III-Құлшылық ұғымдарының философиясы

Бөлім: Құлшылық философиясы 120

Қазақ дәстүрлі дін ұстаны талай мыңдаған жылдар тарихтың сындарынан шыңдалып жер бетіне түсірген негізгі 8 дінді де толық қамту арқылы тоғызыншы ұлтық жол-жобамыз, тәубелік құлшылығымыздың ерекшелігі болып; «Тоғыз жолдың торабы», «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» болып және 91-99 санды құран сүрелерінің 9 түйіні де қазақ дәстүрінен амалдармен бекіп орын алған. 90- (Бәләд сүресі) ұғымы-өспірім, өрімдей, уыздай; 91-(Шәміс)-күн менен түн хикметі; 92-(Ләйіл)-ажар, әр, келбет туралы; 93-(Зуха)- ер адам бойы;94-(Шарх)-жұлдызнама; 95-(Тин)-жол тізбектеу; 96-(Ғалақ)- қоспенделік, жұптық; 97-(Қадыр)-Екі нығметтің ашылуы; 98-(Бәййіна)-7 қанатты құс (періште); 99-(Зілзал)-көк пен жер ауысуы болып сүрелердің қазақша ұғымын меңгеру арқылы сандық мәндерінің де сыры белгілі болып, осындай ерекшелік тәубелік хикметтерді меңгерумен табиғаттың және аспан денелерінің әсерлерін адамзат бойына сіңірудің құлшылық намаздары болып жүйеленеді. Қандайда діндердің құлшылығы адамзатты ақыл-парасатын қалыптастырумен бірге даналыққа жеткізумен ғана нәтижеленіп және негізгі қайғы-қасіреттің себепшілері болған, Өлім, туылу, кәрілік пен ауруды жеңумен және осындай мезгілсіз сынақтарды туындатын ақылсыздықтарды үнемі қадағалаудың ұғымдық танымдық ережелерін дәстүрге, яғни тұрақты амалдық намаздарға айналдырумен нәтижесін бермек.

Табиғат пен жаратылыс негіздері қуат, күштері, аспан денелері де әр жерде де СОЛ және БІР болып қала береді. Оның күші, қуаттылығы барлық нәрселерді қамитын болғандықтан ОЛ болып барлық жерде бар және мәні де барлық жерде СОЛ+ОЛ-дың көрінісі негізі БІР болмақ. Бұл ұғымдағы СОЛ-айға тән, өсіп-өну, өркендеу, кеңістікті меңгеру, өзара үйлесімділікті қалыптастыруға негізделген, қозғалыстың басы жарықтық табиғаты болса, ОЛ-күнге тән; жоқтан бар болу, барлық қуаттарды бір арнаға тоғыстыру, барлық қозғалыс-қаракеттің себепке себепші ғарыштық бастауды білдіреді. Осы екі сипатты бастаудың ортасын «БОЛ» деп атап мұның нәтижесін әрекеттерге айналған жарықтық сипатын «БІР» деп атаймыз. Осы тұрғыда үшінші жарық негізі жұлдыздық сипат пайда болып, негізінен аспан шырақтарының барлық жұлдыздары бір арнада ғана тоғысатынын, бір ғана мақсатты бірліктерден тұратынын естен шығармаған жөн. Сондықтан Алланың тәңірлік сипатын БІР деп атап осы бірге (әркім өз жұлдызына) толық жалғанумен ғана адамзаттың барлық жер бетіндегі материалдық, рухани өмірінің нәтижесі табысты болмақ. Олай болса  жаратылыстың негізгі бірлену, бірлік сипаттарының мәнін, сырын, білімін, ілімін меңгеру арқылы және ақылды жетілдіруді яғyи  әрбір заманның оқиғаларының түрленуіне қарай, адамзаттың өркениетті дамуына байланысты да білім, ілімін жетілдіріп отыру міндетті болмақ. Ал енді бұл құлшылықтың негізгі ақ бастауы кітап алған әулие-әмби бабаларымыздың, даналардың, сахабалардың, пайғамбарлардың мирас кітаптарына жалғану арқылы ғана орындалады да және мұны кітап оқу, білімді тіл білімін меңгеру құлшылығы деп атаған жөн.  Енді бұл да оқудың тылсымдық құпия  түрі болып намаз оқу, құран оқу, сабақ оқу, кітап оқу болып періштелерден сабақ алуды Ясауи бабамыз өз хикметінде ашық түсіндіріп өткен.

Адамзаттың күнәсіз жаратылуы да мүмкін емес. Біздің тәндік материалдық және рухани тұрғыдағы қуаттық сапамыздың басым бөлігін ібілістік негізден, оттың өнімдерінен тұратынын, ал сумен байланысты ылғалдылық сапамыз ғана негізгі адамдық болмысымызбен, топырақпен байланысты болмақ.  Және әрбір адам  баласының дін-тағдырының сапасына қарай бұрынғы замандарда өткен ата-баба, аналарымыздың оқиға істерін қайталау міндетті болмақ. Демек қандай да бір адам баласын Аллаға мойынсұнуды тек сәжде-қызметін бес парызын орындап жетістікке жетесің деген де ақымақтықты ғана қалыптастырмай надандыққа түсуге де себепші болып шығады. Және тіршілік қамында әдетке айналған түрлі рухани азғындыққа түсіретін сәжде-қызметтері де болып, (түрлі замандық ойын-сауықтық, азықтық, шайтандық, жындылық әрекеттер) онан өз еркімен бас тарту сонымен бірге түрлі аурулардан, жүктерден сәжде-қызметтік құлшылық намазын жасау арқылы құтылуға болады деген де ақылға қайшы. Мұндай жағдайда материалдық, тәндік сипаттан рухани сипатқа айналып тірілген біздің көлеңке өрістік сипаттағы  күнәлі болмысымыздың қайтадан оттан, судан өтуі арқылы рухани өліп және рухани тұрғыда қайта тірілуімізді қалыптастыруға, күнәлі болмысымызды ақтауға деген құлшылық амалдарды орындау керек болады. Және бұндай әрекетті құлшылыққа тән намаздардың барлық адамзатқа бірдей тұрақты (констант) сипаты болуы да мүмкін емес. Әрбір пенденің өзара туыс ағайындардың да мінез-құлық, өмір сүру, қасиеттік қабілеттік тағдырлық ерекшелігі болса, бұл құлшылықтың да осы тұрғыда шамасына қарай жүктелетін тапсырма, аманат арқылы атқарылуға тиісті уәделік (әлмисақтық) түрі де болмақ. Ал мұны тек шариғат білімімен дін ғалымдарының, имамдарының «Білмесеңдер біздерден сұра» деген пәтуасына жүгінсек, онда олар әрбір пенденің тағдырындағы қарама-қарсылықтарды қалай анықтап, онан тазару, ақталу әрекетін-шүкірлік намазын көрсете алады? Және осы тұрғыда мұндай ерекше өсиет дарындылық, көріпкелдік, елшілік, емшілік, болжампаздық түрлі хабарларды келтіруге арналған пайғамбарлық қасиеттерді шариғаттың пәтуасымен масһаб білімінде меңгеруге тиым салған имамдардың пәтуасын да, теріске, жоққа шығарған пәтуаларын қайда жібермек?  Сонымен шариғат ұстанып күнәдан, тағдырдағы әр адамның қауымдық ерекшелігіне байланысты қайғы-қасіреттерден намаз оқып, ораза ұстап, зекет беріп жолдары ашалып, айығып, сауығып ақыл-парасаттың жетістігіне, даналықтарға жететін болса онда ислам елдері түгелдей неге азғындап өзара қырқысып кетті деген сауалдың да жауабын шариғатта қарастырылу да, оның амалы да болу керек еді. Осының өзі есті адам баласына құлшылықтың жетімсіздігінен жанның жетілмеуіне себепші болған иман қуатының әлсіздігінен екенін ұғындыруы, пайымдаттыруы тиісті. Демек мұны адамзаттың әрбір заманда орындаған барлық намаздарының даналықтарының білімдік тұрғыда ақыл-парасаттық қуатын қалыптастырғанмен ол келесі бір заманның мұндай күрделі тағдырлық есебін шешіп адамзатқа дұрыс тура жол сілтеуге жетімсіз екені осы замандағы әлемдік рухани дағдарыстың жағдайымен де мәлім болып тұрғаны хақ. Ал енді әрбір оқиғалардың, тағдырлық себептердің жайын анықтаумен және оған қарсы амалдармен құлшылықтарымызды жетілдіруіміз керек. Сонымен бірге білімдік, ақыл-парасаттылық құлшылық-сәжде-қызметіміздің тұтастығын қалыптастырып ой қуатының тазалығын меңгерудің намаздарының орындау сырын, ерекшелігін ұғынып меңгеру үшін құдайдың көрсетуіне, яғни құдайлық жоғарғы таза ойдың қуат күшінің араласуын қажет ететіні де хақ. Ал ондай таза ойға құдайлық «идеяға» жалғануға да таза ақылдың күші даналықтардан оқылатын кітабы да керек. Сондықтан да бұл шариғаттан да биік тұрған құдайдың ғана ісі болғандықтан осы тұрғыда дін ғалымдарының өздерінің меңгерген білімдері арқылы ғана таза ойшылдықты, жаратылыстың сырларын ұғынуды меңгеру керек деген пәтуалары да өздеріне табынуға, құдай қылуға деген ниеті де тажалдық болып шықпай ма? Өздері толық меңгермей, даналықтан, тақуалықтан, сопылықтан үлгі көрсете алмай өзгелерді қалай ұғындырмақ? Осындай жағдайда ақ пен қараны, пайда мен зиянды және кімдердің соңына еру керектігін әр адам баласына өзіне ғана ұқтыратын, көрсететін құдайлық аяндардың, түс көрудің маңызы пайда болмақ. Бұл да ұғыну-шүкірлік жасау намаз құлшылығына жатып, ал мұны қалай меңгеруді білу үшін де ұғыну құлшылығы керек болып шығады. Осындай жағдайда енді рухани тұрғыдағы ақыл-парасаттылықты меңгерумен айқындалатын барлық білімдердің бірлігі тіл білімімен бірге жан арқылы түсінудің діл білімін меңгерудің маңыздылығы пайда болмақ. Сонымен пайғамабарымыздың; «Адамзатқа екі түрлі білім берілген. Біріншісі діл білімі, екіншісі тіл білімі» деген өсиетінің ғылымдық маңызы пайда болады. Барлық адамгершілік негіздерін, адамзаттың мәдениетін, өркениетін қалыптастыратын жанның сапасын жетілдіруге негізделген ділдік білім болса, ал барлық жарталыстың сырын, тілін меңгеруді- тіл білімі деп мұнан басқа білімнің болмайтынын да білген жөн. Сондықтан да Әл-Фараби атамыздың; «Адамзатқа әуелі тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген ғұламалық пайымдауы осы екі білімнің реттілігін айқындап тұрғаны да хақ. Енді діл білімінің де тілі білімінің де ілімдік, білімдік сапалары қалыптасқан құлшылық қызметтік, ұғымдық, әрекеттік-шүкірлік сапаларды да бар. Діл білімінің білімдік сипатын қазақта әдет-ғұрып, салт-дәстүрден барлық көрінісін табатын болсақ, ал ілімдік сипаты бұл әрбір адамзатқа жеке-жеке рухани болмысының, қызмет-сәждесінің жағдайына байланысты жанының қуаттылығын бейімдеумен байланысты болмақ.  Яғни әрбір адам баласының дұрыс ұйықтауын және түс көре біліп, жанын тазартып, қосымша аманат тапсырма алып, әрекет-шүкірлік құлшылығын орындау арқылы қылған сәжделік-қызмет құлшылығын дұрыс орындауға, рухани тұрғыдағы кемшілік- қателіктерін, жетіспеушіліктерін түзетуге, ақылмен қабылдап түсіне білуге де себеп болмақ. Бұл ділдік ілімдік ұғыну құлшылығымыздың сипатын;«Түсің түзелмей ісің түзелмейді» деген данагөй аталарымыз. Олай болса, ұйқы кезінде түс көру бұл жанның күнәдан ақталуына, жүктерден қанның тазаруына, құдайдың кеңшілігінен несібе ризық алуына себеп болып, ақыл қуатының да жетілуі, өсіп-өнуі де болмақ. Сонымен бірге рухани өрісі көлеңкемізде жанға еріп жүріп судан, оттан өтіп тазаруы да керек. Бірақ бұл намаздарды орындау үшін дәстүр болып қалыптасқан емшілік істер де, жазылған  ғибрат естеліктер де әрбір пенденің заманның түрленуіне қарай рухани тұрғыда жетілуімен замандық біліммен өркендеуімен бірге күнәлі болмысының өзі қарама-қарсы жағдайда түрленіп аурулардың да сол ортаға бейімделуімен бұрынғы ескі амалдардың көбі жарамсыз болып та шығады. Көптеген мұндай тұрғыдағы намаздарды, әрекеттік құлшылықтарды қайта қарап, ескісін жаңалап, жаңадан пайда болған әрекеттердің білімін айқындап жалпы халықтың пайдасына, рухани жетілуіне қызметке тұрғызуға пайдалы ілім, білім сапасына айналдыру керек. Сопылықтың, ғалымдықтың, даналықтың  да маңызы, сапасы осындай жағдаймен ғана ұғымды болатыны сөзсіз. Ғиса пайғамбарымыз; «Ескі киімді жаңа матамен жамамас болар, ескі торсыққа жаңа шарапты құймас болар» деген астарлы нақыл қалдырған екен.

Сондықтан осындай заманға қарай пайда болатын рухани сынақтардың да емін, тазару әдістерін замандық күш қуаттардың ерекшелігіне қарай құдайдың өзі түсіріп, көрсетіп оны орындайтын дарынды адам балаларын да арамыздан шығара бастайтыны да, бұл құранда да барлық кітаптарда ескертілген. Және Раббымыз; «Мұхаммед айт; «Әй кітап иелері Інжіл, Тауратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсіргендерді толық орындағанға дейін дәнеңе емесіңдер!» Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме» (5-68) Шындығында тек құранға, пайғамбарымызға түсірген хадистерге жүгінгендер оның бағзы замандағы тәпсірге айналған білімін ғана қарастырумен, үнемі өзгеріп отыратын ілімдік жағын тастаумен, шариғаттық ережені ғана қалыптастырып мұны барлық ислам дінінің қиямет-қайымға дейінгі өркениетін, ғылымын, ілімін қамтитын жолға айналдырып алып, ал қалған барлық кітаптар мен пайғамбарлардың істеріне түбегейлі қарсы және исламның ішінде масһабтарға бөлініп алып бір-біріне тағы қарсы соғыс ашып жатқаны да осындай ілімді тастап, білімді теріске алудан пайда болғаны да сөзсіз. Бұндай астарлы аяттардың күшін жою үшін; «Құраннан басқа кітаптардың бәрі дұрыс емес қате» деген пәтуаға нанбайтын мұсыман да аз. Және уахи деген пайғамбарға ғана келіп, аян деген жын-шайтаннан болады деп жамағаттың тағы ақылын қазыққа байлап, жандарын қақпанға салып та қойған. Жын яғни таза ақылға, жанға бағынбаған жындылардың өзі имамдар мен дін ғалымдары, ел билеушілері  деп дәлелдегенмен оны ұғынатын кім бар? Өзінің жындылығын ақыл-парасат тұрғысында түсіну, ұғыну да мүмкін емес. Ол үшін өзін-өзі рухани тұрғыда тылсымдық айнасынан, аруағынан көріп, айқындауды меңгеру керек.

Осындай дінді тек «бес парыз» сәждеге айналдырып, әрекет құлшылығынан бас тартқызып, ата жолын қудалап, сөз философиялық даналығын, асыл сөздің қаймағын- ұғымдық құлшылығын жоғалтқан  зиялы қауыммен бірге жындар еліне айналған қазақ елінде құранға дейінгі де кейінгі де барлық ақпараттарды уахи-батамен әрбір пендеге ата жолында оқылуға Ақ ұл Қыдырәлі Тарыбаев арқылы мұғжиза түсіріліп, қазақ халқына дүниеден өткен әлемнің барлық ғұламалары, пайғамбарлары, елшілері, әулие-әмбилері армандап кеткен хақиқат келді. Ұғыну құлшылығының хикметті сыры қазақ елінде басталып, тылсымнан әулие аруақтары арқылы кітаптары оқылып, хикметтермен зейнеттелген бұқара халық өкілдеріне және де діл білімін меңгере алмағандықтан мастықтың буынан арылмаған ұл-қыздарымызға бұл құлшылық қуатының нығметі келіп енді оның алғашқы жемісі де көріне бастағаны хақ. Мұны тек жүректері тас болып, есту, көру қабілеттері жабылған, мөрленген, өздері бұл құдайдың патшалығына ене алмаған зиялы қауым мен ел билік, дін ғалымдары, діншілердің ғана әлі кезге дейін қарсылығын тоқтатпай, ел биліктің заңын құдай заңынан, уахиларынан, үкімдерінен, түсіріп жатқан белгі мұғжизаларынан да үстем қылып арпалысқа түскен қияметтік сағаттың жағдайы ғана бұған ұғымдары қуатты есті азаматтарды алаңдатуы да сөзсіз. Себебі; «Жаман адамдар арқылы да құдай өзінің еркін ұқтыруға, дінін нығайтуға құдіретті» деген пайғамбарымыз.

Енді мүмкін араларында ақ пейілділікпен байқамай сеніп адасқан, бұл тұрғысында зерттеуге, оқуға мойны жар бермеген текті ағайындарымыздың аз ғана бөлігін құтқарылуға, күнәларынан ақталып құдай паташалығының бұндай нығметті дастарханынан үлес алуға себепші болсақ та, біздер үшін үлкен жетістік болар деп насихатымызды, білгенімізді, іс жүзінде меңгеріп көргенімізді баяндай беруден де тартынбаймыз. Жалпы бұл құлшылықтардың ортасы барлық құлшылықтардың мектебі, бағыт берушісі болып еліміздің философиялық даналығымыздың негізінен бастау алуы да сөзсіз. Осы тұрғыда бұл даналықтың негізі де теориялық және «практикалық»-тәжірибелік философия ой сұлулығы, қуат болып және ұлтымыздың сөз, тіл өнеріне байланысты шығармашылық құлшылығымыздың негізін қалайды. Біздердің бұрынғы заманда өткен даналарымыздың философиялық пайымдаулары енді біздер үшін теориялық ой қуатын қалыптастырумен нәтижеленсе, ал енді заманға қарай оқылып, беріліп жатқан уахи түріндегі хикметті белгілер мен аруақтар тарапынан насихатталып жатқан баталар бұл тәжірибелік философиялық құлшылығымыз болып табылады. Бірінші жағдайда Ясауи бабамыздың Сәни дәптері және Абай-Шәкәрім еңбектері біздер үшін қандай да бір сыртқы елдерден келген философиялық құндылықтардан да өзіміздің ділдік рухани болмысымызбен анықталатын айқын, түсінікті болып, санамызға жарық, қуат қоса алатын  осы еңбектер арқылы ғана біз енді әлемдік ақпараттық кеңістікке жалғанып, олардың пайдалысын меңгеруден нәтиже шығара аламыз. Мұны ақыл-ойымыздың тәрбиесі деп те атауға болады. Ал теориялық философияның ең жоғарғы дәрежесі, әлемдерге ортақ кітабы; құран, інжіл, тәурат, зәбур, пайғамбарлар жазбалары  мен пайғамбарлар өсиеттері болып саналады. Бұл түп негіздерді заман уақытына да қарай меңгеру үшін өз ұлтымыздың жол-жобасына сай Ясауи, Әл-Фараби, Абай-Шәкәрімдей даналарымыздың өсиеттерін меңгеру керек. Ол үшінде бізге ақыл-парасаттылығымызды жетілдіруге, ойлау еркіне де тәжірибе де керек. Ал енді біз тәжірибені, ақыл-ой қуатын әрекет шүкірлігі арқылы әулиелер аруағынан алатын болсақ, оның да қуатын еселеп арттырып, ой теңізінің тереңіне қарай сүңгу үшін құлшылық-қызмет-сәждемізде сәйкестік және дұрыс толымды болу керек. Әрбір адам баласының тәні рұхқа ыдыс болып табылса, ал денесі, өрістік қуаттылығы, тазалығы жанның үйі болып табылады. Оны бой деп атап, енді бойдың да жандық, қандық өрісі, қорғаны болып оны ар сауыты деп атаймыз. Сондықтан ар сауытын қалыптастырмай мұндай рухани, тылсымдық қандай қуаттарды де меңгеріп сақтап қанымыз арқылы жанымызға, сүйегімізге жазу мүлде мүмкін емес. Сондықтан адам тәнінде мынау қымбат, мынау арзан, өте қажет, қажеті аз деген мүше жоқ. Барлық тән ағзаларында да ОЛ, СОЛ-дық және «Бірлік» қасиетті сақтай білуміз керек. Сол сияқты ерекше қорғалуды қажет ететін әурет мүшелерін ғана қорғап, ал қалған мүшені ашық қалдырудан да қуаттар арасында бірлік бұзылып, толымды құлшылық болмаған жағдайда, толымды ұғымдық қуаттарды меңгеру мүмкін емес. Адамзаттың ең басты құлшылығы ар, ұятты қалыптастыру жаннатта ашылып қалған көрініп, жарықпен қорғалмай қалған әуретті яғни сезімдік ақпарат алмасуға арналған барлық «ян, ин» орындарын ар сауытымен, нәзік бой жарығымен киіндірумен мәнді болмақ. Және мұны енді сырттан келген ілімдер мен білімге шариғатқа сүйеніп емес, біздердің өмір сүрген жеріміз, отанымыз, ықылым, райлық табиғаттық ортамызға сай қалыптасқан ғұрыптық, дәстүрлік салттарға сай орындағанда ғана діндік жол-жоба, ережемізді яғни аманат, уәделерімізді меңгере аламыз. Ал бізге бұл құлшылықтарыңызға керекті таза ақылды өз ұлтымыздың даналарынан, әулиелерінен, Алла достарынан ғана үлгі алу арқылы және біздердің құдайдың еркін орындаған амалдарымыз, әрекеттерміз, қызметіміз, сәжде құлшылығымыз  әулие-әмбилер меңгерген жиілігіне, қуаттылығына, арлығына сәйкес келгенде ғана нәтиже беретіні де сөзсіз. Сондықтан да басқа тән ағзалары түгіл қазақтың ақыл-парасаттылық, дін ұстамында бас киімнің де маңызы зор болып, ал бас киімсіз жүруді арсыздық деп атаған. Абай атамыздың «Ескіліктің киімі» деп оны 111-санды бірліктермен белгілеудің өзінде ойланған есті адамға үлкен мағына тұр. Міне көп жағдайда осындай қазақтық өз дәстүріміз бен ғұрыптық намаздарымызға шет елдердің білім тұрғысынан баға беріп солай амал қылудан енді ақыл-парасаты толымды болған ердің жасына келген зиялы қауым өкілдері даналыққа, таза ақылға жалғануға осындай қылықтарының кері әсері тиіп, бұл кейінгі жастарға, жалпы қоғамға да қасірет болып жабысып жатқанын білуден қалды. Бұндай ұғымсыздыққа түсуге ең басты себепші де ақыл-парасаттылық қызметіміздің майдаланып топтарға, бөлшектерге, түрлі саладағы мамандықтарға айналған жеке-жеке білім саласына ғана арналған қызметтің-сәжденің түріне айналып, әрбір өзін кемел санаған ел билеген халыққа ақыл таратушы пенделердің керісінше қарекеттік ақылдың ықпалынан босай алмай, сезімнің аңғарымпаздық қуатын жетілдіре алмай, тек тұтынумен, алумен, сыртқы дүниесін анықтаумен ғана шектелетін жындыға айналуына себепші болып жатқаны сөзсіз….(жалғасы бар) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *