Өкпелеме өмірге жындылар

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 117

Келер, кетер дүниеге көп адам,

Дөңгеленіп қайта айналар сол заман.

Түзете алмай өз-өзіңді жынды боп,

Кімге барып өкпелейсің, ей адам!

Аруағың тұр алды-артыңды қоршаған,

Көрсетіп мынау жақсы, бұл жаман,

Надан болып ізіне еріп өзге елдің,

Енді кімсің  қазақтықтан құр қалған?

Үлкен болып жас балаша қылығың,

Жалаңбас, жалаң киім тұрысың.

Өз-өзіңді байлап беріп шайтанға,

Білімді сөз айтқанға мәз жүрісің.

Ақылың артта қалып жоғалған,

Дін дәстүрің ел билікпен сотталған.

Дүние байлық, жалған намыс ойлаған,

Жынды қауым зиялы болып аталған.

Қияметтік сын сағаты елге соғылған,

Арсыз қыз, қатындармен кім ел болған?

Қаның азып жан жоғалып ұлтыңда,

Еркектер  аяқ, қолдарынан жала алған.

Белсіздік дерті басып ерлерді,

Әйел шайтан, ерін ерттеп мінгенді.

Ұрпақтарың іштен дертті туылып,

Ақырзаман қара бұлты төнді елге.

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *