IV-Құлшылық ұғымдарының философиясы. Ақыл арқылы өзіңді-өзің тану.

Бөлім: Құлшылық философиясы 1

       

Жоғарыда жалпы құлшылықты ұғыну арқылы әрбір істің, әрекеттің өз ортасын тауып себебін, салдарын меңгеру үшінде оны жете ұғына білу, ішкі сырын, мақсатын, жалпы жаратылыстық мәнін пайымдай білу керек. Ал мұндай қабілетке біздер өзімізді-өзіміз тану арқылы ғана жете аламыз. Біздер көп жағдайда білім арқылы барлық жаралысты, қоршаған ортаны, қоғамды да пайымдаумен, солай қабылдаумен білімді ақыл деп түсініп, ал шынында ақыл қуатының қандай болуға тиісті екенін және біздер өзгенің бәрін танып ұғынып пайымдауға шамамыз жетті дегенмен, өзіміздің кім екенімізді, қандай мақсатпен жаратылғанымызды, ішкі жан дүниеміздің жағдайын түсінбейінше біз мұндай біліммен адасу мен түрлі азғындықтарға, ауруларға, қайғы-қасіретке ғана душар боламыз. Және әр заманның қозғалыс әрекетіне қарай өзіндік тағдыры ақылдық пайымдауға, ұғынуға деген ақылдық қуаттық ерекешелігі де болып және қаракеттік білімдік қозғалыс жылдамдылығы тұрғысында да бағзы замандардағы адамдардың қоғамымен қазіргі таңдағы адамзат қоғамының өмір сүру ерекшелігі, уақыт жылдамдық айырмашылығы да болуы сөзсіз. Олай болса мұндай қым-қуыт түрленген іс-әрекеттерді жаратылыстың заманға қарай түрленуін оның міндетті түрде рухани тұрғысында адамзатқа әсерін пайымдау жылдамдығы да ерекшелігі де болуы сөзсіз. Демек біздің аталарымыз, бабаларымыздың меңгерген қасиеттіліктерін, даналықтарын да замандық қозғалысқа сай бейімдеуге көп жағдайда біліммен, іліммен  жетілдіруге және оның замандық тәрбиесін де меңгеруге тура келеді. Бұл тұғыда тұрақты дін ісі-шариғатымыз, мәдениетіміз-әдебіміз болған түрлі насихаттардың, іс-әрекет амалдардың да ескіргенін жаңартуға, тозғанын жаңалауға да тура келмек.

    Олай болса біздердің тәуелді түрде бағынатын уақыттың жылдамдығына, қуаттық, өрістік түрленуіне байланысты жаратылыстағы барлық қозғалыс егелерінің де қозғалыстық қаракеттік жылдамдықтары да, өрістік  сапалары да, қуаттық шамалары да түрленуге түсуіне байланысты адамзаттың құндылықтарының да бағалау шамалары өзгеріске түрленуге түсіп отырады. Сонымен қандай да бір болмысты заманға қатысты адамның өзінің әрекетінің дұрыстығын, ненің пайда зиянын, ар, ұяттылықтың шамасы, адамгершілік парыздар мен қарыздардың шамаларын, шектерін т.б. біздің бақытты өмір сүруімізге не қажет, қандай амалды орындау керек деген сияқты бар сауалдарға жауапты да бізге бұрыннан да белгілі кітаптарға айналған даналықтарды, түрлі қаракеттік істерді туындатуға себепші болатын білім мен ілімді де үйренуге керек ақылдық қуатты және дүние тіршілігінің де рахаттық қызықтардың пайда зиянын да, сөздерді ұғыну қабілетін де біздер тек ақыл арқылы анықтап өлшеп ала аламыз. Сонымен ақыл жалпы болмысында бірегей туынды болғанымен заман, дәуірлік қуаттардың жылдамдығына көбейуіне байланысты біздер бұрынғы белгілі болған ақылдардың, даналықтардың өзін жетілдіруге, қайта қарауға мәжбүр болады екенбіз. Енді; «Жын-шайтандар, адамзаттың құндылықтары» деген жазбадағы талқыланған ақыл туралы білімді жалпы шолып түсіндіре кетсек;

   Сонымен ақыл қуаты арқылы біз өзімізді-өзіміз тануға яғни жан, рух, тән, нәпсі қажеттіліктеріне не пайда не зиян екенін ұғынуға ақылдың көмегіне жүгінуге тиістіміз және адамзат әлемнің кіші (микро) көшірмесі , құдайдың даналығының ең көркем туындысы болып біздер жаратылысымыздан құдайға ұқсас болмыс болғандықтан; өзімізді-өзіміз пайымдау, ұғыну құлшылығы арқылы біз жаратушы, ризық беруші, ақылға қуат беруші Құдайымызды танып және арамыздан түсірген пайғамбарлары арқылы үлгіге айналдырған олардың адамгершілік асыл қасиеттеріне табына отыра, ұқсауға тырысумен, еліктеумен ғана «Бірге»  жақындай аламыз. Олай болса әуелі ақылдың екі көмекшісі барын және ақылдың да адамдық тұлғалық, даналық құндылыққа жетудің алты қадамы болатынын білген жөн. Ақыл-алтыда деген данагөй бабаларымыз. Олар; 1.Сезімдік ақыл; 2.Сезімдік ақылдың аңғарымпаздығы;(Интуиция) 3. Қаракеттік ақыл; 4. Түйсіктік ақыл. Яғни қаракеттік ақылдың аңғарымпаздығы (Интеллект) 5.Танымдық ақыл. 6. Даналық ақыл болып соңғы екеуінің қалыптасуы (5;6) ізгілік пен діндарлыққа байланысты болмақ. Енді ақылдың өнімі негізінен  біліммен, тәрбиемен байланысты екі сипаттан бастау алып; өмірлік тәжірибелер, қаракеттер, түрлі өнерлерді, шаруашылық, ізгілік істер мен діндарлықты, тақуалықты меңгеру барысында өсіп жетіледі қуаттанады. Сондықтан да Әл-Фараби атамыздың; «Балаға әуелі тәрбие беру керек, ал тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы болады» деген өсиетіне жүгінсек; Қандайда бір заманның оқиғалары, барлық іс-әрекеттері түбінде білімге, шежірелік уақиғаларға, барлық танымал болған жаратылыстық қозғалыс қуаттарды меңгеруге арналған білім мен тұрмыстық тіршілікте мәдинет тұрғысында дін қағидаларына, шариғатқа айналады. Және заманға байланысты барлық шаруашылық, өмір сүру мен түрлі ләззат, рахатануға, өзара дүние пайдасы ойын-сауық, қызықтар сияқты   адамзаттың ойын, ақылын да қозғалысқа дамуға жетілдіруге, шыңдауға арналған іс- әрекеттері де тұрақты қағидаға, білімге айналып мұндай білімді енді тәрбиемен шектеп меңгермесек, біз қай істің қандай жағдайда пайдасы барын, қандай жағдайда зиянды әрекеттерге, қарсылық зиянды қуаттарға айналып адам баласына рухани азғындық әкелетінін бағалай да алмаймыз да өзімізден-өзіміз асып тасып белгілі бір беделге, дәреже, мақтанға негізделіп, бейімделіп аламыз. Осындай жағдайда мұндай пайымдаумен, ұғындырумен айналысатын зиялы, білімді қауым өкілдерін естілер деп атаймыз.  Ал есті болу үшін әрбір мұндай жағдайдағы адам баласы бұндай замандық оқиғаларды, білімдерді ойшылдық тұрғысында бағалауға, ақылдың жоғарғы екі қадамын (таным, дарын) толық меңгерген философиялық дарындылыққа жетуге тиісті. Олай болса барлық жаратылыс негіздері «Бір» яғни біртұтас деп әлемнің біртұтастығын түсіну, ұғыну, пайымдау үшінде осы қасиетті де өз бойынан қалыптастыра білген адам баласы ғана мұндай дәрежедегі бағалаушыға лайық деп түсінген жөн. Бұл тұрғыда жеке-жеке білімділік те ілімділік дәрежесінде ақылдың, халықтың рухани ахуалын пайымдауға қалқан қорған да жәрдем де бола алмайды. Қазақ даналығында; «Оқығаннан тоқыған артық» деп жаралыстағы барлық қозғалыс қуаттарды тазартып, өз бойына тоқып біртұтас арқауға айналдыра білген Абай атамыздың ескертумен «Единицаға» айнала білген ақылдың соңғы екі қадамын меңгере алған адам баласы ғана лайық болмақ.

   Сонымен мұндай жағдайда «единицаға» яғни «Бірді» пайымдай алу үшін де яғни барлық қозғалыстың біртұтастығын ұғыну  үшін сол нәрсемен бірге өмір сүріп, оның ішкі сырын жан-тәніңмен ақылдың сезімдік (интуиция), қаракеттік аңғарымпаздығымен (интеллект) сезінбей, оның жалпы мазмұнын, құрлымын және қозғалысын, әсер-әрекетін білу мүмкін емес. Алланың сүйікті құлдарының, пайғамбарларының, елшілерінің үлгілі істерін философиялық даналыққа айналдырып насихаттай білген беріде ғана өмір сүрген Абайды, Ясауидей ғұламаның еңбегін түсіну үшінде олардың ізіне еріп, рухани тұрғыда олардың аруағымен бүтіндікте болып және ішкі сырымен, жанымен бірге өмір сүре білу керек. Бұл әрбір мұндай жолға түскен адам баласының өзін-өзі тану пайымдауы арқылы ғана, бұрынғы жинаған беделдерін құрбандыққа ұсынып, қайта-қайта тәубеге келуімен осындай раухани тазалық тұрғысында ғана өзінен-өзі асуы арқылы ғана жүзеге асады.Ол үшінде мұндай адам баласының өзінің құлшылық істері толымды болып, сонымен бірге әрбір құлшылық амалдардың ортасында жасырылған қасиетін тауып амалын орындауы да шарт. Олай болса; Алла Тағала: «1.Өз разылығын Ғибадатта жасырды. 2.Ашу-қаһарын Өзіне жасалған Асылықта жасырды. 3.Өзінің Ұлы Есімін Құранда жасырды. 4.Қадыр түнін Рамазан айлары түндерінің арасына жасырды. 5.Орта намазды күнделікті бес намаздың арасына жасырды. 6.Қиямет күнін Күндердің арасында жасырды.»Осындай ақылдың қасиеттілігі, қуатын меңгеруге жаратушыға деген құлшылығымыздың масһаб ғалымдары ұсынғандай бес парызбен емес негізінде парыздарды орындау арқылы әрі қарай 6 түрлі құпия сырының ортасын меңгеру арқылы біз өзімізді-өзіміз пайымдау, бағалау мүмкіндігіне жете аламыз екен.

Сондықтан да біздер қандай білімді, ілімді, талантты, өнерлі болсақ та; «Білмеймін» деген ғылымды алдымен меңгеру керек болады. Себебі біздер адам баласы болып,  дүние есігін ашқан сәттен бастап осы жеткен жерімізге дейін біздер белгілі бір мәдениеттің, пайымдаулардың ықпалында болып келдік. Осындай тар қалыпта «Меніміз» өз киімін, рухани үйін қалыптастырды. Және ғасырлар бойы белгілі бір дінге, топқа, тәрбие, білімге, өмір сүру салттарына әр түрлі шарттылыққа, насихатқа, экономикалық қысымға, ішкен асқа, от басына, ауа райына, достарға, қоғамға, шығармашылық толғаныстарға, барша ықпалдарға негізделіп бейімделіп алдық. Сондықтан өмірде кездесетін әр нәрсеге дайын жауабымыз да қалыптасып, бекіп беделге, жинаған абройымыздың күзетшісіне (жынымызға) еріп жүретін көлеңкемізге (айнамызға) айналып алған. Ал бұл негізделуден (жындылықтан) құтылмай, басқа негіздегі ой қуатына жалғану, болашаққа жоспар жасау үшін, сол болашақтың аясына, уақыт мекеніне қарай рухани сапар шегу деген мүлде мүмкін емес. Шариғат та масһаб та барлық бекіген негізделген діндер ережелері де бұл шеңбердің яғни белгілі бір жындылық топтық ұғыну, пайымдаудың аясынан алып шыға алмайды және болашақты да кісілік, естілік дәрежесінде пайымдауға ағартушылықпен айналысуға да ақыл-ойлық қуаты жетпейді. Олай болса біздің ақыл-ойымыз белгілі шеңбердің жындық қуаттардың өрістік деңгейінде, аясында ғана өмір сүреді. Ал мұндай жындылықтан мүлде арыламын десеңіз, онда басқа бір осындай өзге елдің салтына, ережелеріне, жындылық өрісінің қорасына, тобына тұзаққа түсіп негізделудің де қаупі зор болмақ. Сондықтан мұндай жағдайда бұндай ұлттық негізделуді жындылық қаракеттерді, ақыл-ой қабілетін мүлде өзгертемін деген ақымақтық қана. Бұл негізделуді електен өткізіп, заман талабына қарай ата салт дәстүрімен бейімдеу арқылы ғана мұндай ақыл-ойымыздың аясын кеңітіп тірілтуге, зеректікке, кісілікке, жындылықтан тазаруға, ағаруға жол ашады.

Енді ақылдың 4 дәрежесін қарастырып бағалап көрсек. Адамзаттың тіршілік етуімен рухани қуаттарының өсіп-өнуіне, көбейуіне, адамның тіршілік қамына, нәпсілік, азықтық, рахаттық, дүниелік тіршілігін қаматамасыз етуге байланысты,  тұрақты түрде және ерікті түрде пайда болатын, алған меңгерген біліммен, өмірлік тәжірибемен байланысты қалыптасатын сезімдік ақыл, қаракеттік ақылдан бұл өмірдегі барлық іс-әрекетіміз ұлттық, жыныстық ерекшелік мінезіміз де қалыптасады. Сондықтан да адамзат баласы екі түрлі жағдайда өмірді және өзін-өзі  бағалау тәсілін меңгерді. Бірінші жағдайда; заманға қарай пайда болатын  білімді меңгерумен, тарихты зерттеп өмірден өткен даналарды, ата-баба құндылықтарын зерделеу арқылы осы заман оқиғаларымен салыстыра отыра дінін қалыптастырса, екінші жағдайда замандық іс-әрекеттерді меңгерумен тіршіліктің, қаракеттің түрлі жағдайдағы қайшылықтарында пайда болатын білімнен туындаған, өзге елдердің даму тәжірибеснен алған көзқарастардың нәтижесіне бағалайды. Және мұндай екі жағдайда да адамның мінез-қылықтарының әдет, салттарының, тұрмыстық мәдениетінің тұрақтап, әрбір қоғам мүшесінің де жеке басына байланысты ақылының осындай замандық салтқа, әдетке, білімге негізделуін қамтамасыз етіп, адам баласы өзінің жасына, қызметіне, қоғамға, ортаға байланысты жинаған бедел, абыройының туысқанға, жақындарына жақсы көрінуімен немесе халықтың қол соғып таң қалдырған өнерлерінің көрінісіне қарай өзін адамдық болмысының негізін қалыптастырады. Енді мұндай жинаған бедел, абыройдан, жақсы атаудан, атағынан айрылып қалмас үшін барлық меңгерген білімін , іс-әрекетін осы жолда жұмсап сақтауға, ақылдың ескертуін қаперге де алмай жанын да жұмсауға даяр болып тұрмыс кешетіндер көпшілігіміз болып табыламыз. Және бұл жалпы қоғамдық үрдіске тұрмыс салтына айналғанда білім, тәжірибе негізінде пайда болған ұжымдық ақыл болып, қандайда болсын ессіздік жындылықты қалыпты үрдіске мәдениеттікке айалдырып алып, сондықтан мұндай салттан, бір-бірімізден қалмауға қайталуға тырысып дүние тіршілігінде қоғамдық өмірдің қай саласында болсын беделді сақтау, өзін көрсете білу және мұндай жағдайда қалайда өзінен-өзі жындылық тұрғысында  асып түсуге, тырысу жарысқа да түсіп кетуге себепші болады. Өзінен-өзі асып түсудің шайтандық сипатында яғни сезімдік ақылға ғана мойынсұнудан пайда болатын, қандайда бір сезімдік нәпсілік қажеттілікті, мақтанды қамтамасыз ету үшін барлық дүние қызығының бәрін меңгеруге және бұл жолда ар, ұят, дін шектері, шариғат деген мүлде ескерусіз қалып, шайтан жамағатына айналып, күлкі мен той думаннан, ойын қызықтарынан өзімізден-өзіміз асып түсіп,  тек өзгені және өзге елдерді де таң қалдырғаннан өзімізді бақытты сезініп, шайтандық мастар тобын көбейтуге және мұны ессіздік, ақылсыздық деп түсінуден де, болашақта арты немен аяқталуы мүмкін деген ұғынып пайымдаудан қаламыз. Мұндай жағдай негізінен ақылы толмаған жастарға тән «Максимализм» яғни өзінен-өз мүмкіндігінен артық болу деп аталатын белгісі болмақ. Екінші өзінен-өзі артық болудың көрінісін; қарекетік ақылдың жағдайымен білімді меңгерумен, меңгерген білімнің нәтижесінде шаруашылық, өндірістік істермен осындай жоғары дәрежеге жеткен елдердің бар салттарын да қоса алып, дүние байлығын жинауға негізделген шынында таза ақылдың ақылдың ескертуін, қағидаларын білім тұрғысында бағалап, өзімізден-өзіміз асып түсу үшін ақылсыз құр ой жорумен түрлі заңдарды ойлап шығару шығармашылығымен айналысып, құдай дін деген ұғымдарды белгілі бір қолы бос еріккен естілігі аз адамдардың ермегі деп қабылдайтын жағдайға жетіп, өзімізді жер бетінің барлық жаратылыстың қожайынындай сезініп тіршілік ете бастаймыз. Және бұндай жағдайда бірде рухани тұрғыда сезімдік ақылдың еркіне, бірде дүние тіршілігіне бағыталған тұтынуға, пайдалануға, пайдаға жаратуға ғана бейім қаракеттік ақылдың еркіне жеңдіріп замандық түрі оқиғаларға, қарсылықтарға түрленуге байланысты өзара топтарға жіктеліп, әрбір топтардың жындылық тұрғысында екінші бір топтың білімін әрекетін төмен жетімсіз санап және оны ақылмен қабылдай алмайтын, бір тілде бір ұлттың ішінде өмір сүрсе де ортақ рухани құндылықты, дәстүрін толық қабылдамай, бірінің сөзін екіншісі ұғынуға қауқарсыз топтарға, партияға, саяси көзқарастарға бөлінген жындыларға айналып аламыз.  Бұндай жағдай көбіне ел билігі өкілдері мен шығармашылық өкілдері  халықты бақыттылыққа жеткіземіз деген зиялы қауымдар аталған адамзат тобына байланысты болса, ал негізінен бұқара халық мұндай басшылары бар елде қаракет пен сезімдік ақылдың ғана шамысынан аса алмай ұжымдық негізделудің сипатына, ортақ саясатына түседі.    

  Мұны енді сезімдік ақыл мен қаракеттік ақылдың ортағы болған; Ұжымдық ақыл—  деп атап, ал бұл әрекетіміз дүниедегі даму жағынан ең төменгі ақыл болып саналады да, тіптен жеке жағдайда сезімдік ақыл мен қаракеттік ақылға жүгінетін есуас аталатындар да даму жағынан ұжымдық есуастықтан жоғары тұрады. Сонымен ұжымдық ақылдың басында тұратын өзінен-өзі артық асып кетушілердің (максималистер) ерекшелігі; тағдыр, құдай еркі шариғат дегенге мүлде қарсылық білдіріп немесе өзі оны меңгермесе де әйтеуір жанашыры болып алып, меңгерген білімінен басқа өзге ілімді де, заманға қарай түсетін құдайлық аяндарды да мойындамай, өздерін керемет әулие санап, халықтың жоғын жоқтаушы ретінде көрсеткенімен негізінен жыннан болған шайтан жамағатына айналып; алауыздықты, ағайынды бір-біріне қарсы қоюды, ашкөздікті,  қанағатсыз, сабырсыз дүние қызығын ғана дәріптеушілер, елді бүліншілікке, халықты құдайдың бірлігіне қарсы айдап салушылар болып саналады. Және мұндайлар өзара бірлестікте, тобыр болып кез келген өздеріне қолайлы ұнаған бір әрекеттерді жақтаушы топқа айналып, өздерінің мұндай әрекеттерін қорғауға арналған ұжымдық ақылдарына  қарсы болған адам баласын жабылып талаудан, ашық мазаққа айналдырудан еш жиіркенбейді, мұны әділеттілік орнату деп ақылдары өлі болса да өздерін ұлтшылдар, ұлтжандылар деп санайды.

Сонықтан мұндай заманға қарай тек білімге және өткен заманның таихындағы болған заман оқиғалары тәжіриесі, кейбір кезеңдегі жеткен бедел абройы арқылы ғана болашақтаосыған бейімделіп негізделуден әрбір адам баласы өзін-өзі құтқармай, мұндай мінез-құлықтан арылмай, жалпы қоғамды бүтіндей түзеп тастаймыз деген дін, мемлекет саясатынан түк нәтиже шықпайды. Мұндай кезеңде діннің өзі ескіден келе жатқан талай мың жылдар өткен рухани құндылықтарға негізделіп, бейімделу жолын таңдаса, онда бұл да ұжымдық ақылға айналып, діннің азғындығын бөлшектенуін ғана қалыптастырады. Себебі заманға сай пайда болған қозғалыстар мен түрлі білімдермен арада қайшылықтар пайда болып және іс-әрекеттер тұрғысында да өмір сүру қамында мұндай құлшылық істерінің адамзат өмірін қамтамасыз етуге, жақсылықтарға жәрдем беруде, түрлі қиындықтардан құтқарып жол көрсетуде өз мақсатын орындай алмай өмір қамында рухани тұтастыққа бірігіп кетуге кедергі түседі.  Адамазатқа рухани тұрғыда меңгеруге тиісті ақылдың төрт дәрежесін меңгермей ақылдың толуымен оны екі қадам арқылы ізгілік дін жолына жұмсай алмаудан әлемдегі барлық қайғы-қасіреттердің себепшісі болғаны да хақ. Мұндай жағдайда бар халықтың ұжымдық тұрғыдағы ақылы жансыз өлі болғандықтан мұндай өлі ақылды дүниенің байлығымен, кедейлікпен қорқытумен немесе еркіндік деп өз ұстанымын ел билеуге заңға айналдыруға деген бүлікшілік әрекеттер арқылы азғындық жолға түсіп, бүкіл мемлекет тұрғыны қырылуға, өзара соғысуға да оңай жетелеп әкеле алады. Көрші Қырғыз елінде ұжымды түрде ел билеу ісіне қарсы тұрып, бір ұлттың ішіндегі қайта-қайта болған қан төгістер мен Украина елдері мен Арап елдерінде болып жатқан барлық оқиғалар  рухани тұрғыда ақыл өнімінің дамуының ең төмен шегіне жеткеніне жаратушы тарапынан берілген сынағы да болады. Әлем тәжірибесіне қан төгіс арқылы халықтың жабылып ел билеуі арқылы бірде-бір өркендеген мемлекеттің тәжірибесі болмас да, мұндай ұжымдық ақылға түскендердің ақылдың ең төменгі сатысына түсіп мұндай ессіздікті ақымақтық деп мойындауы да мүмкін емес.  Мұндай есі кеткен ұжымдық ақылдың сипаттары қазақ елінде де бой көтеріп Жаңаөзенде болған оқиғаның кең көлемде өрістей алмауы қазақ руханиятының дәстүрінің және ақылдың төрт сапасын меңгере алған ұлт өкілдерінің басымдылығы мен қазақ елінде аруақтардың тылсымнан беріп жатқан тікелей жәрдемі де себеп болғаны хақ. Және Құдайдың қазақ халқына берген мол несібесі де халықтың дүние мұқтажын өтеуге артылып та кетіп жатқанынан мұндай ұжымдық ақылдың басшылары дүние байлықтың жетіспеушілігімен халықты азғыруға, кедейлікпен қорқытуға  да мүмкіншіліктері шектеліп, жетпей жатқаны да сөзсіз. Ал екінші жағдайда ұжымдық масһабтық білімге негізделіп алған діншілерден сабақ алып, енді бұл аздық етіп, әрі қарай ізденіп, сезімдік ақылдың соңына түсіп өзінен-өзі асып, тасып жиһад жасап, жынды мастардың жаннаттық болуды көксеп кетуге тиісті жындылықтардың қазақ елінде бой көтере алмай жатқаны да ата жолының аруақтық білімнің тылсымнан халықтың жанына жазылып, аруағына оқылып, аз да болса иман қуатын алып көпшіліктің ақылдарының тіріліп жатқанында болар десек қате емес.  Сонымен адамзат мұндай тығырықтан қалай шығады және бұрынғы замандарда қалай шыққан деген сауалдың да туындауы керек. Бұрынғы замандарда осындай өзінен-өзі асып жындылықпен негізделуден, белгілі бір білімге, ілімге байланып адамзат ақылының өркениеті өсіп өнім беруі де тұрақтап заман біліміне, діннің тұрақты істеріне байланып өрісінің тарылуынан Құдайдың өзі жәрдем беріп құтқаратынын заманға сай түрлі хикметті жағдайлардың, ғылым берілуге де белгілердің түсетінін де біле бермейміз. Мұны қиямет уақиғасы деп атайды. Яғни ақпараттық өркендеуге жаратылыс себептерінің, себепшілерінің де адамзатпен түрлі жағдайға әрекетке түсуі басталамақ. …. ….(жалғасы бар) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.