МАЗХАПТАР

Бөлім: Хадистердегі қайшылықтар 156

Діннің жалғыз қайнары Құран екендігіне қарамастан хадистер мен іжтихаттарды да діннің қайнары жасалса көптеген мазхаптардың пайда болуы даусыз еді. Солай болды да, жүздеген мазхаптар пайда болды. Сонау дәуірдегі жүздеген мазхаптардан қабыл көрген төрт мазхап бүгінгі күнімізге дейін жеткен. Бір хадис бойынша ер адам жіліншігіні бүркеу керек, басқа хадисте болса бүркемеуге де болатындығы айтылған. Бір хадистің жорамалы бойынша дәрет денеден қан ақса бұзады, басқасында қан емес әйелдің қолы тисе бұзады… Осы берілген мысалдағы секілді хадис және мазхап дінінің қайшылықтарына дұрыс түсінікті кім бере алады, дұрыс түсінікті қайдан табады, критерийсі не болмақ? Құран тысы басқа қайнарларға есікті аңқитып ашып, бүлікшілікті бастағандар, кейін мазхаптарды шығару арқылы өздері бастаған бүлікшілікке шектеу қойып, кедергі болғысы келген. Сүйтіп Алланың жіберген Исламы; мазхаптардың дініне, мазхаптардың Исламына айналған. Мазхап құрушысының біреуі шығып, тізе мен кіндік арасыны жабыңдар деген хадисті алып екінші хадисті жоққа шығарған, сүйтіп дінге жаңа бір харам ұғымыны еңгізген. Басқа бір мазхап құрушысы болса тізені көрсетуге болады деген қорытынды шығатын хадисті дұрыс деп алып, бірінші хадисті жоққа шығарып, тізені көрсетуге болады деген нәтижеге барған. Мазхап құрушыларының біреуі шығып, Пайғамбардың бетіндегі безеуіні жарғаны жайындағы хадистен қан дәретті бұзады деген қорытынды шығарып, дінге қосымша үкім еңгізген. Басқа бір мазхап имамы шығып ер адамға әйел адамның қолы тисе дәрет бұзылады жорамал жасап, басқа адамдардың өтіріктеріні жоққа шығарып, өз өтірігіні дінге еңгізген. Алайда бұл хадистерге басқа түрлі жорамал жасауға болар еді. Бірақ Құран діннің жалғыз қайнары болғандығынан ондай жорамалға мұқтаждық мүлдем жоқ.

БІЗДІҢ МАЗХАПТАРДЫҢ ХРИСТИАН МАЗХАПТАРЫНАН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ ҚАНДАЙ?
Мазхап имамдары насих-мансух деп аталатын жалған ілімдері арқылы Құран үкімдерінің күшіні жойып (25.Тарауды оқыңыздар), алуан түрлі хадистерден өз қалауларынша керегіні таңдап алып, өз білгендерінше хадистерді жорамалдап және өздеріні іжтихат билігімен Алланың ерікті қылған мәселелерде айқындаушы жағдайына әкеліп (39.Тарауды оқыңыздар), жап-жаңа бір діни құрылым шығарған. Бұл жаңа құрылым қанша өзіні Алланың діні деп есептесе де, негізінде Христиандардың Католиктік және Православтық мазхаптарынан ешқандай айырмашылықтары жоқ деуге болады. Кейбір адамдар бұл мазхап құрушыларыны ізгі ниетті болғандарыны, дін үшін жан пидә болғандарыны айтып, имамдарға жасалған ешқандай сынға елемейді. Жарайды онда Католик және Православ монахтардың да ізгі ниетті болғандары, өз мазхаптары үшін жан пидә болғандары айтылады, қайтеміз енді, ізгі ниетті болғандары үшін Католик және Православ фанатизміні Алланың Иса Пайғамбарға жіберген дінімен бір тұтамыз ба? Бұл мазхап имамдарының дәрежелері өскені соншалық; оларға берілген билік арқылы қалаған үкімді жарамсыз деп жариялап, қалағаныны өз білгендерінше жорамалдап, қалағандарыны қабыл етіп, келісті деген жағдайларда Құран үкімдерінен көлемі едәуір көп сүндеттер, парыздар, халалдар және харамдар ойлап шығарған. Құранның билігінен бас тартқан бұл мазхаптарға Ханафи, Шафии, Мәлики, Ханбали, Шиа деген аттар берілген, бұл мазхаптарға бой ұсынған еліктегіштер болса осы мазхаптардың атымен аталған. Қараңыздар сонда Құран не дейді:

اِنَّ الَّذٖينَ فَرَّقُوا دٖينَهُمْ وَكَانُوا شِيَعًا لَسْتَ مِنْهُمْ فٖى شَیْءٍ اِنَّمَا اَمْرُهُمْ اِلَى اللّٰهِ ثُمَّ يُنَبِّئُهُمْ بِمَا كَانُوا يَفْعَلُونَ

Күдіксіз діндерінде бөлініп, топтарға айрылғандармен ешбір байланысың жоқ. Сөзсіз олардың ісі Аллаға тән. Кейін оларға істеген істерін түсіндіреді.

Әнғам сүресі 159

БІР МАЗХАП БОЙЫНША ЖӘННӘТТІК БОЛЫП САНАЛАТЫН АДАМ ЕКІНШІ МАЗХАП БОЙЫНША ЖАҺӘННӘМДІК БОЛЫП ЕСЕПТЕЛЕДІ

Құранда дінімізге Ислам аты беріліп, топтарға айырылуымызға наразылық білдіріліп жатқанда, өздерімізге Ханафи, Малики сынды есімдер беруді және де осы мазхаптардың бөлек халалдары мен харамдарыны және фарыздары мен сүндеттеріні қабылдауды және әркімнің бірбірінен басқаша ұғынымдарға ие болған мазхаптардың әрбірінің Ислам дініне жататындығыны, мазхаптардың бір-біріне және Құранға қайшылықтарына қарамастан, бәрінің де хақ жолда екендігіні қай ақыл және қай ынсаппен түсіндіре аласыздар? Мысалы Ханафи мазхабында Мұсылман бола түра намазға жығылмаған адамды намазға бастағанға дейін ұрады сонсоң зынданға тастайды, ал қалған үш мазхап бойынша намазға жығылмаған адам өлім жазасына тартылады. Жағдайға тек мазхаптардың көзқарасы бойынша қарасақ Ханбали, Шафии, Малики мазхаптары адам өлтіру амалыны орындап үлкен күнәға кіреді. Ал Ханафи мазхабыны ұстанатындар болса өлтірмей тек ұрғандары үшін мазхаптардың көзқарасы бойынша Алланың үкіміні орындамағандары үшін зұлым болғандарыны есептеуіміз керек еді. Алайда бөлінуде берекет бар деп ойлайтын адамдардың көзқарастарына қарағанда Алла, ақиретте Мұсылмандарды мазхаптары бойынша айырып, адам Ханафи болса сен Ханафи едің ұруда дұрыс жасағансын, адам Шафии болса сен Шафии едің өлтіруің керек еді немесе өлтіріп дұрыс еткенсін деп айтады! Егер де намаз оқымаған адамды Ханафилікті ұстанып жүрген біреу өлтірсе қанішер аталып, жаһәннәмдік амал жасаған болады, ал егер де намаз оқымаған адамды өлтірген Шафии мазхабыны ұстанып жүрген біреу болса онда ол Алланың үкіміні орындағандығынан жәннәттік амал жасаған болады. Яғни бір амалды жасаған екі адамның біреуі жаһәннәмдік, екіншісі болса жәннәттік болады. Осындай дін бола ма? Осындай дінді ұстанғандардың саны қаншалықты көп болса да, оларды хақ жолда деп айта аламыз ба? Өкінішке орай бүгінгі күнімізде осы мазхаптарды ұстанатын қалың бұқараға осы сұрақтарды қоюға мәжбүрміз. Ақылдарыны қолдаудың орнына еліктеушілікті негіз қылып алғандар, Құранды адамдардың бәрі түсіне алмайды, үш төрт кісі Құранды оқып, түсінгендеріні басқаларына жеткізеді деп айтатындар, адамдарды қазіргі жағдайға жеткізді. Адамдар неге тек сол төрт мазхапты ұстануға тиісті? Алла дініні тек осы мазхап имамдарының түсінетіндей түрде жіберді ме? Алла дініні тек сол төрт кісі түсінсін деп жіберген болса, неліктен онда Құранда “Әй адамдар!” деп адамдарға тікелей жар салынуда, неліктен “Әй Имам Шафии! әй Ханбали! Әй төрт имам, аяттарымды тек сендер түсінесіндер, Менің аяттарымды түсінбейтін басқа адамдарға сендер түсіндіріңдер!” деп айтпаған?

Жоғарыдағы мысалды қарастыратын болсақ, Құранның дінде зорлық жоқ екендігіні баяндайтын аяттарына әм намаз оқымағандар бұл дүниеде жауапкершілікке тартылады деген аяттың Құранның ешбір жерінде болмауына қарамастан, бір мазхап бойынша намаз оқымаған адамды ұру, қалған үш мазхап бойынша өлтіру жазасыны беретін осы төрт мазхаптың төртеуі де жарамсыз және жаңылыс болуларының орнына, төртеуі бірден қалай хақ мазхап бола қалды? Осы төрт мазхаптың үкімдері төрт түрлі болса қалай бәрі бірден Ислам діні атыны алады?

Кейбір адамдар “ Мазхаптар арасындағы айырмашылықтар ұсақ-түйек, біреуі намазда қолдарыны көтереді, екіншісі көтермейді. Қаладағыларға Ханафи мазхабы ыңғайлы ал ауылдағыларға болса Шафии мазхабы ыңғайлы болып келеді. Сондықтан бұл айырмашылықтар Алланың адамдарға көрсеткен мейірбандығы-дүр” деген сияқты түсініктермен мазхаптар арасындағы айырмашылықтарды ұсақ-түйек деп көрсетіп, мазхаптарды сынға алынбас етуді қалауда және осылайша қалың бұқараның көзіні бояп, қолына еліктеушілікті ұстатуда. Сонда бір мазхап өлтіру керек десе екінші мазхап тек ұрумен шектеледі, бір мазхап бойынша харам болған нәрсе екінші мазхап бойынша халал болып саналады, бір масхаптың парыз дегеніне екішісі парыз емес дейді. Қысқаша айтқанда мазхаптар харамдары мен халалдары бірбірінен өзгеше бірер дербес дінге айналған жағдайда. Мазхап имамдары тілеген хадисіні таңдап, насих-мансух’пен манипуляция жасап, хадистерге қалағанынша жорамалдарыны жасап, керек болса Құранға да хадиске де пысқырғандары жоқ. Нәтижеде дін, мазхап имамдарының көзқарастары бойынша қалыптасқан болады. Мазхаптардағы айырмашылықтар игілік және Алланың мейірбандығы деген ұғым Құранның логикасына қайшы келеді. Құран бұған былай жауап береді:

وَلَا تَكُونُوا كَالَّذٖينَ تَفَرَّقُوا وَاخْتَلَفُوا مِنْ بَعْدِ مَا جَاءَهُمُ الْبَيِّنَاتُ وَاُولٰئِكَ لَهُمْ عَذَابٌ عَظٖيمٌ

Өздеріне ашық дәлелдер келгеннен кейін сондай бөлініп, қайшылыққа түскендер тәрізді болмаңдар. Міне соларға зор азап бар.

Әлу Имран сүресі 105

БӨЛІНУ ҚҰТ ЕМЕС БӘЛЕКЕТ

Бөлінуде құт-береке іздегендер хадистердің орнына Құранды түсініп оқыса, топтарға бөлінудің, мазхаптар құрып әр мазхаптың өз харамы мен халалыны, өз парызы мен уажібіні шығарудың бәлекет екендігіні көрер еді. Бөлуді ынталандыратын тағы мынандай бір хадис бар “Іжтихат еткен қателессе бір сауап, дәл түссе екі сауап алады”. Бұл хадис арқылы адамдар өздерінің жеке көзқарастарына “іжтихат” атыны беріп оны оңайлықпен дінге еңгізген әм қателескен адамның да сауап алатындығыны насихаттау арқылы “Дінде қате болуы мүмкін, іжтихатта қателескен адам түгіл сауап алады” деп, дінді ойдан шығаруға болатын ертегіге айналдырған. Бұл хадиске сүйенген мазхап имамдары өздерінің жеке көзқарастарына рәй, қияс, іжтихат, пәтуә сынды аттар беріп, сол ұғымдарды діннің бір бөліміне айналдырған. Пайғамбар мен сахабалардың хадистері болып есептелетін сөздердің Құран секілді діннің қайнары болып қабылданылуы, бұлардың үстіне тағы мыңдаған өтіріктің қосылуы және сөйте-cөйте мазхап имамдарының да жеке көзқарастарының қосылуы нәтижесінде құрылған жүйеге дін аты берілген. Бүгінгі күніміздегі мазхаптардың Исламының қысқа хикаясы мне осындай. Яғни мазхаптардың Исламы бойынша дін мыналардан құралады: Құран + мухаддистердің таңдаған хадистері + мазхап имамдарының насих-мансух арқылы жасаған жорамалдары арқылы Құран және хадис турасындағы баға кесулері+ мазхап имамдарының қияс және іжтихат жасап жағдайлардан шығарған қорытындылары+мазхап имамдарының сахабаларды бағалау нәтижесіндегі қорытындылары+кешіректе шыққан мазхап имамдарының жаңа жаңдайларға қарай берген пәтуәлары… Мазхап имамдарының дінді қорытындылап соңғы нүктені қоюларының нәтижесінде біздің дәстүрді дін, мазхаптар діні, хадистердің діні деп атап жүрген жүйе пайда болған. Жаңа дамыған жағдайларға бұрынғы имамдардың ізбасарлары іжтихат жасап дінге қосымшалар еңгізе берген. Мысалы иіссу шыққанда нәжіс деп қолдануға болмайтыныны, үстімізге төгіліп кетсе онымен намаз оқуға болмайтыныны; теледидар турасындағы қызық пәтуалар, темекіге макрух деп те айтатын, харам деп те айтатын қайшы іжтихаттар; кешіректе шыққан жағдайларға жасалған жорамалдардың кейініректе шыққан мазхап имамдарының дінге қалай жаңа еңгізілімдер жасағандарының көрінісі болып табылады .

Бүткіл осы күйінішті көріністі одан сайын күйінішті ететін түсініктерінің бірі де ол үмбеттің жетпісүш топқа бөлінетіндігі және осы топтардан тек біреуі ғана жәннәтқа кіріп, қалғандары тозақта кететіндеріні баяндайтын хадис. Бұл хадисті риуаят еткен адам ол бүткіл осы күйінішті көріністің бас себепшісі Мағауия-дүр. (Дарими, Сира бет 75) Бұл хадиске сүйенген мазхаптардың әрбіреуі тек өзіні ғана жәннәттіқ, басқаларыны жаһәннәмдік деп есептеген. Суннилердің Шиаларды адасқан деп айтуларының және Шиалардың да Суннилерді адасқан және жаһәннәмдік жетпісекі мазхаптың біреуі деп жариялауларының негізінде осы және осыған ұқсас хадистер бар. Әһлу Сунна немесе Суннилік деп аталатын төрт мазхаптың еліктеушілері мазхаптардың шыға бастаған дәуірлерінде бір-біріне қарсы хадис ойдан шығарулары, бірбірлеріні адасқан деп жариялаулары, біраздан кейін кестеде көретініміздей халалдары мен харамдары бір-бірінен өзгеше келген діни құрылымдарға айырылғандарына қарамастан, кейін Әһлу Сунна, Суннилік секілді ортақ есіммен осы төрт мазхаптың төрті бір екендігіні, осылайша тек осы төрт мазхаптың жәннәттік бола алатындығы жорамалы жасалған.Суннилердің әрбірі тек өзінің мазхап имамына бой ұсынады әм оның үкімдеріні Құранның үкімі ретінде көреді. Тап солай Шиаларда өздерінің имамдарына бағынады және имамның шығарған халалі мен харамына Құранның қойған үкімі ретінде қарайды. Осы екі топ бірбіріні адасқан деп жариялайды. Сонда бірбіріңізден айырмашылығыңыз қандай? Екі жақта Құранды жеткіліксіз деп көріп, имамдарына, яғни адам баласына бой ұсынады және имамдарының үкімдеріні Алланың үкімдері деп көреді. Екі жақтың да негізгі ділі ол еліктеушілік, бірақ біреуі неге екені белгісіз %100 дұрыс, екіншісі қате. Нәтижеде негізгі еліктеушілік қисынында ешқандай айырмашылық жоқ.

МАЗХАПТАРДАН ҚҰРАН ИСЛАМЫ АРҚЫЛЫ ҚҰТЫЛАМЫЗ

Жазушы Яшар Нури Өзтүрк “Құрандағы Ислам” атты кітабында мазхап еліктеушілігінің дінге берген залалдарыны былай әңгімелейді: “Алланың атына жалған ойлап шығарудың бір жолы да мазхаптарды дінге теңеу болған. Мазхаптардың әрқайсысы бірер дінге айналып ал олардың құрушы имамдары сынға алынбайтын, дербес құқықты бірер Пайғамбарға айналғасын Ислам діні атымен пайда болған жаңа жүйенің қанша пайызы Алланікі қанша пайыз басқанікі екендігіні ажырату қалың бұқара үшін мүмкін болмады ал бұл ахуал болса дін атыны жамылған былықты адамзаттың басына бәле қылды. Арадан ғасырлар өтіп адамзат әртүрлі салаларда үлкен жетістіктерге жетсе де, ескіген және бір бөлігі де трагикомедияға айналған жорамалдарға қол тигізуге болмайтын аттеріске айналған. Зұлымдық пен Аллаға жала жабу деген осы емес пе?Осы зұлымдықтың кесірінен нағыз Исламның ғұламалары Құран дініні ғасырымыздың адамдарына қоспасыз саф түрде жеткізуге әрекеттенгенде қыйыншылықтармен қоса бөгеттерге, жалаларға және айыптауларға соқтығады. Қолданылатын шара ол Құранға жетуімізге кедергі болған бүткіл пұттарды, патентіне қарамай құлату және үкімді тек Аллаға ғана тән ету. Бұған қарсы болғандар, сыртынан қарағанда дінді қабылдаған адамдар болып көрінсе де, негізінде олар кәпірлер-дүр. Себебі ақ және мөлдір дін жалғыз Алланың дара иелігінде (Зумар сүресі 3). Әм Алланың осы дара иелігіне долданып Алланың үкіміне араласқандар, Аллаға қарсы шыққандар болып табылады.”

ЖАЛАҢ ЕСКЕРТУ
Мазхаптардың ойдан шығарған дінінің Құран дініне кедергі болғаныны аңғаған Яшар Нури Өзтүрк “Жалаң Ескерту” кітабындағы қоспалы діннің хаосы деп аталатын кіріспе сөзінде нақты мысалдар беріп, мазхаптардың тудырған пәлекеттерді былай түсіндіреді: “Алланың діні ол Алланың өзі Ислам деп атаған, анық, шүбәсіз және егжей-тегжейлі бір кітап арқылы адамзатқа жеткізген діні-дүр.Бұл діннің жеткізушісі Мұхаммед Пайғамбар-дүр, қайнары Құран-дүр. Алланың діні ол Құрандағы Ислам-дүр. Ал ойдан шығарылған қоспа діннің жеткізушілері көп болғаны секілді сол діннің қайнары да толып тұр. Ол, Құрандағы Исламның Таухид дініне қарсы құрылған ширк діні-дүр. Кітаптары да, басшылары да, тіпті үмбеттері де бірнеше. Бір акционерлік қоғамы секілді. Сондықтан да ойдан шығарылған дінде бірлік пен келісушіліктің орнына бөліну мен хаос бар.Ойдан шығарылған діннің проблемасы оның үкім қайнарының бір болмауынан туады. Ойдан шығарылған дінде Алладан басқа да көптеген үкім шығарушылары бар. Пәленше мазхап имамы былай деді, түгенше шейх солай бұйырды, мына хадисте мынандай, ана іжтихатта анандай деп айтуларымен дінді қырық жамаулы қапшыққа айналдырған. Алланың дініндегі :Және кім Алла түсірген заң бойынша билік етпесе, міне солар залымдар. (Маида сүресі -44,45,47,50) деген принцибінің күшіні жойғандары үшін серіктестік дінінде дау-дамайлар мен жанжалдардың тууы шәксіз. Мазхаптар, топтар, партиялар, тариқаттар және басқа ұйымдар арасындағы жанжалдар кімді қуаттандырып жатқаны белгісіз. Сондықтан осы жанжалдың ішіндегі адамдар Ислам дініні ұстанып жүрміз деп айтса да, ниеттері игі болса да, бір амал біреуіне сауап болса тап сол амал екіншісіне үлкен күнә болып есептеледі. Бұл не сонда? Алланың дініне жапсырылған сол пәтуәларының кейбіреулеріні, Алланың дініні ондай қайшылықтардан ұлықтай кетіп назарларыңызға ұсынамын: Намазда тахийят оқығанда Шафии мазхабы бойынша сұқ саусақты жоғарыға көтеру сүндет болып есептеледі, ал Ханафи мазхабы бойынша мәкруһ, кейбіреулері бойынша харам.Сондықтан да Ханафилердің тахийятта сұқ саусақты көтермеулері керек екен.Бұл сөйлемнің ұғымы түгіл хаос жарататын бұл пәтуәның түсіндіргісі келген нәрсесі мынау: Бір діннің екі жақтасы, бір кітаптың әміріні орындап жатқанда бірдей дұғаны оқиды және сол дұғаның бірдей жерінде сұқ саусақтарыны жоғарыға көтереді. Мәссаған! Тахийятта сұқ саусағыны көтергеннің бірі сауап алады ал екіншісі үлкен күнәга кіреді. Бұдан кейін ол дін қалай Ислам діні болып аталмақ? Мына бір пәтуәні да назарларыңызға ұсынамын: Ханафи мазхабыны ұстанып жүрген адамның тісінде пломба немесе ауызында жасанды тіс болса, сол адамның ғұсыл дәреті жарамсыз болады.Басқа мазхапты ұстанса онда мәселе жоқ. Бұл пәтуәның алдымызға қойған ақиқаты мынау: Адам баласы қанша Алланың кітабы Құранға бағынам десе де, егер өзіні түгелдей Ханафи мазхабына бағыштаған болса, тісіне пломба немесе ауызына жасанды тіс салдыра алмайды. Әйтпегенде өмір бойы ғұсылсыз болып жүреді. (Оқыған намаздары да қабыл болмайды) Ал егер адам өзіні Шафии мазхабына арнаған болса, онда мәселе жоқ, тісіне пломба немесе ауызына жасанды тіс салдыруына болады. Ал енді сұрайық: Исламның негізгі мақсаттарынан бірі, жанды яғни адам баласыны және оның денсаулығыны қорғау. Адам баласының өзіне қауіп төндірмеуі болса Құранның бір әмірі. Енді мұсылман бұл негізгі әмірлерге ұйып, денсаулығыны сақтау үшін тістеріне пломба, жасанды тіс салсын ба, әлде мазхап үшін Құранға қарсы шығуды яки өмір бойы ғұсылсыз жүруді таңдасын ба? Жоқ, Шафии болып құтылсын десеңіздер, онда Ханафи мазхабымен әлек болудың не керегі бар? Жарайды, осылардың бәрімен әбігер болғанымызша, жалғыз әрі тұп-тура жолды көрсететін Құранға бой ұсынсақ неден құр қалады екенбіз? Құранда Алланың өзі бұйырғандай: Алла, құлына жеткілікті емес пе? Құранда тіске пломба салу турасында ештеңе айтылмайды десеңіздер. Ендеше неге Алланың қайнар қылып берген кітабында хабар берілмеген нәрсені дін құрылымының ішіне еңгізуге тырысып, екінші құдай ретінде шығып адамдарға жаңа халалдар мен харамдар шығарасыздар? Сізерге не жоқ?Алланың ұмытып кеткен кейбір нәрселері сіздердің естеріңізге түсіп жатыр ма? ”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *