Діншілердің жай күйі..

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 84

Артына қарай берген соқашыдай,

Екі жүзді діншінің халі осылай.

Өз ұлтының дәстүрін аттап өтіп,

Өз ұлтының рухына опа қылмай.

Құдайға тәуекелді қыла алмаған,

Құдай ісін ұмытып жалғанбаған.

Ақылын арттан іздеп уахи алмай,

«Намазхан» екі жүзді жалтаңдаған.

Ақылың артта қалып білім озды,

Шайтан құрып өрмегін, жайған торды.

Білімнің соңына түсіріп қарайлатпай,

Көздерін соқыр қылып байлап қойды.

Аруақ емес арттарынан шайтан еріп,

Күзетшісі шайтан болған есі кетіп.

Аруағын Алла досының деген шерік

Жақсыны жаман, жаманды жақсы көріп.

Болжампаздық серік қосу деп аталған,

Ойлауға, армандауға тиым салған.

Жаныңды жоғалттырып жаннат кірмек,

Тажалдық де, бес парызбен жол атаған.

(Сәуір 2014)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *