Сөздің тазалығы –иманның айнасы

Бөлім: Сұхбат әдебі және діл білімі 105

    Масһабты, шариғаттық дін ісін жол-ғылым, ілім негізі қылып, сұқбаттың сөз тазалығының ұлттық маңызын жоюға жан салып еңбек еткен қазақ діншілерінің бүгінгі таңда еккен бұл улы ағашының жемісі көрініп нәтижесін бергені де хақ. Әсіресе бұл аурумен ақпарат беру саласының ауырғаны ұлттық қасіретімізді де білдіреді. Жұма күні (23-05.2013) беріліген «Біз» және «Иман айнасы» атты хабардан ғана мысал бере кетейік. Сонымен Иман айнасындағы талқылауға, сұқбатқа қатысқан Қызылорда облысының мешіт имамының сөзінен пәтуасынан оның имансыздығы ғана көрініс беріп, бұл сұқбатты жүргізушінің де оны түзетуге ақылының шамасы жетпегенінен де иманының әлсіздігі ғана байқалды. Себебі имамның; «Көріпкелдік, тағдырды болжау деген шариғатта ұлықсат етілмеген» деген пәтуасының өзі құранды да жалпы діндердің барлық негізгі құндылығын теріске алған кәпірлік сөз ғана болғаны да хақ. Себебі бұл имам құран аяттарың, «..Сендермен өліктерді сөйлестіремін, барлық нәрсені алдарыңа жинаймын…» (6-111) «Алла тағала бір адам баласымен көкейге салу түрінде немесе перде артынан ғана сөйлеседі: Не бір елші жіберіп, өз бұйрығымен қалғанын уахи етеді..» (42-51) деген және осыған ұқсас жүздеген аяттарды теріске алып, сонымен бірге Інжілдік, Ғиса пайғамбарымыздың қалдырған, рухани жетілуімен киелі рухтарға жалғануға көрсеткен үлгі мирас қасиеттерін және елшілік, емшілік істердің шариғат дін ісімен қамтылуы мүмкін емес, себебі бұл туралы құранда (5-68) аятпен нақты ескертіп «..Інжілдік бұл рухани дарындылықтарды меңгермесеңдер түк емессіңдер» деген Раббымыздың ашық аят үкімі исламдық шариғатқа, масһаб біліміне енбей қалған. Сондықтан да заманға қарай уахимен, хабар алумен арамыздан шыққан дарынды елшілік істерді меңгерушілер арқылы да Құдай ісі болып және бұдан үлгі алған мүміндер жеке-жеке  аруақтарымен жалғану арқылы ғана атқарылып; «Расында Сендерге Раббылараң тарапынан көрнеу дәлелдер (аян, уахи беріледі)келді. Кім оны көрсе өзі үшін. Және кім көрмесе зияны өзіне. Мен сендерге күзетші емеспін.» (6-104) Сонымен аруақ-ғұмыр кітабының бейнелнуін, ал мұны бейнелейтін көруші, естуші, өздерінің іштеріңнен айтушы болған адам баласының серігі, иман жолдасы болып жақсы-жаманды аян, түстермен көрсетуші періштелерінің сипаттарын және оларға жалғану арқылы ескертушіден елшілік қасиеттерге дейін дәрежеленіп меңгеруге болатынын дін имамдары шариғатта жоқ деп неге құранды терістеп, Раббымыздың үкімдерін неге мазаққа алумен айналысады деген сұрау қойыңыз. Осындай жағдай «Біз» бағдарламасында да көрініс беріп, енді дәрігерлік медицинаны дәстүрлі, ал емшілік істерді халықтық деген тажалдық ұғымды қалыптастырушы ақпараттық орындағы тілшілер, жүргізушілердің надандығын қалай түсінеміз? Құдайдың ісімен арамыздан пайда болған дарынды қасиетті адамдар арқылы ғана қалыптасатын емшілік білімнен барып- шипагерлік білім, шипагерліктен — дәрігерлік білімнің пайда болуын жалпы адамзаттың «дені», «діні», «ділі», «тәні», «рухы», «жаны»- ден саулықтың тұтастығын ғана көрсетіп, оны бөлек-бөлек қарастырғаннан, бөлшектегеннен жер әлемі індеттен айыға алмай жатқанын неге мойындап, ақылымызды мұндай қазықтан, тажалдықтан босатып ойланып көруге, соған байланысты ұғымдарды да өз атауымен, орнымен атауды меңгермеске?  Дәстүр деген құраннан, жалпы адамзатқа түсірген барлық діннен бөлек болғаны ма? Мұндай сұмдық тажалдық білім қайдан шыққан? Түр дегенің өзі 8 түрден тұратынын, бұл сегіз қарсылық күш, сегіз аяқ, сегіз түс, сегіз қыр, сегіз діннің бірлігі емес пе? Демек қазақ зиялы қауымында, дін ғылымында да иманның әлсіздігі, сөз тазалығын сақтай алмаудың яғни имандардың есетері екі жүзді әрі кіресілі-шығасылы ғана екеніне  бұл аз ғана мысалдың өзі жеткілікті болмақ бір есті, жетелі адам баласына. Пайғамбарымыздың; «Қиямет мезгілінде адамдар ұйқыдан оянғанда мұсылман болып, кешке қарай үйіне кәпір болып оралады» дегенін қазақ ақпараттық қоғамының меңгерушілері толық дәлелдеп жатқаны да хақ.

( Мамыр 2013 жыл.)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *