III-ТЕКТІЛІКТІ САҚТАУ- ДІЛ БІЛІМІНЕН БАСТАЛАДЫ

Бөлім: Текті қалыптастыру ілімі-жан ғылымы 145

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-fareast-language:EN-US;}

Жалпы тектілік; қанға, тәнге, жанға және тұқым қуалаушылыққа байланысты 4 негізгі бастауға тәуелді қалыптасады. Енді тұқым қуалаумен айқындалатын ең маңызды қанға байланысты тектіліктің сақталуын және 4 түрлі тектіліктің себептерінің бірінсіз-бірі пайда болмайтынын ескерсек, ал негізгі тектіліктің ошағы қан болатын шарттары бар. Қан еркекте де, әйелде де бар. Бірақ еркек қанына тұқым-ұрықтың пайда болуымен, ал әйел қанына діл-жанының пайда болуымен ерекшеленеді. Сондықтан әйел қаны мен еркек қанының ерекшелігі де, қуаттық шамасы да, өрістік сипаты да мүлде бөлек. Бұл тұрғыда әлі әлем ғылымының, медицинасының да  ақылы жете қойған жоқ.

   Әйел қанының негізі діл-болып, оның да ұлттық, үмметтік сипаты болатынын біздерге түсіндірген бірде-бір білім саласы да, масһаб білімінде де жоқ. Бірақ әулие бабаларымыздың, Ясауи ілімінде діл мәселесіне қатты көңіл бөлген. «Әйелдің ақылы қысқа, шашы ұзын» деп әйел ақылының көруге, логикалық пайымдауға негізделіп, ал еркек ақылының естуге, ой қуатына негізделген көлемді болса, әйелдің ақылы сезімге, жан үніне негізделген ұзын болуын ескерткен.

    Жалпы діл дегенімізді қалай түсінуге болады? Діл дегеніміз әрбір ұлттың өз тілінде діннен, өркениеттен алған үлесі, даму ерекшелігі, құранның бейнеленген парасы, кітабы десек қате емес. Сондықтан діл ғана барлық тектердің ақ бастауы, бұлағы болып саналады. Негізгі тұқым-ұрық осы діл бұлағының шығатын орны, мекені, ағашы. Діл деген әрбір ұлттың ерекшелік мінезінің қалыптасуы және қан арқылы тұқым қуалауы болып саналады. Ал ағаш тектіліктің негізгі белгісі арыстар-пайғамбарлар болып, барлық пайғамбарлар тегі жеті арыспен жалғанумен белгілі болмақ.

    Алдыңғы бөлімдерде 3 арыстың толық сипатын бердік, енді қалған 4 арыстың қандай пайғамбарларға байланысты болуын мақала тақырыбының барысында баяндап өтеміз.

  Адам баласы әлем жаратылысының бір көшірмесі десе де болғандай. Аспандағы жұлдыздардың жерге ағып түсуі немесе жерден жұлдыздарға күн арқылы сәулелердің қосылғаны  сияқты жағдайлар адамзат өмірінде де болып жатады. Еркек қанындағы 11 жұлдызы болып, осы жұлдыздардың жарық, қараңғылығына байланысты сананың жұмысы айқын болмақ. Осы жұлдыздарға сәуле де, нұр да әйел арқылы діл қуатының тазалығына байланысты қан арқылы берілетінін әрине болжау қиын.

   Ділі таза әйелзатының қанындағы алқызыл таяқшалар осы қуат жұлдызшалары болып, неке арқылы немесе кеудеде 10 күндік жарық нұрын қалыптастырып, жарына беретін көңіл суы және ана сүтімен ұрпағына ділдік тұқым қуалау сипатын; «Үйдің жақсы болуы ағашынан, ұлдың жақсы болуы нағышыдан» деген мақал қалдырған.

   Олай болса, дін екі түрлі ағаштық тектік сипатқа тәуелді түрде қалыптасады. Пайғамбарымыз ділі таза-қуатты анадан өмірге келіп және әке тегінің де мықтылығымен, кейіннен пайғамбарымыздың әке-шешесінің өмірден ерте өтіп, ақирет өмірінен тозақ сатыларынан тез тазарып өтуімен бірге құранның оқылуына, уахидың келуіне жалғануға тұрғанын біз масһабтық дін білімімен болжай алмаймыз.

   Құран пайғамбарымызға уахи болып оқылып және Алланың «жанында-нұрында» құранның негізгі кітабы ғылымы бар екенін ескертіп, ғайыптан келетін құпия сырларын өзінің таңдаған құлдарына білдіретінін ескерткен. Олай болса ол кітапты пайғамбарымыз өмірден өткеннен кейін пайғамбар арқылы уахи алып шапағатына бөленген, исламда да, әсіресе түрік елінде де әулиелер көп шыққан. Демек олардың жандарынан аналарамыздың қан буының әйел қанына діл кітабы болып жаратылып біздерге ана сүтімен және әйелдерімізден неке төсегі арқылы бұл ақпараттар ұлттық құндылық кітабымыз болып оқылмайды, арыстарға жалғануға болмайды деген жалғандық және масһабтың надан ғалымдарының құрған қақпаны да  болмақ.

    Сонымен осындай жағдайда маған уахи-аян-бата болып оқылған діл туралы біліммен таныстыра кетсек;

1.      Діл негізінен 4 және 7 сандық белгілерден тұрып екі топқа жіктеледі.

2.      4 санына байланысты ділдік топтарға ақ нәсілді мұсылмандар негізінен европалықтар жатады.

3.  7 санына байланысты ділдік топтарға: араб, қазақ, түркі үндестік топтар, нәсілдер кіреді. Сондықтан да Мұхаммед пайғамбарымыздың құран сүресінде 47 санмен белгіленуі де, пайғамбарымыздың бүкіл әлемге шырақ түрінде яғни ділдің қуаты, жанның нұры болғанын растайды.

4.      Сонымен бұл екі топтың да қалыптасуы негізінен 7 арыстық әлемдік нұрға, тура жолға, жеті қарақшы-тарық жұлдызының белгілеріне өз шамасына қарай жалғанумен байланысты қалыптасқан.

5.     Негізгі нәсілдік ділдік топпен бірге әр үмметтің өз ділдік белгісі және үммет ішінде ұлттық ерекшелік ділдік белгісі де болады. Мысалы өзбек, қырғыз, тәжік ағайындармен түркілік 7 белгіге жатқанымызбен өз арамызда әйелдеріміздің қандық ерекшелігі, дәстүр ерекшелгінен пайда болуы да діл санының өзгешелігін туындатады. Жалпы әлем халқында 9 түрлі ділдік ерекшелік бар.

6.      Ділдің сипаттары ішкі 4 санымен сыртқы 5: 41 санымен өлшенетін халықтарға төменде ділдік өлшемдерін бере кетсек; Орыс ұлтының қандағы жалпы діл жұлдызшалары 132-санмен ал негізгі ділі -71 санымен айқындалады. Ағылшындар 4-топтыққа жатып; діл белгісі-17; Қытай; 1;13. Жапондықтар -7; Еврей, израйл халқы-5.

7.   7 санымен анықталатын яғни жеті арыстық белгісі бар халықтар үшін; Парсы – ирандықтар ділі-21 санымен; Шешен халқының ділі -32 санымен. Татар халқының ділі-37 санымен. Түрік халқының ділі-29 санымен. Өзбек халқының ділі-39 санымен, ал ішкі белгісі; 30-санмен, ал сырты -9 санмен белгілі болмақ. Бұл белгілер құран аяттарындағы насихаттармен және нәсілдік жалғанулармен сәйкес келеді. Нәсілдер сипаты мен сандық мәндеріне, жалпы өлшемі мен өзара қатынасы мен ұлттар арасындағы алмасуларға алда арнаулы тоқтала кетеміз.

8.     Қазақ елі ділдік 7-топқа және сандық белгісі 147 санмен негізінен пайғамбарымыздың барлық ділдік сипатымен сәйкес келеді. Ал, арап елінің ділдік баяны 143 санмен айқындалады. Бұл сандармен құран аяттарында нақты нәсілдік насихаттарының ерекшеліктерін білуге де болады. Ал бұл белгілердің қан арқылы ұлт ішінде де өзара ерекшелігін, әйелдеріміздің тектілігін анықтауға да болатынын болашақта зерттеу тәсілдерінің білімі де айқын болары сөзсіз. Әзірше қалай анықтауға болатынын баяндаудың қажеті де шамалы.

    Сонымен, діл дегеніміз Қайрат Жолдыбай ұлының масһаб білімде құран тәпсірін, шариғат білімін ғана белгілейтін масһабтық білім емес, терең зерттеуді қажет ететін Құдай ісі болған сопылық, сахабалық жолдарды меңгерумен ғана ашылатын терең хикметті білімге жатады.

    Сандық теологияға жүгінсек; арап елі мен қазақ елінің ділдік білімінің ұқсастығы мен тек негізгі сыртқы белгісі арап елі; 8-санымен яғни құрандағы 8-сүре діл білімінің насихаты болып, ал қазақ елі үшін; 147-саны, бірлікте-3; екілік жүйеде-12, Жалпы 100; 40; 7; сандары біздің дәстүріміздің негізі екенін көрсетіп тұр. Қазақ елі 12-ші сүремен байланысты діл білімнің негізін қалағанын да құраннан насихатын да білуге болады.

    Ал, жүз сандық белес туралы Абай атамыз; «Әй не болсын!…Жүз қараға (қатын қуаты) екі жүз кісі (еркектік жын қуаты) сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма?» (24-сөз -Нұр) деп бекер ескертті ме? Осы жүзге бірді қосып алудың қауіптілігін; «Жүз бір атты пәледен сақта құдай!»,-деп тілеген сөзі енді бізге қалған. Жүз бір пәленің не екенін білмесек те, осылай жалбарынуды әдетке алып, ділдік біліміміздің де сипаты екенін аңғармаймыз.

    Енді 40-санына; «Қызға қырық үйден тиым». «Қырық шілтен» Жеті санына; «Жеті әулие-қыз әулие, тұз әулие, күн әулие, дәм-әулие, ат әулие, ит әулие, жер, ел әулие» деген дәстүрмен бекіген амалдарымыз бар. Сонымен бірге 12-санды исламға дейінгі шариғаттық тиымдар болғанын, бірақ исламның таралуымен араптан келген діншілер көптеген санмен белгіленген рухани құндылықтарды жоғалтып алғанымызды да «Шипагерлік баянда» Өтеубойдақ атамыз баяндайды.

   Мысалға қазақтың діл білімін сақтайтын, қорғайтын, қолдайтын; 91-і жеуден тиым, 85-ті телуден тиым, 41-ге жұғыспау, 7-ге тиіспеу, 12-ден айрылмау деген ділді жетілдіру білімі болған. Пайғамбарымыздың; «Адамзатқа жаратушыдан екі түрлі білім берілген; біріншісі-діл білімі, екіншісі-тіл білімі» деген өсиетінің нұсқасы қазақта; «Он екіден айрылмау құтты түйін ел санаты (діл білімі аймен байланысты),  Күнби (күнтізбемен-тіл білімі) салтнамасы» деген нақылы болған.

  Енді қысқаша ділді сақтау, яғни қазақтың 12-санмен белгіленген шариғатынан мысал бере кетсек;

1.      Жағаласпай жан қалмақ қайда? Жағалассаң да жаныңнан айрылма.

2.      Не шындық? Не сұмдық? Жау тимек, ақылыңнан айрылма.

3.      Еркесіз ел, серкесіз шел болмас. Ел басқарушы көсеміңнен айрылма.

4.      Тіл-кесілмес атқан оқ. Дау туылар, шешеніңнен айрылма.

5.      Өзіңді зор, басқаны қор деме. Көппен көресің, еліңнен айрылма.

6.      Кебенек іші мың арып, мың семірерлік, жаныңды алса да, сырыңнан айрылма.

7.      Жаман деп қатыныңнан, көшем деп алып қойған отыныңнан айрылма.

8.      Ризықсыз пенде болмас, даяр асың, малыңнан айрылма.

9.      Ағайын туыс, дос-жарансыз кім бар? Болмашыға өкпелеп, досыңнан айрылма.

10.  Қырық найза қарғы деп, қарқудай баспанаң қосыңнан айрылма.

11.  Пенде қыдыр санаты бес қаруды тастама. Шыбын жаның шыққанша намысыңнан айрылма.

12.  «Өте шығар сұм жалған, боқшылыққа қайрылма. Адам күні адаммен ысылмақ, өнер қай қырда, өнерпаз деген ат алсаң, өлсең дағы қайғырма,»-деп әрбір пендеге пайдалы іс істеу, пайдасызға жоламау; «Басыңа пәле болмақ» деп тиым жасаған. Басыңа күн туғанда он екіден айрылма,- деген қатаң тапсырма аманат қалдырған дана бабаларымыз.

Алла жаратқан пендесіне көнсең де, көнбесең де басыңа келетін, сенсең де сенбесең де рахатқа бөленбегің шарт-деген өсиетімен діл білімінің адам баласының тағдыры болып жазылатынын да  аталарымыз ескертіп өтіпті. Және жаратылыс себепшісі болған табиғат жаратылыс иелерін де қамқорға алуды да аманаттап;

1.      Көктемде келе жатқан өсінге (өсімдікке) тиіспеу. Гүлді жұлмау.

2.      Көктемде көбейгелі жатқан жәндіктерге тиіспеу.

3.      Көктемде көрінбеген індегі аңдарға да тиіспеу.

4.      Көктемде көз ашпаған жан-жануарларға тиіспеу

5.      Қандай жағдайда болсын қонжықтарға, хайуан күшіктеріне тиіспеу.

6.      Қандай жағдайда да көршіге тиіспеу.

7.      Қандай жағдайда да елшіге тиіспеу. (Әулие –әмбилерге де)

Жартылыстың басты қозғалыс негізін-жанның ырысы, «Ғайып ерен» деп атаған соған байланысты 40 ырысты да меңгеруді, сақтауды да осы діл білімнің негізі тектілікті қалыптастыру қағидасы деп түсіндірген даналарымыз;

 

·          1. Тіршілік – хан ырысы

·          2. Хан – тақ ырысы

·          3. Әділдік – нақ (шындық) ырысы

·          4. Байлық – сән ырысы

·          5.  Сән – сәулет ырысы

·          6. Сәулет – дәулет ырысы

·          7. Сыйластық – санат ырысы

·          8. Алыс – беріс – бауыр ырысы

·         19. Ынтымақ – билік ырысы

·         10. Ер сауыты – найза ырысы

·         11. Ерлік белгісі – елдің ырысы

·         12. Су көптігі – көлдің ырысы

·         13. Қарекет – дән ырысы

·         14. Жарастық – мән ырысы

·         15. Өнер – білім ырысы

·         16. Білім — өнер ырысы

·         17. Қос босаға – түтін ырысы

·         18. Дауасыз би – бүтін ырысы

·         19. Шілде хана – төр ырысы

·         20. Кебін – көр ырысы

·         21. Жаңбыр – жер ырысы

·         22. Ірге – ит ырысы

·         23. Жақсы сөз – жан ырысы

·         24.Мақал мәтел – сөз ырысы

·         25. Ақыл – көз ырысы

·         26. Көз көрім – ездің ырысы

·         27. Садақ – жасақ ырысы

·         28. Қалқан – арашашы ырысы

·         29. От – мал ырысы

·         30. Ошақ – ел ырысы

·         31.Су – мал – жан ырысы

·         32. Сағым – қашықтық ырысы

·         33. Жас – бақыт ырысы

·         34. Қал – тән ырысы

·         35. Сыйлық – сенім ырысы

·         36. Шыдамдылық – көнім ырысы

·         37. Тайсалмау – талаптың ырысы

·         38. Науқас – сырқаттың ырысы

·         39. Ем шипа – айығу ырысы

      40. Тақ – бақ ырысы.

   Осындай ырыстарды қадірлеу және оны қалыптастыру үшін де қазақтың ежелгі салт-дәстүрінің қағидаларын да терең меңгеру керек. Бірақ, мұны әрбір пенде қалай есіне сақтап, не пайда не зиян екенін анықтап іс қыла алады? Әрине, ол тек жасынан тәрбиемен ұзақ уақыт әдетті қалыптастыру арқылы ғана мүмкін болмақ. Ал қазіргі заманда мұндай тәрбие көрген пендені таба алу мүмкін бе? Әрине жоқ. Бірақ бұл біліміміз біздің аналарымыздың қандары арқылы ақ сүтімен беріліп, өзімізге кітап болып оқылып, яғни аян, түс көру арқылы әрбір пенде діл білімін тазартуға, жетілдіруге ат салыса алатын ата жолының аруақтық білімі бар екенін (12;-көктен; 21-санды!) жоғалтуға өз ағайындарымыз, зиялы қауым өкілдері мен ел билігі де жанталасып тажалдарға жәрдемге тұрғанын аңғарудан қалдық. Сол үшін масһабты тура жол яғни текті табу жолы деп, дін өкілдері «сөздің бәрі араптан келген» деген азғырумен халықтың санасын жауып, діл білімін жоғалтуға күресіп жатқаны да хақ.  Ал енді қалған қауым өкілдері, әрқайсысы өз білгенінше бұл тажалдық білімге үлестерін қосып, бірі партия құрып билікті жамандап; «Сендердің несібелеріңді ішіп-жеп, шет елге асырап жатыр, бар құндылықты дүние байлықтан табасаңдар!»-деген ұранды тастап, ел басшысын қарғап-сілеуге шақырып, ырыстарыңды итке тастауға шақырып жатқаны да сөзсіз. Енді өздерін білімді, сөз өкілдері, даналықты меңгеруші аталғандар; «Тегіңді табу үшін мен сиқты «Ов, ев»-ың ды құртсаң, текті қазақ болып, қалғандары кәпір болмақ» деген құранға, Алласына қарсы болып, бүкіл ұлтты кәпір, мұсылман емес деп жазғыруға, ырысыңды өз қолыңмен төктіріп, көршіңмен араздасып алуыздық тудырса, енді біреулеріміз; «Тек ана тілінде сөйлесең болды, текті қазақ аталдың» деген ұранмен және орыстан қашып, таңбаны да өзгертсек нағыз текті табамыз деп жанталасуда. Бұның бәрі қазақ елін өз діл білімін түсініп, терең сырына үңіліп меңгеруге халықтың назарын аудармауға арналған шайтан жамағаттарының қазақтың ақылын тежеп, санасының ашылмауына, ойлау еркіндігін жауып, тек өздерінің көрсеткен білімімен ғана ойлануға шақыру тәсілі ғана. Ал енді негізгі қайғы-қасірет те мына аятқа; «…Осылайша Юсыпқа әдіс үйреттік. Өйткені, Алла қаламайынша патшаның заңында туысын алып қалып қала алмас еді. Қалаған кісіміздің дәрежелерін көтереміз. Сондай-ақ әр ілім иесінің үстінде бір білуші бар.» (12-сүре 76-аят) Заманына қарай және соншама аят, заңдарды оқып меңгермей-ақ, құдайдың өзі әрбір пендесіне аянмен түрлі амалдарды үйретіп, сынақтардан өтуге жәрдем беретін, 12-санды ислам дініне дейінгі қалыптасқан діл кітабымыздың; «төртеу түгел болса, төбеден келетін» аруақтық білімімізге ел билігі тарапынан, сот шешімімен тиым салып, ата жолын қудалудан діл білімімізге үлкен орны толмас соққы берілгені хақ.

   Сонымен, діл білімінің сырын қалай анықтай аламыз? Зерде, зейін, сана, түйсік-сезім, жете, жады, ерік, ниет, сенім, иман атты тектіліктің ұлттық өлшемдерін қалай білеміз? Ал тіл білімі мен тіл сауатының ерекшелігі қандай? Осындай сұрақтарға енді жауап іздеп көрейік…   (жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *