ХАДИСТЕРДІҢ ӨЗІ ХАДИСТЕРДІ ЖОЮДЫ БҰЙЫРАДЫ

Бөлім: Хадистердегі қайшылықтар 1

Бұдан бұрын да көргеніміздей хадис деп аталатын сөздердің көпшілігін Құран мен ақыл жоққа шығарады. Оның үстіне діни қайнар ретінде берілген бұл хадистердің қателіктерін көрсетіп оларға жою үкімін беретін де хадистер бар. 4.Тараудағы хадистердің зерттелуінде және 7. Тараудағы хадистердің өзара қарама-қайшылықтары тақырыбында бұның мысалдарыны көрдік. Бұл тарауда хадистермен хадистерге үкім кестіруімізде мақсатымыз бір бөлім хадистерді жоққа шығарып, пікірлерімізге үйлесімді хадистерді жинап алу емес. Себебі бұндай іске кірісу Құранды жеткіліксіз көрудің басқа бір түрі болып табылады. Құран жеткілікті болса сонымен қанағаттанып, шындық пен өтіріктің араласы болып табылатын жорамалдардан медет сұрамауымыз тиісті. Мақсатымыз, хадистерді діни қайнар ретінде ұсынғандардың жору арқылы әки елемей әм көптеген бөлек мағыналы хадистерден ақылдарына сайларын таңдау жолымен, өздері шығарған хадистеріне түгіл қайшы келгендерін көрсету болады.

Сунни әм Шианың хадистерді қаламға алулары түгіл өздері қабылдайтын хадистерінде айтылатын, Пайғамбардың хадистерді жазуға тыйым салған ұстанымына қайшы келеді. 4.Тарауда берілген осы тақырыпқа да байланысты хадистерді тағы бір рет қарастырайық:

Алланың елшісінен оның сөздерін жазу үшін рұқсат сұрап едік, бізге рұқсат бермеді.


Тирмизи, Әс-Сунән, Китаб әль-Ғилм 11

Біз хадис жазып жатқанымызда, Пайғамбар қасымызға келе қалды
да: «Бұл жазғандарың не?» деп сұрады. «Сенен естіген хадистер » дедік. Пайғамбар: «Алланың кітабынан басқа кітап қалап тұрсыңдар ма?! Сендерден әуелгі үмбеттер Алланың кітабы тұрғанда басқа да кітаптар жазғандықтары үшін жолдан тайған!» деді.

Әль-Хатиб, Тақйид 33

ПАЙҒАМБАР ХАДИСТЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫНА ТЫЙЫМ САЛҒАН-ДЫ

Егер де назар аударсаңыздар Пайғамбардың хадистердің жазылуына тыйым салғандығын хабарлайтын хадистерді, хадис кітаптарын діни қайнар ретінде қабыл ететіндер риуаят еткен. Хадистердің жазылуына тыйым салынғанын біле тұра неге хадис кітаптарын жазасыздар? Сіздер өздеріңізді Пайғамбардан да ақылдымыз деп ойлайсыздар ма? Әлде дінге Пайғамбардан да қатты жандарыңыз аши ма? “ Ол дәуірде Пайғамбарымыз Құран мен хадистердің бір-бірлеріне араласып кетпесін деп хадистердің жазылуына тыйым салған-ды, енді хадистердің Құранға араласып кетеді дейтін қатер жоқ, сондықтан хадис кітаптарын жазамыз” деген жауап қанағаттарлық жауап емес. Егер хадистер де Құран секілді діни қайнар болып есептелсе, Пайғамбар да хадистерді жаздырмай ұмытылуға тастағандығы үшін дінді жеткізү міндетін толық атқармаған болып есептелмес пе еді? Егер хадистер де діннің бір қайнары болса, діннің маңызды бір бөлігі болса қалай ғана қаламға алу жолыменен сақталмаған? Құрандағы сүрелер бір-бірімен араласып кетпей тұрғанда хадистер қалай Құранға араласып кетсін? Ал жәрәйді, енді Құран мен хадистердің бір-бірлерімен араласып кету қатері жоғалғаннан кейін хадистерді жазып бастаңдар деген Пайғамбардың хадисі бар ма? Нәтижеде былай дейміз; әй дінін хадистерге негіздегендер, бұл хадистердің үкімі бойынша хадис кітаптарыңызды отқа беріп жоқ қылуға мәжбүрсіңіздер. Бұл хадистердің үкіміне бағынасыздар ма?

Хадистер арқылы Құранда жоқ қоспа халалдар мен харамдар дінге кіріп кеткендігіне де куәміз. Ал енді мына бір хадистерді де қарастырып өтейік:

“Әй, адамдар! Өрт тұтанды және қараңғы түннің бөлшектері сияқты
фитнәлар (бүліктер, зобалаңдар) жақындады. Алланың атымен ант етемін! Маған қарсы қолдарыңда ешқандай сылтауларыңыз жоқ! Құранның халал
еткенінен басқа еш нәрсені де халал етпедім. Құранның харам
еткенінен басқа еш нәрсені де харам етпедім!”

Ибн Хишам Сира 4/332

“Алла кейбір парыздарды әмір етті, олардан аспаңдар! Кейбір
шектеулер қойды, оларға жақындамаңдар! Кей нәрселерді харам етті, оларды
жасамаңдар! Кей нәрселерді де, ұмытпастан, сендерге мейірбандық болсын деп, ескертпеген. Оларды қазбаламаңыздар!”

Махмуд Әбу Раййа, Әдуә алә суннати Мұхаммадййа, 403 бет

“Алланың кітабында халал етілгендер – халал, харам етілгендер – харам. Ол үнсіз қалған нәрселер болса бостандық құрамында. Алла берген бостандықтарды қабыл етіңдер және біліңдер-кім, Алла еш нәрсені де ұмытқыш емес!”

Әбу Дәуіт, Китаб уль-Атғима 39, Тирмизи, Китаб
уль-Либас 6, Ибн Мәжә Китаб уль-Атғима 60, Әль-Мұражағат, 20-бет

Жоғарыдағы хадистерге қарағанда Құранда аталғандардан тыс харам жоқ.
Солай бола тұра, әйелдермен қол ұстасып амандасуды, музыка тыңдауды,
сурет салуды, сол қолмен жеуді, түрегеп су ішуді т.т. қалай харам етпексіз? Құранда орыны жоқ осындай харамдардың кейбір хадистер мен риуаяттарға негізделіп жасалғаны белгілі. Алайда, жоғарыдағы хадистер сияқты көптеген хадистерде Пайғамбардың Құранда аталған харамдардан басқа еш нәрсені харам етпегені айтылады. Яғни жоғарыда берілген хадистердің үкімі бойынша сіздердің Пайғамбар айтты деген хадистеріңізді Пайғамбар негізінде мүлдем айтпаған.

“ Меннен кейін 30 жыл халифат болады, одан кейін Патшалық басталады…”

Сахих әль-Бухари

Ең сенімді деп айтылатын хадис кітабы бойынша 30 жылдық халифаттан кейінгі дәуірлер Пайғамбарға ұнамайды. Шынында да 4 халифа(Әбу Бәкр, Омар, Осман, Али) дәуірі 30 жыл жалғасқан. Сол дәуірде ешқандай мазхап шықпаған әм Құраннан тыс ешқандай хадис кітабы жазылмаған(11.Тарауды оқыңыздар) Сол дәуірдегідей діннің қайнары жалғыз Құран болған мазхапсыз, хадиссіз Исламды неліктен ұстанбайсыздар? Негізінде біз бұл хадисті Омейядтарды ұнатпайтын Али жақтастары шығарды деп ойлаймыз. Алайда Әһлу Сунна ақидасы бойынша Бухаридің бір түйір хадисіні болса да жоққа шығарған адам кәпір болып кетеді. Олай болса бұл хадистің қақыны беріп, 4 халифа дәуіріндегі секілді неге бүткіл хадис кітаптарын отқа бермейсіздер? 4 халифадан кейінгі Патшалардың билігі мен бақылауы астында шығарылған мазхаптар мен хадис кітаптарына қалай сенесіздер?

Батырбек Сұлтанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.