Тағы кейбір хадистер бойынша Пайғамбарымыз Құранды насихаттау және Құранды ұстанудан тыс мәселелерде қателер істеуі әбден мүмкін. Сондықтан Құранның хабарлағанынан басқа Пайғамбардың өмірбаяны жөнінде қосымшалар шығару адасушылық болып табылады. Себебі бұл, жоғарыдағы хадистен түсіндігіміздей Алланың адамдарға берген ықтияр бостандығы-дүр. Хадистер мынандай:
“Пайғамбарымыз Мәдинеге келгенде Мәдинеліктер құрма ағашын
екпелеп егуші еді. Пайғамбар: «Не істеп жатырсыңдар?» деп сұрады. Олар:
«Біз мұны жасаушы едік» деді. Пайғамбар: «Бәлкім жасамағандарың дұрыс
болар» деді. Олар Пайғамбардың сөзін тыңдап, әлгі әдісті тастады. Құрма жеміс бермейтін болды.Бұл жағдайды Пайғамбарға хабарлағанда, ол былай деді: «Мен де жәй ғана адамның бірімін. Сендерге діндерің туралы бір нәрсені әмір етсем, оны алыңдар. Ал, өз пікіріммен бір нәрсені сендерге бұйырғанымда мен тек жәй ғана адаммын.”
Муслим Китаб уль Фадаил 140, Ибн Ханбал: 3/152
“Пайғамбарымыз Бәдірде суға жақын бір жерді мұсылман жасағының орны етіп таңдады. Сахабадан әль-Хаббаб бин әл-Мұнзир оған былай деді: «Ей, Алланың Елшісі! Мына таңдаған орның бізге жақ ашқызбайтындай дәрежеде Жаратқан Иең тарапынан саған белгіленген бір орын ба? Әлде, ол бір ұсыныс, пікір және соғыс айласы ма?». Алланың Елшісі: «Керісінше. Ол бір пікір және соғыс айласы» деп жауап берді. Содан кейін әль-Хаббаб:«Олай болса, бұл орын жақсы бекініс орны емес. Оданша орнымыздан тұрып,қарсыластарымызға ең жақын тұрған судың қасына барып, бекінейік. Сонсоң, сол жерден бір құдық қазып, суын қоймалайық. Біз ішейік, олар іше алмасын» деді. Пайғамбарымыз: «Тура айтасың» деді және оның айтқанын істеді”
Ибн Хишам; Әc-СираҺ 1-том, 620-бет, Табари: әль-Тарих, 2-том, 144-бет
“Мен тек жәй ғана адаммын. Сендер араларыңдағы дауларды маған әкелесіңдер. Бәлкім, кейбіреулерің өз дәлелдерін өзгелерден жақсырақ (күштірек) жеткізеді. Мен де естуім бойынша солардың пайдасына үкім беруім мүмкін. Кімге(нахақтан) бауырының хақысынан үкім берген болсам, ол бауырының хақысы болып табылатын сол нәрсені әсте алмасын. Нахақтан алған үшін оттан бір бөлшек ғана айырамын.”
Әль-Қазы Ияз, әш-Шифә, 2-том, 179-бет
Жоғарыда берілген хадистердің жалпы үкімі бойынша:
1- Құраннан басқа халал мен харамды белгілейтін ешқандай билік жоқ.
2- Хадис кітаптары жазылмайды, басылмайды, бар хадис кітаптары жойылады.
3- Пайғамбардың Құраннан тыс сөз-қылықтарына діни мағына берілмейді, сондықтан да дінге еңгізілмейді.
Шүбәсіз біз Құранның жеткілікті әрі кемшіліксіз болғандығыны, Құран тысы хадис әки соған ұқсас ешқандай қайнарға мұқтаж емес екендігімізді Құранның өзінен білеміз. Бұл мысалдарды беруіміздің мақсаты ол; дінге қосымшалар еңгізгендердің, діннің қайнары ретінде шығарған хадистеріне де қайшы келгендеріні көрсету.
ХАДИСТЕРДІҢ ҮКІМІ БОЙЫНША ХАДИСТЕРДІ ЖОЮ КЕРЕК
Бұл жерге дейін хадистердің жазылуыны және хадистердің халал мен харамды белгілеулеріні әрі Пайғамбардың дін тысы сөз-қылықтарыны дінге айналдырылуыны мінеп-шенейтін әм жоққа шығаратын хадистерді көрсеттік. Осылайша Құранның уағыздайтын Исламыны қолдайтын хадистердің де бар екендігіні көрдік. Құранның үкіміне қосымша үкімдерді зерттегенімізде, сол үкімдерге қарсы көп хадистердің де бар болуы қызық болды. Пайғамбардың жіліншіктеріңді жабыңдар деп әмір ететін жалған хадисте бар бірақ Пайғамбардың жіліншігі көрінетін еді деп бірінші хадисті жоққа шығаратын басқа бір хадис те бар. Асшаянды жеуге болмайды деген Ханафи мазхабының пәтуәсі бар ал басқа мазхаптардың теңізден не шықса да жеуге болады деген хадисі бар. Жібек пен алтынның еркектерге харам болғандығыны баяндайтын жалған хадистер бар алайда сахабалардың Пайғамбардың қасында жібек киіп жүргендерін әм бір уақыттары Пайғамбардың өзі де алтын сақина тағып жүргенін хабарлап, басқа хадистерді жоққа шығаратын хадистер де бар. Әйелдер мен еркектердің бір жерде болмауы тұрасында және әйел адамның дауысы естілмеу керек деген пәтуәларға қарсы, сахабалардан ер адамдар мен әйел адамдардың бір жерде дәрет алғандарын, бірге әңгімелескендерін хабардайтын хадистер де бар.
Бәріне шешім ол Құранды жеткілікті деп біліп әр қосындының бір қоспа ұғым яки қоспа бір жорамалдан туындағанын көру. Пайғамбардың айтуы мүмкін немесе істеуі мүмкін амалдарды хабарлайтын хадистер де бар. Алайда бұл сөздердің басына Пайғамбар әмір етті, Пайғамбар бұйырды деп жазылуы арқылы жәй бір Пайғамбардың сөз-қылығын әмірге, бұйрыққа айналдыратын қоспа, шын сөзді түгіл Пайғамбарға жала жабуға айналдыра білген. Яки Алланың ықтияр бостандығын берген бір мәселеде Пайғамбардың іс-әрекетін дінге айналдырып, ықтияр алаңын діни алаңға айналдырылуы да хадис жорулары қоспасы арқылы жүзеге асқан. Мысалы Алланың киім-кешек турасында детальды мағлұмат бермеуі; қалаған костюм-шалбар, кимоно, шапан және тағы басқа да қалаған киім-кешек киюге болатындығыны көрсетед. Бұл ықтиярлы мәселеде де Пайғамбарымыз өзінің өңірінің киімі болып саналатын шапанды таңдаған. Алайда ондай шапанды мүшріктер де, Пайғамбарымыздың дұшпандары да киген. Яғни Пайғамбарымыздың бұл мәселедегі ұстанымы діни немесе сауап үшін емес керісінше, Алланың бізге берген ықтияр бостандығыны қолдануы болған. Сонда Пайғамбардың киім кешегіні суреттейтін хадистің өзі емес, сол хадистің жалған жорамалы дінге қосымша жасаған. Жалған жорамалдарды Құранмен тексеріп, түзетуде төмендегі хадис мысал берілген:
“Біліп қойыңыздар; Құраннан өзге нәрсені еккен адам, еккенін орғанда бәлеге ұшырайды. Ендеше сіздер де Оны егіңіздер, Оған бағыныңыздар. Раббыларыңызға Оны дәлел етіңіздер, нәпсілеріңізге Оны насихатшы етіңіздер. Жеке көзқарастарыңыз Онымен келіспесе көзқарастарыңызды (жоруларыңызды, пікірлеріңізді) айыптаңыздар, тілектеріңіз Оған қайшы болса, тілектеріңізді тастаңыздар.”
