінішті қылып көрсетумен бірге, осындай тұрғыда аруақтық білімге, қазақ дәстүріне қарсылықпен жазылған кітаптар мен имамдар уағызы да әлі кезге дейін тоқтай қойған жоқ. Жоғарыдағы көкелері қолдап отырғасын әлде де ашық қарсы болып, ата дәстүрін мазақ қылып артынан қайғы-қасіретке ұшырап жатқандар күн санап еселеп артып келеді. Яғни, ел билік «қызыл қырғынды» осындай «экстремистік білім» ақпараттық жүйе арқылы қолдан ұйымдастырып отырғандарын бейбітшілік қозғалысына, ұлттар мен халықтар арасындағы тұтастыққа келуге қарсы болып, өздерінің шайтан жамағаты болып алғандарын әлі кезге дейін ақылдың аңғарымпаздығын меңгере алған жоқ.

Осы тұрғыда ұлтымыздың даналық мектебі — философияның құрдымға кеткенін де білген жөн. Бірақ елімізге төніп тұрған жас балалардың жаппай қазасы және түрлі дәрігерлік ғылымда жазылмайтын аурулардың еселеп артуымен, халық арасына қорқыныш кіріп намаз оқып құтылмақ болып мешіттерге тығылып, онан да яғни, күнәдан ақталмай құр дұғадан шипа таба алмай, ақыр соңында әулие-әмбилерге құрбан шалып ақталуға жәрдем сұрап, зияраттауға да лап қоятыны да сөзсіз. Сол кезде осы уақытқа дейін шайтандары қасарысып заңды бәрінен үстем қылып жазған, айтқан өтіріктерінен уақыт өткізіп ұмыттырып, өз дәреже-атақ, тағын сақтамақ болғандар керісінше, халықтың мазағына, қарғысына қалары да хақ. Яғни, құдайдың бұл кереметі кешегі тәккәппар білгіш, ата дәстүрін мазақ қылғандарды енді өздерінің боғына дәл солай былғанары да сөзсіз. Неге десеңіз осы уақытқа дейін тәрбиеленіп, жетістікке жететін уақытты тартып алып және ақпараттық тұрғыда халықты ата жолына, дайын жазылған білімге де келуге тосқауыл қойған бос кеңістікті халықтың жадын, санасын енді бір мезетте толтырып, ал рухани ластанған аққу, сұңқарларды бірден тақуа қылып дайындап шығу да мүлде мүмкін емес. Бірақ енді өздерінше білім алып, шариғатын ұстанып, ата жолында берілген тапсырмаларды шамасы келгенше орындап осы жазбаларды оқып, жетіліп келе жатқан топтар бар. Сондықтан осындай ақпараттар арқылы оларды аз да болса дайындап, ертең халыққа дұрыс қызмет көрсетіп, ата жолының негізгі үлгісін қалыптастыруға бастарын біріктіруге де мүмкіндік бар.

Осы тұрғыда олардың бұрынғы «әулие» сатысын меңгердік деп аталған жетекшілерінің де бұрынғы беделін сақтауға тырысып талай амалдарға, бір-бірін жамандап өтірік жала жабуға, жалған түйсік, сезім батамен ақпарат беріп те тырысып бағары да хақ. Және Ақ ұлдың жанында негізгі көмекші болған топтың арасынан «Мөр ашу» деп жалған аққу, сұңқарлар дайындап бедел жинап жүргендер де бар. Әрине олардың дайындаған шәкірттері де ертең мазаққа қалып қыспаққа түсуімен де осы жалған мөрмен жүрек тамырын ашушылардың сырттағы бойға, жалған түйсіктен, қаралықтан, жын көздерінен ақпаратқа жалғаумен айналысқандықтарын өздері де білмейді. Сондықтан да ондайларды сол жақтан ұстап аяқ буындары мен тамырларынан қыспақ болып, белге салмақ түсіп (ажалға үкім) мүгедекке айналуға үкім де түсіп қойды. Бірақ олардың сондай мүгедекке түсуін күтіп отырғанмен пайда жоқ және бұл тажалдық болып, бірі кетсе орнына басқа бірі пайда болатын бір құбылыс екені де сөзсіз. Енді олардың және жалған батаны, аққу, сұңқарлардың ісіндегі жалғандықты, арамдықты және оларды анықтауға қалай ақпаратты алуға болады деген сауалдың да туындауы сөзсіз. Олай болса, енді осы жағдайлардың жеке-жеке сипаттарына, ішкі сырларына тоқталып көрейік. Ата жолы дәстүрі масһабтан әлдеқайда биік және бұрынғы әулие бабалар меңгерген Ясауи бабамыз салған ілім жолы болғандықтан қазақ дәстүрінде шариғат та, тарихат та, мағрипат та дәстүр амалдарына намаздар орындауы болып салтқа да айналған. Сондықтан бұл тұрғыда мен масһабашыларды сынағанмен, негізінде біздің шариғаттық бар амалымыз масһабтан алынып және оның көптеген біздің дәстүрімізге келмейтін артық, теріс істерін біз орындамаймыз, керісінше олардың меңгермеген өзге үш масһабтағы амалдарға, аяттарға, құранға, сүннеттерге, құдай ісіне байланысты шариғаттық тазалық, сопылық істердің бәрі ата жолында орындалуы шарт. Сондықтан да тақуалық, тазалық, тәртіп ата жолында ордалардың ішкі жұмыстарында және аққу, сұңқарлардың жеке сақтайтын, орындайтын міндетті ісі болу керек.

Осы тұрғыда ата жолында ордаларды және аққу, сұңқарлар дәрежесін үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа; жоғарғы қасиеттілікті, дарындылықты меңгеру жолындағылар болып олардың әйелдерінде кимешек, аяқта мәсі, етегі балтырды толық жауып, жерге тиер-тимес болып тұру шарт. Ал ерлерде бас киім, аяқ киім мәсі кию де міндетті, арасында шапан киіп жүргендер де баршылық. Және бұл топтағылардың ата жол жазбаларын, құран білімін, хадистер мен пайғамбар сүннеттерін де масһабшы имамдардан артық білмесе кем білмеуі де шартты жағдай. Және бес уақыт намаздары, қосымша нәпілдері, ораза ұстанулары сияқты сопылықтың негізгі амаларының бәрі бұл топтағылар меңгерулері де тиісті. Екінші топтағылар да осындай тақуалық киіммен тазалықты сақтағанмен, көбінде намазы толық емес, ата жолы білімін де меңгеру қалыпты емес, сол сияқты білімнен де, намаздарды орындаудан да кемшіліктері, жетіспеушіліктері де болады. Осыған қарай бұл екі топтағы батаның дәрежесі де, ақпарат алу, емшілік істері де өзара ерекшеленеді. Оны алдағы жазбаларда жеке-жеке талқылаймыз. Ал үшінші топтағылар әйтеуір осылай болса болады-дағы дегендей, аққу аталғандардың баста жұқа орамалды орай салған, шашы көрініп, етегі қысқа, шолақ, аяқта мәсі жоқ болса, ал сұңқар аталғандар да бас киімге де, аяқ киімге де мән бермейтіндер болғанымен, негізгі ата жолындағы қара жұмысшылар осы топтағылар болып, қара халықты керуенге топтап шығарушылар болып саналады. Сондықтан олар өздері істемегенді халықтан, шәкірттерінен де қалай талап етсін? Көпшілік қауымға да алғашқы кезде осындай ордалар дұрыс болып, тазарып есін жинап сосын әрі қарай жетілуге де бұлар алғашқы баспалдақ сияқты. Соған қарай бұларды қудалаудың да қажеті жоқ. Сауабын ала берсін, шаруаларын да қамдай берсін. Халықты ата жолына шақырып әулие-әмбилер алдынан өткізсе, қалғанын аруақтар жетекке алары да сөзсіз.

Ал енді нағыз ата жолын азғырушылар және ата жолының дамуына да кедергі тажалға айналғандарды әуелі сыртқы бейнесінен аққулардың шалбар киіп, қалай болса солай шүберекті басына тарта салғандар, тек орда және зияраттауға барғанда болмаса, күнделікті тұрмыста үйде мұны да орындамайтын да, сұңқар аталғандардың аузында шылым, сөзінде боқтық болып алыстан-ақ менен қаш деп тұрады есті адам баласына. Бұл топта және Ақ ұлдың қасында жәрдемші болдық деп жоғарғы беделге ие болғандар да бар. Ал олар нағыз тажалдар, азғындыққа бастаушылар болмақ. Себебі олар шәкірттерді де осылай тәрбиелеп, халықты да тек әйтеуір зияраттаса болғаны, ал қазақ дәстүрін дәріптеуді былай қойғанда, зияраттардан шипалы, пайдалы қуаттарды алуға бойлары тазаруға барғандар, қалай болса солай әулие бастарын мазаққа, ойын-сауыққа айналдырумен өздері де қара қуаттарымен, нәсілдермен де жүктеліп, қыспаққа түсіп немесе ешқандай да өзгеріске, хикметке жолықпай, ата жолынан бас тартып қашуға да, тілші, жазушы, дінші аңдушылардың ата жолын масқара қылып жамандауына да себепші, жәрдемші болады. Олар және білімге де құлықсыз, өздері білмегенмен тұрмай, білгенді тыңдауға да жалған намыстары жібермей, құр бұрынғы кезде керемет болғанын әлі кезге дейін ұмыта алмай, өздерін-өздері мақтап жүргендер болып, сонымен бірге Ақ ұлдың кезінде қасында, маңында болған беделдерін сатып, оған нанған бұлардың соңынан аңқау шәкірттер де көп еріп, ата жолының жазбаларына да ашық қарсы болып, көбіне бірді-бірге айдап салу, өсек, жала, мақтан, дүние қуумен айналысатындар болып келеді. Ал енді ішкі орданы жүргізуге, батаның қасиеттерін, нақтылығын анықтауға келсек ол бөлек әңгіме болмақ… (жалғасы бар)

Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясымен, Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер; http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *