IV- ТЕКТІЛІКТІ САҚТАУ-ДІЛ БАҚШАСЫН ӨСІРУ

Бөлім: Текті қалыптастыру ілімі-жан ғылымы 65

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}

      Сонымен жоғарыдағы тақырыптардағы баяндап өткен тек қазақ қана емес адамзат үшін үш түрлі ырысты меңгерумен ғана адам баласының тектілігі, яғни құдайлық несібе бәйшешек бақшасынан азық ала алады. Ол; Ақ арыс, Жан арыс, Бек арыстық бекзаттық қасиеттерді меңгерумен ерекшеленеді. Сонымен енді бұл сипаттар әрбір қазақтың және адамзаттың бойында болатын құдайлық белгі; «Менімен» байланысты болып, мұндай тектілігін жетілдіру үшін тағы 4 сипатты ислам дінімен тікелей байланысты арыстық қасиеттерді меңгеру керек. Сонда ғана әрбір пенде осындай тектерінің аз-көп шамасына қарай қабілетін жетілдіріп, оны амалға айналдырып, халыққа пайда келтіруге жарата білсе, махаббатпен адам баласының өз «менін» жетілдіруге, яғни «Маған құлшылық жасаңдар» деген құдайлық үкімге сәйкес болмақ.

      Қазақ елінің тарихында талай өтпелі кезеңдер өтіп, оның біздер үшін ең маңызды уақиға және шежіремізде орын қалған кеңес үкіметінің құрамында болып, орыс елінің бодандығында өмір сүрген кезеңдеріміз. Әрбір тарихи кезеңдер жаратушыдан берілген белгілі жоспарымен және оның жамандығымен қатар пайдалы жақсылығы да болуы шартты. Сондықтан аятта; «Сендердің жек көргендеріңнің ішінде жақсылық бар, жақсы көргендеріңнің ішінде жаманшылық бар» деген жаратушымыздың ескертуімен бірге адамзатқа берілген махаббатпен құлшылық жасаудың негізі де жамандықты жақсылықпен кетіру және жақсылық істерді онан әрі қарай жетілдіру иманның шарты болмақ.

   Жақсыны танып, оны өсіргендерің үшін әрбір амалдарыңа 10 есе сый беріп, ал жамандықты кетіргендерің үшін екі есе сый берумен, жамандықты қайталағандарға дәл сондай жамандық берумен діннің негізгі қағидасы да насихатталды. Сонымен жақсылықты өсіру үшін не істеу керек? Әрине жан ғылымынан, жаратылыс сырынан толық мағлұмат алмайынша адам баласын шайтан жақсыны жаман, жаманды жақсы қылып көрсетуден жалықпайды да және оның  жаратушы алдында берген орындауға тиісті міндеті де.

      Орыс империясымен бірге біздерге қандай құдайсыз мемлекет болғанымен, біздер егеменді ел болып өмір сүргенімізбен де өз еркімізбен бас тартып, өркениетте артта қалуға ұшырайтын да едік. Әлемдік дәрежеде көптеген ғылым-білімде де, руханият, діндегі де құндылықтарды европа елінен тікелей алмай орыс арқылы електен өткізіп алудан жан ғылымында, тетілікті сақтауда алға қарай дамып жетіле алдық десек, көптеген оқырманға қазақ деген намысына тиіп, бұл бір надандық сияқты көрінуі де сөзсіз.

     Орыс мемлекетінің құрамында өмір сүріп, біздердің әйелдер қауымының да еркектермен бірге шаруашылыққа араласып, қандай да бір өнер саласын меңгеріп және білім-ғылымды меңгеруде тең дәрежелі еңбек еткенін, бұл жағдайды тек орыс империясына қосылу арқылы ғана мүмкіндік алғанымызды, сондықтан ділдік білімді жетілдіруде қандай да бір ислам мемлекеттерінің әйелдер қауымынан әлде қайда биікте тұрғанымызды аңғара алмаймыз. Бұл адамзатқа көмес сырлар болғандықтан оның сырын терең түсіну үшін сопылық жолдың қыр-сырына қанық болу керек. Мысалы Шәкәрім атамыз өмірінің соңғы жағында, қатын-баладан жырақ кетіп, тау арасында жеке өзі өмір сүріп, сопылық ілім, білімін жетілдіріп, шығармашылықпен айналысқаны бар қазаққа мәлім.

     Ал, атамыз өз өлеңінде;

     Надан шал қайдан білді деп,

     Езуіңе күлкі кеп.

     Мақтаншақ деп өкшелеп,

     Сезе алмассың сырымды.

    Қатыным кәрі, балам жас,

    Қасымда тұрма, бірің қаш.

    Балалар емес замандас,

    Болады қайтіп ол мұңдас.

   Кемпірдің жоқ қуаты,

   Не ғылымнан суаты,

   Тірі деген құр аты,

   Кәрі шалды күте алмас.

   Молдалар аяп пақыр деп,

   Бұзылып бара жатыр деп,

   Ат қойыпты кәпір деп,

   Өздері соқыр, мұным рас…

 Бұл жағдайды және; «Кемпірдің жоқ қуаты, не ғылымнан суаты» деп Шәкәрім атамыздың нені меңзегенін мен өз басым көп жылдар түсіне алмай қайта-қайта бұл тақырыптың сырын құдайдан сұраумен де болғаным рас. Ясауи бабамыздың да екі әйелі болып, бірақ 63 жасынан кейін барлық дүние тіршілігінен безіп, жер асты хилуетте өмір сүрудің өзі біздің ұлтымыздың діл білімінің, әйел қауымының ғылым суатының жетімсіздігінен де бір себепші болғаны хақ. Ал, Ясауи бабамыздың шәкірттерінің бәрі қожалық дәрежені меңгерумен,  яғни құраннан кітап алумен өз әйелдерінің жанына ұрығы арқылы жазылса, ал қыздарына текпен ауысып отырғаны да сөзсіз. Сонымен бірге әйел қауымының, қыздарымыздың да дін білімін, жаратылыс ғылымдарын меңгеруге де өзге ислам елдеріне қарағанда дәстүрімізде де мүмкіндік туып, қазақ ділінің өркен жаюына бірден-бір себепші болғаны да хақ. Сол сияқты Шәкәрім атамыздың жасы келіп, кемпірінің не алған білімі жоқ, қанында мұндай белгі жоқ және жасының келіп қалғаны бойынша енді ерін тазарту, санасына неке төсегі арқылы қуат беру мүмкіндігі, яғни дінде де тақуалығын арттырып, жанымен жалғанып, «мұңдас» болу мүмкіндігі жоқ болғандықтан, сонымен бірге керісінше зиян тигізу қаупі, яғни қасиеттілікті меңгеру мүмкіндігі шектелгендіктен қолдағы жылуы да аз болып, Шәкәрім атамыздың тау арасында өз күнін жеке көруіне де себепші болған. Мұндай жағдайда кеңес үкіметінің де дінге қарсылығы, қазақ дәстүрінің осындай жан ғылымына байланысты салттарын қудалау әрекеттерінен таза діл қуаты, жетілген бәйшешек бақшасы өсіп-өнген тоқал алу мүмкіндігі да болмаған еді.

   Ал, енді қазіргі заман тақуалығы мен мұндай тектілікті қалыптастыру және заман ғылымына, дәуірлік өзгерістерге қарай онан да әрі жетілдіру, сопылық биіктерге көтерілу қағидасы бір жағынан қарапайым оңай ,екінші жағынан қиын сынағы да бар. Оңай жағы бұрын қазақ әйелдерінің заманаға қарай ілім, білімді меңгеру тек төрелердің, билердің, қожалардың, аз ғана ауқатты қауымның қыздарына ғана бұйырып, ал ондай текті қауым өкілдері сыртқа қыз бермей «бай-байға, сай -сайға құяды» дегендей,  өзара қыз алысу нәтижесінде керісінше тектерін аздырып, мұның соңы өзге елдерге құлдануға, қан араласуға апарып соқтырғанына тарихта мәлім. Кейбір аталарымыз меңгерген тектілікті жетілдіру білімінің өзі, жан ғылымның соңына түсіп, тәккаппарлық асыра сілтеу әрекеттерінің салдарынан құдайға қарсы тажалдық білімдер пайда болып, арты жамандықтарға соқтырғанын да біздің зиялы қауымның білімінен әзірге тыс зерттелмей де қалған. Ол үшін мұндай тектілікті жетілдіру жолындағы Ясауи бабамыз көрсетіп кеткен діни жолмен жүріп өтіп, Абай-Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп сияқты әулиелер ізіне жалғану керек. Ал мың жылғы масһаб, шариғат ісімен мұндай ахуалды, кісілік дәрежені меңгеру мүмкін емес.

     Сонымен орыс мемлекетімен кеңес заманында дін жоғалды деген бекер сөз. Керісінше құранда ескерткен; «Мұхаммед айт: «Әй кітап иелері! Інжіл, Тауратты және Раббылырың тарапынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.» (5-68) Міне бұл аяттың үкімінің көбін біз орыс империясының көмегімен намазын орындадық. Яғни тауратты меңгеру деген алты түрлі жаратылыс білімдерін меңгеру болып, онан қазақ елі орыстар арқылы жалпыға бірдей міндетті білімді болу, хат тану науқанына ұшырап, ендігі қазақ халқы да еврей халықтарынан, тәураттықтардан кем және қазір білімсіз де емес. Және бұл білімді әйелдеріміз де ерлермен тең дәрежеде меңгеруге тәуратты өзге ислам елдерінен әлде қайда терең меңгеруге орыс мемлекетінің, Алланың сынағының арқасында мүмкін болды.

   Енді інжілдің түсі қызыл деп жоғарыда ескертіп өттік. Құранда; «Мойынға тағылған белгілерге тиіспеңдер!»-деген аят бар. Біздердің жас кезімізде мойнымызға қызыл галстук байлауымыздың өзі осы інжілдік ілімнің сыры еді. Және қазақ елі шаруашылық өркениетінен, түрлі өнеркәсіпті меңгеруден ол замандарда тек мал шаруасымен айналысып; орыс, европа елдерінен әлде қайда арта қалып, енді ғана теңелгенміз де хақ. Сондықтан мұндай білім, ғылымды меңгергендердің өзіндік,  ақпараттық, аруақтық, НӘСІЛДІК белгісі болады. Ал нәсілдерге жалғану үшін не сол нәсілдің дініне кіру керек не болмаса құрбандық қанмен, азықпен араластырып қабылдау керек. Нәсілдердің мұндай сипатын; «ЕЛ» деп атап, тамақ ішкенде; «ішіңе ел қонды ма?» деген сауал да осындай рухани білімнен пайда болған. Біздің философия білімімізде нәсілдік белгінің тек ұлттық сипатын ғана қарастырып «этнос» деп атап, ал құран философиясы бойынша сандық та, әлемдік те ортақ ғылымы барын біле бермейміз. Негізінен 19-тілдік таңба, 98 — нәсілдік белгі мен оның жұбын ескерсек, 196 — нәсілдік белгі ұлт болу керек әлем шарында.

    Орыс халқымен ішкен суымыз, тамағымыз, білімде сөзіміздің, үн-таңбамыздың, өлгенде жатқан жеріміз де ортақ болғандықтан және қаншама соғыс, қан төгісте бірге өліп, аруақтардың бірге тірілуінен біздің білімді, өнеркәсіпті орыстан кем білмей, жастарымыздың тез меңгеріп жатқаны да осындай орыс, европа нәсілдеріне рухани жалғанудан екенін әрине біле бермейміз. Алда бұл сырға арнаулы тоқталып өтеміз. Отан соғысының өзі осындай ақирет өмірінде бар халықтардың нәсілін өзара араластырып адамзат дамуының бірқалыпты өсуін қалыптастыру мақсатында құдайлық білім екені де хақ. Мұндай жағдайда, сонда құдай біздерге өзара соғыстырып жауыздық жасай ма?-деген сауалдың пайда болу да хақ. Жоқ әрине, оны жер бетінің тұрғындары тәккаппарлық жасап, өзін үстем, біз мына халықтан артықпыз, ана халық кәпір деген түрлі амалдармен өзара дінде бірлікті сақтап, ғылымда, өнеркәсәпті дамытуда, сауда-саттықта, табиғатты, жер ананы, табиғатты күтуде жақсылыққа жарысудың орнына құдайдың көктен түсіріп, жерден өндіріп берген өз дүниесін өзгелермен бөлісу түгіл, өзінен де қызғанатын жағдайды қазіргі таңда алысқа бармай-ақ, қазақ елінің саясатшыларынан, партияшылдардан, ұлтшылдық ұран көтерген зиялы қауым аузынан күнде естіп жүргеніміз де сөзсіз.  Осындай «шовинистік» ұғыммен өзара билікке таласу ұлттың тұтастығын, нәсілдік жетілуін, аруақтық алмасуын бұзып, бір-біріне ағайындарды айдап салу, дінде өзге топты үстем деген пәтуамен дәстүрлі дін ұстанымына шектеу қоюда қазақ халқы нәсілдік тазарудан, рухани жетілуден, аруақтық алмасудан тоқырауға ұшырап, елімізге келген жұт пен сынақтар, көптеген пенделердің қатысумен болып жатқан апаттар, от апаты, су апаты да құдайдың біздің ұлттық пиғылымызға берген жауабы деп түсінген де жөн.

     Осындай баспасөз бетінде арсыздықтың, «шовинизм» салтының отын тұтатып жүргендерге тектілікті, діл бақшасын жоюға тажалдарға жәрдемге тұрған шайтан жамағатына айналған ағайындарға; «Бала-шағаңнан аулақ, өз бастарыңа келсін, ұлтымыздың болашағына зияны тимес екен» дегеннен басқа айтарымыз жоқ.

    Сонымен інжілдік ұстанымның қызылмен, рухты меңгерумен байланысты намазы Ғиса пайғамбарымыздың елшілік істері, жүрек ашу, бата беру, жындардан тазару, зияраттау арқылы исламның құндылығына бірленіп құран оқу арқылы жетілген түрі қазақ елінде аяқ астынан бой көтеріп, қазақ ұлтының бұл салада әйелдер жағы басым болып, аққу, сұңқарлардың қозғалысын басында иманы жолдас болсын Ақ ұлдың Тарыбаев Қыдырәлінің болғанын білмейтін қазақ азаматы жоқ десе де болар. Бұл қозғалыстың жарық жағын да, көлеңке жағын да, негізгі жіберген қателіктерінің сипаттарын; «Ата жолың бақ жолың, түсіне білсең ағайын» деген кітапта баяндап өттім. Оған тоқталудың қажеті аз. Қазіргі таңдағы көптеген жас жеткіншектердің қасиетті болып, дінге де құштарлығы артып, көптеген қыздарымыздың да тақуалыққа бейім, ұлтжанды қазақтардың да, намаз оқуға құштарлардың да аяқ астынан көбейіп жатқандары, мешіт имамдарының беріп жатқан сабағынан, уағызынан емес, қазақ еліндегі нәсілдердің құрбандық арқылы 10 жылдай ұдайы тазарудан өткенінен, киелі аруақтардың бастары көтеріліп, қазақтың діл бақшасының құранмен суғарылуынан, құдайдың араласуымен, Алланың түсірген нығметінен ғана пайда болған деп түсінгеніміз абзал.

   Сондықтан ата жолындағы намаз орындау ерекшелігі болған, тектілікті, тақуалықты жетілдіруден өзім куә болған істерден бір мысал бере кетсем; Осыдан 10 шақты жыл бұрын шамасында 5-ші қат көкке шығарды Раббым. Сонан маған алыстан дауыс келіп тұрып, менің кейбір шешімін таба алмай жүрген сауалдарыма жауап келіп тұрды. Сонан мен бұл келген жерімнің 5-қат көк екенін естіп; «Енді неше қат бар?» деп сұрадым. Маған; «Тағы екі қат көк бар» деген жауап келді. Сонан мен; «Оған қанша уақытта барып келуге болады?» деген сауал қойдым. «Бір күнде, бірақ алдымен ана мешітте намаз оқу керек!» деген үн келді. Артыма қарасам бір ақ мешіттің тұрғанын көрдім. Және жоғары қарасам өте тұңғиық, қорқынышты, оған қалай бір өзім көтерілмекпін деген ой да келді. Сонан әлгі дауыс; «Сен, енді кейін қайт» деп маған бұйрық берді. Мен кейін қайтпақ болып жиналып едім, артымнан; «Әттең бір әйел» деген дауыс келді. Мен ояна салып көп уақытқа дейін уайымдап, неге бір әйел деген белгі түсті, қандай әйелге зияным тиді деген сияқты сан-саққа жорыған ойлар пайда болды. Бірақ кейіннен көкке көтерілмек болып, астронафт киімін киіп, қайтадан дәрет алуға шешіндіргеннен кейін менің дәрет тазалығым әйелдің діл қуатына, бәйшешек бақшасына-ғылым суатына байланысты әлі жетімсіз болғанын  түсіндім.

    Бекет ата естелік кітабында әжемізбен екі арада әзіл әңгіме болып, атамыздың ұстазының мешітіне ұшып барып, намаз оқып келіп жүргені, әжеміздің Бекет атаның дәретін тазарта білгенінен деген астарлы әңгіме бар. Сонымен біздің кеңес үкіметінде жартылай жалаңаш, жалаңбас жүрген әйелдеріміз, қазіргі уақытта тақуалық қылып, жақсы дәрежеге жеткенмен, жастығында жоғалтқан қуаттарының әлсіздігінен, енді еркекті толық тазартатын жыныстық өмір жасын қайта қалыптастыру мүмкін емес. Ондай жағдайда міндетті түрде жастау тоқал керек. Бірақ ондай жас әйел затының білімі, заманға қарай меңгерген ғылымнан суаты болғанымен, қанын тазартып тақуалығын қалыптастыру, қанындағы ұятсыздық, арсыздық салттан пайда болған теріс ақпараттарды толық тазартуға деген тақуалыққа ықыласы  қазіргі таңда мыңның бірінен де қолынан келе қоймайды. Ал көптеген өзін таза ұстап, дін жолында жүрген қанын таза ұстай білген әйел заттарының, қыздарымыздың тектілік білімі, ғылымы, нағашыдан алған ағашының да қуаттылығы көпшілік жағдайда кеміс. Ал  тегін былай қойғанда білімділігін жетілдіру қайтадан мектепке беріп сабақ оқыту тағы мүмкін емес. Былай тартсаң арба сынып, былай тартсаң атың өлетін жағдай қазақ руханиятының, тегін тазартып жаңадан тектілік сипаттарын қалыптастыру жолында ең үлкен сын болып тұрғаны хақ. 

    Бұрынғы ата-бабалар тәжірибесінде болжампаздық, құдайдан уахи алумен бірге діл бақшасын жетілдірудің арнаулы тәрбие мектебінде жасырын құпия ұстағаны, сол мектептен өткендер ғана ел билігін, қоғамның тәртібін қадағалаушы билер, абыздар, төре, қожалар болғаны да хақ. Шыңғысхан бабамыз Тобықты руынан тарап, ділі толық алтын құрсақ анадан туғандықтан мен «Төремін» деген. Яғни ол замандарда әйелдің кіндік пен жыныс мүше аралығын – Төре деп атаған.  Шыңғысхан бабамыздан тараған ұрпақтарды төре атауымыз да сондықтан. Төре – арыстық қасиет. Ал, арыстың яғни төреліктің саны да жеті. Жеті түрлі төреліктің сипаты болып, ал қожалықтың санын 42-мен белгілеуге болады. Қожа дегеніміз әулие-әмбилік қасиеттерді меңгеруді, құраннан белгілі кітаптарды меншіктеп қожалық жасауды, кітап берілгендерді айтады. Бұрынғы замандарда жүзге де қарамай әр рудың да ішінде кітап алған өз қожалары болғаны да хақ. Ал төренің де осындай әр жүзден, әр рудың ішінен де пайда болатынын ескермей, тек бір ғана Шыңғысхан бабамыздан тараған бұтаққа таңып және жеті атадан кейін бәрібір жаңғырту керек екенін мүлде жан ғылымынан шығарып тастағанбыз. Мысалға рухпен байлансты тікелей Рухтан пайда болған, туылған балалар қазақта көп кездескен. Соның бірі Адай атамыз, Баршагүл анамыздан рухтың әрекетімен тікелей жүкті болып туылғаны шежіреде жазылған, оны аруақ та растайды. Олай болса Адай руының бәрі төре болу керек. Сол сияқты Ғиса пайғамбардан тараған ұрпақтар да жеткілікті, тұтас ұлтқа да айналған. Сонда тұтас ұлтты да төре деп атау керек пе? Жоқ әрине, бұл құдайға да, жан ғылымына да қайшы.

   Ал қазіргі заман біліміне қарайтын болсақ, енді қожалық та, төрелік те бір адамның бойынан тоғысу керек. Бұл сипатты меңгерген Мұхаммед пайғамбарымыз болып, артынан ұл бала қалмағасын, қыздан тарағандардың бәрін қожа деп атағанның өзінде мән бар. Қожа болу діл бақшасына тікелей қатысты да, ал төре болу рухтың тікелей әрекеті, негізгі арыстардың, пайғамбарлық нәсілдің қайтадан жаңғырып жерге түсуімен байланысты.  Шыңғысхан бабамыздың пайғамбарлық қасиеттермен келгеніне жер жүзінде қолы жеткен жердің бәрінде дінде де, өркениетте де әділдікті орнатып, тектілікті жетілдірудің дәстүрін де қалыптастыра білгені дәлел.

  Сонымен әрбір алғашқы тектіліктің қалыптастыру белгісі; «Төртеуді түгелдеуге», «Сендерге 8 түр жараттым» деген жаратушымыздың үкіміне сәйкес; Ақ арыс, Жан Арыс, Бек арыс және рухани жетілудің, өлімді жеңудің арыстық белгісі қызыл түсті Иса елшімен байланысты. Жалпы құранда Иса пайғамбардың өлмегенін, дар ағашына шегеленбегенін, оның орнына ұқсасын ауыстырғанын баяндайды. Інжіл жазбаларында да Иса пайғамбарға ұқсас елшінің, шәкіртінің болғанын растайды. Демек Иса екеу. Соны жете білген біздің аталарымыз Исаны Ғиса деп атағанда үлкен мән бар. Ғиса және Иса болып  пайғамбар және пайғамбарлық қасиетті меңгерген елші болып, інжілмен байланысты жаратылыстың жұптық сипатын айқындайды.

   Олай болса Ғиса пайғамбарымыз қазақ жерінде қалған өмірін өткізіп, інжілдің барлық құндылығын меңгерген ел болып саналамыз. Ал, Ғиса пайғамбарымыздың жатқан жерін, зияратын мен білемін. Мариям анамыз да қазақ жерінде Сайрамда жерленген. Сонымен бірге інжілді меңгерген 4 елшінің зияраты да біздің түркі – тұран елінде. Біздің еліміздің аздаған уақыттың ішінде өзге елдердің жүздеген жыл өткен даму жолын қуып жетіп озуға да айналғанымыз аталарымыздың меңгерген құпия дін сыры- діл бақшасын жетілдіру мен «Бәйшешек бақшасымен» байланысты. Бұл қызыл түсті гүлді әйел қанымен жалғанудың некелік жан сырын шайтан жамағаттары өліктермен байланысу амалына, әйелдерге де гүл сыйлағанымен тұрмай, өліктерге де гүл беріп, тіптен қазағымыз енді еркектер де өзара бір-біріне гүл ұсынып жатқанын күнде телеарнадан көріп отырсыздар. Бұндай азғындықтан қазақ ұлтының нәсілдік жетілуіне үлкен соққы болып, көптеген ағайындарымыздың бір мезетте діннен шығып «кәпірге» айналып жатқанын да біле бермейміз.

   Тектілікті меңгерудің негізгі сипаты; оттың қызылдығын меңгеріп, адамға залалсыз сары отқа айналдыру яғни Ыбырайым жолы. Ыбырайым жолы бастағы бүкіл ағзаның сары судың тазаруымен сары түспен байланысты қазіргі масһаб діншілерінің қажылықты парыз қылып алған себебінің де бір жаны бар. Бірақ оған дейін де жұбы қызылды, жасылды меңгеріп, сосын ғана сары түстің пайда болатынын, қажылықтың жұбы болған- хажды меңгеруді, кіші қажылықты «серік қосу» атап, қазақ елінде заңмен шектеу де қойылғаны хақ. Кіші қажылық- хаж яғни ойпаттарды аралап жер кезу арқылы қолдың, табанның ағарып, сары түске зиянсыз отқа енуімен, бөріктік қорған алумен байланысты. Сондықтан енді бөркім бар деген салттық ұстаныммен қажылықта шаш алдырып, құрбан шалудың да осындай ақиреттік, тылсымдық маңызы бар. Ал, шындығында қажыларымыз тылсымнан періштесін – бөркін алып қайта ала ма? Оны жайы да Бір Аллаға мәлім жағдай.

    Бұрынғы қазақ ақындарының да, жазушыларының да қай еңбегін оқып қараңыз, қазіргі хазірет, дін ғалымы, теологтардан да әлде қайда жан ғылымын, терең сырын меңгергенін аңғаруға болады. Олай болса қазақта дін жоғалмаған, тура жолдың белгісі діл біліміміз әлі де әйелдеріміздің, қыздарымыздың қандарында кітап болып оқылмай жатыр. Ал оны оқымауға керісінше суғарып жетілдірмей аздыруға, өз қолымызбен өлтіруге жаппай жарысуға міндет алған сияқтымыз. Мысалға; Мағжан атамыздың  «Пайғамбар, Түркістан, От, Жел,…т,б » көптеген өлеңдерінде осындай діл білімінен, құдайлық ілімнен насихатын қамтып ашып, Абай-Шәкәрім еңбегінің кейбір сырларын да ашып кеткен.

  Сап-сары бел, жел еседі,

  Еседі жел, көшеді жел, көшеді.

  Дала тұйық, бала тұйық екі үнсіз,

  Дала жұмбақ, бала жұмбақ шешусіз.

  Сап-сары бел, еседі жел, жел есед,

  Дала жұмбақ, бала жұмақ кім  шешед?

      Ал мұны ұғатын ақын, жазушы бар ма? Жоқ деуге болмайды, бар. Тек қана өздерінің естілігі жетіп, енді осындай Мағжан атамыздай текке, мизанға, сары далаға, жаны 15-жасар бала періште болып, текке, Мұхаммед пағамбарымыздың шапағатына да енетін кезде, діннің намаздарынын түгелдеуге құлқы болмай, құлқы болғанның басын жабуға, басты жын суынан тазартуға салты болмай, ал көбінің ішкен тамағы да жалаңбас, дәретсіз жүретін қатындардан суаты болмай, ондай тәрбиелі  жары болғандардың, ғылымнан суаты, ділден қуаты –бәйшешек бақшасының гүлі болмай, ал тоқал алуға европалық ұстанымынан шыға алмай, ал ұлттық намысы болғандардың ондайға өзін құрбандыққа арнайтын қатын таба алмай, қазақ зиялылары сорлап жатқанын аңғара алмаймыз. Бұдан әйелдер қауымы жүздеген есеге ұтылып, өмір жастары қысқарып, енді немере-шөбересінің қызығын көремін дегенде ерінен алған ұрықтық қуатын жаға алмай өз қолымызбен болашақ әжелдерді де, әже болғандарды да обыр ауруын егіп, өлтіріп жатырмыз. Ал біздің еліміздің тура жол деген масһабымыз, бұрынғы хазірет дәрежесіндегі аталарымыз түгіл Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Ахмет Байтұрсынов сияқты аталарымыздың еңбегіндегі жан ғылымын, сырын түсінуге де қауқарсыз. Ал, онда жағдайда діл бақшасының сырын, оның бабын, жеті арыспен жалғануының намаздарын білмегесін қалай тарап жол бола алады? Қазақтың ежелгі ділді жетілдіруге, әйелдеріміздің қанын тазартып, көптеген жесірлердің екінші, үшінші әйел болып байға тиюге аруақтың батасымен, өзінің ақирет өмірінің аз да болса сырын меңгерген ынтасымен бұл құбылыс басталып, енді халық арасына тарала бастауы сол-ақ еді, шайтан жамағаттары өре түргеліп, қудалап, мазақтап, қазақ зиялылары бұл хикметті зерттеуге құлқы болмай, онан енді кім ұтты, кім ұтылды?…. (жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *