III-ҚҰЛШЫЛЫҚ ТАНЫМДАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯ МЕКТЕБІ

Бөлім: Сұхбат әдебі және діл білімі 0

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-fareast-language:EN-US;}

 (жалғасы 2-ші бөлімде)

     Сұқбатта пікір талас тудырған философ ағайынның; «Дін жолы мен Құдай жолы бөлек» деген  бірінші бөлімдегі талқыланған пәтуасына қайта оралсақ. Құран жалпы рух туралы білім және жаратушыдан түсірілген жаратылыс және тіршілік себептері мен әлем тағдыры туралы жоғары философиялық ақыл сөз. Ал Мұхаммед пайғамбарымыздың хадис-өсиеттері тіршілік қағидалары, өмір сүру тәртібі, мәдениеті туралы логикалық яғни сананы жетілдіру біліміне жатады. Осы екі білімнен барып жалпы әр ұлттың өзінің тұрмыс еркшелігіне қарай психологиялық, ұлттық мінезді қалыптастыру, тәрбилеу білімі дәстүрі қалыптасқан.

      Бірақ замандардың дәуірлерінің алмасуымен өркениеттің де бір орында тұрмай жетілуімен  сөз ұғымдары да өзара алмасып, күрделеніп жаңа атаулардың, сөздердің, тілдердің үні де жетілумен ұлттық мінез, психология да өзгеріске түседі. Бұл жағдай сол елдің тұрғындарының логикалық біліміне әсер етіп, салт-дәстүрінің өзгерісіне, бүкіл елдің, қоғамның түрлі салттарды еріксіз қабылдап, діннің де әлсіреуімен, түрлі тарихи оқиғалардың себебін туындатуы сөзсіз. Осындай жағдайда сөз білімі — философия ғылымның маңызы зор және қоғамның қандай жолды, бағытты таңдауына үлкен әсерін тигізетіні де хақ. Енді логикалық білім адамзат жанымен, саналығымен байланысты, адам баласының жанын жетілдіруге, сананы қалыптастыруға, өзгертуге арналса, ал философия заман ағымына, өзгерістеріне, шаруашылық өркенениетіне, тұрмыс салтының рухани құндылықтарды қалыптастыруға, жетілдіруге яғни белгілі бір өмір сүру қабілетін заманға қарай бейімдеуге ықпалы болатыны да хақ.

    Осындай жағдайда сөз ғылымының  жетістігі,  ойшылдықтың дәрежесіне қарай дін философиясы да қайта жаңғырып көптеген ескірген ұғымдарды қайта қарастыру, құлшылық істерінде де толықтырулар болу шарт. Бұл тек сол халықтың философиялық сөз білімінің бір тұтас жүйеге бағынғанда ғана мүмкін болары сөзсіз. Ал ендігі біз өмір сүріп отырған ел мен жалпы әлемде бұл жүйе мүлде өз жұмысын тоқтатқан.

    Бұл философ ғалымдар немесе философия білімі мүлде жоғалды деген емес, қазақ елінде де бар, тек өткен тарихи құндылықтарды сараптаумен, баға берумен ғана айналысып логикалық дәрежеден аса алмаған. Ал философия алға қарай жылжымаса, логика да өспей сонымен бірге ұлттық психология, ел мінезі де кері кететіні де сөзсіз. Сондықтан дін ғалымдарының жоғары жаратушыдан келген философиялық тұжырымдарды заманға қарай қалыптасқан философиялық білім қалыптаспағандықтан мүлде зерттелмей және сөз ұғымдары да қайта тексеріп өз мәнін алмағандықтан Құдай ісін мүлде тыс қалдарған. Философия мектебі дін мектебіне әсері болмай, ал дін мектебі философия мектебін мүлде ұмытып екі арадағы байланыс үзілген.  Сондықтан жалған дін ғалымдары өз дәрежесін сақтау үшін дін философиясын өздерінің еркімен жетілдіру, ұлтының тіліндегі пайда болған жаңа сөз ұғымдарын да қабылдау тиімсіз. Ондай жағдайда Құдай жолын, яғни хикметін, уахи-аяндарын,  белгілерін де қабылдап және іргелі ғылымдарды да, логика, психология білімдерімен бірге философия ғылымын меңгеру, мойындау қажет болады. Мұндай жағдайда тек арап тілін меңгеріп, дін ісіне ғана арналған дайын білім тәпсірлерді жаттап алып, бес парыз атап алған әулиелік, пірлік, ғалымдық дәрежелермен қоштасуға, оның орнын нағыз философия ғалымдарына беруге тура келеді. Сондықтан дінді бөлек бір ағым, оған келген пенде дүниенің бәрін ұмытып, тек намаз оқу сияқты т.б. көптеген білімді пенделерге қиын болатын, әрі ертегіге айналған істерді маңызды қылып көрсетумен ғана айналысады.