Нәһж уль-Бәләғә бет 55
Хадистердің барлығы жорамал болып есептеледі. Құран бойынша дін жорамалдардың үстіне құрылмайды. Құранға қарама-қайшы, Құранға қосымшалар жасайтын жорамалдар мен хадистердің қателігінде ешқандай күмән жоқ. Ал Құранға қайшы келмейтін хадистерді айтатын болсақ; оларды Пайғамбардың сөзі деп сену жорамалдан басқа ештеңе емес. Дәстүрлі Исламшылардың хадистеріні сынға алып, Құранның жалпы пікірімен келісетін жоғарыда берілген хадистерді Пайғамбардың айтқанына сену де жорамалдан басқа ештеңе емес.Яғни бұл хадистер Құранмен келіссе де, бұларды Пайғамбардың айтқаны 100% белгілі емес. Хадистердің ойдан шығару себептерін де көргеніміздей дінге пайда беру ниетімен хадис ойдан шығарушыларының болуы, төртінші тақырыптағы хадистердің зерттелуінде көргеніміздей хадистердің ұзын риуаят шынжырында шығатын қателер, Пайғамбар мен сахабалардың сөздерінің бірбірімен араласып кетуі секілді нәтижелер, Пайғамбарымыздың дүниеден озғаннан екі жүз жылдан кейін жазылған ең сенімді хадис кітаптарының ең сенімді хадисі түгіл жорамал болып табылатындығын көрсетеді. Онсызда бұл тарауда біздің ниетіміз дәстүршілердің жалғанға толы кітаптарына өздерінің риуаят еткен хадистерімен үкім шығартып, ақылға симайтын қайшылықтарыны анық көрсету еді. Әйтпесе ниетімізде өзімізге жағымды хадис кітабын шығару болған жоқ. Ондай бірдеңе керек болғанда оны Пайғамбардың өзі де жасайтын еді. Дін тең болады %100 Құран. Артық та емес, кем де емес. Бұдан басқасында жорамал бар, шын мен өтіріктің айрылмас араласы бар.
وَلَا تَلْبِسُوا الْحَقَّ بِالْبَاطِلِ وَتَكْتُمُوا الْحَقَّ وَاَنْتُمْ تَعْلَمُونَ
Ақиқатты бұзықтыққа араластырмаңдар да сондай-ақ біле тұра шындықты жасырмаңдар.
Бақара сүресі 42
وَمَا يَتَّبِعُ اَكْثَرُهُمْ اِلَّا ظَنًّا اِنَّ الظَّنَّ لَا يُغْنٖى مِنَ الْحَقِّ شَيْپًا اِنَّ اللّٰهَ عَلٖيمٌ بِمَا يَفْعَلُونَ
Олардың көбі ой жоруға ғана ілеседі. Расында ой, шындыққа қарағанда түкке тұрмайды. Күдіксіз Алла, олардың істегендерін толық білуші.
Юнус сүресі 36
4 ХАЛИФАНЫҢ ХАДИСТЕРГЕ ҚАРСЫ ҰСТАНЫМДАРЫ
СЕНДЕРДЕН БҰРЫН БҰҒАН ЕШКІМНІҢ АҚЫЛЫ ЖЕТПЕДІ МЕ?
Өкінішке орай Ислам атына алғаш рет өлкемізге кірген дін ол қосындылармен құралған мазхаптар діні болған. Бүгінгі күнде өлкемізде сандай көпшілікті құрайтын Сунни мазхабы ұстанушылары.(Соның ішінде Ханафилік) Бұл мазхап, биліктегілерден қолдау көріп, қарсы көзқарастағылар бастырылады. Тарихи үдерісте хадистердің діни қайнар ретінде қабылданылуына, Мутазилиттер мен Харижиттер секілді топтардың және көптеген жеке тұлғалардың да қарсы шыққандарыны көреміз. Алайда өлкеміз ғасырлар бойы Сунни биліктің басымы астында болғандығынан, басқа көзқарастағылардың пікірлері жазылған еңбектерді бұрмалау және жою әм халқымыздың тарих білгісінің нашарлығы нәтижесінде, айтып жатқанымызды алғаш рет естіген адамдардың таңданып, “Сендерден бұрын бұған ешкімнің ақылы жетпеді ме?” деп жатқандарыны естиміз. Сонда бұл пікірлер тарих бойы көптеген тұлға тарапынан айтыла келген. Бүгінгі күнімізде де көптеген адамдар тарапынан жар салынуда.(Осы кітапта да көзқарасымызға жақын жазушылардың кейбіреулерінен дәйексөз алдық.) Алайда мазхаптардың ұйымшылдырақ болулары әм мазхапшылардың қысымшылығынан сескенулері нәтижесінде Құран Исламының дауысы мазхапшылардікі секілді қатты шықпауда. Кітабымыздың осы тарауыны оқығандар, Пайғамбарымыздың қайтыс болғаннан кейінгі дәуірде 4 Халифаның Құраннан басқа діни қайнарды болдырмауы үшін қалай тырысқандарыны ұғынатын болады. Осылайша “Сендерден бұрын бұған ешкімнің ақылы жетпеді ме?” деп сұрағандар, бұл көзқарастарды Пайғамбардың қайтыс болғаннан кейінгі жылдарда, 4 Халифаның басшылығымен бірге көптеген адамдардың бұны жар салғандарыны ұғынатын болады. Әр заманда бұл пікірлерді ұғынатындар болады. Бірақ ойланғысы келмейтіндердің сылтаулары да әрқашан әзір болады.
4 ХАЛИФА БІР ТҮЙІР БОЛСА ДА ХАДИС ЖАЗДЫРҒАН ЖОҚ
Құран тысы қайнарларды да діннің қайнары деп жариялайтын, Құранның өзіні жеткіліксіз деп көретін, Құранмен бірге жалғандармен толы хадис кітаптарынан да дінді түсінуге тырысқандардың сенімдері бойынша Исламның ең бақытты шағы ол; әуелі Пайғамбарымыздың содан кейін 4 Халифаның дәуірлері болып саналды. Алайда өкінішке орай осы халифалардың қасиеттіліктеріні қабылдайтындардың іс-амалдары 4 Халифаға да қайшы келуде. Кітаптың 4. Тарауында Пайғамбарымыздың хадистердің жазылуына тыйым салғаныны көрдік. Ал 4 Халифаның хадис жаздырмауы былай тұрсын, хадистерді ауызша риуаят етуге де тыйым салып, Құраннан басқа діни қайнар болдырмауы үшін күрескен де. Оның үстіне бұл күресті Пайғамбардың өлімінен кейінгі алғашқы жылдарда бастаған. Яғни жалған хадистердің тым аз кезеңдерінде. Алайда олар қаласа Пайғамбардың ең азынан бір жүз-екіжүз я болмаса мың-екімың хадисіні бір кітапқа жинауларына жағдайлары толықтай бар еді. Әм Пайғамбарды өз көздерімен көрген әм оның өте жақын жолдастары болған 4 Халифа шүбә жоқ сондай хадис кітабыны шығаруларына болатын еді. Бұл тарауда ұғындырғымыз келетіні; қанша сенімді болса да Құран тысы басқа діни қайнар шығармаудың ең көркем үлгісіні Пайғамбардан кейін 4 Халифада көреміз. Олар Пайғамбарымыздың ауызынан өз құлақтарымен естіген хадистерді түгіл жинаған жоқ, олар адамдардың Құранның тысына тасып кетпеулері(Тағутқа айналып кетпеулері) үшін бөгет болуға тырысты. Сонда мәшһүр мухаддис Дарқутни’ның айтуы бойынша: “ Жалған хадистер арасындағы шын хадис, қара өгіздің түгіндегі бірнеше ақ түк секілді.” Жалған хадистердің көптігі шын хадистерден әрі асып, саяси, материалдық, рухани мүдделердің асқынған дәуірінде, бүгінгі күнімізде мәшһүр болып саналатын хадис кітаптары жазылып басталған. Сонда 4 Халифа өздерінің қадағалауларымен хадистерді жаздыруға мүмкіншіліктері болып тұрғанда хадис жинағының жазылуы былай тұрсын, ешкімге бір түйір хадис түгіл жаздырмаған және хадистердің ауызша жеткізілуіне де жаман қараған.Оның үстіне шын хадистердің жалған хадистерден айтарлықтай көп болған және өздерінің де хадистерді сыныптау жұмыстарында қазы бола алатын бір ортада. Қазір кейбірілері шығып 4 Халифаны жер-көкке сыйғызбай мақтайды; ал мәселе 4 Халифаның Құранды діннің жалғыз қайнары болдыруы үшін ұстанымдарыны қабыл алуға келгенде, мүлдем ондай жағдай болмағандай, өздерінің қайнарлары бұны қабылдамайтындай, тарихтегі бұл уақиғаларға көз жұмады. Ал енді Әбу Бәкрден бастап кезек бойынша 4 Халифаның хадистердің жиналуына және жеткізілуіне қарсы ұстанымдарыны дәстүрлі Исламшылардың қабылдайтын қайнарлардан дәйексөз алып, көрейік:
Пайғамбар дүниеден өзғаннан кейін Әбу Бәкір дереу халықты жинап, оларға былай деді: “Сіздер Алланың елшісінен түрлі хадис риуаят етіп жүрсіздер. Бұл жағдайда сіздерден кейінгі ұрпақтар бұданда үлкен түсініспеушіліктерге түседі. Алланың елшісінен ешқандай хадис жеткізбеңіздер. Біреу сіздерден хадис риуаят етуіңізді сұраса былай деңіздер: Міне Алланың Кітабы бар, оның халал дегеніні халал деп, харам дегеніні харам деп біліңіздер. ”
Зәһәби, Тәзкиратуль Хуффаз 1/3, Бухари 1. том
Көргеніміздей алғашқы халифа Әбу Бәкр, Құраннан басқа бір қайнардың болдырмауының шипашағыны “Ешқандай хадис жеткізбеңіздер” деп берген. Назар аударсаңыздар; “мұнша куәгер болса, сонша сенімді болса, шын хадистерді жинаңыздар, жалғанды былай шығарыңыздар, тек шындықты қалдырыңыздар” деген сынды хадис риуаят шарттарыны сипаттамай тура түрде әртүрлі хадистің риуаят етілуіне үзілді-кесілді тыйым салған. Әбу Бәкр дәуірінде өмір сүргендердің көбінің Пайғамбарды көрген адамдар болғандарыны, Пайғамбардың көп сөздерінің әлі бұзылуға үлгермеген дәуір болғандығыны ойласақ, Әбу Бәкрдің бұл мәселедегі ұстанымына мағына қосады. Бұл мәселеде Омардың да ұстанымы Әбу Бәкрдікі секілді, тіпті Омардың бұл мәселедегі ұстанымы Әбу Бәкрден де қатаңдырақ болған деп те айта аламыз.
ХАЛИФА ОМАРДЫҢ ӨТІРІКШІЛЕРДІ САБАУЫ
Халифа Омар басқа қаладағы сахабаларға да хат жазып, қолдарында болған хадис жинақтарыны жоюларыны сұрады.
Ибн Абдульбәрр, Жәмиуль Баяниль Ғилм уә Фадлуһу 1/64-65
Омардың дәуірінде хадистер көбейіп кеткен еді. Омар халықтан өздеріндегі хадис беттеріні алып келулеріні сұрады. Сонсоң хадис беттеріні отқа беруліріні әмір етіп; “Бұлар Кітап Иелерінің Мишнасы сияқты Мұсылмандардың Мишнасы-дүр” деп айтты.
Ибн Сағд, Табақат 5/140
Омар Яһудилердің Таураттан тыс Мишна деген кітапты діни қайнар жасап алуларының нәтижесінде діндерінің бұзылғандығыны көріп, Хадистердің Пайғамбарға жапсырылуы арқылы діни қайнарға айналдырылудың да Мишна функциясыны атқаратындығыны түсінген. Сондықтан бұған қарсы тілімен және қолымен күрескен және мишналарды өртеткізген. Омардың отқа бергізген Мишналардағы сахих хадистердің денгейі бүгінгі ең сахих деп қабылданылатын Бухари және Муслимнен айтарлықтай жоғары деп ойлаймыз. Себебі Пайғамбарды көрген кісілер ол кездерде әлі тірі, оның үстіне кейініректе шығатын саяси бөліністер мен аласапыран әлі басталмаған еді.
Дәстүрлі Исламшылардың қорғаушыларына былай деп сұрайық: Сіздердің пікіріңіз бойынша Омар Пайғамбарды жаратпайтын ба еді? Сіздердей (!) Пайғамбарға деген құрметі жоқ па еді? Алайда Құранның жеткілікті болғандығы пікіріні қорғайтындарға және хадистердің қажет еместігіні айтатындарға бұндай үкім бере аласыздар. Ал тап сондай ұстанымды көрсеткен, тіпті хадистерді өртеген Омарға неге ондай үкім бермейсіздер? Күмәнсіз Омар, Пайғамбарымызды қатты жақсы көретін еді; Алайда ол, Құран мәлімдемесіні, Пайғамбардың насихат еткен діннің мәніні өте жақсы ұғынған-ды. Хадистерді жағуының астында жатқан себеп Пайғамбарға деген құрметсіздігі емес, керісінше құрмет тұтуы болған. Себебі одан бұрын Пайғамбардың өзі де хадистердің жазылуына тыйым салған-ды. Себебі Құран егжей-тегжейлі, әр нәрсені айқындағаныны баяндайды. Осылайша Омар дінімізді Мишналардан, Пайғамбарымызды жалалардан қорғауға тырысты. Сонда бүгінгі күнімізде Омарды көкке шығара мақтайтындар, хадистерге ұйуды; Пайғамбарға құрмет, Пайғамбарға бағыну әм тақуа деп есептейді. Осылайша діннің Иесінен де ақылды болғысы келетіндер ұғынып немесе ұғынбай Құраннан алыстай түседі. Бұдан кейінгі тарауда Омардың Абу Хурайра және Қағб бин Ахбар сынды хадис ойдан шығарушыларына көрсеткен қарсылығы мен ескертулеріні көріп, Омардың осы мәселедегі ұстанымы мен талпынысына куә боламыз. (12.Тарауды оқыңыздар)
Омар Иракқа жолға шығып бара жатқан жолдастарына; “Сіздер халқы Құранды араның ызылы секілді көп оқитын елге бара жатырсыздар. Оларды хадистермен әуре қылмаңыздар және жолдан тайдырмаңыздар” деп айтты.
Ахмед ибн Ханбал, Китәб уль-Иләль 1/62-63
Омар; “Сөйтсе де сіздерден бұрынғы қауымдарды есіме түсірдім, оларда кітаптар жазған және Алланың кітабыны тастап соларға жармасып алған. Алланың кітабына басқа ештеңе араластырмаймын” деген, басқа бір риуаятта “Алланың кітабына ештеңе айырбастап алмаймын” деген, басқа бір риуаятта болса “Алланың кітабына еш нәрсемен көлеңке түсірмеймін” деген.
Әль Хатыб, Тақйидуль Ғилм бет 50; Ибн Сағд, Табақат, 3/206
Омардың бұл ұстанымыны Осман да жалғастырып, көп хадис риуаят ететін Абу Хурайра мен Қағбқа қарсы тұрған.
БЕДЕЛДІ САХАБАЛАР ХАДИС РИУАЯТЫНА ҚАРСЫ КҮРЕСКЕН
Халифа Осман көп хадис риуаят еткендері үшін Абу Хурайраны Дәуш тауларына қуып жіберумен ал Қағбты Қирада тауларына жер аудартып жіберумен қорқытқан.
Тахзир уль-Хауас 10б.
4 Халифадан басқа Пайғамбарымызды көрген бірталай беделді сахаба, 4 Халифаның дәуірінде де, 4 Халифадан кейін де жолдастарының хадиске қарсы ұстанымдарыны жалғастырған. Бұл тақырыпта Ибн Аббас және Абдуллаһ бин Масғуд деп аталатын беделді сахабаларды көрейік:
Шәддәд, Ибн Аббастан “Пайғамбар бірдеңе қалдырып кетті ме?” деп сұрады. Ол “Тек Құранның екі мұқабасының ортасындағыны қалдырып кетті.” деп жауап берді.
Бухари Китаб уль-Фадаиль уль-Құран 16; Муслим Китаб уль-Фадаиль ус — Сахаба 30, 31; Әбу Дәуіт Китаб уль-Фитән 1, Тирмизи Китаб уль-Фитән 43
Ибн Аббас хадистердің жазылуына тыйым салып; “Сіздерден бұрынғы қауымдардың жолдан таюлары осындай кітаптар шығарудан болған” деп айтатын-ды.
Ибн Абдульбәрр, Жәми уль-Баян иль-Ғилм уә Фадлуһу 1/63-68
Абдуллаһ бин Масғуд бір парақ хадисті қолына ұстап келді. Сонсоң су сұрап, сол сумен жазуларды өшірді, парақтың өртелуіні әмір етіп, былай деді: “Алла кімге бір хадис жазылған парақтың жеріні білдірсе және сол кісі де маған хабарласа, Уаллаһи, Үндістанда болса да сол хадисті іздеп тауып, жоқ қыламын.”
Махмуд Әбу Раййа, Әдуә алә суннати Мұхаммадййа, 27 бет
Егер де хадистер діннің қайнары болғанда, беделді сахабалардың қорғаулары әрі риуаят және жазылу жұмыстарыны әмір етілулері керек еді. Алайда көргеніміздей беделді сахабалар керісінше хадистің жазылуына тыйым салған, жазылған хадистерді өртеген және Құранмен қанағаттануды насихаттаған. Ойбай сахаба деп айналаны жаңғыртқандардың, сахабалардың сол әрекет-ұстанымына қайшы болулары, олардың көптеген қайшылықтарыны көргендерге таңғажайып жәйт емес. Құранның жеткіліктілігіні баяндайтын аяттар мен Пайғамбардың хадистерді жазу тыйымына қарсы келетіндер, сахабалардың сол ұстанымдарына қайшы келгенде де жору немесе елемеу деген иммундық жүйелері қосылады. Алайда бүткіл сол иммундық жүйелері мен сахабаларға жатқызылған жалғандар 4 Халифа дәуірінен бір түйір де болса жазылған хадис парағының жетпегендігі ақиқатыны жоқ қыла алмайды.Керек болса халифалар мен беделді сахабалардың жоғарыда берілген сөздері және бұл сөздеріні ұстанып ешқандай хадис кітабыны жаздырмаулары ақиқаты, Құран тысы ойдан шығарылған қайнарлардан осы сахабаларға жатқызылған хадистер, Пайғамбарға жасалған жала секілді оларға да жасалған жала екендігіні анық.
ХАЛИФА АЛИ ДЕ ХАДИС ПАРАҚТАРЫНЫ ЖОЙҒЫЗДЫ
Төртінші Халифа Алиді Суннилер құрмет тұтқанындай Шиалар мен Алевилер де қатты құрмет тұтады. Қазір де Алидің хадистерге қарсы ұстанымыны көргеннен кейін Құдайдың қалауымен Шиа, Алеви және Суннилердің Құран Мұсылманы болып, Шиалық, Суннилік және Алевилік мазхаптарыны тастауларына және жалғыз тек Құраннан дінді түсінулеріне себепші болар деген үміттеміз.
Халифа Али мінберде тұрып мынандай хутпе берді: “Кімде хадис парақтары болса барып оларды жоқ қылсын. Себебі халықты опат қылатын жәйт, ғұламалардың риуаят еткен хадистеріне ұйып, Құранды тастап кетулері-дүр.”
Ибн Абдульбәрр, Жәми уль-Баян иль-Ғилм уә Фадлуһу
Бір күн адамдар Алиге келіп: “Жұрт хадистерге батып кеткен.” деп хабардайды. Али : “Шынында ма?” деп сұрайды, адамдар “Иә” деп жауап береді. Осындай бір бүліншіліктің келешекте болатыныны Пайғамбардан естіп едім. “Ол бүліншіліктен қалай құтылуға болады” деп сұрадым. Пайғамбар былай деп жауап берді:
“Амандық Құранда. Себебі сіздерден бұрынғылардың хабарлары да, сіздерден кейінгілердің хабардарыда , араңыздағылардың үкімі де Құранның ішінде. Ол ақиқат пен жалғанды бірбірінен айыратын тұжырымды үкім-дүр, қалжың мен бос сөз емес. Оны тастаған әр залымның Алла мойныны үзеді. Басшылық пен ақ жолды одан басқа жерде іздегенді Алла жолдан тайдырады.
Ол Алланың ең мықты бауы-дүр. Ол даналықты үкімге толы Құран-дүр. Ол ең тура жол. Ол, қисынсыз тілектердің хақтан тайдыра алмайтын, тілдердің, араластырып түсініксіз ете алмайтын, ғұламалардың оның даналығына қана алмайтын, үст-үстіне қайтара оқылғанда жалықтырмайтын, ғажайып қасиеттері бітіп таусылмайтын бір кітап-дүр. ”
Сунәну Тирмизи/Дәрими
308- Салманның былай дегені жеткен: ¨Алланың елшісінен шегіртке жайында сұралды: Пайғамбар:
¨Олар, Алланың ең көп әскерлері. Оны жемеймін де, харам қылмаймын да¨ деп бұйырды.¨
Кутуб ус-Ситта 3913; Әбу Дәуд, Әтғимә 35; Ибн Мәжә, Сайд 9.
309- Рәзин Жәбірден мынандай бір риуаятты жеткізеді:
¨Алла елшісі шегірткелерді былай қарғады: ¨О Алла! Шегірткелерді жоқ қыл! Ірілерін өлтір, кішілерін жой, ұрпақтарын үз, ауыздарын біздің күнелтуімізден және рызқымыздан алыстат. Сен дұғаларды естушісін.¨
Сол жерде тұрған бір кісі:
¨Әй Алланың елшісі! Шегірткелерді неге қарғадыңыз? Олар Алланың әскерлері ғой¨ деді. Сонда Алланың елшісі:
¨Шегіртке теңіздегі балықтың түшкірігі¨ деп жауап берді.¨
Kутуб ус-Ситта 3914; Tирмизи, Әтғимә 23; Ибн Мәжә, Сайд 9.
Батырбек Сұлтанов