«Экстремист»- масһабшы имамдар

Бөлім: Ел билігі және экстрмизм мен тероризм себептері 102

Елді рухани тұрғыда күйзеліске апарып соқтыруға немесе түрлі жағдайда шаруашылық, білім саласында ақыл-ой қуатының бөлшектеніп халықтың рухани тұрғыда ұйқысынан оянбай мәңгүрттенуіне апарып соқтыратын жалған ақпараттарды таратып мұны өмір сүру қағидасына, әрекетіне, теріс ақылға айналдыруды «экстремизм» деп атайды. Қазақ билігі мұндай әрекетпен күресуге халықтың қазынасынан мол қаражат бөліп, ал діни тұрғыда масһаб білім мен дін ісі агенттігі айналысып жатқанын және ақпараттық тұрғыда кімге шектеу керек, қандай білімді халыққа тарату керек дегенді де шешуге құқылы бүгінгі таңдағы қазақ руханиятының айқын бейнесі деп атауға да болады. Бұл біздің танымдық ақылдық жүйеміз. Яғни, Төртеуді түгелдеу дәстүріміздің сипаты. Бұл тұрғыда масһаб білімінің біздің дәстүрімізді қамтымақ түгіл көптеген жағдайда теріс және аздыруға да себеп болып құранды да терістейтін тажалдық білімнің де халыққа еркін насихатталып жатқанын 10 жыл бойы кітаптар түрінде жазып, ғаламтор (көктүйме) бетінде ғана халыққа таратылып жатқаны да мәлім. Енді осы менің жазып жатқан пікірлерім мен Абай-Шәкәрім философиялық дін тану руханияты құндылығына қайшы жағдайдың көрінісін қазақтық ақпараттық қоғамында зиялы қауым мен ел билеушілердің қазақ дәстүріне қарсылық ашық әрекетінен мысал беріп дәлел келтіре кетсек. Сонымен шілде айының 18-де Алматы телеарнасынан «тура жол» деген бағдарлама болып оған Психология, философия, муфтият дін өкілеттігінен адамдар қатысып «Аля аят» деген топтың іс-әрекетіне талқылау болды. Өткен аптада орыс тілдегі хабарынан да мәлімет беріп қазақтың дәстүріне Ар біліміне ашық нұқсан келтіріп халқымыздың дін ұстанымын  ашық қорлаған жүргізушінің пәтуасына да ашық пікір білдіріп сайттарға таратқан едім. Бұл жолы енді тек қана дін ислам өкілі Қазбек Ақниетов мырзаның ғана пәтуасын, сұқбатын талқылап көрсек. Сонымен сұқбат барысында алдымен қазақ елінің дәстүрі болған аруақтық білімнің дұрыс еместігін және өліктердің тірілермен байланысқа түспейтінін айтып, жалпы Аллаға ортақ қосып, құран және бүкіл діндер мен Ғиса пайғамбарымызды және бұл інжілдік құндылықтардың тазасын меңгерген елшілік істермен әулие-әмби болып талай жүздеген санымен белгілі қазақтың жеріндегі Алла достарын, ашық көрсетіп жатқан хикметті белгілерін де, ата жолымыздың бүгінгі біздің халыққа ашық дәлелдеп жатқан ғылымдық маңызы бар мыңдаған амалдарды да бұл мырза серік қосушылар, шеріктерге айналдырып жіберді.Сөзіміз дәлелді болу үшін құраннан аятта; «Егер оларға (екі жүзділерге, надандарға) періштелерді түсірсек те және оларға өліктер (аруағы) сөйлессе де, сондай-ақ олардың алдына әр нәрсені жинасақ та олар нанушы емес. Әрине Алла қаласа (дінде өзгерістер, жаңалықтар болады) басқа. Бірақ олардың көбі білмейді.» (6-111) Міне осындай қаншама аяттарды Қазбек мырза халықтың алдында жалғанға шығарып қандай күнәні жүктеп алғаны және мұнымен дін істері агенттігімен, масһаб білімінің «экстремистер» тобына жатанынына дәлел берді. Және Мұхаммед пайғамбарымыздың тірі екеніне күмән келтіріп, енді адамзатқа уахидың оқылмайтынына да дәлел беріп, онан кейінгі мыңдаған жыл бойы әулиелердің елшіліктеріне, Раббымыздың сендерге; «Жол-жоба беріп, араларыңнан елшілер түсіремін» деген аяттарын да жалғанға санап және қазіргі таңдағы біздердің аруақтар тарапынан алып жатқан аяндарымызға, емшілік істерімізге де жала жабылды. «Жәбірейіл періште Мұхаммед пайғамбарымызбен кездесіп, енді мұнан кейін ешкіммен кездеспейді, яғни уахи адамзатқа оқылмайды» деген пәтуа беріп, ал егер Мұхаммед пайғамбарымыздың мәңгі тірі болуына иман тұрғысында сенетін болсақ, Онда; сөйлеуші, естуші, ойлаушы, қимыл-әрекет егесі болып, ақиреттен жәбірейілмен  біздердің арамызда жалғаушы қызметін онан әрі қарай атқарушы, шапағатшы болып, уахи беруші боласың, деген Алланың құрандағы ашық үкімдеріне, аяттарына да  ортақ қосылды. Сонымен бірге менің жеке басыма келсек; менің жазбаларымда баяндалғандай; Мұхаммед пайғамбарымызбен 3 түрлі жағдайда кездесіп аманатын алғанымды, сонымен бірге барлық пайғамбарлармен де кездесе алғанымды менің құран аяттарымен де, хикметті іс жүзінде дәлелдей алатыным және кітаптардағы құпия деректердің осындай жағдайда беріліп жатқанын, ғылыми құндылықтарын да жалғанға шығарғаны да даусыз. Оы тұрғыда бұл мырзаны жеке атымнан ар сотына тартуға болар еді, бірақ мұндай төрелік ата заңымыз қазақ билігінде жоқ.  Сонымен бірге Қазбек имамның пәтуасында; «Емшілер жындармен келісіп алады да сосын солар оған жәрдем беріп халықты алдайды» деп Жын сүресінің насихатын мүлде білмейтіні және өзінің де осы жындар тобына жататынынан да бейхабар болып шықты. Егер өзінде жындылық болмаса, мұндай пәтуасыз сөз айтып отырмас еді де, періште немесе Мұхаммед пайғамбарымыздан, құдайдан ерекше қасиетпен сыйланған періштелік, кісілік дәрежеде болар еді. Мұны да оп-оңай тексеріп тәндік сырқат белгісін анықтау арқылы халыққа жариялауға болады. Егер тәнінде дем салатын сырқаттық, қаралық белгілер болса онда жындылығы бар, яғни ашуы да (Н+О) бар деген ұғым болады. Есті адам баласы адамзаттың бойында 3 түрлі қасиет барын; Көбею-жынымен, Тіршілік ету-шайтан, жанымен, Шындықты мойындау-Адамдық болмысымен байланысты болатынын, мұнан басқа сипатта жаратылатын жер әлемінде адам баласы жоқтығын да білген жөн. Тек масһабшы діншілер ғана өздерін періштелермен, жынсыз таза кісілікпен жаратылған пайғамбарлармен теңдес жасайды. Енді бір сөзінде; «Қандай бір істің шариғат ұлықсат бермесе ол дінге теріс және Мұхаммед пайғамбарымыздың хадисіне ғана сүйену керек, пайғамбарымыз адам емдеудің 3 қана түрін мақұлдаған» деген пәтуа берді. Олай болса Шариғат, масһаб деген құдай болып қалаушы болмақ. Егер шариғатта бекіген болмаса, онда мүлде болмайды, яғни бұл жерде құранда замандарға қарай ашылатын құпия сырлы аяттары мен шексіз жол-ғылымы, хикметі де шариғат алдында әлсіз, барлық діндерде Мұхаммед пайғамбарымыздың хадисінен аспау керек болды. Сонымен Қазбек мырза және масһабшы діншілер үшін Құдай өлді, ғылымда, жолда шексіздік болмайды. Және  Ясауи ілімінен тараған барлық әулие-әмбилер де және мұны ашық қара сөзбен баяндаған Абай атамыз да өтірікші екен. Алланың сегіз сипаты, 99 көркем есімі дегені сөз жүзінде болмаса, ақыл жүзінде масһаб білімінің мойындамайтынын да аятта; «Сендерге 8 түр жараттым» деген ғылымын меңгеруге сәйкесті  біздердің тарихат, мағрипат дін дәстүріміз де босқа екен. Және құранда; «Сендерге көп нәрсені елемей өтіп кететін пайғамбар жіберілді» деген аятына сәйкес діннің құпия сырларының, ғылымның ол заманда айқын әшкере болмай, мұны пайғамбарымыз да өз өсиетімен қамтымайтыны; болашақта бұл істердің елшілер арқылы сопылықпен жалғасын табатынын да астарлы түрде ескерткенін де, Осындай хикметпен Арыстан бабамыздың Ясауи бабамызға құрма әкеліп пайғамбар ісіне, мақам-зікіріне жалғағанын да масһаб дін имамдары мойындамай қарсы екендерін ашық білдірді. Сонымен бірге бұл имамымыз Құдайдың өзіне де ашық жала жапты. Қалай дейсіз әрине? Тыңдаңыз онда; «Адамның тағдырын жаратушы жақсылықты да, жамандықты да бергеніне иман келтіргендер сенеді» деген пәтуа айтты. Бұл сөзді күнде діншілерден естіп жүргесін шынында солай емес пе дейсіз. Жоқ, Абай атамыз; «Жамандықты да жақсылықты да жаратқан Алла, бірақ жаман қылған құдай емес» деген насихатын қалай түсінеміз және неге сүйенген әулие бабамыз? Мұны діншінің қазақ дәстүрінен, ардан аттағаны деп қана қоя салуға болар еді, бірақ аятта; «Сендердің бастарыңа жамандық келсе оны ешкімнен көрмеңдер, өздеріңнің қол екі істегендеріңнен деп біліңдер» деген үкімін қайда қоямыз? Сендердің бастарыңа жамандықты Алла  берген, сондықтан шыдап намаздарыңды оқып біздің айтқандарымызбен жүрсеңдер жаннаттың төрінен шығасыңдар деп жастарды, ессіздерді алдауы екенін неге білдірмеске?  Жамандықты тағдырға жазбайды, күнәдан жараламыз да бұдан сауаппен, емделумен, артық хайыр жасаумен, зекетпен, оразамен тазару намаздарынан бас тартып, шайтанның азғыруына түсіп жамандықты біз өзіміз қалап аламыз деген ақылға лайық болар еді. Сонымен бірге құдайдың еркін, құранда берілген жүздеген аяттарды, оларды оқушы шапағатшыларды  да мүлде терістеп; «Егер халық білмесе мына біздерден дәстүрлі мешіттерден сұрау керек» деген байлам қылды. Сонымен құранға қазақатың  аруақтық біліміне, дәстүріне, әулие-әмбилерінің істеріне, тарихына қарсы шығып мешіттер қалай дәстүрлі аталады? Жарайды өз ағайынымыз әйтеуір бір дастарханнан ас жегесін халықты дінге, тазалыққа шақырғасын дәстүріміз де осы екен деп ойлайтын шығар бұл екіжүзділер. Ал шынында өздерін Алла тағаламен, ғылымымен, жолымен, шексіздікпен теңдес жасады. Аятта; «Алла тағала бір адам баласымен көкейге салу түрінде немесе перде артынан ғана сөйлеседі. Не бір елші жіберіп, өз бұйрығымен қалағанын уахи етеді. Күдіксіз Ол, өте жоғары, хикмет иесі.» (42-51) Және «Түйеге қарасаңдаршы қалай жаратылған?» деп те астарлаған Раббымыз. Қазақта; «Көрмес түйені де көрмес» дін істері бар муфтият ғалымдары барлығы жабылып  құрылтай ашып, осындай 2-3 аятты ғана талқылап, тексеріп пәтуаға келсе де мұндай халықты зұлымдыққа салмас еді. Қолдарынан неге келмейді дейсіз?  Әрине мұның құпиясы бір ақылға келу және Абай атамыз айтқандай «единицаға» айналумен  Раббымыздың тек жыннан тазарып кісілігі жетілген;«бір адам баласымен» ғана сөйлесемін дегенін де ұмытпау керек. Сонымен бір ғана сұқбаттан осындай құранды мазаққа алып халықтың санасын жауып жатқан жағдайдың, яғни миллиондаған кітап жүзінде, сайттарда мыңдаған дін істері мен муфтият діншілерінің мешіттерден, дін мектептеріндегі насихат үгітімен көбейтсеңіз; қазақ елінің рухани жағдайын көз алдыңызға келтірумен қазіргі таңдағы апаттардың, қайғылы оқиғалардың, індет аурулардың болашақта күтіп тұған қияметтік жағдайдың да себебін ел биліктің «діни экстремистік» саясатынан деп ұғына алуыңыз да хақ. Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *