V- ТЕКТІЛІКТІ САҚТАУ-ДІЛ БАҚШАСЫН ӨСІРУ

Бөлім: Текті қалыптастыру ілімі-жан ғылымы 138

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}

    (жалғасы 1-4 бөлімдерде)

    Сонымен тектіліктің негізін қалай және қандай рухани қуаттармен байланыстырамыз деген сауалға  «Жын қуаттары мен адам болмысының рухани дәрежесінің  философиялық түсініктері» деген жазбада қысқаша сипаттап  бердік. Енді сол жазбадағы кейбір мәліметтеріне тоқтала кетсек; Бұл тұрғыда қазақта;

     «Ай астында төрт тек бар,

     Астыңа жайған төсектей.

     Аспанда жалғыз әсер бар,

     Бір өзі көпке есептей.» астарлы нақылдың маңызы және білімі де осы біздің төрт тегіміз ай мен жыл мезгілдермен байланысты болса, бас бармағымыз және сол қол саусақтары күнмен байланысты екенін аталарвмыздың ерте заманда да жеткілікті білімі болғанын әшкере жария қылып тұрғаны да анық жағдай. Сонымен енді бас бармақтағы екі буын екі күннің сипатын береді. Ал төрт тектің айға байланысты мезгілдің де 12 буыннан тұрып әр буындарға айлардың аттарын орналастырсақ, біздің өміріміз құлшылығымыз айға да күнге де тәуелді болуын ескертіп тұр. Негізінен төрт тек; «От, су, жел, жер» болып енді  төрт түлік мал да жылқы – желден, қой  — оттан, түйе-сордан (сор жердің негізі ақ топырақ), сиыр-судан деп түсіндірілген. Сонымен біздің жастығымыз жылқылық текті меңгерумен жас баланың алғашқы ересектік белгісі, сүннетке отырғызып жылқыға мінгізу дәстүріміз де осы жағдайды білдіреді. Бұл тек және «шынашақ -сегіз жақ-октаэдер-жел болып айы ; желтоқсан, қаңтар, ақпан яғни қыс ақ текпен байланысты болмақ. Бұл тұрғыда қысы жоқ экваторлық елдерде, қара нәсілділерде ақ тектің әлсіз болуын да білген жөн. Сондықтан олардың киім кию дәстүрінде де ерекшелігі болуында да осындай жағдайдан туындайды. Қазақ ұлтының негізгі киімдік сат-дәстүрі қыстық үлгіде жабық әурет жерлерін көрсетпей басты да жалаңаш ұстауды арсыздық деп білген. Арап халықтарында ақ текті меңгеруді жаздың өзінде де қара киіммен ыстықтан, күннен шуақ алу арқылы киім кию дәстүрінде де осындай сыр бар. Яғни ақ текті қалыптастыру бойды жетілдірумен тікелей байланысты да болмақ.

   Енді «Аты жоқ саусақ, кіші саусақ-ғарыштық қуат-көк нәсіл –Уад-қой –от-тетрадэр (төрт жақ)» Шопан ата негізі болып бұл текті меңгерудің мезгілдік бейнесі, «қыркүйек, қазан, қараша» болмақ. Және қазақта бұл тектерді меңгерудің де мүшелдік сипаты болып негізінен бес қуатты меңгеру құранда 40 жаспен аяқталып, аралық жиілігі 8 жылмен есептеледі. Қойдың басын қонаққа тартқанда басына «крест» белгісін салып, «Төрт құбылаң тең» болсын деген ырымның негізінде де терең ғылымдық сыр жатыр. Бұл көктік текті меңгеру інжілмен байланысты екенін аталарымыз ерте заманда-ақ намаз амалдарын дәстүрімізге айналдыра білген.

  «Ортан қол саусақ-баршылық қуат-қара нәсіл-яғұқ-түйе-жер, сор-гексаэдр(алты жақ)» болып  Ойсылқара атамен де байланысты тектік болып, бұл текті қазақта бақсылықпен байланыстырған. Мезгілдік бейнесі; «Маусым, шілде, тамыз» айлары болып бұл айлардың қазақ дін дәстүрінде сапар айы, хаж болуында да үлкен мағына бар. Бұл текті меңгеруді, сапар айында хажды меңгеруге байланысты болып, ал  масһаб білімінде қағбамен қажылықпен байланыстырып адасқаны да сөзсіз. Қажылық негізі Ыбырайым пайғамбарымызбен, ақсақалдықты меңгерумен, оң мен солдың теңелумен бас бармақпен байланысты болу керек.

  «Сұқ саусақ-қарсылық қуат-көгілдір нәсіл-яғұқ-сиыр-икосаэдр (жиырма жақ)» Зеңгі баба болып бейнеленеді. Мезгілдік сипаты; «Наурыз, көкек, мамыр» болып табылады. Бұл қуаттың ана сүтімен, ана тілімен байланысты қан тазалығын меңгерудің маңыздылығы және Зеңгі бабамыздың Лұқман екенін де білген адам баласы, оның 31-сүре құлшылығымен ата-анаға жақсылық жасаумен, ақыл толумен байланысты екенін түсінуі де сөзсіз. Бұл тектің 20 санды көпжақпен байланысты болуында да бұл құран аяттарының, сүрелерінің де маңызын ескертіп тұр. Құранда «Таһа» сүресінің де есту, көру сезімімен байланысты болып адамдық қасиеттің толықтығы да осы текті меңгерумен, тура жолды табумен насихатталады. Және сұқ саусақ пен ортаңғы саусақты ашып арасы римдік бес сандық мәнін беріп, бұл белгіні көбіне шет елдік жастардың  екі саусағын көрсетуді белгі ретінде пайдалануында да ерте заманнан келе жетқан құпия сырды білдіреді. Ортаңғы саусақ Ойсылқара біздің әкелік тегіміз, сұқ саусақ анадан екі саусақты бөлектеп көрсетсек, екеуінің арасы римдік бес санын, бес қуаттың да тұрлауы бұл Алланың хикметті жаратылыс сырларынан деп те түсінуге болады. Сондықтан әкеден аманатты орындамаған, яғни шал емшегін еме білмеген шешеден уәдені-тіл білімін де ала алмауы да хақ. Абай атамыз да бұл төртінші тектің сипатын ойды меңгеру ақылдың толуымен «Төртеуді түгелдеумен» сипаттап; «Тағдырдың жарлығын білесіңдер-өзгертілмейді. Пендеде бір іс бар жалығу деген…Бірақ осы жалығу деген әрнәрсені көрем деген, көп көрген, дәмін, бағасын, бәрінің де баянсызын біліп жеткен ойлы адамнан шығады. Соншалықты ғұмырының баянсызын, дүниенің әрбір қызвғының ақырының шолақтығын көрген-білгендер тіршіліктен де жалықса болады. Бұлай болмағанда ақымақтық, қайғысыздық та бір ғанибет екен деп ойлаймын.» (20-шы қара сөз). Әуелі бұл ақылдылықтың көрінісі есеюмен, өмірдің ыстық суығын көріп ақ-қарасын, пайда-зиянын ажыратумен пайда болатын рухани естілікті Абай атамыз неге 20-санмен белгіледі деп оның есебін білгіңіз келсе қазақта; «Ақыл алтыда, ой жетіде» деген ақыл-ойдың өлшемімен қимасы (қосындысы) 13-санымен сөз даналығын меңзеп тұрғаны да хақ. Және пайғамбарымыздың; «Мен жеті сүйекпен сәжде жасауға бұйырылдым» деген өсиетін де негізге ала отыра осы 20-санның тұрақтауын білуге де болады.  Сонымен бірге тектілік деген құранда; «Баланы екі жасқа дейін емізу керек, 40-қа келгенде ақылы толады» деген аяттың үкімінде де ғылымдық маңыз барын білген жөн. Ол 8 сипатты түрдің яғни жын қуаттарының 5 түрлі қуатпен дәрежеленуі яғни әрбір 8 жылда адам баласының үні өзгерумен 40-жасында тұрақтауы да ғылымда дәлелденген жағдай. Сондықтан да тектіліктің маңызы да осы екі түрді бірі қаракеттік, бірі тербеліс рухани қуаттық екі жасқа дейін ана сүтімен ірге тасы қалаған ағаштық белгіні меңгерумен нәтижесін береді. Және бұл жаста қырықта ақылы толмай тегін меңгере алмаса, онда қайғысыздыққа ұшырап ақымақтыққа түсіп, ойын-сауық құрып барлық тіршілік мәнін тек дүние байлықпен өлшейтін қазіргі замандағы үлкендердің де жас балаша ойланатын, қылығын мастығын ескертеді.

    Бесінші саусақ бұл негізгі меңгеруге тиісті жаратылыс қуаттарының әлемдік құрлымының да бейнесі екені де сөзсіз. Сонымен енді, « Бас бармақ-жандық қуат-Қария(Адам)-насыр-додекаэдр (12 жақ)» болып негізінен ғаршылық қуаттардың, күрсінің жиынтығы және екі буыннан екі күндік белгіден тұратынын да білген жөн. Бұл тұрғыда күннің ішкі алмасу жиілігі (циклы) 11-санымен, 11-жылмен байланысты өзгеруін ескерсек бұл 22-санды хаж сүресімен де айқын болып, бесінші парыз қажылық деп ислам дініндегі адасушылықтың да негізінде осындай білімді жете меңгермеуден туындаған. Бұл тектілікті меңгеруді қазақта; «Сегіз қырлы бір сырлы» деп өнермен, ұлттық дәстүрмен тікелей байланыстыра білген. Себебі негізінен аяқ, қол бас бармақтарының саны да 4-еу «Төртеуді түгелдеу» болып, ал буындары 8 болуын ескерсек онда бұл барлық ақылдық қимыл қарекетпен, біліммен де байланысты тектілік болып саналады. Яғни енді баршылық оң қолдық қуатты меңгерумен бірге тағы жасырын 3 түрлі сипаттарында бірлеу керек болады. Сегіз түрлі намаздық амалдың пайда болуы да осындай сырларға тәуелді болмақ. Сондықтан  қазақта тектіліктің негізгі санын; «Алтау араз болса ауыздағы кетеді» деп сөз өнері мен философияны, сұқбатты жетік меңгерумен шешендік, билік, абыздықпен  тікелей байланысты болуын ескерткен. Абай атамыз; «Атадан алатау, анадан төртеу туғанмен…» деп негізінен тектің әке рухынан 6-санымен атадан, шеше қанынан 4-санымен келетінін де ескерткен. Шәкәрім атамыз «Мұңды шал» деген өлеңінде; «…Ғылымға қанағатсыз болу керек, Бес түгіл разы болмай алтыға да. Қара жерге кіргенше қамданып қал, Шалмын деп жатып алма шалқияда. Әкеңді алып, өзіңді көксау қылып, Қан аздық қылып тұр ғой артыңа да!..» Жалпы тектіліктің беспен аяқталмайтыны алтымен бекіп және ғылым жолында онда әрі даму керектігін ескертіпті. Енді бұл тектіліктің үлгісін Мұхаммед пайғамбарымыз 8-бен яғни сегіз жолдың басын біріктірумен мүміндіктің қазығын қағып белгілеп кетсе, Ясауи бабамыз оған түркілік сипатпен жол-жобасын қосып барлығы 9 санды текті меңгеру керек болып он саны көктік сан және Аллаға тұтастық бірігу «екі қол» қуаты болып және оның ішкі мәні 11-жұлдызбен, екі күн және аймен 13 санымен де атқарылатынын да білген абзал.

    Енді бұл тектіліктің кезінде адамзаттың өсіп-өркендеуімен араларымызға пайғамбарлар, елшілер келіп түрлі қасиеттерді меңгерген әулиелер де келіп адамзат тегінің дайын үлгісі қанға жазылып, сол қан арқылы да тез меңгеруге болатын жан ғылымының сыры қазақ халқының дәстүрі болып та қалыптасып үлгірген. Сондықтан да ; «Жаманнан жақсы туады бір үзім нанға алғысыз, жақсыдан жаман туады адам айтса нанғысыз» деген нақылдың да ғылымдық сыры болғанымен оны да жоғалтып алдық. Неге десеңіз қазақта текті тұлғаны қалыптастырудың 3-сипаты болып; Текті, төре, қожа ,-деп аталғаны тарихтан мәлім. 

    Осы тұрғыда Шынғысхан бабамыздың тобықты руынан шығып, өзін төре атап, ел билеушілер, хандар ұрпағын қалыптастырып ал Ясауи бабамыз қожа, сұлтан тегінің негізін қалап кеткені де хақ. Ал тарихта ұмыт қалған билер, абыздар, шешендер, ақындар, күйшілер мен түрлі өнер иелерін де қалыптастыратын «Текті» аталған тобы да болып, оны Ақ орда атап бөлек өмір сүрген де жағдайы болған. Бірақ  кейіннен  Шыңғысхан баба пәрменімен үш жүзге бөлінуімен өзара араласып та кеткені болды.Сонымен бірге бұл негізінен үш түрлі қандық топқа да байланысты болып қазақта бұрын 4-ші  қандық топ болмаған. Бұл дерекке күмән келтіргенмен кейін ғылымның даму барысында бұл айғақтың да дәлелденуі де  хақ. Кейіннен 4-ші топ егелері ғылым мен білімнің негізін қалаған европалық жақтан келумен енді біздерге осы 4-ші топтық тектілікті ағашты меңгеру де сынақ болып, оған қарсылық білдірумен құдайдың пәрменімен көп уақыт орыс халқына бодан болып, бұл текті ғылым, білім арқылы орыс нәсілдерінің рухы да арқылы европаға жалғануға да тура келді.

   Ал төртінші текке жалғанудан мүлде бас тартқан және алдыңғы үш тектік ағашы жетілмей қалған жоңғар, қалмақ сияқты ұлт өкілдерінің өмірден жоғалып кетуі де осындай жағдайға тәуелді болғаны да хақ. Бірақ адамзат тегі бұл ай астындағы төрт текпен шектелмейді де. Маңғыстау өңірінде қабір басынан тамырлап шыққан ағаштың бейнесі басында күнге жалғанып тұрғаны суреттелген екен. Бұл жандық тектің адамзатқа жер әлеміне ортақ белгісі баспен және жермен, онда да қабірдегілермен байланысты болып оны аталарымыз; «Адамның басы Алланың добы, қатынды бастан» деген астарлы нақыл да қалдырған. Бұл текке тек діндік ғылым арқылы меңгеру арқылы ғана жалғанатын болғандықтан, «Ілім мен білім ортасын таппасаң бүлін» деп астарлы ескерткен даналарымыз. Енді қазақ елінде  надандықтың да негізі  болған төре тұқымдарын өзінше ру қылып басқа жүздермен қыз алыспай үш ағашы да жетілмей оны Абылайхан атамыз; «Менің 4-ші ұрпағымнан бастап бақа-шаянға айналып кетеді» деген әулиелігі де орындалғаны сөзсіз. Екінші жағдайдағы ұлттық  қасірет болып, қожаларды араптан келді деп үш жүздің ағашынан тамырынан ажыратумен қандары азып, қожалық қасиеттерінің де қандық араласуы болмай азып және көп жағдайда мүлде жоғалуына әкеліп соқтырғаны да сөзсіз.

  Сонымен біздер мейлі қандайда жағдайда төре, қожа, текті тобынан болайық бәрібір қанымыздағы 4-ші топтық ақпараттық белгіні өшіре алмаймыз және ол құдайдың хикметімен ол қожаның да, төренің де қанында бар. Сонымен бірге ендігі заманда білімсіз, ілімсіз  қандай қазақты да ақылды, есті атай да алмаймыз. Сондықтан да 4-ші ағаштық тектің негізіне біздер аруақтық қуат  арқылы еріксіз түрде жалғанамыз және қанша тілімізді де бөлек, шекарамызды да, тіптен таңбамызды да бөлектегенмен орыс халқымен аруақтық араласып кеткендіктен оны қанымыздан да, рухымыздан  жеріміздегі бар орыстың моласын қазып өз еліне апарарып тастағанмен біздердің рухани тұрғыда ортақ белгіміз қалыптасып қалғандықтан бәрібір қанымыз араласа береді де. Енді осы жағдайда бағзы замандарда айыр, балтамен орыстың зеңбірегіне қарсы шығып, болмаса шет елге қашып тоз-тоз болып талай ұрпақтардың жоғалуына себепші болған жағдайға қайта оралып; Таңбаны өзгерту, «Ов, ова, ев, ева»-ларды алып тастап қайта қазақ боламыз деген надандық та және қожа мен төрелердің ұрпақтарының надандыққа түсіп қандарын аздырып алғанынан бетер, қазақтың жастарын, ессіз үлкендерін де зұлымдыққа салып жатқанына біле бермейміз. Қазақтың тектіліктігінің негізі де бұл құдайдың паташалығында өмір сүре білуі мен яғни құдай еркіне қарсы болмай берген аяндары, көрсеткен түсін жорып және арамыздан шыққан осындай әулиелер ақылымен ешқандай  білімсіз хат танымаған қойшының өзі қазіргі академиктерден артық ойшылдықты, жаратылыс сырын да, жын ғылымының қандық сұрыпталуын да меңгеріп; «Теңін тап та тегін бер» деп, жұлдызға қарап-ақ табиғаттың мезгілдерін болжап, құдай хикметін аңғаруды да барлық жаралыстық жанды нәрселерге қарап ақ танып оқи да білген. Бұл біздің негізгі кітабымыз жер ана рухы мен табиғаттың өзінен ала білгенбіз. Және мұны жеткізуші аралық күзетшіміз  аруақтық білімді де жетік меңгерген елміз. Қандай да бір даулы мәселеде құдайдың өзіне жүгініп берген уахи, аянына мойынсұнып тоқтай да білген текті халықпыз. Сондықтан да осы аталардың дәстүрімен мен Раббымыздан осы даулы мәселенің жағдайын көрсетіп шешімін беруді сұрадым.

    Сонымен; «ОВ,ОВА, ЕВ, ЕВА» сияқты тегімізге жалғаған жұрнақ таңбаның мәні бар ма? Жауап; « III-топтағы тектілік, әулиелік белгілермен жалғануды қалыптастырады, 82-сандық мәнмен байланысты. Және II-I ; топтағы қан тобымен қосылып 3 түрлі сәуегейлік  адаммен бірге өседі, адаммен бірге өшеді 4; 6; сандық мәндерге байланысты». Олай болса біздердің орыс халқы арқылы алған фамилиялық белгіміз өзара үш ағаштық үш топтық қанның араласуын қалыптастырып тұрады екен. Ал енді 4-ші топты қалай меңгереміз. Бұл сырды жүктелу деп атап біздер қайда қашсақ та орыс ұлтымен тамағымыз да, әдетіміз де, тіліміз де,  жеріміз де, молаларымыз да қатар жатқандықтан орыстық немесе жоңғарлық, қалмақтық басқа өмірден өткен халықтардың рухына еріксіз жалғанамыз. Себебі бәріміз бірдей тақуа болып ата дәстүрін ұстанып, қазақ жеріне шығарған тағамдарды ғана пайдаланып, тек қазақ әулиелері арқылы ғана шамамызға қарай өлшеп алу дегенді мүлде білмейміз және европалық салтты ұстанып басымызды жалаңбас ұстағанды былай қойғанда, ар білімне қайшы қалай болса солай киініп, солардың тамағын да жеп сөзін де сөйлейміз. Сондықтан бұл жүктелуде біздің мінез, қылық, ұлттығымыз өзге ұлттардың жетегінде кетпес үшін, біздерге ана тіліміз бен дәстүрімізді мықты ұстанбасақ, онда тегіміз азып тұқымымыз да жоғалу қаупі де басым.Ал енді; төре, қожа аталып қазақ ұлтынан бөлекпіз деген ағайындармызға да енді бірталай жылдардан кейін мүлде тегінің тозуына да қауіп күшті. Себебі олар жеткілікті дәрежеде төрт тектің басын қосып қан араласуын, қанның қуатын күшейте алмаса онда олардың ата-баба аруағы қасиеттілігі басқа қарапайым тұқымдарға ауысып кетері де сөзсіз.Талайлары бұл кезеңдерде ауысып та үлгірді.  Қандай да болсын рудың, жүздің ішіндегі топтардың тегін жетілдіру үшін біздің бүгінгі таңдағы ғылым-біліміміз де және өзін ұлтшыл атаған топтардың сезімдік жындылығы да құтқара алмайды. Бұл жағдайда қазіргі ата жолында жүріп жатқан аруақтық байланыс пен қасиеттілікті меңгеру жолында әулие-әмбилердің бізге берген нұсқауларымен, құдайдың уахимен ғана некелесіп қызымызды аруақтың тапсырмасымен қандай бір мейлі қай жас та болсын, мейлі екінші, үшінші болсын, текті ер азаматқа беру арқылы ғана біз қандық қуатымызды күшейтіп өмірге текті ұрпақтардың келуін де қамтамасыз ете аламыз. Осы тұрғыда «Жын және шайтан, адамзат тегі» атты кітаптың екінші, үшінші бөлімі болып шығатын «Жан сырларының құпиясы» атты жазбада бұл жайларды енді кеңінен талқылап өтеміз. Ал енді қазіргі таңда; Айгүл Назарбай, Мұрат Көкбөрі…деген сияқты өз әкемізбен, атамызбен құрдас болып қазақтың тегін дұрыстадық деген надандықтан не пайда болады деп сұраңыз.

     Маған келген ескерту бойынша, ныспың ақиретке кіретін 3 түрлі белгіден тұру керек. Компьютерлік «матрица» түрінде көрсетті. Алдыңғы жағы атың онан кейін мендетті түрде «ОВ, ЕВ, ЕВА» болып артынан өз әкеңнің ұлы, қызы болып жазылу керек екен.  Мысалы; Айгүл Назарова Қуат қызы деген есімдік тұрғыда болу керек. Негізгі тегіміз ортасында болу шартты. Және осы тұрғыда болашақта енді рулық жүйені пайдалану қиындай бермек те, ал бүгінгі заман тұрғысында әркім өз руын біледі әрі қарай осы «Ов, Ев» тар негізгі рулық қазық болып жеті атаға дейін осы есімді алып кейін жеті атадан асқанда өзгертіп отырумен біз қазақтың жаңадан компьютерлік жүйеге де көнетін қан сақтау дәстүрімізді әрі қарай жалғастырамыз және мұндай жағдайда қателесу мүмкіндігі де қыздардың да тегін сақтауда қолайлы болмақ. Қандай жағдайда да қай Назарова дегенде пәлен рудың деген жүйемен де оңай табуға болады. Сондықтан мұны ғалымдарымыздың назарына ұсынып мен ата-баба аруақтарының аманатын таратушы ғанамын, ешкімді мәжбүрлеу ойымда да жоқ екенін де біліңіздер. Ал негізінен түбінде орындатушы Құдайдың өзі. Кім естісе де естімегендей болып, тәккаппарланып өзім білемін деп, бағытынан қайтпай қарсыласса, міндетті түрде ұрпақтары да аруақтық қан араласуы да бұзылып, імүндік қарсылығы да әлсіреп гендік тозғындыққа ұшырауымен қан алмасудың бұзылуымен де жазаға тартылатынын білген де жөн.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *