Партия құрған тажалдар

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 51

Білімсіз және нанымсыз,

Ұлттық дәстүр салтынсыз.

Бұл әдетің надандық

Арсыз пенде намыссыз.

Білімді көп шешендер,

Ел билемек көсемдер.

Партия құрып ел жинап,

Ұлтжандымыз дегендер.

Қазақ ұлтын бөлек деп,

Шекарасын бекітпек.

Қорғамақ боп тіліңді,

Таңбаңды «Кер» өзгертпек.

Ортақ мүдде болмайды,

Орыс деген оңбайды.

Дос болмай өзге елдермен,

Намысын қазақ сақтайды.

Жерден байлық меншігің,

Тәңір деп атаң өсірген.

Бөліспей енді өзгемен,

Дүниемен толмақ кемісің.

Тегің де болсын қазақша,

«Ов, пен «Ев»-ті аттатпа.

Аруағымен бабаң құрдастай,

Арсыздың салтын дейді ұста.

Тәңір боп шешім қылғандар,

Тексіз, арсыз жарандар.

Аруағын әулие тыңдатпай,

Азғырды елді тажалдар.

Замана ғылымға қарсы боп,

Сөз айтқан көп жақсы боп.

Аңқау елге арамза,

Есті ақылға тұсау көп.

Бірлікке дінмен шақырған,

Жомарттыққа сый алған.

Мәртебесін өсір ұлттың деп,

Құдайың еді бай қылған.

Көгінен нұрып түсіріп,

Беретін жерден өсіріп.

Құдайдың мүлкін меншіктеп,

Тажалдар жүр есіріп.

Дін исламға қылып қарсылық,

Сараңдыққа елді шақырып.

Арсыз надан көп шықты,

Ұстанған жолын шайтандық.

Бабалар жолы бұл емес,

Дәстүрге лайық дін емес.

Тегін ағаш өсірмей,

Ұлтың қазақ көбеймес.

Әлемді дінге шақырған,

Алты рет басын жинаған.

Алты алаш елдің бірлігін,

Шекарасыз Тұран ел қылған.

Арсызды елім тыңдама,

Өз ұлтыңды ғана ойлама!

Бірлікке шақыр әлемді,

Дәстүрін баба жалға да.

Рухың биік қазағым,

Меңгерген діннің тазасын.

Әлемге аға  ел болып,

Жомарт ел қазақ аталсын!

(Сәуір 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *