XI- «Терроризм»-мәжбүрлеу және экстремистік пиғылдар мен ел биліктің дін саясаты

Бөлім: Ел билігі және экстрмизм мен тероризм себептері 79

Қандай замандарда болсын ел билеушілердің  ұстанған дінінің тазалығына байланысты халықтың да бақытты, бақытсыз өмір кешуіне себеп болатыны да хақ. Сондықтан ел билеушілерінің халықтың ата салт-дәстүрін жетік білмеуінен немесе онан бас тартуынан бүкіл мемлекет тұрғындарының да қайғы-қасіреті туындайтынын да білген жөн. Қандай да бір елдің әлеуметтік тұрақтылығы, мемлекеттің саясатының беріктігі де діннің жағдайына тәуелді болмақ. Діннің арқасында ғана көкіректің ояулығы немесе жүрек көздерінің жабылып керісінше зұлымдыққа түсуіне себепші болатыны да хақ. Егер ел билеуші шынайы қайырымдылықтың жаршысы болса, онда оның дін-жанының тазалығы болып, мұндай жағдайда оның халықты басқарудағы басшылық қызметі де сан алуан жақсылық істерге толы болады. Және қандайда бір игілікті мақсаттардың да болашағын оны халықтың қандай мақсаттарында іске асырғанда пайдалы болып, қандай шектен асқанда пайдасыз зұлымдыққа себеп болуын да алдын-ала аңғарып, рухани тұрғыда емші сияқты әрекет ете білуші ел басшысының тарихта ізгілікті басшы тұрғысында өзінің ізін қалдырары да сөзсіз. Қандай да билік өкілінің, ел басшысының рухани жағдайына байланысты қателіктері де жетістіктері де болуы сөзсіз. Сондықтан болашақта елдің бақытты өмірге деген бағдар жолын айқындап алу үшін әрбір кезеңдік оқиғаларға рухани тұрғыдан және бұл сын  философиялық тұрғыдағы теориялық пайымдаумен емес, яғни тәжірибелік пайымдаулармен баға беріп отыруда елдегі зиялы қауым өкілдерінің міндеті болу керек. Қазақ елі де түрлі өтпелі кезеңнен өтіп, осы кезеңдегі ел биліктің атқарған сан алуан істеріне зиялы қауым тарапынан тек логикалық тұрғыда дүниемен, меңгерген шаруашылық әдістермен, жинаған байлық өлшемімен, халықтың дүниелік әлеуметтік жағдайымен  ғана бағаланбай; денсаулық, тіл, діл байлығы, ұлттың жанының өркениеті, шығармашылық, өнер, ғылым таланттарын тәрбиелеу тұрғысындағы көптеген бүгінгі таңда қайтарымсыз шығындарды да талап ететін, бірақ болашақта жеміс беретін ізгіліктердің де маңызын дәріптеумен, насихаттаумен мұндай іске себепші болған ел билеушілерге де орынды баға берумен де көрінісін табу керек. Бірақ бұндай рухани бақшамыздың көмес жағы біздердің ақпараттық және зиялы қауымдарының ойшылдығынан тыс қалуын былай қойғанда дүние істерін, шаруашылық әдістерін меңгерудің әлеуметтік тұрмыстық, тіршілікке байланысты салаларын меңгеруді асыра мақталып, мұндай істерді меңгеруші дарынды тұлғаларға деген табынуға олардың енді рухани тұрғыда да дарынды болып, ешқандай қателік жібермейтініне деген сенімді қалыптастыруға деген құлшынысынан, керісінше рухани тұрғыда елдің  зұлымдықтарға ұшырауына, халықтың бұқаралық ұжымдық ақылы шайтанның, қарсы күштердің ықпалына түсуге жағдай жасап қойған ақпараттық саясатымыз, ойшылдық болжампаздық әрекетіміз бүгінде жемісін беріп те үлгіргені сөзсіз. Бұған нақты дәлел еліміздегі болып жатқан адам өлімімен және түрлі апатты тосын табиғи құбылыстармен, орасан зор шығындармен, қайғы-қасіреттердің себебімен салыстыра отыра, біздердің өздерімізді бақытты елміз деп атауға әлі қашық екенін құдайдың өзі ескертіп жатқаны да хақ.

Қазақ елінің өтпелі кезеңінде ел басына келген билік өкілдерінің ел шаруашылығын қалыптастыруда, халықтың әл-ауқатын жақсартуда деген ерен еңбектерін де жасыруға болмайды да, мұны мойындау да адамгершілік тұрғысынан керек. Осындай біздердің дербес мемелекет құру жолында әрбір қоғам өтуге тиісті бес кезеңдік ел басқару сатысынан біздер де өткеніміз даусыз. Енді осы кезеңдерден өту барысында неден ұттық, неден ұтылдық деген пайымдаумен ғана болашақта не істеу керек деген сауалға да жауап алуға болатынын білген жөн. Тарихымызды, өткен жолымызды сараптан өткізіп пайдалысын алып, қатесін түзетпесек, онда алдағы өміріміз де бұлыңғыр болуы хақ. Бұл діннің негізгі саясаты деп біліңіз. Сонымен; Бірінші кезең; Кедергілерді жеңу еді. Бұл тұрғыда азып-тозып кеңес үкіметінің ақпараттық қараңғылығынан да босану үшін,  рухани тұрғыда да үлкен эволюциялық қадам керек еді. Міне осы тұрғыда ел басшымыз Нұрсұлтан мырзаның таңдаған саясаты; Астана қаласын салу арқылы да мемлекетіміздің рухани тұрғыда да өрлеуін, ақпараттық тылсымдық жағдайда барлық ой күшінің жеріміздің ортасына қарай ауысуымен дін тұрғысында бұл ұлттық ақыл-ойымыздың да жаңғыруына үлкен серпіліс болғаны да хақ. Ал енді мұндай тәуекелшілдіктің қарсылығы болуы және бұған зиялы қауым өкілдерінің көбі қарсы болғаны да сөзсіз. Және мұндай рухани тұрғыда қарсылықтарды жеңе отыра,  елдің әлеуметтік жағдайын да жақсартуға себеп болып екі жеп биге шыққан мұндай тарихи оқиға әлемге де үлгі бола білгені де, бірақ мұндай жеңістің қуанышының да енді асқақтық сезімге ұласып,  бұл жеңіске асыра мақтанудан  құдайға да қарсылық ойлардың туындауына себеп болып және үнемі бұл істің қалайда нәтижелі болуынан басқаны ойлай алмаған ел басшымыз рухани тұрғыда үлкен қателікке бой ұруына өзінің сенген қауымының,  зиялы қауым мен соңына ерген ел билеуші уәзірлерінің надандықтары ғана себепші болғаны хақ. Ел билеуде мемлекеттің ірге тасын бекітуге байланысты қарсылық күштерді ауыздықтау, ел бірлігін қалыптастыру бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару маңызды қадам болмақ. Осы тұрғыда қазақ елінің дін дәстүрі аруақтық білімі ғана мұндай кезеңде ел басына жәрдем болғаны, әулилер аруағының қолдауымен ғана бұл істердің нәтижелі болғаны әрине мұны мойындаудан ашық бас тартқызған дін ғалымдары мен ел билеуші қауымның керісінше құдайдың еркін мойындауға, халықты жүректің жомарттығына, бірлікке, бір дастарханнан дәм татып үйренуге шақырған бұл қозғалысты қудалап, тыйым салып, зұлымдық күштерді өндірумен айналысты.  Оның нәтижесін, жемісін көріп те жатырмыз, мұнан былай қарай қайғы-қасіретке айнала бермек.  Бұл жағдайға себеп болған шаруашылық ісінде әрбір амалдан тек пайда ғана табуды мақсат тұтқан ел билеушілердің мұндай пиғылын пайдасына асыра білген тажалдық білімнің өкілдері көре алмастықпен ата-баба аруағын да, рухани дүниесін, ұлтық жан бақшасын дүниемен бағалап, ағайындықты пұлға айналдырып жіберуге де ел биліктің де жүректерінің мүлде жабылуына себепші болғаны да хақ. Енді қандайда бір ұлт жан өнімін өндіріп тазарта білмесе, онда міндетті түрде мемлекет тұрғыдарының азапталуымен, өліммен, өзара немесе өзге елдермен қан төгіспен ғана жаратушымен есептесіп жер бетінен жоғалып кетпеуге, мүлде хайуандық сипатқа түсіп азғындамауға, рухани тұрғыда тылсымдық ақ-қара теңдікті сақтауға сынаққа түсуге міндетті болмақ. Бұл қазақ елінің де құдайдан нығмет беріліп, рухани тұрғыда мүмкіндік болса да бірақ айналып өте алмаған бірінші кезеңдегі негізгі қателік болғаны да хақ. Және осы кезеңде міндетті болған елдің қандай тұрғыда болса да арқа тірейтін рухани да әлеуметтік де қауіпсіздігін мемлекеттің  мықты ірге тасы болған ауыл өмірін, тіршілігін сақтауды да кейінге қалдырып, құдайдың жерден берген байлығын сатумен, онан түскен пайдамен өзге елдің азығына қол жаюдан халықтың да денсаулығының сол елдердің ой қуаттарын, рухани қаракетімен, бар ауру індеттерімен ауруына әкеліп соқтырған қасіретті де жүктеп алдық, әлі жүктеліп жатырмыз да. Бұғанда негізінен ел биліктің ата-бабасының рухын ақшамен бағалағаны да себеп болып, жүрек көздерінің жабылып, ел болашағын рухани тұрғыда бағалай алмай, тек пайда табумен ғана ақылдарының артта қалып, әлемдік  білімді, замандық тәжірибені ақыл жетістігіне айналдарып алғандары себеп болғаны да хақ. Сонымен көктен атасының кітабына жалғана алмай, өз жерінің рухани анасының емшегін еме алмаған яғни өз елінен азықтана алмаған жастарымыздың, халқымыздың  тірі рухани жетімдерге айналған және ақпараттық тұрғыда да өзге елдің дінін, руханиятын алған мәңгүрттігін былай қойғанда, өзге елдің тамағын ішкендер, енді сол елдердің бар салтын, әдетін, мінезін қайталап, сол елдердің нәсілдерін меңгеріп, ақпараттық рухани тұрғыда жетілдіріп ұлттық сипатымыздың әлсіреуіне тіліміздің кемістігі себепші де болғаны сөзсіз. Ал тілі жетілген, рухани тұрғыда текті аталған  үлкендер қауымына зиялылардың да қарсылық заңды қолдауымен, ата дәстүрінен, аруақтың білімінен бас тартуына және осындай өзге елдің азығымен қоректенуінен де нәсілдік қуаттарын тазартуға әлсіздік танытуынан «оппозиция» құрып, ызқорлық, жалған намысшылдық, бір жақты надандық пәтуамен бұрынғы жоңғарлық, қалмақтық нәсілдердің қылықтарына, жындарына жалғануына себепші болғаны да хақ. Сонымен мұндай ұлттың жанын әлсірететін зұлымдық әрекеттердің бой көтеруіне де ел биліктң ата салт-дәстүрін қабылдамай және пайда жағын ғана ойлап, халықтың рухани азығына да, жер анамен, рухымен тұрақты жалғана алмауына да шектеу келтірген ауыл өмірін, шаруашылығын тұралатып қоюынан да пайда болғаны хақ. Бұл жағдайды кеш болса да қолға алып, енді ғана түзеуге бағыт алғанмен қанға сіңген есепшілдік, тек ақша, пайдамен бағалау салты болашақты болжаудан мақұрым болған, ойшылдықтан ада ел билеуші мен зиялы қауымның соқыр саясатынан да бұл істердің дұрыс алға басуы да әлі де екіталай. Себебі көптеген өзімізде өсетін рухани тұрғыда құнарлы азықтар мен ет өнімдері болсын өзге елдердей көл-көсір пайда бермей, кейде шығынға батуға тура келгесін, «Ашаршылықты  көп көрген өзі тоймай мә демес» дегендей мұндай рухани тұрғыда 50-100 жылдан кейін пайдасын көретін ұлттың тегін сақтайтын істерді көрегендікпен түсіне алтын ел басшы да, ойшылдар да, дін ғалымдары да қазақ елінде әзірге пайда бола қойған жоқ. Қазір осындай көптеген істерді бәсекелестік тұрғыда және сауда кеңістігінің ұлғайуына, пайдаланушы тұтынушылардың да себепші болып, мұндай азық өндіруге халықты жұмылдыратын, ынтасын еселейтін ізгілікті істерді еріксіз меңгеруге ортақ мүдде одақ құруға деген ел басшымыздың ізгілікті бастамасын өз арамыздан шыққан тажалдардың халықты азғырып қарсы қойып жатқаны да нақты дәлел бола алады. Бәрі бүгінге қалтамен ғана өлшеніп, өз атасы түгіл ұлт жанының бұлағы  — әулиесін де жеке меншікке немесе қараусыз аяқ асты қалдырып, өз ұлттық жан бақшасын және рухани отанын әскерсіз, қорғаусыз қалдырып жатқанын қалай түсіндірерсің. Бұл кедергілері жеңу үшінде енді дін дәстүріне жетік,өз ұлтының жанын рухани тұрғыда жүрегімен қабылдап түсіне білетін басшылар ғана мұндай олқылықтарды әділ заңдармен де нақты амалдармен де шеше алады. Себебі мұндай тәуекелшілдікті қажет ететін дүниемен бағалағанда «пайдасыз» іске халықты қарсы айдап салуға дайын отырған өздерін «текті» атаған жыландар ордасының қазақ жерінде өз міндетін де қалыпты атқаруға жол ашылып қойылғаны да даусыз. Мұндай жағдайға себепші де ел басшысы жоғарғы тұрғыда рухани емшілік қасиеті болып, суықты ыстықпен, қараға ақты, қаттыға жұмсақты қарсы қоя білетін дарындылығы да болуы шарт. Ал қазақ елінде керісінше бәрін заңның күшімен реттеуге болады деген заңды тәңір қылып алған надандықты дәріптеуден жалығар емес.

Екінші кезең; Ел билікті бір қолға шоғырландыру болып, бұл тұрғыда ел басшымыз өзінің саясатын артығымен де атқарып, бірақ; « асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген жағдайға да тап болдық. Бұған дәлеліміз, ел билікке тек ел басшының саясатын ақылмен, оймен бағалап, дін-жанымен, ар білімі тұрғысында орындайтындар емес, керісінше тек білімдік парасатына жүгінген, қайда болса да кітабын арқасына арқалап жүретін, ал ақылын артына тастап қойған орындаушылар заңгерлер келіп, енді мұнан  түрлі надандық, жемқорлық, зұлымдықтардың өркендеуімен өздерінің жасырын арам пиғылдарын іске асыруға  да биік дәрежелерді меңгеру үшін өзара сыбайластық, партияшылдық, діншілдіктерді, «оппозицияны» да қалыптастырып, бүгінгі қазақ елі осындай рухани дертті ел билеушілердің басқаруындағы бақытсыз елге айналдық. Бар үміт ел басшының аузынан шыққан ақылды сөзде болып, ал мұндай жағдайда түрлі қарсылық күштердің өз мүмкіндігін пайдалануға да жәрдем, жол ашылып қойылғаны да сөзсіз. Мұндай жағдайда ел билікке жетуге байланысты түрлі ғалымдық дәрежелерді меңгеруге дүниенің, ақшаның арқасында «жақсы-текті», төре болудың әдеті қалыптасып, парақорлықпен және тек ел басшының саясатын ғана орындап жақсы басшы аталу салты қалыптасып, ел билікке жаттанды біліммен, енді арсыз қатын да, жас бала да мұндай рухани биік жартастың басына шығуға жол ашылып қоюға себеп болды.  Ақ орданың да киесі өте төмен дәрежеге түсіп діннің, тазалықтың, киенің маңызы мүлдем болмай, жалаңаш жалпы кіре беретін әжетхана сияқты орынға айналумен бірге, жоғарғы шенділер алдындағы  алдын-ала жазған қағазын «шын жүректен» деп дұрыс оқи да алмай, жүрексіз еріннің де сөзін айта алмайтын рухани надандыққа түсіп алғаны да даусыз. Мұндай ел басшылары әйтеуір шаруаны меңгеріп көбірек дүние тапса әулие болып аталуға лайық болғасын не сөз. Бұқара халық, текті таза жастарымыз сырттай мазақ қылғанымен бойында ар қуаты болмаған пендені сөзбен ұялту деген дәстүр қазақта ел билік тарапынан да, зиялы қауымның арасынан да енді көрінбейді, демек өліміге душар болды, ар-намыстылығымыз, ұлтымыздың жанының денесі дүниеге айырбасқа сатылып кетті десе де қате емес. Олай болса ата-баба аманаты болған көктегі мүлік жанымыз денесіз жалаңаш қалып, жаннаттан қуылып тозаққа түсуге себепші болып жатқанымыз да хақ. Сондықтан мұндай жағдайда көктен жұлдыздар жерге түсіп түрлі апаттардың, табиғи сынақтардың, ауа-райының ықлымдық өзгерісін де, соған байланысты жан құрбандықтарын беруді, дінімізді өз қолымызбен өзгертіп жатқанымыз да хақ. Ел басшымыз мұндай биліктегі мәңүрттік, намыссыздық, арсыздық жағдайды да кеш байқап, енді ел билікке дарындылық арқылы ғана келуді  қолға алғанмен, ал сол дарындыларды анықтайтын жоғары шенділер өздері дарынсыз екенін аңғарудан да қалғаны хақ. Сондықтан бұл тұрғыда аталарымыздың; «Соқыр атқа қотыр ат сүйкенер» деген мақалы іске асып кетері де даусыз. Осындай жүрек көздері жабық бірақ «халық қалаулылары» деген дәрежесі барлар осындай науқанмен халықтан заңды түзетуге шақырып, өздерінің даналықтарының діндерінің жетімсіздігі арқылы шығарған талай керексіз, зиянды заңдарын түзетпек болғанымен, оны өздері ғана дінсіз, арсыз бағалайтын болса, мұнан да жақсы нәтиже шығып оңдыра аламасы да хақ. Бұл биліктің екінші кезеңдегі елге, қауымға арқа сүйеумен елдің тұтастығын, әділ заңдарды қалыптастырудың да жағдайы мәз емес екенін есті адам баласы күндегі тіршілік өмірден де байқай алатыны да сөзсіз.

Үшінші кезең; болып елдің бейқам тұрмыс кешу мен дәулет жинауға, оның рақатын көруге және осы тұрғыда түрлі іс-шаралар, мадақтаулар, сыйлықтар беру, орден, медальдармен марапаттау және лауазымдарды үлестірумен көрінісін беру керек. Бұл тұрғыда біздер қазақтық мінезімізбен, тойшылдығымызбен тіптен асырып та жіберіп, көп жағдайда шектен шығып өтірік айтудан әлемді де алдап жатқанымызды да білмей қалдық. Мысалы ата жолындағы 5-6 пендені соттау арқылы бүкіл шежіре тарихымызды, әулиелерімізді Ясауи, Абай-Шәкәрімдей даналарымызды соттап, қудалап мұны дәріптегендерді күні бүгінге дейін айыппұл салып жатқан жоғарғы дәрежелі заңгерлерді көргенде мұнан артық қандай зұлымдық, екі жүзділік, тажалдық керек? Және жылына бір рет бар елдердің дін басшыларын шақырып алып; «Дәстүрлі дін құрылтайын» ашып, қазақ елі дінде еркіндік беріп қойған; «Зайырлы-текті» елміз деп құдайдың өзін алдаумен де айналысып кеткенімізді аңғаруға да ақылымыз білімнен аспай қалғасын атау сөздің ішкі сырын, ой-қуатын қайдан білеміз. Жоғарғы ел басшыларының қарапайым ғана тұрғыда иман мен сенім, елші мен пайғамбарлық, жан мен рух өлшемдерінің сырын білмеуі былай тұрсын дәстүр сөзінің де философиялық қадір-қасиетін білмейтінін күнде өздері халық алдында әшкере жариялаудан  жалығар да емес. Ал мұндай сөздің астарын, қуатын меңгере алмау түгіл жаратылыстың құпия сырын білмеу, адамзат бағының құрлысын, неден пайда болуын түсінбеу екені айқын. Осындай надандыққа себеп болған зиялы қауым өкілдері шайтан болып; «Сөздің бәрін араптан алдық» деп құдайдың жіберген барлық пайғамбарын жоққа шығарып, халықтың жүрегін жауып та үлгірді. Бұл кезеңнің осындай оқпандарын толтыруға, рухи өткелге көпір салуға да енді қазақ зиялы қауымын түгелдей қайта тәрбилеу де керек. Мұндай жағдайда ел басшының рухани емшілік, дарындылық қасиеті, қожалығы ғана құтқара алады. Мұны қайдан табамыз дейсіз әрине. Бұл ойыңыздың жалған екеніне және мұндай дарындылыққа жетуге қабілетті ел билікте тектілердің барын, бірақ оларға жәрдем беріп, ата-баба әулиелік кітаптарына жалғау амалдарын орындатуға және тұрақты түрде әулиелердің батасымен әрекет қылуға, ел билігінің  діннен бөлекпіз деген және ата жолын мойындамайтын заңы ғана тосқауыл болып, азғырушы шайтанға қызметке айналғаны ғана себепші болып тұрғаны да хақ.

Төртінші кезеңнің мойнына артылатын бұл халықтың баршылыққа жетіп бейқам тұрмыс құрып бойкүйездікке түсуінен алдын-ала сақтану, яғни қалайда дінінен айналып өте алмайтын жағдай болмақ. Бұл тұрғыда жетістіктер де бар, кемістікпен керісінше зұлымдыққа түсу де бар екені даусыз. Елді түрлі ойындармен ынталандырып, біреудің басын жарып, әйтеуір жеңіске жетіп немесе тілі салақтап жүгіріп бірінші келіп тіптен қандайда бір хайуандық амалмен өзін ел намысын яғни арын қорғады деген пендені хан көтермесек те онан кем көрмейтін шет елдің салтын алып, Абайымыздың ар туралы өсиетін мүлде ұмытып, естен шығарып та жібердік. Және енді сарайлар мен қызық думан, демалыс орындарын ашып қалайда бар әлемнің қыдыратын сонымен бірге соңынан ерген шайтаны да, қаралық жүктері жақсы жайлы жерде қалдыратын, тұрғылықты халықты аздырып жындануға дейін жеткізетін амалын бірінші орынға қойып, мұнан жүздеген есе сауықтыру орындары киелі орындарды қараусыз қалдырып, тіптен жеке меншік табыс көзіне де айналып кеткенін аңғарудан қалдық. Әлемдегі болып жатқан бүліктердің басым бөлігі осындай ойын-сауық және демалысы көп орындары бар елдерге тиісті екенін де аңғарған жөн.  Енді осындай жинаған абыройды сақтаудың өзі қиынға соғып, әсіресе діннің сырынан, хикметінен мақрұм болған, тек кітаптық жансыз біліммен қаруланған дін басшы ғалымдардың өз абыройларын, мұндай жалған пәтуаларын қорғау барысында елімізге сын сағатының, құдайдың лағнетінің түсіп жатқанын, оған қарсы шара қолдану деген ұғымның мүлде жойылуына әкеліп соқтырған бұл кезеңнің сыны бәрінен де қауіпті. Осындай дәрежеге жеткізген ел биліктің, зиялы қауымның бар еңбегін мүлде ескерусіз қалдыратын тарихи таңдақ екенін де білген жөн. Сондықтан осы абыройды қалайда қорғау керек деген саясаттың пайда болуына әкелетін кезең өзінен өзі сұранып келері даусыз.

Бесінші кезең; Орынсыз шығындар, мал шашу кезеңі. Шексіз рахат қызыққа ұмтылу, Өз еңбегінің пайдасын көріп қалу деген саясатты туындатып, мұның арты мұндай ел билеушілердің өздеріне сенімді серіктерін жинау, өз ортасын қалыптастырумен қарамағына өзіне жағымды адамдарды іздеп, ал оның ақыл-парасаты да маңызды емес, тек айтқанды мүлтіксіз орындайтын қабілеті болса болды. Яғни мұндай жағдайда өздерінің қалаған рухни үйлерін өздері қиратумен айналыса бастайды. Өйткені мұндай сенімді қызметшілердің тек берілген тапсырманы ғана орындауға қабілеті болғанымен, дін-жаны, арлылығы жетілмей, дарынсыздығының, мінез-жындарының түрлі жағдайына байланысты болжамдық, ойшылдық, рухани қабілеттері де төмен болғасын, керісінше ел шаруашылғына да, рухани тұрмысына да зиянды әрекеттермен, астыртын пайда табумен, жемқорлықпен, дүние  байлығын жинаумен ғана шұғылданып, жоғарғы биліктің де дәрежесін төмендетуге, отырған тағының аяғын құрт болып кемірумен ғана айналысады. Мұндай жағдайды пайдаланған қарсы күштердің де түзетумен емес, өз пайдасын көздеуімен бұқара халықтың ұжымдық ақылының мұндай ел биліктің қолдан тежеп қойғанын енді өздеріне қарсы қоюға да себеп болады. Арап және көрші Қырғыз және Украина елдері де осы кезеңдерден өте алмауынан бүліншілікке түскені де сөзсіз. Мұндай жағдайлардан көп шығынсыз шығатын да жолды құдайдың өзі көрсете алатынын да мойындауға шарсыздық көрсетуге себепші де қарсылық күштер өкілдері болмақ. Бұндай тығырықтан енді қазақ елі қалай шығу керек деген сауалдың да жауабын іздеп көрейік…(жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *