ТІСІ ШІРІГЕН ХАНАФИЛЕРДІҢ АХУАЛЫ НЕ БОЛМАҚШЫ?

Бөлім: Хадистердегі қайшылықтар 1

    Өкінішке орай қалың бұқара халық мазхаптардың шын мәнін, бұл құрылымның Құранға қайшы келетінін білмей мазхаптарды ұстанып, дінді Құранның орнына мазхаптардың ұғымдарымен қалыптасқан ілміхал кітаптарынан үйренуде. Жоғарыдағы мысалды қарастырсақ, еліміздегі халықтың көпшілігі Ханафи мазхабын ұстанатынын айтады, алайда Ханафи мазхабын ұстанатын адамдардың көпшілігі, мазхаптарының пәтуәсі бойынша пломба және жасанды тіс салуға болмайтынын білмегендіктерінен тістеріне пломба және жасанды тіс салдырады. Осылайша пломба және жасанды тіс салдырған сол адамдардың Ханафи мазхабы бойынша ғұсыл дәреттері жарамсыз саналып намаздары да Ханафи мазхабы бойынша қабыл болмайды. Мазхапшылардың қалың бұқараға “Я Әһлу Сунна болып хақ жолға түсесіңдер я болмаса адасып бидғатшы боласыңдар” деген таптаурын сөздерімен қорқытулары ұлтшылдық пен нәсілшілдік сынды фанатизмге айналған. Әһлу Сунна болмау кәпірлікпен теңестірілген, бұл пікірге қарсы көзқарастар адасушылық ретінде жарияланған. Шиалық пен Алевилікте де жағдай мәз емес. Олар да фанатизмге айналған мазхапшыл көзқарастарымен Суннілікке тап сондай негативті көзқараста. Осылардың барлығының елемей жүрген және қалың халыққа ашылуы керекті альтернативасы ол; Дін ретінде жалғыз Құранды ұстанып, бүткіл мазхаптарды жоққа шығару.


Мазхап құрушылары Құран мен хадистерді өз қалауларынша жорамалдап, қалаған хадис яки аяттарды таңдап алып, діннің ерікті қылған мәселелерінде рәй (көзқарас) және іжтихад атымен үкім шығарғандықтарынан, негізінде мазхаптар Құран және хадистерден де жоғары үкім беру құдіретін иеленген. Хадис имамдары болса осы билікті қолдарында ұстаған мазхап имамдарына наразылық білдіріп оларды сынға алған. Мазхап имамдарының сынға алынуларының негізгі себебі ол өздерінің рәй, іжтихаттарын кейбір мәселелерде хадистерден де абзал тұтулары еді. Тіпті кейбір мухаддистер мазхап имамдарын әһлу рәй фиқхшылары деп атаған әм оларды өздерінің көзқарастарын қолдайтын жалған хадистер ойдан шығарады деп айыптаған. Әһлу Суннаның ең беделді мухаддисі болып есептелетін Бухаридің , ең мәшһүр мазхап имамы Абу Ханифаны айыптап оны сенімсіз деп жариялауы, мухаддистердің де кейбір мазхап имамдарымен жауласқандарын көрсететін ең айқын мысалы. Қорытындылап келгенде бүгінгі күнімізде ұстанып келе жатқан Ислам Құран Исламы емес, тіпті жалған хадистердің де Исламы емес. Бүгінгі күнімізде ұстанып келе жатқан Ислам, мазхап имамдарының бүткіл қайнарларды өз көзқарастарымен қалыптастырған Исламы-дүр. Мазхаптардың құрылған дәуірінде Бухаридің де Муслимнің де хадис кітаптары әлі пайда болмаған-ды. Мазхаптар құрылған кезде хадистер әлі сахих, дағиф, хасан сынды сыныптаудан өтпеген-ді. Яғни мазхаптар, хадистер әлі сыныптаудан өтпей тұрғанда, ең сенімді деп есептелетін кутуб ус-ситта атты алты мәшһүр хадис кітабы шықпай тұрғанда құрылған. Демек мазхаптардың ішіндегі өтірік пайызы хадистердің ішіндегі өтірік пайызынан айтарлықтай көп. Бұл жерде ұғындырғымыз келгені, мазхапшылардың түгіл хадистерді пысқырмаулары, әйтпесе хадистер қаншама қатал сыныптаудан өтсе де ішінде көптеген жалғанның қалуы шәксіз. Алайда, өкінішке орай қалың халықтың көпшілігі бұны білмеуде, ұстанып жүрген мазхаптарын Ислам дінімен теңестіруде және мазхап құрылымының Құранға қайшы екендігінен хабарсыз қалуда. Құран бізге керекті әр нәрсені айқындаған әм көп мәселелерді ашпай оны өз ықтияр бостандығымызға тастаған, осылайша дінді әр дәуірге әм әр жағдайға ыңғайлы қылған. Ал мазхаптар болса сол еркіндік алаңын, Алла анықтауға ұмытып кеткеніндей өз жорамалдарымен, детальдарымен толтырып дінді дәуірлерге, жағдайларға тіпті адамның табиғатына түгіл қолайсыз етіп тастаған.

ХАРИЖИТТЕРДІҢ ӘЙЕЛДЕРГЕ КӨЗҚАРАСЫ

Біраздан Құран тысы мәселелерде мазхаптар арасындағы қарама-қайшылықтарды көреміз. Исламның Құран тысы қайнарлары арасында “Ижма” ұғымы берілуде. Әһлу Сунна “Ижма”ны бүткіл ғұламалардың ауызбірлігі ретінде танытуда. Алайда төмендегі көрініс негізінде ешқандай ауызбірліктің болмағандығын дәлелдейді. Әһлу Суннаның ішіндегі мазхаптарда “Ижма”ның болуы шын болса да, Ислам тарихынақарағанда Құран тысы ешқандай мәселеде ауызбірлігі болмағандығын көреміз. Құран үкіміне бір мәселеде қосынды немесе Құранға қайшы жорамалдар жасалғанда тарихта міндетті түрде ондайларға қарсы шығылған. Мысалы әйел етеккір болғанда намаз оқи алмайтындығы, намаздың 5 уақыт болғандығы, әйел адам елбасы бола алмайтындығы, некеде тұратын зинақорды тас кесектеп өлтіру турасында Әһлу Сунна мазхаптарында ауызбірлік бар. Алайда бұл тек Әһлу Сунна ішіндегі ауызбірлік. Мысалы Харижиттер Сунни мазхаптары құрылылып жатқан жылдарда етеккірі бар әйелдің намаз оқуына болатындығын, әйел адамның елбасы бола алатындығын, парыз намазының 5 уақыттан аз екендігін, некеде тұратын зинақордың тас кесектеп өлтірілмейтіндігін айтқан. Бұл бізге Құранда жоқ әр мәселенің сенімсіз, қайшылықты болғандығы, сондықтан да тек Құранның жалғыз сенімді қайнар болғандығын көрсетуде. Дінді түсіну тәсілінде Құран жалғыз қайнар ретінде алынбағандығынан дін атына бір-біріне қарама-қайшы көптеген мазхаптар пайда болған. Құран тысы мазхаптар, түрлі -түрлі көзқарастарымен Құраннан алыстап кеткен. Бұл мазхаптар бірігіп Құран Исламына қарсы шықса да бұлардың көзқарастары, харамдары мен халалдары бір-бірінен өзгеше болғандығынан ақиқатта ешқашан бірлік бола алмайды. Себебі әрбіреуі Құраннан адасу мәселесінде бір-біріне ұқсаса да, жеткен нәтижелері бір-бірінен өзгеше болғандығынан олар өзара келіспеушілікте. Сондықтан кейбірлері қаншалықты Суннилік аты астында мазхаптарды бір қылып көрсеткісі келсе де кішкенеден кейін көретініміздей әрбір мазхап бір-бірінен өзгеше болып келеді. Солай болғандықтан бұл мазхаптардың арасындағы бірлік ол алдамшы бірлік, жадыгөйлік әм әрбірінің халалдары мен харамдары да бір-бірінен өзгеше.

МАЗХАП ИМАМЫНЫҢ ТҮСІНДЕ АЛЛАНЫ КӨРДІ ДЕГЕН ЖАЛҒАНЫ

Қалың бұқара халықтың мазхаптарға шартсыз иман етулерін қалағандар, өздерінің мазхап имамдарын мақтайтын, басқа мазхап имамдарын айыптайтын хадистер ойдан шығарған. Сондай-ақ мазхап құрушыларының қаншалықты білікті және діндар екендігінен хабар беретін хикаялар да мазхап еліктеушілерін мазхаптарына одан да қатты тәуелді болулары үшін әңгімеленеді . Ойдан шығарылған ең ұждансыз хикаялардың біреуі де ол Абу Ханифаның Алланы түсінде 100 мәрте көргені түрасындағы хикая. Халықты мазхаптарға бағындырамыз деп өтіріктері тым асқынып кеткен. Мазхап имамдарын әңгімелейтін ойдан шығарылған хикаялардың бәрін шынында өздері шығарды ма, әлде сосын шәкірттері және мазхап ұстанушылары шығарды ма, оны білу қиын. Алайда не болса да жағдайдың сұмдығы және Құранның жеткіліктілігі анық ортада. 

Бүгінгі күнде Ханафилік атымен білінетін мазхаптың негізінде Абу Ханифамен байланысы жоқ деген пікірдеміз. Тарихта Абу Ханифаға “Әһлу Рәй” деген лақап берілген. Себебі Абу Ханифа бір мәселенің жауабын Құраннан таба алмаса, ол мәселені өз ақылымен шешетін-ді. Абу Ханифаның бұндай тәсілін хадистерді елемеушілік деп аңғарған Әһлу Хадис ғұламалары, солардың ішінен әсіресе имам Шафии және Бухари Абу Ханифаға қатты наразылық білдіріп, оған қарсы қырғи қабақ болған. Алайда бүгінгі күніміздегі Ханафилік мазхабы кәміл хадисшілік мазхабына айналған және мазхаптың әрбір қағидасы міндетті түрде бір хадиспен бекітілгісі келген. Алайда тарихи деректерге қарағанда Абу Ханифа “Әһлу Рәй” болғаны үшін өлтірілген-ді. Қазіргі Ханафилік болса Абу Ханифаны өлтірткен биліктің бақылауы астында бұрмаланып, сол бұрмаланған түрімен бүгінгі күнімізге жеткен. Ханафи мазхабында Абу Ханифадан кейінгі беделді тұлға болып саналатын Абу Юсуф (3.Тарауда оқығанымыз, асқабақты ұнатпаймын деген адамды өлтіргісі келген кісі), Абу Ханифаны өлтірткен саяси биліктің көптеген жылдар ресми қазысы болған. Абу Юсуфты сол мансапқа Абу Ханифаны өлтірген саяси билік отырғызды, демек араға саясат пен мансап кіріп Абу Юсуф ұстазының ақидасыы ысырып тастап сол дәуірдің билігіне жағымды, бұрмаланған, жаңа ақида шығарған. Абу Ханифаны “Әһлу Рәй” деп танытып ал қазіргі Ханафи мазхабының “Хадисші” болуының басты себебі осы деген пікірдеміз. Екінші себеп болса ол мазхап иелерінің өз көзқарастарының дұрыстығын дәлелдеу үшін пікірлерін бекітетін хадистер ойлап шығарулары еді.Мазхап көзқарастарын бекіту үшін хадистер ойдан шығарған “Әһлу Рәй” ағымы сүйтіп жайлап “Хадисші” ағымына айналған. Абу Ханифаның діни көзқарасы қандай болса да, кітабымыз бойынша сынға алғанымыз бүгінгі күннің Ханафи мазхабы-дүр. 

ОЙДАН ШЫҒАРЫЛҒАН ДІННІҢ ІРГЕТАСЫНЫ ШАФИИ ҚАЛАДЫ

Жақсылап бір зерттеу жасалса бүгінгі күннің Әһлу Сунна ақидасының, хадисші діни құрылымның іргетасын алғаш рет Шафии мазхабының құрушысы Имам Шафииның қалағанын көреміз. Шафииден кейін анық Құран үкімі бар кейбір жағдайдан басқа, фиқхқа байланысты бір мәселені бір немесе бірден көп хадиске негіздеу мәжбүр болды (Монтгомери Ват, Ислам деген не?) Сондай көзқарасты Илхами Гүлер былай баяндайды: “Ислам дінінің ойшыл тарихында Кутуб ус-Ситтаның, әсіресе Сахих әль-Бухариның Құранмен тең дерлік эпистемологиялық маңыздылығының негізінде, Имам Шафииның, сүндетті ғайру мәтву уахи дәрежесіне шығаруының үлкен үлесі болғандығын ұмытпауымыз қажет. Шафииге дейінгі көптеген ғұламалардың ауызша жалғастырған хадис дәстүрі, Шафииден кейін жазылу сатысына шығып бір түр догмаға айналған және маңыздылығы жағынан Құранға теңестірілуге басталған. ” (1. Құран Симпозиумы, бет 310, Әрқаун Тарихийят уль-Фикр иль-Араби, бет 78-79) Бүгінгі күннің сүндет ұғымының іргетасын Имам Шафиидің қалағанын Осман Таштан болса былай әңгімелейді: “Шафииның бұл әрекеті жағдайдың жүрісін ауыстырды. Шафии Пайғамбардың сүндетін жұртшылықтың сүндетінен айырып оны заңдылық тұрғысынан Құранмен теңестірді. Мүмкін Шафииның ниетінде Пайғамбарға қатты құрмет ету және оған қызмет ету болған шығар, алайда ақиқатта оның бұл қылығы Пайғамбар мен оның жамағаты арасына терең ор салды. Сүйтіп сүндет, уахи құмырасы ішінде апарылып Құранмен қосылды. Ендігі жасалатын қадам, сахабалардың сөздерін де хадиске қосып, уахиның шеңберіне білдірмей кіргізу еді… Нәтижеде осы теориялық даму, негізінде тек Құранға ғана тән уахи ұғымына әуелі сүндетті сонсоң сахабалардың сөздерін де кіргізді. Басқашалап айтқанда Құдай сөзі болған Құранның қасиеттілігін адамдардың сөзі болған сахабалардың сөздеріне дейін жаю еді.” (1. Құран Симпозиумы, бет 317-321) Бұл кітапта мазхаптар тарихының егжей-тегжейіне кіріп, әңгімені созғымыз келмейді. Оның орнына мазхаптардың барған нәтижелеріне және бұл нәтижелердің Құранға қайшылықты екендігін детальді түрде баяндадық. Мазхаптар тарихын оқып-зерттеген әрбір адам Шафииның Ханафи мазхабына шабуылдарын көреді және Малики, Ханбали, Шафии мазхаптарының Әһлу Сунна атты мазхаптың төрт бөлек тармағы емес, керісінше әрбіреуі бір-бірінен өзгеше әм тәуелсіз мазхап екендігін ұғынады. Кішкенеден кейін көретініміз кестедегі 100 мысал, мазхаптардың бір-бірінен өзгешелігін ұғынуға жеткілікті болады. Негізінде бір-бірінен өзгеше құрылыстағы бұл мазхаптар, ғасырлар өткеннен кейін саяси биліктің ықпалымен және саяси биліктің Низамийя Медресесінің Ректоры етіп тағайындалған Ғазалиның үлесімен бірыңғай мазхап ретінде көрсетілуге тырысылған. Әһлу Сунна яки Суннилік атыменен бір-біріне бөтен төрт мазхап жиналған. Бір-бірінен өзгеше болғанына сенбейтіндер кестеге қарасын. Ал егер де кестедегі 100 мысал жеткіліксіз болса, онда төрт мазхаптың үкімдерін салыстыратын Төрт Мазхаптың Фиқх Кітабы сынды кітаптарды оқысын; бір аттың астына жиналуға тырысылған бұл мазхаптардың, бір-бірінен мүлдем бөлек үкімдерімен бір-бірінен қаншалықты алыс екендіктерін көрсін. Алла бізге бір дін жіберіп тұрғанда, өзара мыңдаған қайшылықтары бар мазхаптардың дұрыс болуы мүмкін бе? Айқын, қайшылықсыз, қорғалған Алланың кітабы орнына, қисынсыз, логикадан жұрдай, қайшылықты, бұрмаланып бұзылған әм адам баласы ойлап шығарған мазхаптарды дін деп қабылдау дұрыс болуы мүмкін бе? Осы төрт мазхаптың жалпы ұқсастықтары; Құранмен қанағаттанбау, Құраннан басқа діни қайнарлар ойлап шығару арқылы Алланың діндегі беделін жоюға тырмысу әм діни топтарға бөліну болып табылады.

وَاعْتَصِمُوا بِحَبْلِ اللّٰهِ جَمٖيعًا وَلَا تَفَرَّقُوا

Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер. 

Әлу Имран сүресі 103

ӘЛІ АТА-БАБАЛАРЫҢЫЗДЫҢ МАЗХАБЫНА СЕНЕСІЗДЕР МЕ?

Төменде берілген кестеден мазхаптардың өзара кереғарлығын көріп, Алланың жалғыз дінін мазхаптардың қалай түрлі-түрлі діндерге айналдырғанын ұғынайық. Бұл кестеде бір мазхап ішіндегі кереғарлықтарды бермейміз. Мысал беретін болсақ; Ханафи мазхабының алғашқы құрушысы Абу Ханифа және оның шәкірттері Абу Юсуф пен Мұхаммедтің басқа-басқа көзқарастары болғаны мәлім және олардың да өзара кереғарлықтары көп. Берген кестеде тек 4 мазхаптың кереғарлықтары бар. Шиа мен Суннилік арасындағы кереғарлықтарды көрсету үшін бөлек кітап жазу керек. Бұл кесте кереғарлықтардың тек кішкене ғана бөлімін көрсетуде. Мазхаптардың бүткіл кереғарлықтарын ұғындыруға бұл кітаптың көлемі жетпейді. Алла, біздің Құраннан басқа нәрселерден дінімізді үйренуімізді қаламайды сондықтан бұндай аласапыран мен қайшылықтардың ішіне кіріп әуре болу парасаттылыққа жатпайды.

Егер сіздер әлі де ата-бабаларыңыздан мирас алған мазхаптарға, тек ата-бабаларыңыз соған иман келтіргендері үшін сенетін болсаңыздар, берген 100 мысалды зерттеп мазхаптарыңызды жақсылап біліп алыңыздар. Біліп алғаннан кейін; я кереғарлықтартарға толы мазхаптарыңызды тастап Құранмен қанағаттаныңыздар яки кестедегілерді ұстанып оны “мейірбандық” деп ойлаңыздар. Ескерту бізден; ақыл, ықтияр, жауапкершілік сіздерден.

Батырбек Сұлтанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.