    Ал діннің барлық жаратылыстың басынан ең соңғы аяғына дейінгі тіршіліктің нұсқауларын қамитынын білмейтін және өздері құранды, кітаптарды, дін философиясын зерттеуге құлқы жоқ ғалымдар және дін тазалығын, парыздарын орындаудан да бас тартқандықтан өздері ақыл, білім, тақуалық жағынан жалған сопы, «хазіреттерден», имамдардан әлде қайда биік тұрғанымен құдайдың философиялық біліміне, құдай ісі аталған құдай жолына, тура жол  насихатына ене алмағандықтан, заман уақытына дәуірлік әлемдік өзгеріске арналған құдайдан түсетін, замандық жетілген логикалық үнге, уахи-аянға жалғана алмай, логикалық ойлау қабілеті тағдырмен келген діл білімінің дәрежесінде тұрақты болып, заманға қарай философиялық пайымдау, өркениетті бағалау қасиетін меңгере алмайды.

    Осындай екі ұшты жағдайдан философия мектебі мүлде тұралап, тек логикалық жағдайда ғана өмір сүріп жатқаны да хақ. Бұл жағдай бүкіл білім беру жүйесінен бастап барлық ел басқару, саясат, қоғамдық тәртіп, жалпы халықтар санасына да әсер беріп, рухани азғындықты туындатып, онан бүкіл әлемдік дағдарысқа ғана себепші болады. Осыдан мың жыл бұрынғы қазіргі заман жағдайына сәйкес келмейтін философиялық білімдер де ілімдер де енді адамзатты азғындыққа қарай бағыттауға ғана себепші болғаны сөзсіз.

    Сонымен, Құдайлық ілім жоғарыдан төмен қарай дамитын болса, ал адамзатқа құлшылығы арқылы төменнен жоғарыға қарай көтерілу керек. Бірақ дін мамандары да ортасын логикалық білімін, онда да ескі замандық бейнесін толық көшіріп алумен,  заманаға қарай дамыған өркениетік білім түгіл ұлттық жетілген дәстүрімізден, әулиелердің өмірлік дін тәжірибе тарихынан да бас тартып, өздерін бөлек тек ақирет, өлім ғылымы түрінде көрсетсе, ал іргелі ғылымдар өкілдері, философия мектебі де тұрмыстық жағдайдағы тіршілік, өмір сүру үшін күрес түріндегі логикалық жағын ұстап алып, жоғары философиялық  ақыл деңгейіне көтеріле алмай, яғни екі жағы да құдай жолын, ата жолын, дәстүрін де мойындаудан бас тартқан. Бұл әрине тажалдық білім егелеріне өте қолайлы және «мемлекет билігі діннен бөлек» деген заң шығарып, арасында отырып алып екі жаққа да өз билігін, үстемдігін жүргізуге, әлемнің бөлшектеп, топтарды өзара араздықта ұстап, өз саясатын еркін жүргізуге  арналған, рухани азғындаған тәжірибесін оңай алуға да ерік берген.

    Осыдан барып біртұтас халық ішінде топтарға бөлініп алып, өзара философиялық сұхбат емес, керісінше жек көру, жамандау, бірін-бірі қудалаумен ел билікті бірде олар, бірде бұлар айдап салып, өздеріне қолайлы заң шығартумен түрлі партиялар, өзара жауласушы қоғамдық ұйымдардың пайда болуына әкеліп соқтыруға да себеп болды. Философия мектебі өз дәрежесінен айрылса онан дінші де, ел билік те, жалпы халық та өзара бір тілде сөйлегенімен, бір-бірін ұғыну қабілеті жоғалып, арты құдайдың ызасын, бір тұтас аруақ болған адамзаттың лағнетін туындатып, бүкіл халыққа апат, азап келетін құдай философиясынан хабарсыздықтан, енді қазақ елі осы сын сағатын бастан кешіп жатыр.

     Ең өкініштісі, бұл жерде ел биліктегілер үлкен зиянға ұшырайтынын әлі кезге дейін білер емес. Қанша еңбекпен, төзімділікпен, қажыр-қайрат жұмсап, елдің шаруашылығын жолға қойып, халықтың тұрмысын, әл-ауқатын жоғары деңгейге көтергенімен, тарихта рухани құндылық қана есте қалып, дүние байлығы ұмытылып және ел биліктегілер келешек өз ұрпақтарына да зиян тигізіп, ақиреттік болашағына балта шапқанмен қоймай, тарихта таңбаланып, бұқара халықтың да қарғысына қалу қаупі де зор.

     

      Енді негізгі тақырыпқа қайта оралсақ.Алдыңғы тақырыпта; «Сауат, Сауап, Саулық, Саусақ» атты төрт қозғалыс себебін талқыладық. Шәкәрім атамыз; « Жаралыс басы қозғалыс, қозғалысқа керек қолғабыс» деп осы жағдайды ескерткен. Енді әрбір танылуға тиісті жаралыстың да өзіндік басты қозғалысы мен оған керек қолқабысы болу шарт. Сондықтан масһаб діншілеріндегі басты қателік, қандай да жаратушының біздерге көрсеткен қозғалыс сипаты түгіл, оның қолқабыстық сипатын танып табыну, яғни ұқсауға тырысу, үлгі алу деген танымдық құлшылықтан аттап өтіп; « мен тек түп негізге ғана Аллаға ғана табынамын», деп мақтанады. Алланы тану үшін, оның осындай қозғалыс сипаттарының бәрінің философиялық насихатын меңгере алмаса құлшылықтың бәрі жалған. Себебі біздің ақылымыз түп жаратушының сипатын философиялық оймен белгілеуге мүлде шамасы жоқ, сондықтан табынуымыз да жалған, адасуға апарып соқтырады. Аллаға табыну, яғни ұқсау, сондай болу, үлгі алып оның ісін, жаратушылық қабілетін төменгі адамдық дәрежеде қайталау мүмкін емес және ақылға да қайшы болмақ. Сондықтан біз тек Алланың «ӨЗІНЕ» табына аламыз. Құранда да «Сендер «МАҒАН» яғни «ӨЗІМЕ» құлшылық жасаңдар, табыныңдар, сыйыныңдар (сеніңдер)»  деген.

     Енді Алланың «Сөзі»-«Рух»  қозғалыс басы болып, ал «Өзі»-«Қол» яғни қолқабыс себепшісі болып табылады. Рух дегеніміз бейнеленген ойды білдіреді. Қандайда бір адамзаттың ойы да бейнеленсе рухқа айналады. Адам баласы да өзінің төменгі дәрежесінде ойлау қабілеті арқылы рухты жарата алады.  Яғни аруағын, серігін туады.Сондықтан  рухтың да түрлі бейнесі, сипаты болып, Ібіліс те қозғалыс басы, теріс ойдан бейнеленген рухқа жатады. Енді таза ақылға байланысты рух, теріс ақылға байланысты күнәлі рух болып екіге бөліп қарастырсақ, негізінен осы екіден барлық қозғалыс басы болып, Бақара сүресі осы жағдайды және рухтың барлық жаратылыс сипаты мен өлшемін ескертіп тұрғаны да хақ. Рух қашанда даулы мәселе. Сондықтан да қандай да бір сөз орнымен пайдаланбаса дау туғызып, адам өрісін арамдап, керісінше рухани ауруға апарып соқтырады. Осындай жағдайға байланысты Шәкәрім атамыз; «Атадан қалған ақ сауыт, Арамға әбден былғанды..» деген насихатпен сөз сөйлеу өнерінің, қазақ философиялық білімінің сол замандарда да жоғалғанын ескерткен.

      Сондықтан қашанда сөз қуаты даулы, рухты меңгеру мәселе болғандықтан бір тұтас қолсыз, яғни сөз, тіл білімінсіз өзіңе қажеттісін өлшеп алу да мүмкін емес. Енді «СӨЗ-РУХ» болып оны «ДАУ» деп белгілеп, ал «ӨЗІ»-«ҚОЛ» яғни Алланың құдіретті қолы, сөз білімі, түсірген кітаптары мен Тәурат, Забур, Інжіл, Құран бірлігінің қандайда жаратылыс сипатына қозғалысқа айналған бейнесі. Бірақ бұл қозғалыс сипаты негізінен ең соңғы нәтижесі адамзат болып, адамзаттың да жақсы, жаманы, күнәлі, күнәсіз, қасиетті, қасиетсіз, жынды, жынсыз және періштелік, кісілік сипаттары да бар. Бұл сипаттарының негізі де жанға жазылып жанға айналумен, ал жанның да тозақтық, жаннатық сипаты бары адамзатқа мәлім жағдай.

      Сонымен тазарған және жаннатқа енген «ЖАННАТ»- «БІРТҰТАС ЖАНДАР» Алланың құдіретті «ҚОЛЫ» болып саналады. Сондықтан бұл қозғалыс негіздері қол өздігінен қолқабыссыз және «Саусақ, Саулық, Сауатсыз» «Сауап» істерді атқаруы да мүмкін де емес. Оған енді міндетті түрде рухтан қозғалыс «Дау» керек болып,  «ҚОЛДАУ» бұл қозғалыстың екінші аты «АРУАҚ» болып, аруақты мен жазбаларымда қол деп атағанымда оны ойдан шығарып жүрген жоқ едім. Рухсыз, жынсыз аруақ «Қол» болып саналады.  Ал оған енді «Жын» қуатын, қозғалыстың барлық білімін қосатын боласақ «ҚОЛДАУ» болып, Аруақ қолда немесе «Я, Раббым қолдау бер» деп сұрайтын сөздің де құпиясы Алланың «ӨЗІНЕ» себебіне табынып, сыйыну амалы болып шығады.

      Пайғамбарымыздың; «Жаным Қолында болған Алламен ант етейін!» деген сыйыну амалын қазақта «Аруақпен қолдау бер!» деп сыйынамыз немесе «Аруақ қолда!» деп Алланың өзінің «Қолдау» сипатын, сөзін де білетінімізге пайғамбарымыз сияқты ант береміз. Философиялық тұрғыдан қарасақ еш айырмашылығы да жоқ. Ал, тек арап сөзінің ғана атау ұғымымен сөздің бәрі араптан ғана ғана тараған деп түсінетін болсақ, онда оп-оңай; «Серік қостың» деген масһабшылардың басты қаруы және ақылға арналған адам аулайтын қақпанына айналып шыға келеді. Сондықтан да; «Сендерді ұлтқа, руға бөлдім, түстерің, тілдерің, қарама-қарсылық жағдайында бір-бірлеріңмен жақсылыққа жарысыңдар» деп ескерткен Құдайымыз. Олай болса әр ұлттың өзінің тіл біліміне қарай философиялық ерекшелігі, ойлау жүйесінің, сөз ұғымдарының қарама-қарсылығы да болып, тек сол арқылы ғана жақсылыққа жетуге болады.

     Масһаб ғалымдарының тек арапша ғана ойлану жүйесін қалыптастыруға арналған, әркім өз бетінше құранды арапша оқып қана, арапша ойлану, араптың ойын алу арқылы ғана жаратушыны танисыңдар, деген философиялық бағытты қазақ түгіл әлемдік тұрғыда да халықтарды адасуға исламды түрлі топтарға бөлшектеуге ақырында теріс рухани жолға түсуге ғана себепші болғаны сөзсіз.

   Енді бастапқы тақырыпқа қайта оралсақ; «САУАТ, САУАП, САУСАҚ, САУЛЫҚ»  қозғалыс себепшісіне, «Төртеу түгел болса төбеден келетін» Шәкәрім атамыз ескерткен ар сауытын қалыптастырушы таза білім, «САУЫТ» сөзін қосып және бұған ішкі әр пенденің рухани жағдайын нәпсісін меңгеріп, тазартуға байланысты «САУЫҚ» сөзін қосуға болады. Ал «Сауық» құранда (Халифа Алтай аудармасы) «Зауық» болып берілген де аятта; «Сендер үшін малдарды қоралаған уақытта және өргізген кезде бір зауық бар.» (16-6) Бұл аяттың сырын шешіп және оның немен байланысты екенін білетін қазіргі таңда ислам әлемінде дін ғалымы жоқ десек қате емес. Бұрынғы замандарды да бұл қораңдағы қой, ешкі, сиыр, түйемен байланысты ғана тәпсірленген. Бұл сырларды шешкен қазақ даналары ғана. Сондықтан да рухани малдарды қалай қоралап, өргізу туралы астарлы түрлі нақылмен, аманаттар қалдырғанын біле бермейміз. Абай-Шәкәрім әулиелер насихаттарында айқын және түсінікті түрде баяндалған. Енді бұл рухани түрдегі малдар яғни «ДАУЛАР» сипатын сөз ұғымдарымен белгілесек тағы да; «САУАТ, САУСАҚ, САУЛЫҚ, САУЫҚ» адамзаттың тәніне байланысы пайда болатын рухани мал қуаты болып, оған осы төртеуің түгел болса төбеден «САУЫТ» таза ақыл, ар қуаты қосылып, әрбір пенденің тәубесіне, күнәдан ақталуына байланысты «САУАП»-ты Алладан «ӨЗІНЕН» «ҚОЛДАУ» болып жазылып, қосылып отырады. Сондықтан қазақ сөзінде қандай жағдайда да «Қолдау бер!» деп сиынғанымыз, бұл ісіме «Сауап бер!» деген сөзбен де байланысты болмақ. Сондықтан да алғашқы тақырыптағы «Сауап» қозғалысын енді «Сауық» пен айырбастап орынын ауыстырдық. Себебі; «Сауық» сөзі «Ойын» сөзімен қозғалыспен байланысты яғни малды өргізу болып, «Ойын-Сауық» сөзінің өзі жоғарғы аяттың  мағынасын ашып, малды-қуаттарды қорадан шығарып жаюмен де байланысты болуы сөзсіз. Және; «Сауық-Зауық» сөз ұғымы некемен ерлі-зайыптылардың жыныстық қатынасы кезіндегі ойынымен, өзара қуат алмасып, ләззат алуымен байланысты. Бұл да «Малдарды қоралау» болып саналады. «Қазығы менде ат қайда барды?» «Үш ағашқа атын байлай алмаған еркек, еркек емес.» «Бәрінен де қой бағып, құйрық жеген озар», «Тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге кірер» деген сияқты көптеген мақалдар ер мен әйел малдарын қоралаған кезде зауық бар деген аятың жан сыры болмақ.  Сондықтан енді егер төртеу түгел болу үшін «Сауат, Саусақ, Саулық»-тарды құдайдан берілетін, жазылатын; «Сауаппен» ғана басын қосуға болады.

     Құранның негізгі есептік рухани сүннеттелу қағидасы; «Мұхаммед көрмедің бе? Шәксіз Алла (Т) көктер мен жердегі нәрселерді біледі. Үш кісі сыбырласса; сөз жоқ, төртіншісі, әлбетте бестің алтыншысы Алла. Тағы бұлардан аз, көп түрде қайда болса әрине Ол, олармен бірге болады. Сонан кейін қиямет күні, оларға не істегендерін білдіреді. Шүбәсіз Алла, әр нәрсені толық біліуші.» (58-7) Бұл аятты масһабшы ғалымдар да хазіреттері де кәперге алмай сөз жүзінде серік қосып, Аллға ортақ қосатындарын да білмейді.

Төртінші Алла болып; «Саусақ, Саулық,Сауатқа»+ Сауап болып жанға білім болып жазылады. Алтыншы тағы Алла болып; «Саусақ, Саулық,Сауат, Сауық (Зауық)» қа тағы да «Сауап» болып қосылады да тағдырға, қозғалыс біліміне айналады.  Ал «ОЛ» олармен бірге жүретін Алланың құдірет қолының көлеңкесінен, пайғамбарлар, әулиелер кісілігі- «РУХЫ» болған Алланың «Ол» сипатын яғни «БІЗ» -ді ескертіп тұр. Сонымен; «Саусақ,Саулық, Сауат, Сауық,Сауап»+ОЛ= «АРУАҚ» бейнесі пайда болып оның негізі адамзаттың қолынан пайда болмақ. Арлығы түпкі бастапқы қозғалыс басына ұқсайтын; «Ар+У+Ақ» болып шығады да жаралыс басы «Жан»-«Жаннатпен» яғни Алланың құдіретті қолы, Раббының ғаршысы арқылы басқаруда тұрады.

    Ал, Ар қуаты еркектерде «КІСІ» -еркі, ал әйелдерде періштелігі «Бойы», «У»-малдық, нәпсілік қуат, «АҚ» жан негізін құрайды да әйелзатына тән ақ жүрек болғанмен екі жынысқа да тән екені сөзсіз. Шәкәрім атамыз Ар мен Ақ туралы;

              Адамның бәрі бір, болмайды аласы,

              Оларды бұзатын нәпсінің таласы.

              Ар билейтін заманда нәпсі өліп,

              Бірігер еңбекте барша адам баласы.

              Адалдың жері жоқ ақырда жеңбейтін,

              Тарихта әрқашан адал жан өлмейтін.

              «Ақ иліп сынбақ жоқ»-деген рас,

              Нәпсі өлсе өзімшіл, бұған кім сенбейтін?

              …..  ……….   ……….

             Мен өлсем, ұрпағым артымда қаларсың,

             Тілеген мақсұтты өмірден аларсың.

             Есіңе алып келгенде қабырыма,

             Шаттықпен шалқытып әніме саларсың!

   Енді осын өлеңді мысалға алған ба? Семей жақтың зиялы қауымы жастарды жинап алап, дәрет түгіл киімдері де арсыз, ұятсыз, жалаңаштарды жинап алып, әулиелердің қабыр басына барып өлеңін оқуды әдетке айналдырған. Шәкәрім атамыз «Өлеңімді оқы басымда» демеген «Әніме саларсың» деп өзінің аруақ үніне, өмір үніне, жоғарыдағы алты қуаттың бірлігіне, тылсымдық құранның жеті үніне-жанға «ОҒАН»  жалғануды ескерткен екен. Аяттағы 7 саны осы жеті үндік аруақтық қуаттың бірлігін ескертеді. Ал енді «Сауық-Зауық» қуаты өнермен байланысты болып, Абай атамыз; «Бес қуаттың бәрі де өнерге салар бар күшін» деп ескерткен. Бірақ ендігі қазақ өнері ойын-сауық болып алғаны да сөзсіз.

    Сонымен осы алты түрлі қуатты, «Алтау араз болса ауыздағы кетеді» дегендей араз қылмай бірлігін ұстап тұру үшін «САЛАУАТ» деген құлшылық намазы бар. Намаз оқу, намаз орындау, Намаздарды толық орындаулар да осы «Салауат» арқылы орындау исламның негізгі қағидасы және пайғамбарымыздың; «Мен жеті сүйек арқылы сәжде жасауға келдім» деген өсиеті мен мүміндіктің де жеті намазы пайда болады….

  (жалғасы бар..)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.