АҚЫНДЫҚ ПЕН ҒАШЫҚТЫҚ

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №2 46

(Байыт Қабанұлының өлеңіне жалғау)

Ақындық діннің шыңы сөз білгенге,

Надан дінші сезімсіз, сөз түйген бе?

Алланы сүю деген, «Өзін» сүю,

Бұл сөзді, дінші надан меңгерді ме?

Орынымды басар деп жаратқанды,

Біздердей текті асыл адамдарды.

Махаббатпен сұлулықтың симболы, деп

Нәзіктерге ғашық болу өмір нәрі.

Алланың өзі, деген махаббат қой,

Ғашық болу бұл сипатқа жармас құр ой.

Періштесі махаббатың, түскен бейне

Ыстық жүрек, жар жылуы асыл зат қой.

Нәзіктер махаббатың әуезі үні емес пе?

Жер бетінің діл бақшасы, гүлі емес пе?

Бабын таппай, күте алмаған адамзатқа,

Тозақтың да оты, қияметің өзі емес пе?

Әйел сынақ, я бағың, я сорың болар,

Жұптасудан ғана көңілің ұждан туар.

Құдай бар, ұждан дұрыс, қиямет шын

Бар ма дінші бұл жаратылыс сырын ұғар?

(Қыркүйек 29. 2013 ж)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *