VII-Аққу- сұңқарлар және ата жолы дін философиясы мен қазақ дәстүрінің түсініктері.

Бөлім: Аққу, сұңқарлар және Ата жолы 119

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE

/* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}

         (жалғасы басы 1-6 тарауларда)

   Қандайда бір дін, ғылым жетістіктері халықтың өркениеті де ақылдың жемісті өркендеуіне тәуелді болса, ал осыған қарама-қарсы зұлымдықтар мен соғыстардың түрлі апат, сынақтардың да осы жинаған аманатқа, біздерге қалдырған мирастық ақылдың қуатын аздырып, ойлау қабілетінің жабайылануынан пайда болады десек, көп оқырманға әрине жүрекпен қабылдап ақылмен болжауы қиындыққа түседі. Себебі барлық жаралыстық қозғалыстың қозғаушысы, себепшісі ой қуаты болып, ойлау қабілетінің дамуымен, ойдың тазалығымен әлемнің өркениетінің қалыптасуына, ақыл-ой мәдениетіне байланысты екені хақ. Егер таза ойлана білсеңіз, онда тірі әрі жандысыз. Ал енді бұрынғы ата-бабаларымыздың, даналарымыздың ойшылдығынан туындаған барлық білім, ілім деректері біздің ақылымызды жетілдіруге ғана және сол дәрежеде ғана ойлау еркін қалыптастыра алады. Ал ақылды мұнан да әрі өсіріп жетілдіріп өндіруге және бұрыннан бар ақыл қуаттарынан пайда болған білімдерді тазартуға да ол жеткіліксіз.

Осы тұрғыдан алып қарасаңыз ойшылдықты, ойлау мәдениетін дамыту үшін ілімнің көзі болған дін міндетті түрде керек. Ой-жетіде деген аталармыз. Ақылдың дәрежесі 6-да болып, біздің ақылымыз неге алтымен өлшенеді?- деген сауал қойыңыз. Ақылдың қуаты, негізі бастапқы 6 күнде бүкіл жер әлемнің ризығын жаратылысын тәмамдаумен байланысты және осы 6 күнде 7 жерде жер (планета) жараттым деген. Сонымен жер негізінен судан пайда болса, су аймен, ақ топырақпен байланысты, сондықтан Адам негізі ақ топырақ болып және Алты үн жарық, Ақ болып оны 6 айдың нұрымен байланысты белгілесек жаңсақтық емес. Қазақта; «Астындағы атын алты ай жүріп іздеген», «Атың шықпаса жер өрте» деген астарлы сөздердің де мағынасы біздің ақылымыздың жермен және аяқ, құйрық жыныс мүшелерімізге тәуелді түрде болатынын да ескерткен. Жалпы барлық жаратылыс негізі таза рух ақылдың үнінен, яғни 6 үннен пайда болады. Ал енді жаратылған жеті жердің рухы, ішкі үні жеті жарықтық үнімен оған қарама-қарсы жеті бос кеңістік «ваккуум», теріс ойды «эфир» деп те қарастыруға болады. Бірақ айлық алты үн- ақ нұрымыз күндік 7 жарықтың ішінде болғасын жарықтың жалпы саны 8-бен нәтижеленуін де естен шығармау керек. Ал айлық нұрдың ішінде тағы 11 жұлдыздық жарықтың болып,  сонымен барлық жарықтық қуатының өлшемі де 8+11=19  белгілі болып, осы 19 санға қарама-қарсы қарсылығы болып бұл санды сынақтың негіз болуы да құпия сыры да осы жағдайлардан пайда болмақ.  Және біздерге осы теріс ойларды оңға, ақылға, яғни даналыққа, жарыққа айналдыру да шарт. Сондықтан осы теріс ойды қараңғылық түрінде жаратып, жеті тозақтың негізі түннен нәр алатын болса, ал даналықты жарық қылып жарықтың саны сегізбен жаннат санымен ерекшеленеді. Енді түннің ішінде 6 ай ақылдық қуат және 11;21-түрлі жұлдыздық жарықпен оның да сан алуан жұп, парылары болып, біздің біліміміздің де осы жарықтардың сапасын зейнеттеп алумен де байланысты болатынын жадыңызға тоқып алыңыз. Ал негізгі ақылдың даналыққа айналуы жарықтық негізгі сапасы да 8 санымен жаннатпен белгілі болғандықтан 8 түрге ақылдың еріксіз байланғанын да білген жөн. Сонымен бірге барлық жаратылыстың жер әлемінен көк әлеміне қайта түрленіп қосылудың несібе үндік тербелістік саны да 10 санымен яғни 10 күнмен 4-жерлік несібе рухының үні, 6 ақыл қуаты үнімен қосылып нәтижесін береді. Құранда; «3 кісі сыбырласса, төрітнші, 5 кісі сыбырласса алтыншы Ол Алла..» деген аяттың да үкімі осы 10 күн (сыбыр-үн) жинағы ескертіп тұр.

              Жарлылар, жалаңдама, сендер де ойлан,

Кер кедей, кежірлікті шығар бойдан.

Бойың жалдап қор болма, ойың жалда,

              Түк өнбес алты ай жүріп алған қойдан.

 

Онан да өнер үйрен тек жүрсең де,

Ақы алмай, тамақ қана жеп жүрсең де.

Өнер білсең-он күнде жүзді аласың,

Басында пайда алмай-ақ көп жүрсең де.

            Пайғамбарымыз адамзаттың даналығы кемелдігінің екі белгісін; «Иман алпыс бұтақты немесе жетпіс бұтақты» деп ескерткен екен. Сонымен несібе 10 күніміз, үшінші байлық 10 саулық болып діннің де, жалпы адамзаттың дамуының да нәтижесі иман қуатын меңгеру болып Ақыл-6х10-саулықпен дәрежелену арқылы ақылдың дәрежесі 60 бұтақты иманды меңгереміз. Ал енді ойдың жеті дәрежесін осы ақыл арқылы меңгерумен онда он саулықпен дәрежелеп 70 бұтақты иманды да меңгере аламыз. Барлығы 130 санды имандық қуатты, яғни ақыл мен ойдың бірлігін меңгеру шартты болмақ. Бұндай даналықтың қуатын меңгерген бізге уақыт тұрғысынан ең жақыны Абай-Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп аталарымыз болып саналады. Ал негізінен Сәни дәптердің 13 санды бөліктен тұратынын, яғни ақыл-ойдың тұтастығын белгілейтінін, оны меңгерген әрбір адам баласы он саулық байлығымен дәрежелей алса, онда осы негізгі имандық қуатты кез-келген адам баласының меңгере алатын тура жолдың, қазақтың ата жолының, ата дәстүрінің сипаты да шығатыны сөзсіз. Осы тұрғыда Сәни дәптер құранның үндік қуатын толық қамтумен және қазақ дәстүрінің, барлық ақылдың сапасын баяндап насихаттаумен қазақтың екі байлығын; денсаулық және ақ жаулығын қалыптастыра алады. Сонымен денсаулық  іліммен (11;17;103) яғни тіл білімімен де, ал ақ жаулық біліммен (49;111) ділдік біліммен, сөзбен, иманмен байланысты да болмақ.

            Негізінен ақыл қуатының нәсілдермен қалай дәрежелену білімін; «Жын-шайтан, адамзат тегінің құндылықтары» деген № 7-кітапта баяндап кеттік. Ал біздің масһабтық біліміміздегі бес уақыт намаз оқумен, құраннан тәпсірмен және пайғамбарымыздың өсиеттерінен үзіп-жұлып білім алса, имандымын дегенді жоққа шығаруға болмайды, бірақ толық 60 бұтақты иманды, пайғамбарлық қасиетті тиісті дәрежедегі «хазіреттері» де меңгере алды деп айтуға да болмайды. «Ол Алла, есепшілердің ең жүйрігі. Сақ боларсыңдар» (6-62) аятпен және 6-сүремен «Әнғам»-үміттену болып аударылып, яғни ақылдың екінші сипаты «Үміт» болып, сондықтан; «Үмітсіз шайтан» яғни шайтанда таза ақыл болмайды, сезім ғана болып ақылдың аңғарымпаздығын жетілдіру дегеніміздің өзі ұлттық тәрбиемен, ақылдың өнімімен, тағдырлық тәжірибемен, ғұмырмен байланысты екенін білдіріп тұрғаны да хақ. Осы тұрғыда сезімнің аңғарымпаздығы санамен яғни қан, тері, бой тазалығымен байланысты болып, ал қаракеттің жетістігі жетемен байланысты; «Санасызға сан айтса да түсінбейді, жетесізге жеті айтса да түсінбейді» деген аталар нақылының өзі біздің ұлттық дәстүріміздің барлық тәрбиесі ақылды, даналықты меңгеруге бағытталған намаздар жүйесінен тұратынын да білдіреді. Сонымен бірге қандайда бір дәрежеленген сана, жете, зейін, зеректік, т.б. қуаттардың өлшемдерінің де тәнге байланысты өз орындары, ағзалары, яғни періштелік бейнелері болуы да сөзсіз. Бұл жағдайларға жан сырының құпиялары жазбаларында тереңірек тоқтала кетерміз. Біздің бұл жазбадағы  мақсатымыз ата жолы намаздарының орындалу ерекшеліктері мен білімін, соған байланысты қателіктерді оқырмандардың ақ-қарасын ажыратуға жол ашу ғана.

            Қазіргі таңда енді ойланудың маңызы болмай, дінде дайын тәпсірмен, имамдар ғалымдар шығарған пәтуамен, ал бұқара халық ел билігінің заңы және кітап жүзіндегі білімге байланып қалғанбыз да, онан басқа ақылдың барын мойындамаймыз және қабылдай да алмаймыз. Сонымен ендігі бізде ойлану қабілетіне байланысты сезімнің аңғарымпаздығы мүлде жетілмей, қаракеттік жетелік те дамымай қалғаны сөзсіз. Неге десеңіз қазақ дәстүріндегі; ар, ұят, түрлі тиымдардың жәй ғана ерікеннен немесе кемсітуден пайда болған ырымдар емес, керісінше ойлануға, ой ошақтарын, яғни әурет жерлерге арам ойларды туындататын лас қуаттарының енбеуінен таза ұстауға, қорғауға байланысты пайда болған. Егер бұл шарттарды орындамаған жағдайда адам баласының бойындағы ұяттық белгілердің азаюымен, сырттан келетін жарықтық сәулелердің де зейнеттелуі кем болып және ойлану қуаты да соған байланысты кеми де бермек. Ойлану қабілетінің ең биік шыңы ар қуатының 99 санды белгісін толық меңгерумен де нәтижеленеді. Осы тұрғыда арға, ұятқа, парасаттылыққа тәуелді түрде қалыптасатын ақылдың бесінші дәрежесі болған; біздер онан жоғары тұрған танымдық ақылды білім жүзінде, ілім жүзінде меңгергендіктен, бірақ ұлттық ар білімін тастап қойып, ата жолында болып жатқан хикметтердің, өліктердің бастары көтеріліп, осы жоғалған екі қуатты түгелдеп және ғылымнан кітап беріліп жатқандығана да мән беру түгіл, керісінше; «заң жүзінде ел биліктің шешімімен сотталған, енді ата жолы деген ол қылмыскерлердің жолы» деген ұғым да қалыптасып, елдің үмітсіздікке түсуіне ғана себепші болғанын ақылмен аңғарудан қалдық.

Осындай адамзаттың үмітсіздікке түсіп, ақиреттен қол үзіп, тек дүние байлықтың соңына түсіп, арсыздықтан ойлана білу қабілеті де біліммен ғана шектеліп, мұндай жағдайда рухани егіннің өсімі болмай, ақылдың өнім бермеуінен жанның сапасы да жоғала бастайды. Сондықтан жаратылыста да бос кеңістіктерді «ваккуумды» қара күштердің жаулап алуымен, табиғатта түрлі құбылыс қозғалыстар мен өзгеру басталады. Және бұл адамзаттың ұрпақтық дамуына да, денсаулық, ақ жаулықтық байлығына да тікелей әсер етуімен де көрінісін береді. Осы тұрғыда өлілердің тіріліп, жан еніп қозғалысқа түсуін қияметтік мезгіл және адамзаттың ой қуаттармен жалғануы, яғни даналықты меңгеруі де болмақ. Қазақ елінде де ата жолы болып осындай өзгерістің болуын; «Жаңбырмен жер-көгерер, батамен ер-көгерер» деген нақылдың сырына бір тәмсілден мысал бере кетесек; «Дін үйретуші мұғалімге бір адам келіп: «Дана, ақылды адам болу үшін маған не істеу керек?»-деп сұрайды. Ұстаз оған: «Далаға шық та сонда тұра тұр,»-деді. Ал далада жаңбыр жауып тұрған болатын. Әлгі адам таңғалып: «Ол маған қалай көмектеседі? Кім біледі тағы?»-деп ойлайды. Ол үйден шығып далада тұрды, ал жаңбыр болса тоқтамай жаууда еді. Оның үсті-басы малмаңдай болғаны сонша, іш-киіміне дейін шылқылдап су болды. Он минуттан соң ол үйге еніп: «Мен онда біраз тұрдым, ендіне болады?»-деп сұрады.
Ұстаз оған: «Не боп қалды? Сіз онда тұрған кезде, сізге Тәңірден уахи (аян) келген жоқ па?»-деп сұрады.
Адам оған: «Қандай аян? Мен, тек мына тұрысым жындының тірлігі ғой деп ойладым,»-деді.
Ұстаз оған: «Бұл нағыз уахи ғой! Бұл даналықтың бастауы! Сіз енді руханиятпен айналыса беруіңізге болады. Сіз дұрыс жолдасыз. Егер сіз өзіңіздің ақылды екеніңізді түсінсеңіз, онда өзгеру басталды деген сөз,»-деді.» Жер бетіне тіршілік те ақылға жан беру де жаңбырмен байланысты көктен нұр келіп, ақылдың жаны ой болып адам баласының ой қуаты зейнеттелу арқылы ғана түсінігі ақ пен қараны ажыратуы білімін де тазарта алуы болмақ. 

            Міне осындай адамзатқа өзінің әрекеті, қателігі және оны қалай түзеу  туралы келген таза ойды уахи деп атап, ал бұл уахидың мың сан түрі қазақ елінде де, әлемде де құдайдың сөзі ескертуі болып жатқанмен дін ғалымдарымыз да, ел билік те, зиялы қауым да ойлану қасиетін неге жоғалтып алған, оны түзеу үшін де не істеу керек деген сауалдың есті адамның ішінен түртіп тұрары да сөзсіз. Осы тұрғыда әйелдерге неге уахи берілмейтіні және әйелзаттарында еркектерден айырмашылығы діл білімімен, яғни біздің ұлттық үніміздің, логикалық ойдың басында қазынасы болып; «Қатынды бастан» бастап тәрбиелеу керек деген қазақ даналығының, ақ жаулықтық қуатты сақтаудың да ғылымы пайда болады. Шынында алғашқы ақылдың 4 сапасын меңгере алмаған сондықтан сезіммен, түйсікпен қаракет бойынша дүниенің табысымен және «Түйенің танығаны жантақ» дегендей тек кітап жүзінде алған біліммен 3 түрлі ақылдық сапамен сөйлейтіндер жынды аталатыны да хақ. Неге десеңіз, адамзаттың жаратылысынан әйелде -40, еркекте- 30 әуреттік бос орындар болып, бұл орындарға берілетін ақпараттардың негізінен тағдырлық кітабы болып, сондықтан жетпіс санға біз ақылды, ойды зейнеттейміз. Енді 73 сандық белгімен сөйлеу өнері жындылық болып саналады. 74 сандық белгіден бастап сөз тазалығынан, төртеуі түгелдігінен хабар бермек. Ал енді жалпы әлемдік философиялық танымда Сеченов мырзаның зерттеуіне жүгінгендіктен; жалпы сөз екі белгіден пайда болады,- деген пәтуамен сөз құрауды әдетке алған  әлем халқында жынды емес пенде де аз болар. Сонымен осы тұрғыда сөз өнерінің падишасы болған, тура жолдың қазығын қаға білген біздердің де арамыздан  қазіргі кезде жынды емес адамды іздеп табу қиын болып, ал арамызда болған жынды еместер жалпы мас, жынды қауымға арасына кіріп ақыл айтудан да қашатын жағдайға жеттік. Шығарған заңдарымыз, діндегі пәтуаларымыз бәрі де жындылар қауымын қорқытуға, жазалауға, қылмысты қауымға ғана арналғандықтан Абай атамыздың «Мақсұт» атты мысал поэмасының жағдайы қазақ елінде нақты жүріп жатқаны да хақ.

             Ал енді қандай да бір діннің құлшылғы болсын, мемлекеттің саясаты, ұлттық түрлі салт-дәстүрлер болсын, білім беру, халықтық мәдениетін қалыптастыру сияқты барлық қоғамдық ұйымдарда халықтың ақылын тәрбиелеуге, заманға қарай пайда болған білімді, әлеуметтік маңызды шаруа әдеттерді меңгеруге негізделген. Осы тұрғыда қазіргі кезде әлемде болып жатқан уақиғалардың да халықтың жаппай білімді меңгеріп шетінен ақылды болғаны сонша, көшедегі қандай да бір өз басын асырай алмай жүрген пендені, жастарды және қатын-қыздарды тоқтатып алып ақыл сұрай қалсаңыз; сіздің сауалдарыңыздың бәріне де жауап беріп, ел билігінің де қатесін көрсетіп және мұндай жағдайда елді қалай бақытты қылуға болатынына дейін тәпіштеп айтып беретіні де сөзсіз. Ал енді әділетті заң шығаруға деген білімді қауымның құлшынысы соншалық төбелестен жеңген пендені немесе ардан түк хабары жоқ, ұятсыз, байсыз қатынды да халықтың қалауына айналдырып заң шығаруға сайлап алатын болдық. Ақылсыз деп оларды кім айта алады? Сондықтан арап және өзге азиялық елдердегі жағдайларды былай қойғанда бір қазаннан ас ішкен украина, қырғыз елдеріндей бола алмадық деген білімді қауымның ызасын тек заңмен ғана күнде қарауылдап аңдып отырып қана ұстамаса, сәл босаңдық танытса қазақ елі басына да бір «Удар» білген, спортшының да келе салуы ғажап емес. Мұның себебі неде дейсіз?

            Әрине бұл ақылдың білімдік тұрғыда жетістігі болғанымен, ақылдың аңғарымпаздығын қалыптастыратын ар, ұяттың, ұлттық дәстүрдің ұмыт болуымен және қаракеттік жетені қалыптастыратын ойдың жоғалуымен құр ілімнен немесе біліммен ақыл жинаған жартыкеш ірге тасы жоқ, тек есепке, айлакерлікке, қулыққа, дүние шаруашылық ісін меңгеруге негізделген танымдық ақылды меңгергендердің ел билігінде, ғылымда, ақпарат басында және есі кем «жұлдыз» аталғандардың қолдан дана қылуға тырысқан біздің дінсіз саясатымыздың жемісі ғана. Сондықтан да қазіргі кездегі ел биліктің жылына бір рет әлем діндерінің басын қосып; «дәстүрлі діндер құрылтайын» шақырып мақтануының да бір себебі қазақ халқында ата жолында хикметпен көптеген бұқара халықтың ойпаттарды аралап, зияраттап, құрбандық қанымен қаралықтарын, күнәларын жуып ой қуатына, яғни ата-бабаларының кітабына, құранның жеті ой үніне жалғанудан ғана жындылардың саны азайып, ақ пен қара арасындағы рухани теңдікті сақтаудан ғана осындай әлем қызығатын берекетті елге айналып отырғанымыз да хақ.

            Ал енді осындай мемлекеттің шаруашылығын дөңгелетіп отырған ақылды қауымның ойларында тереңдік те, кеңістік те, тұжырымдық, толықандық қабілеттері аз болғандықтан таяздық, орашалақ сапасы болып; «мемлекет билігі діннен бөлек» деген заңды шығарумен және хазірет, имам, дін ғалымдарың қарапайым қазақтың дәстүрін меңгере алмай құранды түсіне алмай жатқаны да ой қуаттарының жетіспеушілігінен болғаны да хақ. Сондықтан көп білімді меңгермей-ақ, хат таныған дәстүріне жақындаған қарапайым бұқара халықтың өкілдерінде танымдық ақылы ел басшының өзінен кем емес десек қате емес. Ал ой қуаты дегеніміз құраның жеті үні және «До, ре, ми, фа, соль, ля, си, до» деген табиғаттың жеті киемен, әулиемен байланысты 7+1 сегіз үні даналық негізі болып және тылсымдағы аралық пайғамбарымыздың шапағатынан болған жеті үнмен 21 үндік сипаты ойдың толық қуатын құранда; 21-Әнбия-Әспеттеу, яғни ақыл-ойды жетілдіру, суреттеу, бейнелеу болып ата жолының Айша ананың 21 жұлдыздық белгі туы және ортасында кесене суретін қосқанда 22 санды хаж арқылы меңгеруді сипаттап тұр.

Енді  қазіргі кезде әлемдегі дінді тәпсір дәрежесінде де құлшылық тұрғысында да меңгергендердің бір діннің ішінде топтарға бөлініп алып, бірін-бірі ұға алмай немесе оларды білімді қауым өкілдерінің надан көріп адамзатқа берілген асыл несібенің, ислам дінінің мұндай жағдайға түсуіне де осы ой қуаттарының жетімсіздігінен жер ана рухына, көк есіктеріне жалғана алмауынан болып жатқаны да хақ.

            Ата жолының құпиясы да қандай бір пендені зияраттатып 41 әулие-әмби басынан өткізгеннен кейін ақылы да қарсылық қуаттардан тазарып және өзінен-өзі қоғамдағы жағдайға да, өзіне де сын көзбен қарап аяқ астынан түзеле бастайды, яғни ойға, тылсымнан келетін үнге жолы ашылады. Бірақ осындай зияраттау арқылы жүгі жеңілдеп, жақсылар қатарына қосылған пенденің көп ұзамай қайтадан баяғы әніне басуы да жиі кездеседі. Неге десеңіз енді бұл жерде аққу, сұңқар аталғандарың өздерінің де білімсіз, ойларының жетілмеуінен және ата жолын білімді, ілімді  қауым өкілдерінің өздері зияраттап ой қуатын алып, нақты сырын зерттеуден бас тартуынан және бұл құдайлық несібеге зиялы, дінші қауым өкілдерінің тек ақыл тұрғысында логикалық біліммен ғана бағалаумен тиым салып, жаппай қазақ елін зұлымдыққа түсіруіне ғана себепші болғаны да хақ. Барлық  билік өкілдерін кінәлаудан аулақпыз, бұл тұрғыда анда-санда болса да ой қуатына жалғанып жүрген ел басшымыздың Нұрсұлтан мырзаның да зиярттауымен, қажылық сапарға баруымен және бірталай зиялы қауым өкілдерінің ата жолымен теке-тіреске түскен екі жаққа да қосылмай, екі араны бейтараптық тұрғыда ұстап тұрудың өзі, қазақ елін көптеген құдайдың сынағына, мыңдаған адамдардың қазасына соқтыратын апаттардан да сақтап қалғаны да сөзсіз. Бірақ бұл уақытша ғана жағдай болып, қазір қазақ елінде жақсы мен жамандардың арасын ажырату тылсымнан аруақтар тарапынан кешенді түрде жүргізіліп, көп ұзамай талай от басының қайғы-қасіретке қалуы, көптеген тұқымдардың мүлде жойылуы да пайда болады. Бұл сыннан аққу, сұңқар аталып ата жолының еркесі болғандар да айналып өте алмауы да сөзсіз. Себебі алдыңғы тарауларда қысқаша баяндап өткендей ата жолында шариғат, киімді қалыптастырғаннан, бес уақыт намаз оқығаннан тақуалық жетіліп, тәндегі ойдың «натрийдің» жолдары, яғни ағзалар арасындағы үндердің жолы мен бойдың нұрланып бірден жарыққа айналып кетуі де мүмкін де емес. Ол үшін ата жолының, ата дәстүрінің бағзы замандарда меңгерген бақсылық, емшілік істерінің артығын тастап, кемісін толтырып заманға қарай тазарту әдістерін ордаларда қалыптастыру керек. Бірақ осы тұрғыда алғашқы ата жолының басталған кезінде қамшымен, аса таяқпен деген сияқты емдік істерді кешенді түрде атқарылғанмен, кейінен Қостанай жақта бір есі кем пенденің өзіне-өзі қол салуымен, тілшілер қауымының бұл жағдайды қалайда адамзатқа жасалған зұлымдық түрінде көрсетуімен, ал құдайдың ажалымен өлген пендені қамшылаған аққуды бес жылға соттап және ата жолындағы емдеу, тазарту тәсілдерін меңгеруге де заң өкілеттігімен  жалпы тиым салынып, қудаланып шайтанның мерейін асқақтатып та үлгірдік.

            Бірақ аз ғана біз сияқты орданың қызметшілері бұл шараны тоқтатпай жетілдірумен әлемдегі қазіргі таңдағы іргелі ғылымда емделмей жатқан бар аурулардың да қазақ дәстүрлі емдеу тәсілдірімен жеңуге болатын нақты тәжірибелер жүзінде сынынан өтіп те үлгірдік. Осы тұрғыда аты әлемге мәлім «Спид» ауры да азақ әулие-әмбилерінен алатын ой  қуатының күшімен және ордалардағы емдік тәсілмен емдеуге болатыны да, оның дәрісінің де қазақ жерінен шығаруға болатыны, осындай көптеген аурулардың құпия сырларының бар екені де хақ. Бірақ оны үйретуге дарынды емшілерді дайындап шығаруға тағы да ел билігі мен зиялы қауымның ойсыздығы, таяздығы ғана кедергі болып қазақ руханиятын ондаған жылға кейін тартқан, сонымен қатар мыңдаған адамдардың тағдырының есебін көре алмай мезгілсіз қаза болуына, талай мыңдаған ұрпақтардың өмірге келе алмауына, жүз мыңдаған халықтың рухани тазарып бақытты өмір сүруіне ғана қарсылық білдірген тажалдарға айналып алғанын әзірге аңғарар да емес. Себебі тажалдық білімге айналған масһаб ғалымдары әулие-әмбилерде  жан болмайды, сондықтан таза ой жарығы да ондай ойпатты жерде болмағандықтан қара күштер, шеріктер,адамға рухани жүктеліп ақыл-есі кемиді, яғни «шерік қосылады» деп бұл тұрғыда қазақ халқының басым бөлігінің санасын жауып, жүректеріне мөр түсіп жабылу жағдайды ел билеуші мен зиялы қауымның қолдауымен еркін қалыптастыра білді. Бірақ құранда да, пайғамбарымыздың өсиеттерінде де, інжіл, тәурат, пайғамбар жазбаларында әулие-әмбилер, пайғамбарлар зияраттарынан керісінше иман серіктеріне, яғни даналыққа жалғануды дәріптейді. Сонымен бірге елдің әлеуметтік жағдайы да, жердің астынан, үстінен шығатын бар байлық та Раббымыздың көктен түсіріп жерден өндіріп беруіне тікелей тәуелді болып, оның орындаушылар әулие-әмбилер екенін де білгеніңіз жөн. Осы тұрғыда да құранды да, пайғамбар хадистерін, інжіл, тәураттты да мазаққа алған дін ғалымдары халықтың рухани жағдайын ғана емес, жалпы жер бетінің тіршіліктік «биоценез» қуаттар айналымына да тажал болып қарсы тұрып жастардың «экстремистік» пиғылмен бүліншілікке ұшырауына да тікелей ел басшылармен бірге себепші болып, бұл заманның осы дәуірлік кезеңі болашақ тарихта рухани надандықтың ең шегіне жеткен ел басқарушылардың атымен бірге «қызыл қырғын» деп аталуы да хақ.

            Мұны болжау үшінде ақылдың танымы жеткіліксіз, бұған жанды, ойлы ақыл, даналық, данышпандықты меңгерген ел басшыларын да, зиялы қауым өкілдерін де дайындаудың мезгілі туғаны сөзсіз. Мұндай надандықтан шығудың ең қарапайым тәсілі түс көруді үйрену, яғни жанға ой қуатын беріп жанын тазартудың намаздарын меңгеру керек. Ол үшін де мұны үйрететін жол көрсететін аққу, сұңқарларды, үгітшілерді қайта дайындау мектебін де ашу керек. Себебі басым көпшілігі өздері де толық аян, уахи алумен және оны жорып іс қылумен жетілмей жатқаны да сөзсіз. Бірақ мұндай рухани қозғалысты ұйымдастыруға қазіргі кездегі білімді қауымның, ел билігінің ойсыз ақылдарына сыйғызуы иман тұрғысында қабылдауы да мүмкін емес.

            Онда енді ата жолының болашағы қалай  болады деп сұраңыз? Міне, гәп те осында. Қазақ халқы қиямет сағатының 7 жылдық кезеңіне өтіп оның 1,6 жылын өткізуге жақындап қалғанымызбен, ел биліктің бүгінгі таңда қанша құдайдың ашық белгілері, дәлелдері уахи түсіп жатқанымен, оны қабылдауға ой қуаттары жетпей, бір шешімге келе алмауымен екі жүзді саясатты ұстанумен, енді алда тағы 7 жыл қияметтік сағаттың уақиғалары халықтың рухани түрде сауаттануы мен талай қырғындар, апаттар тосып тұрғаны да сөзсіз. Сондықтан да алдын-ала тажалдардың сыбырлауымен заң шығарушы басшыларымыз; «мұндай ақпараттарды таратқандары үшін 12 жылға соттау керек» деп халықты өліммен қорқытып рухани оятуға да тиым салған заңды бекітіп те үлгіріп, шайтанның тойлауына жол ашып та қойғанымен, келесі басылымдарда бәрібір болашақта болатын уақиғаларды кезең-кезеңімен баяндап отыруға да тура келеді. Сонымен құдай мен жер тәңірісі аталғандардың арасында ашық соғыс басталып та кетті. Сіздер осындай уақиғаның куәсі болу үшін әуелі ой қуатын қалай жетілдіруге саналы, жетелі болуға тырысып бағыңыздар. Қалай дейсіз әрине…(жалғасы бар)

 

  Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *