X- «Терроризм»-мәжбүрлеу және экстремистік пиғылдар мен ел биліктің дін саясаты

Бөлім: Ел билігі және экстрмизм мен тероризм себептері 39

Бүкіл әлемді билеуші жаратушы иеміз өзінің патшалық іс-әрекеттерін, рахым, мейірім, әділеттілік болмысын да жаратып, оны адамдық қасиетке, тұлғаға айналдырумен адамзатқа ел билеушілердің түрлі замандардағы уақиғаларға байланысты жарқын үлгілерін де, керісінше халықтың зұлымдығына, ниет пейілдеріне қарай сондай зұлымдықты жақтаушы, өндіруші билік өкілдерін де жер бетіне өз арамыздан тағайындап «Ел билеуші, патшалар жаратушы иеміздің жер бетіндегі көлеңкесі» деген нақылдардың да аманат болуына да  негізі де бар. Құран Алланың сөзі болып,  ол адамзат ақыл-ойының жоғарғы философиялық ой тазалығының қуатын қалыптастаруға негізделген ақылдың ақ бұлағы болып табылады. Сондықтан Раббымыздың әрбір ескерту, үкім аяттарының ішкі сырында, сандық мәнінде ғылым болса, ал сыртқы ақылдық бейнесінде философиялық ой қуаты бар. Мысалы осы жағдайға; «Мешіттерді, шіркеулерді және адамзат баласын бір-бірлері арқылы қорғаймын», «Тозақ үшін де адамдарды жараттым», «Адамдардың бірінен-бірін артық қылдым, негізінде несібелері тең» деген аяттардың философиялық ұғымы да жаратушының қандайда бір азабына, нығметіне де адамдардың арасынан ғалымдарды, билерді, елшілерді, ел басқарушыларын тағайындап олардың іс-әрекеттері ақыл-парасаттарын тұрмыс ұстаздарымыз аруақтарымыз арқылы басқаруымен, жалпы халықтың да жақсы-жаман тұрмысын, ұлттың тағдырын да басқарып отыратынын білдіреді. Сондықтан халықты рухани ниеттілігіне, дінді қадірлеуіне, ұстануына қарай, сондай ел басшынының да ниетін бұрып, азап бергісі келсе жындық қуаттарын еселеп арттырып, түк ұқпайтын дүниеден басқаны көрмейтіндей санасын жауып, түрлі әділетсіз заңдар шығартып, оны орындау барысында бір-бірімізді қорлауға, қанауға да себепші боламыз. Бұған кешегі Украина елінің талай жыл табақтас, рухани мұңдас болған өзінің қандас, кіндіктес жұртынан бас тартып, европаға қосыламыз деп өзара бөлшектеніп қан төгіс арқылы әділетті қоғам құрмақ болғанына құдай да ниетерін қабыл қылып, енді өздерінің әрекеттерін қадағалай алмайтын жынды-мастар еліне айналып, зұлымдыққа түсіп жатқаны біздің елде де қанның иісін сезген қорқаулардың да, «бізге де осындай басшылар керек» деген бас көтеруіне де себеп болып жатқаны да даусыз.

Бірақ қазақ елінің ата-бабаларымыздан мирас болған дәстүріміздің, аруақтың біліміміздің арқасында ғана қандайда бір азғырғандарға еріп кете салатын надандардың да аз болуынан біздер әлемдегі ең бейбітшілікті жақтайтын елдердің қатарынан табыламыз. Сондықтанда біздің ел басшыларымыз керемет дана,  шетінен білгіш болжампаз әулиелер болып, өздерін әлем алдына еркін кеуделерін көтеріңкі ұстауына да халықтың ниеттілігі, ұғымдылығы арқасында екенін мойындаулары ғана өте қиын. Себебі біздердің ішкі өмірімізді сырттан ғана бағалап, бүгінгі таңдағы әлемнің бар елдерінен үлгісін алған ел басқару, шаруашылықты меңгеру білімдермен ғана ойлана алатын, ал рухани тұрғыда ақылдарын арттарына тастап қойған ел билік пен зиялы қауым өкілдерінің өмір талабын бүгінгі өмірдің, тіршіліктің қамымен ақша, дүние, пайда табумен ғана ойланғандықтан рухани болмысымызды заттануға яғни пұлға айналдырып, ендігі саясатымыз; тауар-ақша-тауар болып маркстік философиялық арнадан басқа рухани өмірдің маңызын, ұлт болашағының қалай, неден пайда болатынын, енді осындай рухани болмысымызбен 50 жылдан кейін кім болатымызды мүлде пайымдаудан да қалғанбыз. Ел билеуші мен зиялы қауым өкілдерінің жалпы ұлтымыздың бақыттылығы неден пайда болатынын, қандай жағдайда рухани құлдырап, жандық тектің азуын, қандай жағдайларман оны жетілдіруге болатыны туралы, жаратылыстың адамзаттың қылығына беретін әсерлері мен себебін, адамзат тағдырының өткенін саралап ойшылдықты меңгере алмауынан ғана ұлттың қасіреті мен табиғи жаратылыс себепшімен арадағы байланыстың шиеленісіп, мұны дер уақытында себебін біліп емдей алмаса, арты жалпы халықтың тозғындықпен өзара жанжалдармен және өзге елдермен соғысып, кейін қарай бұрынғы тарихи оқиғаларды қайталаумен ғана аяқталатынын білген де жөн.  Есті адам баласына осындай жағдайларды жер әлемдегі оқиғаларды былай қойғанда еліміздегі болып жатқан түрлі апаттардың, індеттердің ел биліктің, зиялы қауымның заңдарына, пәтуаларына, іс-әрекеттеріне жауап болып жатқанын оп-оңай аңғаруға болатынын, мұны қазақ дәстүрінде жұлдызшы қасиетті адамдардың дәлелдеп растап кеткенін де білуге болатыны да хақ. Негізінде мұндай білімді заманда қарапайым пенденің өзі үнемі табиғаттың құбылыстарын еліміздегі қандай оқиғаларға, заңдарға қатысты болғанын хижрамен, сандық, мерзімдік белгімен тізіп отырса, өзінен өзі бір заңдылыққа құдай хикметіне бағынатынын аңғаруға болар еді.

Мысалға Америка еліндегі болып жатқан дауылдар мен түрлі апаттар, оқиғалар да ел басшысының Украина және өзге елдердегі мемлекеттердің саясатына зорлықпен араласуына берген жаратушы тарапынан ескерту екеніне көз жеткізуге болады. Сол сияқты кешегі Шымкенттегі болған дауылдың де себебі; ел биліктің ұшақтың құлауына құдайдың ескертуі емес, керісінше жазықсыз бір пендесін жазалауына береген жауабы болды. Мұны мен алдын-ала ескертіп жазғанмен, оған пысқырып та қараған ел билеуші мен зиялы қауым өкілін көре алған жоқпыз. Егер осындай шығын адамдардың тарапынан болатын болса онда бұл әлемдегі ең үлкен «террроризм» болып саналатын да еді. Ал енді осындай биылғы жылғы төрт ай көлеміндегі табиғат апаттарына, адам өлімдеріне ұласқан төтенше жағдайлардың шығынын  есептесеңіз қандай бүлікке ұшырап жатқанымызға ес бар пендеге; бұған не себеп деген ой келері сөзсіз. Сол сияқты солтүстік өңірде және Қарағанды облысындағы апаттардың бәрі де ел биліктің қазақ дәстүріне, дінге деген озбырлық саясатына, ел басшыларының; «Ел билік діннен бөлек» деген дінге, құдайға мойынсұнудан бас тартқан ашық қарсылық пәтуасына берген жауап болып, ал бұған; «қарапайым халықтың не жазығы бар» деуге де болмайды. Бұған да халықтың рухани тұрғыда себепші болып; арсыздығы құдайдан берілген аяндарына, уахина дініне қарсылығына, күнделікті дүние соңында жүріп айтқан сөздеріне де берілген жауап, тағдырлық сын деп бағалаған да жөн. Ауа-райының ғылым мен болжамға да көнбей мезгілге қайшы сынақтардың да пайда болуына ел билік пен зиялы қауымның кешегі ұлы отан соғысында қаза болғандарды еске алуымен ислам дінін, өлілерді мазаққа алып, мүсіндерге гүл қою шараларын кешенді түрде өткізуге жаратушының жауабы екені де хақ. Бұған халықтың да осындай дінге қарсылық білдіріп, гүлге шоқынып азғындауға да, ақыл-парасат ниеттілігі де себеп болғаны да сөзсіз. Халық арасындағы көптеген қасиетті адамдардың жазып жатқан, айтып жатқан болжамдарын былай қойғанда менің өз тарапымнан ғана тылсымнан әулиелер аруағының ескертуімен құдайдың әмірін, түзелуге берген ескертулерін екі жылдан бері үзбей жазып та оны сайттардың бетінде жариялап та келемін. Мұның 70-80 пайызы нақты іске айналып жатқанымен, иманға келіп, құдайдан қорқып, райынан қайтып ойланған, шешім шығарған ел билігі болған жоқ. Керісінше жанталасып қалайда мұндай жағдайлар не адамдардың жауапсыз әрекетінен немесе тосын жағдайларға табиғаттың өзі кінәлі, оны қалайда дүние, байлықпен, біліммен қарсы тұрып жеңуге болады деген соқыр тажалдық саясатын дәріптеуден танар емес. Жаратушы иеміз мұндай оқиғаларды тосыннан түсіріп, халықты қырғынға ұшыратушы, себепсіз жазалаушы да емес. Сондықтан мұндай қияметтік қиын жағдайлардың алдына-ала қам қылып, дайындалып көптеген сынақтарынан шүкірлік амалдармен айналып өтуге болатынын білдіруге, хабаршыларын тағайындап ондай тосыннан пайда болатын қасиетті адамдардың берген хабарларын дінде озық болған кемелдікке жеткен пайғамбар ізбасарлары арқылы тексеріп, ақ-қарасын ажыратып амал қылуға да және мұндай жағдайда дін мектебін қайта қалыптастыруға арналған ғылымын да  құран аяттарымен ашық үкімдерді де алдына-ала түсіріп қойған. Осындай жағдайда ел басшысының тылсымнан кітапқа, аян, уақиларға жалғана алуына байланысты дарындылығы, кемелдік философиялық жетістігі болуы міндеті болып және діннің де маңызы, тура жолда болуы, дін ғалымдарының, сопылардың өз атына лайықтығы да осы тұрғыда ел басшысылары тарапынан бағалануына тек білім жүзінде емес, құдайлық хабарлардың ілімнің жәрдемімен ғана нәтижелі болуы да сөзсіз. Ал мұндай ел биліктің дарынсыздығынан, философиялық ойшылдықтың өз мәнінде жетілмеуінен ғана қарама-қарсы күштердің бұндай жағдайда қасиеттілігі оянған рухани қуаттарды меңгере бастаған қауымды да, жалпы зиялы қауымды да теріс бағытқа бұрып, керісінше түрлі «экстремистік» рухани бүлікшілік білімін қалыптастыруға, зұлымдыққа себепшіге, зиянды күштердің ықпалына түсуіне оп-оңай азғарып және тажалдық білімнің орындаушысына айналдыра білуі де хақ. Бұндай жағдай  әлемнің бұрынғы замандарда күткен оқиғасының, тылсыммен өлілермен арлаасып өмір сүріп, тікелей құдайдың уахиына жалғанудың қиямет мезгілдік хикметті мұғжизасы қазақ елінде елеулі  орын алатын тарихи оқиға болып қалыптасып, ата жолы болы аталып, иманы жолдас болған Ақ ұл-Қыдырәлі Тарыбай ұлының бастауымен тылсыммен байланыс болып, аруақтардың тілдесуімен, тылсым кітаптарының оқылуы және халықтың жаппай інжілдік, тәураттық, зәбурлік құндылықтар арқылы исламның намаздарымен бірігуімен, қазақ елінде үлкен жаңалық болғаны, мұны алғашқы кезде зиялы қауымнан да, ел биліктен де құптауымен халықтың рухани тұрғыда ояну болғаны да даусыз. Бірақ бұған ел басшысы мен ел биліктің рухани тұрғыда жетілмегендігін, ұлттың рухани құндылығын екінші орынға қойып алдыңғы орынға дүние байлық пен пайда табуды ғана көздеген саясатының кемшлік тұстарын, бұқара халықтың арасында пайда болған ақпараттық жетімсіздіктерді аңғарып өз пайдасына жарыта білген, сырттан келген тажалдық білім өкілдері бұл араға сына қағып халықтың ерікті түрде берген садақасын қызғанудан, көреалмастықтан, дүниеқоңыздықтың ықпалынан шыға алмай, ақырында ата жолын халықты тонаушы деген пәтуамен соттап, осы кезге дейін бұл зұлымдықтың кешенді түрде заң өкілетті орындарының, қызметкерлернің тарапынан атқарылып жатқаны да даусыз. Ал  бұған жаратушы иеміз жауабы мен біртұтас адамдар-аруақтардың лағнетінен ел байлығына келтірген шығындардың есебін білуден де қалдық. Және мұндай құдайға жала жапқан соттың шешімінен қазақ еліне сын сағаты соғылып,  қазақ халқына  «қызыл қырғын» аталған тарихи оқиғаның қалыптасуына ғана себеп болды. Мұны мен өз тарапымнан аруақтардың қанша ескертулерін және бас прокурор мырзаның да қателіктерін жазғанмен, керісінше мұндай құдайдан келген аруақтық білімге қарсы болып; «сайт бетінде ел билікті мазақтағандарды 3 жылға соттау керек» деген шешімді де парламенттегі «халық қалаулылары» қуана-қуана қол қойып және бұл енді философилық тұрғысында құдайға қоқан-лоқы мен уахиларына, ескертулеріне қарсылық көрсеткен заңға айналып та үлгірді. Бірақ ел биліктің бүгінші таңда кешегі ондаған жылдар бойы «Масһаб тура жол, ата-бабаларымыз тек осындай дін ұстанған» деген пәтуаларын сөз жүзінде өз райларын қайтып алып, дәстүрімізді дәріптеуге шақырған, басылым беттерінде яғни бұл ата жолын қолдаған шешімнің ашық дәріптеліп жатқаны да игі жағдай болып, мұның көптеген рухани сынақтардың, кедергілердің, орынсыз шығандардың болмауына да себеп болғаны хақ.

Сонымен бірге бұндай жағдайда ел биліктің шешімі және дін ұстанымыз бен зиялы қауымдарының ақыл-парасаттылығын, тіл мен ойдың арасын жалғаушы философиялық мектебіміздің керісінше азғындап, «экстремизмге» қызмет етуінен мемлекет ішінде заңмен сөз жүзіндегі пәтуалармен іс-әрекет амалдармен арада кереғар пәтуа мен амалдардың пайда болып, ұлтымыздың жалпы халқымыздың өзара қарама-қайшылық рухани қақтығысын ғана туындатуға, мемлекет бірлігін ыдыратуға деген тажалдық «экстремистік» әрекеттердің бұқаралық ұжымдық ақыл-парасаттың бөлшектенуіне жайдай туғызуына, оны жүйелі түрде ашық атқарылуына ғана жағдай жасап жатқаны  ел биліктегілердің; ақшаның, пайданың, өздерінің кереметтігінің буынан, мастығынан айыға алмай аңғарудан қалғаны да сөзсіз. Бұған нақты аз ғана мысалдармен тоқтала кетсек; Осы жазбаның 2-ші бөлімінде 2013 жылы баяндалған және сайттар бетінде жарияда болған; Сарқанд аудандық сотының судьясы Б. Ш. Дүйсебеков, прокурордың көмекшісі А. Қожатаев, Алматы облысы Дін істерінің маманы Қ. Р. Омаровтардың қатысуымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 374-1 бабының 2-бөлімінен сәйкес  «…Д.М. Шарипов сотта үн парақтарын таратқанын мойындап, сол үн парақтарын тапсыруға тапсырма берген Т. К . Байтасов екенін, өзінің осы ұйымда 6 жыл бойы дәріс алып, осы ұйымның қызметін атқарып жүргенін айтты.

   Алматы облысы Дін істері департаментінің жетекші маманы Қ. Р. Омаров «Ата жол» Ұйымының заңсыз екенін, 2009 жылғы Экономикалық соттың шешімімен «Ата жол» ұйымының іс-әрекеттері заңсыз деп танылып тыйым салынғанын айтты…..»

Сонымен менің шәкіртім ата дәстүрін мойындағаны үшін және менің де Абай-Шәкәрімдей, Ясауи бабамыздай даналардың сөздерін, Құдай уахиын ескерткенім, халыққа жария қылғаным да үшін қылмыскердің, бүлікшілдің, «террористің» өзі болып, ел биліктің экономикалық саясатына да қайшы болғандықтан мен үшін де Шарипов Данахан Мырзаханұлына ҚР заңына сәйкес 374-1 бабының 2-ші бөлімімен 50 айлық есептік көрсеткіш есебінде 86550 теңге айып пұл салынған еді. Бұл айыппұл әлі төленген жоқ және бұл істі енді Сарқанд ауданының бас прокуроры өзі қадағалауға алып, Шарипов Данаханды артынан іздеу салдырып барып жолыққанда; Егер мұны төлемейтін болсаң онда қамауға шешім шығартамын және мен  ата жолын, мұндай дәстүрлі дінді мойндаудан бас тартамын, себебі бұл үкімет заңымен сотталған деген қоқан-лоқы көрсеткен сөзінен не ұғасыз оқушым? Шынында логикалық ақыл-парасатпен поркурор мырзаның сөзі дұрыс. Заң бар, оны орындау керек. Ал философиялық тұрғыдан қарағанда егер бұл жазбаларды және сайтты дін ісі агенттігі сараптан өткізіп қазақтың рухани өміріне жат деген пәтуамен тиым салып, соттың шешімімен шектеу қоймаса, онда прокурор мырза заңға қайшы әрекет жасап отыр. Себебі бұл заңмен ол енді дін ісі агенттігіне де мұндай қателіктеріне қарсылық білдіріп заң тұрғысынан  ескерту жасау да керек. Және мұны орындаушы байқамай адасқан пендені  емес керісінше әділетті заң қызметшісі ретінде бұл жазбаны сайтқа орналастырған және таратуға мәжбүрлеген мені де айыптап жазалау керек еді. Екінші адамгершілік, ақыл-парасат тұрғысынан мұндай жазбалардың халықты сауықтыруға, елді ауырмайтын жол іздеуге шақырған істерге негізгі ата заңмен еш тиым да салмаған. Демек ата заңды бұзбаған қандай бір амалдарға өзі тек ата жолы сотталсын деген сөз атауына таңып, бір үкімге сүйеніп әрекет еткен қандай да бір билік өкілі надан, ақыл-парасатымен шешімге келе алмайтын, жансыз шерік және мұндай орынға қойып отырған жалпы заң жүйесі елдің ішкі тыныштығын бұзуға арналған «экстремизм» өкілдері болып табылады. Себебі бұл құдайдың заңын, қазақ ұлтының ар білімін, дәстүр салтын, білімін білмей ашық жала жауып, ұлттың рухани құндылығына ашық қарсылық білдіру болып саналады. Ал енді құдайдың жазылмайтын заңына міндетті жауап болатынын дін тұрғысында философиялық түсінігімен бағаласақ; мұнан елге құдайдың лағнетімен осы мырзаның жан ұясы мен өзінің басына да үлкен қауіп төніп, ұрпағының азапталып тұқымының қиылуына жағдай жасап отырған ел басшыларын өзара іріп-шіруге, бірін-бірі құртуға ғана бағытталған саясатты ұстанып отырғаны да сөзсіз. Енді бұл оқиғаның болашағы немен аяқталатынын құдайдың өзінен сұрап халықтың арасына таратып жіберуге де болады. Мұнан Сарқанд ауданына да шығын келтіретін апаттардың да туындауын былай қойғанда, Шымкенттегі жағдайдың ұшақ апатынан қаза болғандардың тағы да осындай басшылардың апаттарға ұшырап қазақ елінің туы жерге түсетіні де хақ. Былтырғы жыл бұл оқиғаның болуын Раббымыз ескерткен, демек уақыттың қожасы құдайдың өзі мұны орындауға да кешіктіріуге де құдіретті. Осы тұрғыда Қызыл ағаш оқиғасына да жеткілікті баға бермей,  шүкірлік пен тәубеге келмегенде, мұның қайталануын ескерткенде ешқандай сенген пенде болмап еді, биыл ол орындалды да. Ал енді мұндай сынақтардан ешкім ұтып жағдайы жақсарып кетпейді. Керісінше негізінде бір атаның ұрпақтары осындай өзін-өзі қырған тарихта «рухани қызыл қырғын мезгілі» деген ғана таңдақ қалуы да сөзсіз.

Сонымен енді қазіргі ел биліктің шығарған заңы мен ата заңның талабы да және ішкі амалдарының шешімдерінің өзара қым-қуыт қайшылықпен біздерде өзге шет елдердегі, көрші мемлекеттердегі ойдың сан алуан сапасының қалыптасып мұны сыртқы күштердің өз мақсатына пайдалануына жол бермей тұрғаны, қарсылық күштердің қандай амалға, айлаға барса да  қазақтың дәстүрінің аруақтық білімін, өлілерді құрметтеу дінін халықтың жадыннан өшіре алмауынан, керісінше оның жеміс беріп жатқанынан және әулие-әмбилерімізге мирас болған құдайдың сыйлаған есепсіз жер байлыған ғана, ел билігіміз мұны өздерінің ақыл-парасаттылығынан ғана деп бағалауға, тәккаппарлықпен қарсылық білдіру де, дүниемен, біліммен  құтқарылуға болады деген пайымдаудың қалыптасуы да кезіндегі Перғауын билігінің Мұса пайғамбар арқылы түсірген ескертулеріне мойынсұнбау әрекеттері енді қазақ елінде қайталанып жатқаны да хақ. Осындай логикалық қысқа жіпке байланып алып елімізде пайда болған құдайға қарсылық шараларды зиялы қауым, ғалымдардың ұйымдастыруымен де кешенді түрде атқарылып халыққа зорлап мойындату да «экстремизмнің» ықпалымен болып жатқаны да сөзсіз. Кешегі өткен парламенттің бастауымен түркілік таңбаларды дәріптеу күнін, құрылтайын шақырып, енді түркі халқының тұтастығын қалыптастыруға міндетті түрде қазақ елі латын таңбасына көшу керек деген шешім шығарғаны да белгілі болды. Бұл енді логикалық ақыл-парасат тұрғысында шынында осылай таңбаны өзгертіп, түркі елдермен ортақ жазу үлгісін ұстанғанда қазақ халқы керемет жетістікке жететін сияқты. Ал құдайдың мұны зұлымдық, рухани тежеуші деген ашық ескертуін былай қойғанда, себебі құдай туралы ұғым логикалық білімге ақылдарын байлап қойған зиялы қауым арасында қабылданбайды. Ал шынына жүгінсек, философиялық тұрғыда мұнан халықтың арасына жік түсіп, енді бұған орыс ұлты түгіл өзіміздегі орыстанаған қазақ ұлты және орыс тілі арқылы қатынаста тұрған өзге ұлттар да, сонымен бірге ата жолын, дәстүрін меңгерген күн санап артып жатқан иман тұрғысынан түсіне білген аруақтың ескеруін құдайлық үкім деп қабылдайтын бүкіл қазақ елінің тұрғындары мұнан бас тартуы да қарсылық шараларына шығуы да хақ. Және негізгі білімнің бұлағы болған орыс мемлекетімен арадағы көпір жоғалып, ғылым көзін меңгеру де қиындай түсіп, енді біздерге үш таңбаны да міндетті түрде меңгеру керек болады. Орыс тілін ұлттық тілімізбен тең дәрежелі деп заңмен мойындағандықтан бәрібір барлық жерде енді кер жазуымен де жаңадан алған таңбамен де және ағылшын тілінде де жарнамалар жазып қосымша миллиардтаған шығынды да халықтың қалтасынан төлеу керек болады.  Ал философиялық тұрғысында ойдың қуатымен байланысты болған бұл үндестік заңының қазақ ғалымдары үн туралы, таңбаның рухани маңызы мен оның тылсымдық байланысы, аруақтық білімінен мүлде түк білімі жоқ, оған дәлел философиялық пайымдау мүлде жоқ. Қарапайым тұрғыда теориялық емес нақты тәжірибелік философиялық тұрғысында баяндалған Абай-Шәкәрім ғұламаларын меңгере алмаған ғалымдар оның мыңдаған жыл аржағынан бастау алған таңба мен үндестік заңын логикалық біліммен ішкі сырын пайымдаудан артық надандық та зұлымдық та ойлап табу қиын.  Сонда да болса, тек қысқа ақыл тарқатылған жіпке, логикаға сүйене отыра осындай ашық ұлттардың арасына арандатушылық, бөлшектенуге соқтыратын амалдарды бұқара халыққа, ақылы толмаған жынды жастарға тықпалап  ашық дәріптеуден не ұтамыз?  Онсызда талай жылдарды қажет ететін тегіңді қазақшалау керек деген рухани тұрғыда зиян тиіп жатқан әзірге ертегі болған бір ғана «ов, ев…» жалғаулардың өзі болашақта хақиқаты ашылып талай пенделердің обалына қалғанынан да құтылу қиын болмақ. Сол сияқты денсаулықты сақтауды философиялық нақты себебін жариялағанмен оны мойындамақ түгіл ашық қарсылықпен заң, пәтуалардың да болашақ бұқара халықтың ашу-ызасына, ел билеушілердің атына айтылатын лағнетіне де тоқтам салу қиынға айналмақ. Демек мұндай құдайдың еркін өздері білмей, хабарларын тыңдағысы келмей елдің тегін аздырып, жанын жоғалтуға ашық арандатқанын түбі ұғынатын бұқара халықтың ашық қарсылығымен рухани тұрғыда көтеріліске шығуына ғана дем беретін астыртын күштерге өз мақсатын, сайқалдық саясатын жүргізуге ғана жәрдем беріп жатқанын білер ме екен зиялы қауым өкілдері? Әрине мұны аңғару үшін логикалық ақыл-парасатты, кітап жүзіндегі әлемдік білімді түгел тауысқанмен де таза ақылға жалғанып, болашақты болжауға жетімсіз екені де хақ. Мұндай өтпелі кезеңде елдің руханиятын жүздеген жылдар бойы тылсым кітабын, үнін, таңбасын өзгертіп, теріс құйынды өрістердің, қара күштердің ықпалын туындатқаннан онсыз да өз қуатын меңгере алмай жатқан қазақ тілі мен ойының бірлігі мүлде жоғалатынына философиялық тұрғыда ғана баға берген есті адамға бұл қарапайым тұрғыда «ұлттық шовинизм» ұлттарды өзара жауластыру ғана болмақ. Себебі біз өзге түркі елдеріндей орыс мемлекетінен шекарамыз алшақ емес те және қоян-қолтық өмір сүрген ақпараттық ортақ бұлақтан сусындаудан, бауырластықтан рухымыз әлде қашан араласып, енді қай ұлттың үні басым, философиялық сөз қуатын терең меңгене алады, онда сол ұлтта рухани тұрғыда ортақ күштердің де түрленуі яғни сол үнде басымдылық танытқан ұлтқа айналу әрекеті әлдеқашан жүріп жатқанын надандар ғана ұғына алмайды. Керісінше Кер жазуының сақтардан қалған, Осман түркі тайпаларының мұрасы болғанын және біздер ғана оның мирасқоры екенімізді тоғыз таңбамыздың осы жайды анықтап тұрғанын болашақта Отырар кітапханасының жазбалары арқылы да дәлелденетініне шүбәңіз де болмай, сондықтан өзге түркілік 48 сипатты ұлттарға аға ұлт болып, қазақ философиясының қуаттылығын пайдаланып таңбамызға ортақ ұлттарды өзімізге сіңіруді қалыптастыратын ар-намысты, ойшылдықты қалыптастырудың орнына, керісінше жалтақтық, намыссыздық, жігерсіздік танытып; бұғып қалу, тығылып қалу, үйден шықпай аман қалу саясатын жүргізіп жатқан өз ұлтымыздың ішінен шыққан шайтандар жамағаттарына тоқтам салатын,  заң жүзінде рухани жауаптылықты, ерік-жігерді қажет ететін әрекет керек сияқты. Әрине мұндай істерді тылсымнан ерекше қасиетті тұлғаларына ғана тапсыратын жобаның арнайы уахимен ғана атқарылатын істерді кез-келген ғалымның ойына келгенін орындауға  құдайдың қаламайтынын да алдын-ала ескерттік. Бірақ сонда да болса өздері білмей, білуге де тырыспай өз бағытынан қасарысып қайтпағандардың, көп ұзамай бұндай шайтан ғалымдардың да лағнетке ұшырап  жауабын да алуынан қандай қуаныш пайда болмақ?

Мұның ар жағында қандай саясат тұрғанын болжап көрсеңіз; Ел биліктің бес түрлі міндетті кезеңдерінің аяқталып  (келесі жазбада тоқталамыз) енді мұндай қияметтік өтпелі кезеңде қаласақ та, қалмасақ та құдайдың еркін орындап, ақпараттық жағдайдың әлем бойынша басқа жиілігіне өтуге бұйырған қазақ халқына бұл ауыр сын болып, өтпелі кезеңнен өтуге дүниенің байлығын ғана білетін билеуші емес, рхани тұрғыда жетілген, жаратылыс сырын меңгере алған, қазақ дәстүрінен де кемелдікке жеткен дарынды ел билеушілерін қажет ететіні де хақ. Осындай міндетті жағдайда бәрібір осы кездегі керемет әулие аталған діннен, ұлт руханиятынан, қазақ дәстүрінен білімі де амалы болмаған барлық зиялы қауым мен ел билеушілердің орындарын босатуға, халықтың өзі құдайдың еркін орындап мәжбүрлейтін кезеңге келіп бас тіредік. Сондықтан да шұғыл жағдайда осы биліктің өзі өздерінің негізгі рухани тұрғыдағы зұлымдықтарын, заң жүйесіндегі ойсыздық  қателерін түземей арты қазақ елінің билік ауысуының үлкен сынақтарымен тағы да бірін-бірі қудалап, айыптап, ізгі амалдарын да жоққа шығарумен, партияларға жіктеліп, ел бірлігі бұзылып, мұнан ел экономикасы да зардап шегетін жағдайға таяп қалғанымыз да сөзсіз. Енді қандай қателіктер мен қандай жетістігімізді сақтауымызды да меңгеретін философиялық білім де мұндай жағдайда міндетті түрде керек. Бірақ мұны діннен де жалпы саясаттағы халқымыздың ішкі өмірінен хабардар болып қана қоймай, құдайлық жаңадан келіп жатқан аруақтық батаға, уахи аяндарға да сүйене отыра, халыққа мұндай ауыр кезеңнің қалай өтіп қалай аяқталатынын түсіндіру міндетті түрде керек және осындай ашық сұқбаттың, шындықтың шынын ашуымен ғана бүгінгі жетістік абыройымызды сақтап қана қоймай, әлемге үлгі де болатын, рухани тұрғыда  бақытты өмірге жол көрсетуші бірінші мемлекет бола аламыз . Ал мұндай жағдайда да бізге қандай философиялық ұғымдар керек?… (жалғасы бар)

Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *