XII- «Терроризм»-мәжбүрлеу және экстремистік пиғылдар мен ел биліктің дін саясаты

Бөлім: Ел билігі және экстрмизм мен тероризм себептері 63

Әрбір өзін ұлтжандымын, арлы, ұждандымын деп есептейтін адам баласы өз ұрпақтарымыздың, балаларымыздың алдында жауапкершіліктеміз деп түсінеміз және ұрпағымыздың қоғамда өз орнын табуын және олардың өмір сүрген  қоғам өмірінің де дұрыс болуын, еліміздің өзге елдер алдында мәртебесі биік рухани жетілген болуын қалаймыз. Сондықтан мұндай жағдайда замандық шаруашылық, экономикалық даму жарысында кеше ғана бір жүйенің, кеңестік заманның бір орталыққа ғана бағындырылған, өзге елдермен қатыныстар құруға шектелген тәртібінен босаған біздер үшін әлемнің барлық оқиғалары да, даму заңдылықтары да қызық және ерекше тартымды, үлгі алуға тұрарлықтай көрінетіні де сөзсіз. Сондықтан қазақ елінің іргелі мемлекет болып қалыптасуында биліктің алдындағы жазбада көрсетілген бес кезеңінен өтуімен және біздер әлемнің бар даму үлгісін де қабылдап көптеген елдердің жүздеген жылдар бойы қалыптастырған қаракеттік әдеттерін  өте қысқа уақыта меңгеріп қалыптастыруға және осындай әлемдік барлық нәтижелі  шаруашылық, өндірістік даму үлгілерінің жинағынан пайда болған қазақ елі өзге елдер үшін тосын және зерттеуге тұрарлық болып табылғаны да сөзсіз. Себебі әрбір елдер біздің әрекеттерімізден өздерінің қандайда болсын бір белгілерін, рухани ұқсастықтарын анықтай алады. Бірақ біздер осындай шаруашылық даму үлгілерімен бірге ақпараттық түрде осындай мемлекеттердің рухани тұрғыда ойларын алумен, онымен бірге  қателіктерін де орасан зор көлемде жинап алып және мұндай елдердің болашақта құлдырауға, қайғы-қасіреттерге апарып соқтыратын тағдырлық сынақтарын да өзімізге сіңіруге тура келгені де сөзсіз. Мысалға арап үлгісіндегі дін салтын алып қана қоймай, олардың тарихи оқиғаларын, амалдарын да ақылға айналдырудан және олардың қысқа ақыл яғни сезімдік ақылды ғана таза ұстап жетілдіруге негізделген орта топтық мешіттік қана ұстанымды  дін-жолы, ақылға  шексіздік  деп атап, ал қазақ дәстүрінің ауқымды түрде өміріміздің барлық саласын қамти алатын ақылдық барлық қуаттарды «Төртеу түгел болса төбеден келеді, алтау араз болса ауыздағы кетеді» деген ақылды жетілдіруге негізделген дін-дәстүрін ескілік, құдайға қарсылық деп заңмен тиым салғанның әсері орасан зор рухани құлдырауға және ақпараттық байлығымыздың қарсы күштердің әсерінің ықпалына түсуге ғана жәрдем болды. Және мұнымен бірге ақылдың маңызы жойылып, оның орнына тек білімі мен тәрбиесін, салтын қоса алудан қазақ халқының жындылық қылықтарының санын көбейтумен, түрлі топтарға ақыл беретін ұжымдарға бірігіп өзара бір-бірімізді бір тілде түсінісуден мүлде ажырадық. Сонымен біздер сырттан келетін де, іштен пайда болатын да түрлі «экстремистік» ойлардың, пиғылдардың өсіп-өнуіне қолдан жағдай туғызған мемлекеттің алдыңғы тобына да шығып алдық.  Ал енді біздің екі тұрғыдағы да ақылдық сипаттарымыздың өзара байланысып бірігуін қалыптастыратын ойшылдық, шығармашылық құндылығымыз да шет елдердің ескі білімінің ықпалында болып, ұлттық тәрбиенің маңызы болмай, ұлттық сипатты ақылымыздың азған білімнің жетегінде кеткені де жалған емес. Осындай жағдайда ақылымыз қандайда бір дамушы білімнің ықпалына түсіп, мұны тірілтіп білімді тазартуға деген тәрбиесін меңгеруге ойшылдығымыз жетілмей қалғаны да хақ. Жалпы ой қуаты дегеніміз барлық жаман жақсы ақпараттардың бәрін өзіне сіңіре алады және өз төңірегіндегі барлық рухани өрістерді де өзімен бірге ертіп жүруге де қабілетті болмақ. Сондықтан біз талғамсыз, ұлттық тәрбиенің қуатымен шектеп тәрбиелеусіз алған біліммен бірге мұндай елдердің салттарын да, шаруашылық әдістері мен олардан сауда-саттықта болып алған тауар, тағамдармен бірге келген ой қуаттарын да еріксіз түрде сіңіруге мәжбүр болып, қазақ жерінде осындай себептерден бар әлемнің қияметтік белгілері, барлық әлемнің аурулары мен қайғы-қасіреттері де, арсыздықтары да бір ғана қазақ елінен де табылып жатқанын аңғарудан қалғанбыз. Сырттай бағдарлап қарағанда біздердің ел билеу саясатымызда, барлық заңнамаларымызда да шет елдердің әдет-салттарының көшірмесі және осындай елдердің біз бүгінгі алдағы біздің меңгеруге тиісті жарқын болашақ деп атаған бағытымыз, саясатымыз әлемнің өткен шағы екенін де аңғарудан қалып және мұны ақылмен түсіне де алмаймыз. Олай болса біздердің білімге, әлемнің қарекеттік, ұжымдық ақылына сүйенген, еліктеген ақылымыз өлі, жансыз және ұлттық сипатын да ұлттық жанын да мүлде жоғалтқан. Мұндай кезеңдерде ұлттық күніміздің ақылымызға, санамызға жарық беріп жанбауынан, руханиятымызда еліміздің ақпараттық отанында қараңғылықтар мен бос кеңістіктер пайда болып, бұл орындары қарсылық күштердің оңай иемденуіне жол беріліп, түрлі пиғылдардың дін топтарының қалыптасуын да ықпал жағдай туғызады. Мұндай кезеңде ел басында отырған басшылардың ақылының дәрежесі жоғары «БІР» дәржесінде болғанда ғана елдің рухани емшісі бола алады және біртұтастық ойлау жүйесін қалыптастыруға халықтың ақылының еркіндігін қамтамасыз етуге жағдай туғызады. Сондықтан да Абай атамыз ел билігінің басында «единица» дара тұлға тұрғанда ғана халықтың өркендеуі мен рухани тұрғыда да қателіктерге бой ұрудан тежеліп қана  және ұлт болып, өркениетті ел болып қалыптаса алатынын ескертіп кетіпті. Ал ел басында дара тұлға болу үшін қандай қасиет қабілет керек? деген сауалға философия, психология ғылымы теориялық тұрғыда ғана емес, тәжірибелік тұрғысында анық дәлелдермен жауап беруге тиісті. Бірақ біздің қоғамдағы ел билеушілерінің азғындауы да түрлі діни оқиғалардың, рухани қозғалыстардың өз мәнінде шешімін таба алмай жатқаны да осындай зиялы қауым өкілдерінің, ғалымдарымыздың да ақылдарының жетілмеуінен, білім жүзінде меңгерген ақылдарының тәрбиесіз өліп жансыздануынан яғни ұлттық тарихи жанынан ажырауынан  деп түсіндірсек қате емес.

Бұған басты себеп біздер өз тарихымызды зерттеуді де шет елдің ғалымдарына беріп және олардың жазған деректерін ақиқат, шындық ретінде қабылдаудан да ақылдың өз тарихынан қуат алуын жоғалттық. Әрбір тарихшы зерттеген бабаларының тарихи тағдырына, аруағына, кітабына  жалғанып қана ақиқаты анық болады деген ұғымды мүлде санамыздан шығарып тастадық. Оның орнына шет елдік білім жүзінде ғана артық болған ғалымдардың пәтуасына сүйенуді әдетке айналдырдық. Ұлттық жанына, діліне жалғанбаған тарихшы міндетті түрде адасады, қарсылық күштер жаңылыстырады да. Ал тарихымызда жалғандық болған жағдайда ұлттық ақылымызға жан беріп ұлттың рухын ояту мүлде мүмкін емес. Және мұндай жағдайда зиялы қауым арасынан пайда болатын ақылды тергеуге үлес қосушылар «оппозиция» құрып алып, сын айтушылардың да ақылдарының тірілігіне олардың көрсете алған үлгісіне қарай да халықтың рухани сауығуын қамтамасыз етуге болады. Бірақ қазақ елінің мұндай ұлтжанды аталған білімді қауым өкілдерінің ар, ұждан, дін, дәстүр дегенді өздері орындамай тек білім жүзінде ғана тисе терекке, тимесе бұтаққа деген долбармен сын айтумен жақсы көрініп, бұлар да өзара ұжымдасып және өздерін ақылы жеткен дүние ісінің айналасынан шыға алмай, керісінше жындылық, мастықты дәріптеп жатуында да ақылдың қақпанға түсуінен тіршілігін тоқтауынан деп білген жөн.  Жалпы мұндай жағдайда ақылға жан беріп ел билігін, халықты «экстремистік» пиғылдың қақпанынан босатып, рухани тірілтуге, оятуға деген шығармашылықпен болашақты бағдарлап, өткенге баға беруге зиялы қауымның өкілдеріне ақиқатты халыққа жеткізуге, шындықты  танытуға екі жағдай да қатар меңгеру керек болмақ. Біріншісі; жаратылыс себептері мен себепшілерінің барлық рухани қажеттіліктерін, пайда зиянын ажырата білуді, яғни құдайлық шындықты айқындауды меңгеру керек. Бұл тұрғыда құдайлық аяндарды, уахиларды бабалар, даналар кітабына жалғануды да меңгеру керек. Бұл төртеуін бірлеу арқылы бесінші сатыдағы танымдық ақылдың үлесінде болған кез келген адам баласы немесе діншінің қолы жетпейтін ерекше қасиет қазақ даналығында; «Төртеу түгел болса, төбеден келеді» ал құранда; «Ілімді іздеген адам баласының төбесінде білімді (сана егесі, киесі) тұрады» деген. Жалпы уахи, аян деген бүкіл адам баласына қызмет ететін рухани күштердің жинақталған және сарқылмас бұлаққа айналған ақпараттар жүйесінен оқылатын кітап адамзаттың жер бетіндегі тіршілігінің айнасы десе де болады. Адам ақылы жетпейтін сыртқы күштерден болатын ретсіздіктерді туындататын жайлардан хабардар болу арқылы, қазіргі таңдағы қандайда болсын оқиғалардың себебіне жауапты осындай тәсілмен құдайдың өзінен де алуға болатыны да сөзсіз. Ал екіншідан; қоғамды тануға арналған, қоғамдағы болып жатқан түрлі зұлымдықтар мен қатігездіктердің де бізден бұрынғы замандарда да болғанын, оның не себепті туындағыны тарихты зерделеу арқылы оған қажетті қарсы шаралардың, халыққа тәрбие берудің да әрекетін түсіндіре білу керек. Сонымен басқарушы билікке адамзат бағының құрлысын түсіндіретін зиялы қауым өкілдерінің шығармашылығының құндылығы да өз халқының, жер отанының рухани қажетілігін терең түсіне білгенде ғана мүмкін болатын да сөзсіз. Мұндай жағдайда қандайда бір өткен заман аңыздардың тарих болып білімі міндетті түрде біртіндеп келіп, оған дәлел құжаттар да табылатыны да сөзсіз. Қазақ елінде мұндай жағдайлардың жүздеген белгілері орын алғанмен, шет елдің білімділігі мен көрегендігіне табынған ел басшылар елімізге құдайдан берілген хикметті зерттеуден, ақылға алудан бас тартты. Мысалға оңтүстік ауданда өмір сүрген Әлиасқар Байғұт ұлының тарихи шежіреміз «Жұлдыздар насиятынан» Ілесбек Байжан ұлы көптеген нақты деректердің тарихи шежіреміздігі қателіктердің сипаттарын ашып бергенмен оны қабылдаған, ақ-қарасын тануға талпынған біздің ғалымдарымыз болған жоқ. Себебі рухани тұрғыда ұйқыдағы ескі ақылға, тозған адасқан білімге негізделіп атақ- абыройға байланған мұндай құрсауды бұзудан, өзінен-өзі аса алмай, бүгінгі өздерін-өздері мақтанмен көтермелеп әулие аталғандардың барлығының абыройларына да нұқсан келетіні де сөзсіз. Бірақ мұндай жағдайда шындықтан қуат алмаған ақылымыздың жан еніп тірілуі де, өзін көрсетуі де болмайды. Әрине бұл бүгінгі тек заңмен ғана халықты басқаруды мақсат тұтқандар үшін халықтың мұндай ұйқыдан оянбағаны өте қолайлы да.  Бірақ заманға қарай қандай да құдай тарапынан беріліп жатқан ұсақ белгілерге де аса мән беріп, зеректік танытатын шығармашылық өкілдерінің ғана қолынан мұндай шындықтарды тексеру мен ақиқатын анықтау және ақылдылықтың дәрежелерін, қасиеттерін де меңгеру қолдарынан келетіні де хақ. Ал бұған негізгі кедергі яғни қасіретін арқалап жүрген ескі ақылға білімге негізделудің ошағына айналған қазақтың бүгінгі  қоғамында философия, психология мектебінің азығындыққа түсіп, ал масһабтық дін мектебінің мешіттердің қорасынан шыға алмауынан ақыл туралы білімді, қасиеттілікті меңгеруді тастап қойып, оның орнына ақылдың толуымен, тазаруымен ғана құдайдан берілетін ақылдың төрешісі иманды меңгермек болып, мүлде адасқандарын да өздері аңғарудан қалған. Ақылдың даму заңдылығын артқа тастап иманды аталудың өзі ақымақтықтан да бетер надандық және мұны үлгіге, дінге айналдыру әрі тажалдыққа да жатады. Сондықтан да бір ұлттың ішінде түрлі қарсылықтарға, топтарға бөлінген әрекеттік ақылдың ғана ықпалына түскен жындық 72 топтың көрінісін қазақ елінен де санап алуға болады. Мұндай жағдайда ел биліктің тек қаракеттік ақылдың «интеллекттік», яғни дінмен тазартылмаған жағдайда жындылықтың ықпалынан шыға алмай діннің маңызын қасиеттілікті жетілдіру амалдарынан бас тартып, халықтың рухани азғындыққа түсуіне, өз ата-баба дәстүрінен қашықтауынан тегіміздің оянып, дарындылардың пайда болуынан да кедергі жасап, дарындылыққа (ақылдың алғырлығына) қарсы тәрбиесіз таланттың (әрекеттіліктің) озбырлық пен надандықты дәріптеуші жын-шайтанның ықпалында кетіп, түрлі жолсыздықтардың өзі жолға айналып, ата заңымыздың да жансызданып, ал заңды ақылдың көмегінсіз орындаудан әділеттің қуатын жоғалтып алдық. Сондықтан да елдің, халықтың да рухани тұрғыда сыртқы әсерлерден әлемдік ақпараттық шабуылдардан қорғану қуаты әлсіреп, түрлі бүлікшіл пиғылдардың ел билік өкілдерінің дүниемен ғана пайымдайтын жансыз, шеріктік ниеттерінен қолдауын тауып, бүгінгі тұрмыстық салтқа айналуға мемлекеттің тұтастығын іштен ыдыратуға себепші болып жатқаны да сөзсіз. Және мұндай қара күштердің ықпалындағы рухани ахуалдың қазақ ел билігінде, саясатта да тұрақты әдет, салтқа да айналғаны сөзсіз. Мұндай ақылсыздықтан денсаулықтың (естіліктің) маңызы жоғалып, рухани ұйықтап кету пайда болып, мұнан енді терроризм мен мен экстремизмнің рухани қарсылық қуаттарын өндіруші мемлекеттің қатарынан табылғанымыз да сөзсіз. Мұндай жағдайда халықтың алауыздығы басталып, өзара топтарға, діни ұстанымдарға бөлініп немесе тек дүние қызығының, байлықтың соңына түсумен тоғышарлыққа салынып, қала тұрмысына деген құштарықтың, жеңіл тұрмыстың маңызы артып халықтың ақылы мүлде әлсіреп, бойкүйездікке түсіп, жансыздана беретіні де сөзсіз. Және ауылдың тұрмысының дәстүрлі өмірінен мүлде қашықтаған сайын қалалық ұжымдық ақылдың еркіне мықтап шырмала беретіні де сөзсіз. Осы тұрғыда ұлттың, мемлекет құраушы халықтың ұжымдық ақылдың жетегіне түсіп, адам баласына ең қажетті рухани құндылықтарының, құнды нәрселердің қатерге ұшырауынан артық зұлымдық та болмайды. Және әлемде болып жатқан түрлі оқиғалар, өзгерістер, қайғы-қасіреттерден пайда болған қорқыныштардың салдарынан да айғудың жолы тек қорғану, заңмен тежеу деген білімнің құрсауына түсіп, сондай заңның құрсауында өмір сүруге дағдыланып, партияларға, түрлі ұйымдарға ұжымдасумен, ұжымдық ақылға негізделіп алғанбыз.  Пайғамбарымыздың; «болашақта халықтың дін ұстанымы 72 топқа бөлінеді» деген әулиелігі де бағзы заманда ақыл-ойдың ақ бұлағы тек дін арқылы барлық білім мешіттер арқылы тараған болса, ендгі заман бұл білімдер өз еншісін алып, түрлі мектептерге, пәндерге бөлінгенмен негізі ілімнен, діннен, өлімнен, тірілуден, рухани түрленуден ғана бастау алатынын да ұмытпау керек. Сонымен заманның ағымына қарай бейімделуден түрлі білімге, ой жоруға, замандық шаруашылықты, дүниені мақсат қылып дүние қуанышына, сезімге арналған қылықтарға негізделген түрлі ұжымдық ақыл топтары шығып, мұның негізгі саны да 72 санды белгімен яғни жындылықтармен әшкере болмақ. Мұндай топтарды біріктіріп ұстау үшін мемлекет басшылары қауіпсіздік шарасына зор қаражат бөлумен және әрбір қарсылық істерге, қылықтарға күнде заң шығарумен айналысып, іштей өзара қым-қуыт қарсылықтармен ақпараттық тұрғыда да соғысумен айналысып кетеді. Бұндай жағдай  қазақ елін де айналып өте алған жоқ.

Сонымен мұндай біліммен тек заңның күшіне ғана негізделген ақыл-ойдың еркіндігін шектеген ұжымдық ақылдың рухани тұрғыдағы  әрекеті; дүниедегі даму жағынан ең төменгі ақыл болып саналады да, тіптен жеке-жеке жағдайда сезімдік ақыл мен қаракеттік ақылға жүгінетін есуас аталатындар да даму жағынан ұжымдық есуастықтан жоғары тұрады. Сонымен ұжымдық ақылдың басында тұратын өзінен-өзі артық асып кетушілердің (максималистер) ерекшелігі; тағдыр, құдай еркі шариғат дегенге мүлде қарсылық білдіріп немесе өзі оны меңгермесе де әйтеуір жанашыры болып алып, меңгерген білімінен басқа өзге ілімді де, заманға қарай түсетін құдайлық аяндарды да мойындамай, өздерін керемет әулие санап, халықтың жоғын жоқтаушы ретінде көрсеткенімен негізінен жыннан болған шайтан жамағатына айналып; алауыздықты, ағайынды бір-біріне қарсы қоюды, ашкөздікті,  қанағатсыз, сабырсыз дүние қызығын ғана дәріптеушілер елді бүліншілікке, өз руын немесе бір ұлтты өзгелерден артық туылған текті атап, рулар арасында, ұлттар  арасында көреалмастыққа, халықты құдайдың бірлігіне қарсы айдап салушылар болып саналады да, яғни «экстремизмдік» пиғылдардың мектебіне айналып алады. Және мұндайлар өзара бірлестікте тобыр болып кез-келген өздеріне қолайлы ұнаған бір әрекеттерді жақтаушы топқа айналып, өздерінің мұндай әрекеттерін қорғауға арналған ұжымдық ақылдарына  қарсы болған адам баласын жабылып талаудан, ашық мазаққа айналдырудан еш жиіркенбейді, мұны әділетілік орнату деп ақылдары өлі болса да өздерін ұлтшылдар, ұлтжандылар деп санайды. Сонымен таза ақылдың маңызын мүлде қажет етпеген қазақ елінің бүгінгі ахуалы да біртұтас дене болуынан қалғаны да хақ. Адам денесінің мүшелерінің қызмет атқаруында, оның дене мүшелерінің бір-бірімен тығыз байланысты және өзара қарым-қатынаста бір ақылға бағындырылу қандай табиғи қажеттілік болса, қауымдық өмір алдында ортақ мақсатқа жетудегі қауымның әрбір мүшесінің, табының басқалармен өзара тығыз қарым-қатынасын қалыптастырудың маңыздылығы да зор болмақ. Осындай тұтастық, бірлік қарым-қатынастан ғана денсаулық ұғымы туады. Ал денсаулықтың ақылдың саулығы, яғни естілік екенін де көбіміз аңғара бермейміз. Қазақтың даналарының пайымдауы өмір тәжірибесі бойынша шексіз бақытқа жеткізетін үш қана байлық бар. «Денсаулық, ақ жаулық, он саулық» болып көрінісін берді. Сонымен мемлекетіміздің денсаулық сақтау, ұлттың жанын жетілдіру руханиятымыздың дәстүріміздің маңызы алғашқы екі байлықты жетілдіруге арналу керек болса, ал «он саулық» байлықтың біздің тергеп отырған ақылдың, таланттылықтың, дарындылықтың, тектіліктің даралықтық қасиеттерін меңгерумен яғни пайғамбарлық қасиеттермен тікелей байланысты екенін де білген жөн.

Шексіз бақытқа, жарқын болашаққа жетуге дәнекер болатын осы үш байлықтың қасиетін меңгеру үшінде өнегелі өмір салтын, ата-баба ізгілікті дәстүрлерін, ұлттық негіздегі ерік-жігер қабілеттерімізді және заманға қарай құдайдан хикметті білімімен ашылатын ақ бұлақтың қайнарынан сусындау арқылы ғана нәтижелі болмақ. Қазақ елінде ел басшымыздың қазақ елінің бар тұрғындарын ұлтына қарамай мемелекеттік  біртұтас денеге қызмет қылуға қалыптастыру үшін Астана қаласын бас қаланы салуы және шаруашылықта бар әлем елдерінің озық үлгілерін алып еңбек етуге, өнер-ғылымды меңгеруге деген игілікті істердің бәрін жоққа шығара алмаймыз. Бұл тарихи кезең өз бағасын да, мадағын да жеткілікті тұрғыда алып жатқаны да сөзсіз. Бірақ рухани екінші жағымызды мүлде ұмыт қалдырып, жоғарғы ақылға жүгінбеуден қаншама қателіктердің ескерусіз қалып, енді ұлттың қайғысына, жоғалуына соқтыратын жағдайға дейін дамып мұнымен ашық соғысу керектігі мұқтаждығы да пайда болғаны хақ. Астана қаласының тұрғындары жеңіл тұрмысқа бүгінгі заманға мәз болғанымен, енді бір жиырма жылда Астана үлкендерге, естілерге, ойын-сауық дүние қызығынан жалыққандарға арналған рухани түрмеге  айналатыны да сөзсіз. Бұл тұрғыда қуаттардың алмасуын қалыптастыратын, қаланың иістік өрісін жан-жақтан тазартып тұратын ағаш өсіру, ормандарды қалыптастыру сияқты көргендік істердің жасалынып жатқанымен,  ал қалалық тұрғындардың өз жерінен қол еңбегінен ажыратпауға, әркім шамасына қарай жерге еңкейіп, еңбек сәждесін ұмытпауға кеңес үкіметін бұл тұрғыдағы өте көргендікпен атқарылған саяжайлардың, жеке жер үйлердің де үлесі қала халқының рухани азғын болмауына тосқалуыл болатын өнегесін мүлде ескерусіз қалғанын былай қойғанда, Алматы сияқты көптеген қалаларда да бұл саланың жойылып қиратылуына жол ашып қойғаны да сөзсіз. Әрине дәстүрлік арды да аттап өтіп, тек пайда табуға ғана негізделіп қалған жансыз ақылдың ықтиярында жүрген ел билеушілерге бұл өте тиімсіз және шығында болып көрінетіні  де сөзсіз. Ал оның халықтың аз бөлігін болса да табиғатпен, жаратылыспен, рухани қуаттармен жалғанып, өздігінен сауығуға, тегін тазартуға, ұрпақтарының қанын аздырмауға жәрдем болады деген ертегі сияқты ғана ұғым. Қала халқының мұндай жағдайда жер ана рухынан ажырауынан ұрпақ сүю қабілеті  де азаятыны, ал ұрпағы болғанда да жыныстық әлсіздік, бір жыныстылық азғындықтардың артуына себеп болатынын да білген жөн. Москваның жағдайын сырттай бағалап көрсек; халықтың жан жаққа темір жолдар арқылы саяжайлар мен бақша өнімдерін өсіруге, еңбек демалыстарын табиғат аясында өткізуге арнаған жоспары қала халқының азғындыққа түспеуіне бірден-бір емхана болғанын әрине біле алмаймыз. Біздер шет елдердің мұндай жағдайда жер ана емшегіне рухани жалғана алмай, тек қалалық болып жүздеген жылдар өте жердің тозып, ол жер тұрғыдарының жер ана рухынан қуат ала алмай жаппай семіздікке, түрлі ауруларға, бойкездік, алауыздық, тексіздікке ұшырап жатқан қайғы-қасіреті үлгісін керемет қылып, болшағымызды да ұқсатуға тырысып бағудамыз. Және жер  жетпегендей, әлде мақтан үшін өте биік ғимараттар салу үрдісін де алып жатырмыз. Осындан 7-9 жыл бұрын көрген аяндар бойынша 27 қабаттан аспау керек деген Раббымыздан ескерту келген болатын. Оны ақпарат түрінде таратқанмен мән берген пенде болған жоқ. Ал енді қияметтік мезгілдің басталып, көктің жақындап, күн ай хикметті құбылыстарының басталуымен бірге 27 қабаттан жоғары тұратын тұрғындар арасында ас қорыту жүйесінің, асқазан аурулары мен өңештің бітеліп қабыну обыр аурулары пайда болады. Мұны білген, түсінген халық өздігімен мұндай биік ғимараттарда рухани түрмеге қамалып ажалын жақындатудан амал жоқ бас тартады. Сонымен бірге қандай да бір мемлекеттің ауылдық үлесі қала халқының жартысынан аспаса, онда халықтың да рухани құлдырауға ұшырауы да сөзсіз. Ел басшымыздың тікелей тапсырмасымен ауылдарды өркендету қолға алынып жатқанымен, көптеген болашақта халық тегін сақтауға, ақылын сауықтыруға, рухани азғындыққа түспеуге жәрдем беретін және қазақ елінің жер көлемінің мүмкіншілігінен мұндай шаралардың әлемде теңдесі жоқ  дәстүрлік жетік үлгісін қалыптастыруға болатын істердің де тағы да ұмыт қалып жатқандары жеткілікті. Керісінше біздің киелі мекендеріміз, әулиелер қорымдары және ойпатты рухани сауықтыру орындарымыз әлемнің бар елінен келіп; дәретсіз таптап, арсыздық, ұятсыздықтарымен үлгі қалдырып, жастарымыздың да санасын улап және астыртын  өздерінің рухани көлеңке жүктерін тастап, көк отанымызды, жер анамызды азғындыққа ұшыратуға деген ақша табудың қандай да жиіркенішті, дінсіздік те амалынан дүние байлығы үшін бас тартпайтын бүгінгі билік өкілдері құлшына кірісіп, ал мұндай жағдайда біртұтас адамдар болған аруақтардың да назына ұшырап, құдайдан жауабын, сынағын да сатып алуға талпынып, халқымызды рухани тұрғыда тағы да арандатып  жатқандарын мүлде білмейді. Қазақ даналығында; «Үпиттің малы сүпитпен құриды» деген. Осындай жолмен және рухани азғындыққа түсіретін доп тебу ойындар сияқты жолмен табылған ақшаның артынан сол елдердің түрлі табиғи апаттардың, жер сілкінудің де жиілігі артып, түрлі зұлымдыққа себепші болып ондаған есе артық шығынға жылда батып жатқанын неге байқамаймыз? Бірақ мұның бәрін біз қазіргі жан тану, рух тану, ойшылдық пен ар біліміміздің мүлде жетіспеуінен, қазақ даналарының біздерге қалдырған аманат мирастарын қарапайым бұқара халқына болмаса зиялы қауым мен ел билеушілерге түсіндіру де мүмкін емес.  Себебі; Ақылды сөз қылудың, философияның маңызы жоғалып, мұндай жағдайда сөзді- ақылды іс қылу да мүмкін емес және мұндай адамдардың ақылы өлі әрі саңырауға да айналады. Олай болса мұндай ел басқарушыларда зайырлық қасиеттің де болуы мүмкін емес. Ал ұлтқа қызмет ету  білімнен емес, мінезден туады. Қазақ халқының мінезі ғана емес, жалпы әлемнің мінезінің өзгеру де өз дәрежесінде тазарып заманға лайық болуы да дінмен және рухани тұрғыда күнәдан тазарып қайта-қайта мың рет өліп тірілуге, ақирет өмірі мен әулиелер жанымен, кітабына жалғануына тікелей қатысты. Елдің тұрмысын, тілін, мінезін және қандай жағдайда мұның бұзылып, қандай жағдайда түзелетінін білмеген ел басшылары бақыттылықтың да тағдырын, құрлысын білмейді. Сондықтан елді тоздыруға, рухани ұйқыға түсуіне апарып соқтырды. Ал мұндай жағдайда дүние  байлыққа емес, ұлттық, халықтық бірліктің тұтас денін қалыптастыра білетін руханияттың ғана әділдікпен сақталуын қамтамыз ете алғанда ғана әлемдік дағдарыстан аз шығынмен өтуге болады. Енді қазақ халқының ата жолының білімі де пайда болып, әлі жартылай болса да ақ пен қараны ажыратуға себеп болып, аз болса да бұл жазба мен ата жолы рухани байлығынан сусындай алған білімді адамдардың рухани оянуымен аруақтарының да бұл білімді ақиретте таратып, елшілікпен халықты жаппай оятуы басталып, қазақ елі енді ақылы өлілер мен ақылы тірілерге екіге бөлініп, өзара қырқысқа түседі. Ақылы өлілерге білімді қауым мен масһаб және дінші қауым өкілдері, ел басқарушылар, зиялы қауым өкілдері кірсе, ал ақылы тірілгендер жағында көбіне дәстүрін сақтауға тырысқан бұқара халық өкілдері кіріп және біздерге күн санап білімді қауым өкілдері, тіптен өзге ұлттардан, шет елдерден де қолдау берушілер қосыла береді. Мұнан енді Құдайдың хикметті жәрдемі де артып; «қазақтың ел билеушілеріне қараң келді» құдайдың үкімі де айқын көрінісін берері де хақ. Себебі халықтың ортақ қазынасын оның мирастық егелері, үлестірушілері әулие-әбмиелерін, даналарының, киелі жерлердің басына тағзым жасап халықтың рухани тазаруына жағдай жасаудың қаражат бөліп, бастарын арсыздықтардан қорғауға талап қылудың орнына жерімізді аздыруға, өзге елдердің бар қара қуаттарын жинап халықты мұнан төмен қайғы-қасіретке, арсыздыққа ұшырататын «туристік» сауық-сайраннан, тойшылдықтан, ойыннан рухани қара қуатқа жындылыққа қызмет қылып, ақылды аздырып пайда аламыз деген надандықты ел билеушілер іске асыруға құлшына кірісіп кетті. Енді мұны рухани тұрғыда ақылмен түсіне алған қандай қазақ елінің тұрғыны да қарсылық білдіре бастайтыны, лағнеттеп қарғайтыны да хақ. Бұл тағы да қолдан жасап жатқан «экстремистік» пиғылдан енді елді өзара қырқысуға апарып соқтыратын бүлікшілдік «терроризм» болып оның ұйымдастырушылары да  ел билеушілердің өздері болмақ. …. (жалғасы бар) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *