VIII-Аққу- сұңқарлар және ата жолы дін философиясы мен қазақ дін дәстүрінің түсініктері.

Бөлім: Аққу, сұңқарлар және Ата жолы 67

жалғасы басы 1-7 тарауларда

Жалпы дін, қоғамдық ұйымдар, философия, саясат, ел билеу істері т.б.  бірлестіктердің мақсат-мүдделері де бір арнада тоғысуымен, қандайда  бір адамзат қауымының жер бетіндегі аз ғана ғұмырында бақытты өмір сүруді қалыптастыру керек. Барлық ғылым да, өнер, шаруашылық даму істері өркениеттік мәдениетте адамзат қауымдарының жер бетінде өзін ерікті, тәуелсіз, еркін сезініп қалаған ісімен айналысып, артында ұрпақ қалдырып Адам деген ұлы есімге лайық болуымен ғана көрінісін табу керек. Сондықтан қандайда бір адамзаттың меңгерген салт, дәстүр, әдеп-ғұрып шығармашылықтары да төрт нәрсені, яғни адамзаттың жер бетіндегі қорқынышын туындататын қасіретті жеңіп, рухани тұрғыда меңгеруге негізделген.  Олар; 1. Туылу; 2. Өлу; 3. Кәрілік; 4. Ауру;

Дін насихатына жүгінетін болсақ, жаратылыстық қозғалыс басы төрт түрлі періштеден; Жебірейіл – рух-туылу-өмір, Әзірейіл – өлім, ажал, Зулкафил – жер бетіндегі жаратылыс, қозғалыс негізі,  табиғаттық, заттық, тәндік түрленуді; өсіп-өну, күш-қуаттар негізін құрайды. Исрафил – екі аралық қозғалыстың періштесі, желді басқарады және табиғи апаттармен, тылсымдық қозғалыспен, түрлену, ауру т.б. сынақтар болып бейнеленеді. Сонымен біздің тәндік негізіміз Зулкафилмен жер өнімдерімен, тіршілік егелерімен байланысты болса, ал  қалғандары есті білімдіге түсінікті де жағдай. Осы төрт түрлі қозғалыс негізін меңгеруді барша жер бетіндегі өмір сүрген, сүретін де адамзаттың тағдыры десек те болады. Енді бұл қозғалыс негіздерін меңгерумен байланысты адамзаттың бақыттылығы да, қайғы-қасіреті де, яғни қарсылық жағдайы да пайда болады. Сондықтан біздер өлімді рухани тұрғыда Қорқыт бабамыздың өнер арқылы қарсы тұрған астарлы насихатынан үлгі алып, өлімді жеңіп онан да пайда табумен, ауырмайтын жол іздеп оған қарсы тұратын қуаттарды меңгерумен, кәрілікке қарсы тұрумен, яғни  дұрыс қартая білумен тек құпия болған қайта туылу туралы да дін ілімін, жан ғылымын да меңгеруіміз керек. Сондықтан да мұндай міндетті болған тағдырдың есебін шығарудың рухани тұрғыда да айналып өте алмайтын мұндай қажетіліктерден құтылудың жолын іздеумен де түрлі діндердің, философиялық ойлардың да алуан түрлілігі де және оған түрлі амалдар ойлап тапқанмен де оның тұрақты сипатын рухани білімді, Ғиса пайғамбарымыздың мұғжизасын, інжілдік құндылықтарды меңгере білген халық қана бақытты саналмақ.

Олай болса туылу мен өлудің сыры інжілде мәңгілік өмірге жолдама алудың сырын баяндағанмен, қазіргі таңда енді оған сенетіндер аз ғана. Және оның құлшылық намаздарының қасиеттілігін христиан халқының өзі жоғалтып алғаны да хақ. Ал өмірге адам болып туылғаннан кейін өлу міндетті, сондықтан да ажалды айналып өткен ешқандай жанды мақұлық жер бетінде жоқ, болуы да мүмкін емес. Осындай міндетті жағдайдан кейін біздерді ібіліс сарбаздарының, шайтан жамағаттарының азғыруы да өз нәтижесін беріп, осы өлімнен құтқару жолы, ажалға қарсы тұрудың амалы рахат пен ләззат қана деп көбірек рахаттану, ләзаттың дүниелік қызықтың бәрінің дәмін татып көрумен өлімнен өш алғандай сезінеміз. Ал кәрілікті жеңбек болған ғылым саласында қаншама нәрселерді, дәрілерді ойлап тапқанымен әзірге онан да нәтиже аз, жоққа тән. Керісінше дін қағидаларын меңгеру арқылы ұзақ жыл өмір сүріп кәрілікті дұрыс меңгеруге болатынын дәлелдеген адамдар қауымы жеткілікті. Қазақ халқында да бұрынғы қасиетті бабаларымыздың тоқсан жасында да өмірге ұрпақ әкелу қабілеті болып Тоқсанбайларды да өмірге әкелудің сырында осындай кәрілік жасына келіп жастық, жігіттік қалпын сақтай білуінде екенін мойындай да білген жөн. Олай болса текті бабаларымыз, қасиетті аналарымыз ауруды да жеңе білген, ауырмайтын жолды меңгере алған деген ұғым да пайда болады. Ал қазіргі білімді заманның жағдайында кәрілікті меңгеруді және аурудан, мүлде ауырмайтын жол табудан дінсіз, тек ғылымның біліміне ғана сүйеніп, керісінше әлем халқы аурудың санын арттырумен ғана нәтижесін беріп жатқанын,  адамзатқа, ғалымдарға мойындату да қиын.

Осындай жағдайда әйелдер қауымының жыныстық көбею қабілетінің, жанының тез қартайып қырқында бала тууға қабілетті әйелзатын енді өте аз кездестіріп, ал бағзы замандағыдай Сара анамыз сияқты 90 жасында бала тууға қабілетті кемпір жер әлемінде де жоқ шығар. Осы тұрғыда енді қайта туылу дегеннің әрбір адам баласының жер бетіне қайта өмірге келуі «реинкарнация» заңдылығы туралы да ғылымда және әсіресе ислам дін білімінде мойындау түгіл тіптен жалпы жан туралы мағлұматты да толық меңгере алғанымыз жоқ. Осындай жер бетінің тұрғындары ақпараттық жетімсіздікке және қайғы-қасіретке ұшыраған жағдайда қияметтік түрлену, үлкен өзгерістер болатыны дін насихаттарында баяндалған. Ал мұндай әлемдік, ақпараттық қияметтік мезгілдегі  өзгерістің басы, ақ бұлағы болу қазақ халқына бұйрылып, оны біздердің есті қауымының меңгеруі түгіл, керісінше қарсылық білдіріп, қазір қияметтік сын сағатының азабын тартып жатқан ел боламыз десек, әрине оған нану да екі талай болар. Сонда да болса ата жолының, қазақ дәстүрінің осы тұрғыдағы маңызын баяндап та көрейік.

Қазақ халқында осы төрт қасіретті де меңгерудің  нақты әдісін құдайдың өзі үйретіп, оны ата жолында меңгеруге де болады десем, әрине оған нану қиындау болары да сөзсіз. Себебі қандайда бір қозғалысқа, ақпараттық өзгерістерге міндетті түрде қарсылығы да өзіміздің ішімізден, арамыздан пайда болуы да хақ. Сонымен бірге қандайда бір қозғалыстық, ақпараттық себептерді түсіндіру үшін нақты дәлелдер керек. Бірақ қазіргі таңдағы біздер үшін бар, көпшілік қауымдар үшін жалған болып көрсетілген бұл дәлелдерді меңгеру де оны халыққа ғылымын жазғанмен оны қабылдату үшін де, тәжірибе түрінде түсіндіру үшін де кем дегенде 50 жыл уақыт керек. Ал онда оған дейін не істеу керек?  Қалай нандыра аламыз әуелі қазақтың зиялы қауымын? Әрине осы жағдайда ойлау қабілетінің біртектілігін қалыптастыра алатын иман атты қуатты меңгеру арқылы ғана мүмкін болады десек, онда масһабшы, діншілерді былай қойғанда жалпы зиялы, білімді қауым өкілдері де, ел билеушілердің де бәрі бірдей арсыз, зұлым емес, керісінше халықтың қамын, ел намысын, рухани өркендеудің қамын ойлағандардың бәрі де иманды емес пе, неге олар ата жолын, тылсымдық өмірді, құдайдың белгілерін түсінуге қабілетсіз болу керек?-деген сауалдың сұранып тұрғаны да хақ.

Жоғарғы тарауда баяндалғандай бұл жерде ақылдың алғашқы төрт сапасының  жағдайына қайта тоқтала кетсек; Ақыл негізінен адамзаттың білімімен байланысты және сенімді қалыптастырады. Осы тұрғыда сезімдік ақыл мен қаракеттік ақылдың алғашқы сатылары осы білімділікпен, өмір тәжірибесімен ғана шектеліп және сезімдік ақыл әйелзаттарына, ана қанына тәуелді түрде өсімдіктер, жәндіктер, әлем үнімен, біздердің ішкен-жеген тағамдық, азықтық қуаттармен де байланысты жетілсе, ал сезімдік ақылдың жұбы ақылдың аңғарымпаздығы яғни «интуиция» болып бұл іліммен, ділмен байланысты, ішкі сезімдік рухани тазалықпен, қан, жүректің тазалығымен жанның ісіне тәуелді болып иманның негізін қалауы керек. Сезімдік ақыл және оның аңғарымпаздығы ана сүтімен, қанымен, шайтандық қуатпен, яғни әйелдік гормонмен төменгі жиілікте қанның, жүректің тазалығымен байланысты болса, ал қаракеттік ақыл жануарлар әлеміне тәуелді болмақ. Демек біздің жануарлар әлеміне байланысты азықтық тағамдарымыздың алуан түрлілігі мен сапасын және тылсымнан сыртқы әсер түріндегі жын қуатымен, біліммен адам еркін, жігерін қалыптастыратын әдіс-айламен байланысты нәтижесін қуатын меңгеруіміз де керек. Ал оның жұбы қаракеттік ақылдың «интеллектілігі», яғни әсершілдігі өнердің бар саласымен, шығармашылық шабытпен, сырттан келетін бес қуаттық шамамен де байланысты адамзаттың ішкі дүниесін байытуға негізделіп бұл иманның азығы болмақ. Абай атамыздың; «Бес қуаттың бәрі де өнерге салар бар күшін» деген өсиеті де осы қаракеттік ақылды жетілдіруге негізделген.

Ал енді масһабтық білім шариғатымыз немесе мәдениеттілік әдебіміз, оқыған, тоқыған білімдеріміз  бұл біздің жалпы сыртқы бейнеміз жалпы бойды, сенімді қалыптастырады.  Сонымен ішкі дүниеміздің жетістігі жанның жарығы иман болып; ақ пен қараны ажыратумен, болашақты болжаумен, көріпкелдік істермен байланысты болған жандық қуаттардың негізі болса, ал сенім қуатын жетілдіретін рухани қуаттарды, қасиеттерді жетілдіруге негізделген қуаттарды АР арқылы және бойдың тазалығы, тақуалықтың жетістігі арқылы ғана меңгере аламыз. Бұл сол жақтық әрекеттерге тән болмақ. Сондықтан сол мен оңның теңдігінен ғана ортасы көңілдік қуаттың, яғни ұжданмен байланысты танымдық қуаттың негізі пайда болып, осы танымдық қуатпен бесінші нәсілдік белгіні, яғни адамдық негізгі тектілікті меңгере аламыз. Бесінші текті меңгерудің сырын да аталарымыз, «Ілім мен білім ортасын таба алмасаң бүлін» деп жындылық мінезден білімді де ілімді де пенденің құтыла алмайтынын, ілім мен білімді құдай ісі, кітап алу арқылы яғни аян, уахиды меңгеру арқылы ғана нәтижелі болатынын да ескертіпті.

Міне енді осы тұрғыда әрбір адам баласы әуелі өзі туылған жерінен, табиғатпен, жаратылыс егелерімен үндік толық байланысты тұрып, рухани азық алу да шартты болмақ. Және жаратушымен екі аралықта тұрған өз ұлтына тән кітап алған Алланың досы болған әулиелердің кітабын, уахимен  берген, көрсеткен ақылдарын меңгермей, ақыл-ойын тазартпай тікелей Алладан кітап алуы да ешқандай мүмкін емес. Тажалдық білім де діндегі адасушылық та, білімдегі теріс ойлау мен жындылықтар да осыдан пайда болмақ. Сонымен жоғарыдағы төрт негізгі жаратылыс себебінің де, аралық байланыстыратын себепшісін анықтап жалғана алмай, өздігінен бұл құндылықтарды меңгеруіміз де мүмкін емес. Енді осы төрт түрлі бақтың негізі мен қайғы-қасіреттің арасында тұрған аралық адамзатпен барлық жаратылыс себебінің ортақ себепші жалғаушы жібі аруақ деп аталатын адамзаттың рухани өнімі екенін де білгеніңіз жөн. Аруақтың да екі тобы болып бірін серіктер, яғни жанды күрделі қанатты періштелер деп атап, екінші қанатсыз яғни жансыз шеріктер тобына жатқызамыз. Енді салыстырмалы түрде діншілер мен масһабшылардың «шерікті қосу» деп халықты үркітуге арналған сөз атауының сөз жүзінде арам жеу, түрлі зұлымдықтарды жасауға байланысты, негізінен тазармаған жындарды ырым қылудан пайда болған. Ал шын жүзінде салыстырмалы түрде жындық қуатынан тазармаған және танымдық ақылдың бесінші дәрежесін меңгере алмаған жағдайда, әрбір пенде де шеріктер тобына жататыны да сөзсіз. Осы тұрғыда масһабшы намазхан аталғандардың иманы әлсіз, тек сенімге негізделіп, өздері ақылымен әрекет етпей, тек білімді негізге алған имам, жетекшілерінің соңынан көзсіз ере бергендіктен шерікке  айналумен және олардың қарсылық, қаралық күштердің орындаушы болуы да сөзсіз. «Жын, шайтан, адамзат тектерінің құндылықтары» атты 7-ші кітаптық жазбада жалпы жын мен шайтан қуаттарының адамзаттың мәңгі айрылымас рухани тұрғыдағы жартысы екенін дәлелдеп шықтық. Енді оқырманға түсінікті болу үшін, тағы сол жазбадан үзінді келтіре кетейік;

Сонымен құранда жаратушы Иеміздің; «Сендерге 8 түр жараттым» деген аяттың да құпиясын жұбын, парын қарастырумен кең көлемде насихат түсінігін ала аламыз. Жалпы ислам ғалымдарының барлығы дерлік бұл сырды тек 4 түлік малмен, яғни малдық адамзатқа тән жындық қуатпен ғана қарастырса, ал Інжіл жазбалары бойынша Ғиса пайғамбарымыз 8 түрлі жындардың болатынын, адам арқылы бейнеленетінін ашық ескерткен. Яғни малдық қуат дегеніміздің өзі қара қуат негізі – жындық қуаттар болып табылады. Жынсыз, шайтансын адам баласы өмірге келмейді. Сондықтан пайғамбарымыз; «Адамдар күнәдан бастап жаратылады» деп ашық ескертіп кеткен. Енді осы жындық, сегіз түрлі қуаттық белгінің адамзат өмірінде тәннен бейнелену орындарына қарай сипатын баяндап көрейік. Себебі біздің оң қолымыздағы қуаттар негізі аңғарымпаздық, болжампаздық қабілетті қалыптастырса, сол арқылы түрлі көріпкелдік те қасиеттерді меңгеру керек. Сондықтан енді сегіз түрдің, қасиеттің сипатын ескерсек;

1.Ми; 2.Құлақ; 3.Көз; 4. Ауыз; 5. Асқазан; 6. Алақан; 7. Бүйрек; 8. Табан; болып бұл періштелік қара қуаттардың (жындардың) өзара дәрежеленіп тұтастыққа (кісілікке) айналып жалғанулардың да құрандағы мәндері; 111; 3; 1; сандық аяттарымен тікелей байланысты болмақ. Осы ағзалар ақпараттық орындар қара қуаттардың қоймасы болып оның енді жаратылыста да 8 түрлі қуаттық шамасы бар екенін Абай атамыз:

Алла мықты жаратқан сегіз батыр

Баяғыдан соғысып әлі жатыр.

Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып,

Кім жығары белгісіз түбінде ақыр.

****  ***

Мұны тапсам ойланып, ақын деңіз,

Таба алмасам, ақылды болар неміз?

Қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пен жұп,

Жақсылық пен жамандық болды сегіз.

Сонымен Абай атамыз да ақындықтың ақылды меңгеруге және осындай сегіз қуатты табиғат әлемінен де зейнеттеп алуға да тәуелді екенін астарлап насихаттап өтіпті. Сондықтан осындай жындық қуаттың ошақтарын тазарту және таза қуаттарға – кісілікке айналдыру арқылы ғана ақыл толық болып, біздердің танымдық ақылымыз өз дәрежесінде болуы да сөзсіз. Енді біздердің еліміздегі жалаңбастық салттың нәтижесінде әйел халқын мүлде ескермегенде, миларын қара қуаттан тазарту да (промывка мозгов) мүмкін болмағандықтан жынды емес ел билеуші, ақын, жазушы, ғалым, т.б. қырықтан асқан зиялы қауым өкілін табу өте қиын екені сөзсіз. Олай болса елімізді түгелдей жындылар қауымы басқарып, жындылығымыздан пайда да, зиян да шегіп жатқанымыз хақ. Енді мұндай жағдайда халыққа дұрыс жол көрсете алатын діндегі жынды емес басшыларымыз, ғалымдарымыз да бар емес пе деген сауал да туындайды. Енді қандай да бір тура жолын тауып даналыққа жеткен адам баласында жоғарғы ескерткен 4 түрлі қайғылық себептен тазарған болып, тақуалығы жетілген және пайғамбарымыз ескерткендей; «Тура жолда болған адам баласы дем салдырмайды» деп олай болса ондай тақуа, әулиелерде осы 8 орынның нұрланумен және ағзаларының қандай да бір бөлігінде шайтандық болмай, ауру, дем салатын орындары мүлде болмау керек. Ата жолында мұндай жағдайда қазіргі таңда аз да болса жыннан толық тазару арқылы құран арқылы жалғанып, ат-жөнімен қазақ елі түгіл Африка еліндегі пендеге де ауру, дерттік, сырқаттық шамасын анықтай алатын дәрежені меңгерген шәкірттеріміз бар. Сол тәсілмен енді тексерсек;  Қайрат Жолдыбай ұлы. Жоғары дәрежелі имам, дін ғалымы екенін қазақ елі жақсы білу керек.

Аруақтан ақ бата; «Бас сақинасы бар. Белден төмен табанға дейін жансызданады. Қарақұстан тартады. Омыртқа бойында 3-ші омыртқа арасында су толған. Сабырлық бар бойында. 7 жаста аянмен жетекке алған. Көріпкелдік қасиет бар; 3-ші әжесі мен нағашы да осындай қасиетті болған.

  Асқазан тек дәрілік шөппен ғана жұмыс істеп тұр. Көп шөлдейді. Болжамдық қасиет бар. Құл Қожа Ахмет Ясауи баба аянмен бата берген. Шеше алмады. Жан ұяда өсіп-өнген тұқымнан. Ұлының, шырайының басы қатты ауырады. Екі қуыққа дем салу керек». Демек қазақтың дін саласының жоғарғы маманы сопылық дәрежесін меңгеріп құранды қорғауға тиісті кісілікке жеткен ғалымымызда жындылық та, шайтандық та, аурудың үлкені де тұр. Олай болса жеті жолға жалғанып Алла тағаладан ғылым, кітап алуы мүмкін емес және сопы да емес. Мұндай жағдайға 7 күн-чакра өмір өрісі түгіл, 5 күн жалғанын да тазарта алмаған болып саналады.

Енді қазіргі ең жоғарғы діндегі  үлгіге, кісілікке назар салыңыз; Ержан Малғажарұлының; Сопылық, тақуалық болмысына үңіліп көрсек; « Басы ауырады.(1) Өңештен көп мазалайды.(2) Екі табан сыздайды.(3) Оң жақ бүйрек суық тиген.(4) Өт жолы арқылы келетін сұйық жүрек қалқанша безін кеңейткен(5) (ісініп тұр). Көк тамыры ісінген.(6) Асқазан қышқылы көбейген. (7)Тырысқақ ауруынан жазылған. Көк түсті ұнатады. Қол-аяқ сырқырайды.(8) Қуықта түйін бар.(9) Бауыр перделері ыдыраған.(10) Халық назасынан абай болу керек!. 42-әулие басына зиярат, 3 рет қажылық 17 жылда. Билік аманатталады. 1 жыл 7 айда өзгеріске абай болу керек. Қанат астындағы толық аласа бойлы ер пенде мен ұзын ақ сары ер пендесінен күдігі бар. 7 рет аянмен ескерту алған. Сәжде түрін жетілдіру ілімінде іздену абзал. Қосағының жатырында кеселі бар.» Ал енді 8 түрлі қарсылықтың, жынның шайтанмен әрекеті бір ғана осындай халыққа Құдайдың дегенін жеткізетін маңызды басшысының бойынан табылса, онда жалғандыққа түспей және мұндай жағдайда аян алып дұрыс шешім шығаруы да мүмкін емес. Мұндай жағдайда ойлау қуатының әлсіздігі және жалғандыққа түсуге де мүмкіндігі көп, даналық түгіл танымдық ақыл қуаты да тек бір жақты екені сөзсіз. Ал жалпы сырты таза екенін күнде халық көріп жүр, ал осындай масһабшылардың, сопы, тақуалардың ішіне халық қалай үңіліп баға бермек? Енді осындай жалған тақуалардың да бір үлкен сылтауы қажылық қасиетті меңгеру. Қажылық танымдық  ақылдық дәрежесі де  жоғары болған; 6-ші дәрежелі даналық ақылды меңгерумен ғана жанды толық жетілдірумен ғана белгілі болмақ. Олай болса қазақ халқының ең көп Меккеге сапарға барған тақуа, сопысын тексеріп көрсек; Абдыхалық Амангелді Еренғайып ұлы.

«Еңсесі төмен түскен. Ұйқы безіне дем.(1) Белге дем.(2) Бас ауырады.(3) Екі құлақ шыңылдайды. Көкірекке дем.(4) Тамақ бездеріне дем.(5) Желке тұста (қаралық-жын) қадалып тұр.(6) Оң жақ білекке не болған?(7) Екі табанда тұр(8). Сол жақ қолға зақым болған(10). Жамбыл ата қолдауы бар. Шеберлік қасиеті бар»  Енді бұған аруақтан келген білімге әрине дау да айтатындар көпшілік. Себебі құдай ісін меңгеріп аян, уахи алып мұның ақ-қарасын тексеретін  жоғарғы 4 сапалық қуаттарды меңгерген сопылық дәрежесі толық бірде-бір ел басшылары да жоқ. Ал енді қарапайым түрдегі белгісі ауыздан пайда болатын жындылық сөзді анықтайтын біздің дана философ ғалымдарымыздың өздері де жынды және олардың жындылық сөздерінен жастар да күлетін жағдайға жетіп алдық. Мысалға қатардағы дінші «намазханды» былай қойғанда теолог, хазіреттер мен имамдардың; « Аллаққа, аллақым деп, тәуәсіл жасап, ақидамен, асхаби қирамен, әлейкім ажмағиды, ықтипатпен, салалауху әлексаламның…т.б.» ия араптың үніне,  не қазақтың үніне сіңбейтін жындылық сөзді алыстан іздемей-ақ осындай дін басындағылардың шығарған кітаптарымен мешітке жұмаға ғана барсаңыз ішіңіз кепкенше тойып қайтатыныңыз да даусыз.

Мұндай ұлттың руханиятына, Алланың көркем сөзіне зұлымдық қылуды, озбырлыққа тиым салатын философ ғалымдардың өзі сөз ұқпайды, жүректері жабық. «Зияткерлік мектеп, зайырлы, «светский» (дінді, қасиетті) ел болғандықтан дін мемлекеттен бөлек» деген жындылықтан да асқан шайтандықты ұялмай айтып және мұндай жындыларды ұялтудың, арландырудың мүмкін емесін сезген сайын «Құдай аясын» дегеннен басқа амал да жоқ. Олай болса, сөздің міндетті түрде әрбір пендеде сыртқы белгілі бір өрістік бейнесі, түрі, түсі болатыны да біздерге мәлім болғанымен, ал оны анықтауға қазақ ғылымдық жүйесінде мүлде тәжірибе құрылғылары да жоқ. Мұндай жағдайда ғылыммен адам өрісін анықтауға болатын шетел ғалымдарына неге жүгінбеске? Неге дін басшыларын, ел биліктің арнаулы тәндік, рухани тазалығын тексеріп қана басшылыққа халыққа ақыл айтуға тағайындамасқа?  Осындай жындық жағдайын енді қазіргі «оппозиция» құрып, халықты бақытты қыламын дегендерді де сырттай тексеруге де болады, яғни өзін-өзі бақытты қыла алмағандар  қалай бір тұтас халыққа жөн сілтеп бақытты болудың үлгісін көрсете  алмақ?

Қазақ халқының ата жолын қудалап соттауының өзі осындай жыннан болған шайтандардың тобының болашақта өздерінің өтіріктері әшкере болатынынан қорқып әлі кезге дейін екіжүзділік танытып, ата дәстүрін мінберден халық алдында сөз жүзінде қолдап, ал оны іс жүзінде жоққа шығарған табынған «тәңірлері»  заңның күшін жоюға батылдары бармай, бірақ өздерінің де  күн, ай санап батпаққа белшесінен батып жатқандарын да аңғаруға шамасыз екендері де хақ. Осының өзі қазақ билігінің, зиялы қауымының жындылықтан да төмен түскен өздерінің шексіз биліктеріне, ой жорыған білімді кітап жүзінде меңгерген ақылдарына табынған мастықтарына (жын-шайтандық) әшкере дәлел болмақ.  Қазіргі таңда ислам әлемі діншілерінің басым бөлігі және дінші қазақ жастары мен зиялы қауым өкілдері, ел билеушілер де өздері танымдық ақылды да толық меңгеріп әрекет ете алмай, тек сырттан келген тәпсірлермен, шариғат тұрғысы дін ісімен ғана амал қылғандықтан бұлардың бәрі шеріктер және күдіксіз, білмей Аллаға ортақ қосушылар болып саналады. Себебі дін ісін жол қылып, құдай ісін меңгеріп ұлттық жоба ала алмағандықтан өздерінің шерікке айналып, жүректері мөрленіп есту, көру қасиеттерінің жабылуымен иманы жоғалғандарын аңғара да алмайды. Ақылдың аңғарымпаздығы да өлген деп санауға болады.

Неге десеңіз, мың жыл бұрынғы даналықтың өлшемі мен және мұндай жағдайға жету жоғарғы 4 қасіретті қасиетке айналдыру амалы да мүлде өзгерген. Себебі табиғатта жан-жануарлар әлемі де, адамзаттың азықтық қорының қуаттылығы да, сапасы да өзгергендіктен және осыған байланысты рухани көмес қуаттардың да сапалық тұрғыда өзгеруі де сөзсіз. Ал енді мұндай жағдайда адамзатта гормондық, гендік, қандық жетімсіздіктер болып, түрлі аурулардың көбеюі оған қарсы тұратын иммундік қабілеттің де әлсіреуінен пайда болғаны да сөзсіз. Және бұған енді мыңдаған жылдар бойы өзгерген үндік, сөздік қуаттардың, сөз атауларының да өзгерісін қоссаңыз мұның түсінігі; тіл білімі болып адамзатқа ортақ оттың тілі, судың тілін меңгерумен ғана түсінігінің қалыптасуы, иман қуатының пайда болуының ерекшелігі де көрінісін береді. Аталарымыз; «Бір тілің от, бір тілің су екі тілде сөйлейсің адам,   байқамай діліңді бұзып алма» деп астарлаған екен. Міне енді ділді меңгеру үшін екі түрлі сана-сезімге тірі оттың тілі, ал рухты меңгеруге тірі судың тілі қажет. Түсінік от пен судың теңдігінен ғана пайда болады. Ал ондай тірі от пен судың жарығын – ойдың өрісін тек арнаулы қасиетті «ойпатты»  орындардан, әулие-әмбилер бастарынан ғана құран арқылы, екі аралық көркем сөз ағашын өсіру арқылы ғана, оның жапырағын иман түрінде жұлдыздан ала алады екенбіз. Онда жүректері мөрленгендер қазақтың дәстүрлі дінінен «шерік қосылады», яғни жындар, шайтандар, қара күштер зияратшыларға кіріп алады деп қорқытады. Оның өтірік екенін әулие аралап жынданған қазақтың тарихта болмағанын, керісінше жынынан тазаратынын және бүкіл әлемдегі исламнан өзге діндерде және дәстүріміз бен мыңдаған жылдарғы шежіреміз баяндап тұрғанмен, діншілердің тәпсіріне ақылын мықтап байлап қойған пенденің жүрегіне ену мүмкін емес. Және мұндай жағдайда онда құдайға «серік қостың» дейді де, ал оған жындылығы шайтанмен араласып алғандар құлай сене қалады. Немен қалай қосылады, жалпы серік деген қандай жаратылыс, шерік деген қандай жаратылыс өлшемі не екенін сол айтқандар түгілі жоғарғы дәрежелі ғалымдары да білмейді.  Басшыларының жағдайы жоғарыдағыдай болса, онда қырыққа келіп ақылы толмағандардан не сауал бар? Себебі Алла туралы және оның сипаттары туралы құран теологиясы мен сандық білімі, қанатты-қанатсыз періштелер мен шапағатшылардың, яғни серіктердің кітабына жалғану деген сияқты тарихаттық, мағрипаттық ұғымдарды тек шариғат пен кітаптың біреулер жазып берген біліміне байланғандарға мұндай сөз ұғымы деген қазіргі таңда ел басшыларынан бастап, философ ғалымдардың, ақын, жазушылардың өздері де сөз ұқпайды, бірақ сонда да болса ел басқарған даналар болып саналады. Оларға қарағанда ата жолының көшеден келген, сонда да болса аруақтардың аманатын орындауға тырысқан өз ішіміздегі жындыларымыз таза мұсылманға жатып, шайтанға ауруларына байланысты екі жүзділіктік сапасы да ақылға сыйымды деп түсінген де дұрыс. Себебі қанша дегенмен тірі от пен тірі судан шамасына қарай қуат алып қандық сапасын, ділін тазарта білгендерміз. Олай болса арлылық жағынан қандайда бір ел билеуші, діншілерден жоғары да тұрғаны сөзсіз. Сондықтан қанша қудалап мазақтағанымен де осы уақытқа дейін ата жолынан бірде-бір пенде билікке ашық қарсылық білдіріп, жалған намысқа, ызақорлыққа беріліп, өзін-өзі жарып дегендей немесе шет елге қашып кетуді ойлаған да емес керісінше; «У ішсең руыңмен бол» деп бұл рухани соғыста құдаймен соғысушылардың қалай және немен аяқталатынын ғана күтіп отырған жайлары бар.

Сонымен енді бұл қазақтың тарихи шежіресінде ерекше белгі болып қалатын уақиға немен қалай аяқталмақ? деп сұраңыз. Біз енді ата жолының болашағын, қадір-қасиетінің шамасы қандай болатынын, әлемдегі орнын танымдық ақылымыздың шамасына қарай баяндап көрейік…(жалғасы бар)

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *