КӨҢІЛ КІЛТІ

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №2 157

Көңілім қалды, жастан да кәріден де,
Бір күндігін ойлаған бәрі пенде.
Көңілім қалды биліктен де, басшыдан да,
Қазақты салып қойған ащы мұңға.
Көңілім қалды өзге түгіл өзімнен де,
Текке кетіп жатқан соң сөзім желге.
(М.Ахм.)

«Іздесем сөз табатын ақыл бар ма?

Тыңдасам бой балқытар нақыл бар ма?

Есіл сөзім есепсіз босқа кетсе,

Обалы жаулығы жоқ қатындарда.»

Сөз, еткен кешегі дана Мағжандарда,

Діліңді қазақ сақтайтын кілті қатындарда.

Сөз түсінбейтін саналары ел биліктің,

Қойны арам, жаулықсыздан жабылған да.

Бүгінгі жас ділі азған тасыр аз ба?

Көңіл түгіл жаныңа жара салар,

Жаулық түгіл, етектен қадір бар ма?

Шешесі кім, әкесі кім ойландың ба?

Ендігі дәстүріңнен қадір бар ма?

Ар білімің ұлтыңа жат болып тұрған таңда.

Ғасырлар бойы қалыптасқан ділдік дінін,

Қызылбастың намазын алып, қалған дауға.

Қазақтың көңіл құты ақсақал кәрі бар ма?

Қазақтың ар білімін меңгерген  ғалым қайда?

Болашаққа жол мен жоба ала   алмаған,

Дініңмен, құр сөз қуған білімнен бар ма пайда?

Кітап көрген, аталардың көңілі, аруақ қайда?

Серігіңді таба алмасаң, иман  бар ма?

Құр сенімен, намаз оқып, хақты көрмей,

Құдайдың растығынан тағдырға болмас пайда.

Қазақты салып қойған мұндай мұңға?

Кінәлі кім? жазасын берсек сұмға.

Төре мен қожаларды тауып берші,

Сұрайық еліңді қалдырдың, деп неге дауға.

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *