Қыз мінезін ұрлатқан…  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 93

Естідей қылығы бар әдемі қыз,

Сөйлеген сөзі әдемі мәнерлі қыз.

Қиылған қасың, көзің күлімсіреп,

Сүретіңді сыйлап  едің әдемі жүз.

Ғашық боп асыл сөзді танығандай,

Пейілің жар болмаққа есті адамға-ай.

Бел байлап тәукел деп уәде берген,

Арадағы талай жылды есепке алмай.

Өтті күн қалмай уәде айтылмаған,

Баянсыз арты барын байқалмаған.

Бір мезет дауыл соғып алай-дүлей,

Кәпір жын қайдан келді сойқан салған?

Жамандық білінеді жындылық қылығымен,

Шайтанмен қосылып бейпіл сөздерімен.

Нәзігім құрмет қылған, көңіл беріп,

Жек көріп сөздер айтты тең-теңімен.

Жабысқан дертің екен жергөгіңнен,

Жақсылыққа тиым салып ізіңе ерген.

Тегіңнен ата-баба тазарта алмай,

Аманат боп қалған екен өлгеніңнен.

Ақтай алмай әке-шешең кеңестік боп,

Іші орыс сырты түзу қазақтық боп.

Мұндай дерті ендігі қазақ елі,

Қылығы ұрпаққа ауды сырқаты боп.

Аманат жүктері ата-баба ақтала алмай,

Дәстүрден қуат еніп ұрық тазармай.

Ақыл азып жастардың, есі кетіп,

Талай отау құлап жатыр от жаға алмай.

Діліңді, қан тегіңді ұрлап алған,

Ұятсыздық малғұннан қылық болған.

Кәпір жын ерлерді баурап алып,

Жын-шайтан қылығы елге ылаң салған.

Бір-біріне қосып жатыр жастар күнде,

Жын-шайтанды дәріптеп тәнде өсіруге.

Шеріктерін қосатын елдің салтын алып,

Төртеуің түгелденбей, айналып арсыз елге.

Зияраттап құрбандықпен тазартатын,

Дәстүріңе ата жолың- зекет пен садақаның.

Масһабшы діншілерің тажал болып,

Ашкөз, дүниеқоңыздықпен тиым салдың.

Жер ана табаныңмен жалғана алмай,

Жын-жүктерін арқалап жүрген ұдай.

Киелі әулиелер аруағын алмақ түгіл,

Арсыздық салты болды елге толай.

Алтауың алты арысың жалғана алмай,

Жүз қара малың қалды қораланбай.

Екі жүз екі арыстан егін егіп иман болмай,

Шайтаннан жер өртеніп тазара алмай.

Аруағыңның жеті ата аты шықпай,

Тозақта жатып бастар босана алмай.

Ұлтыңның жаны мұнан қалай өспек,

Бас қадірін жоғалтып жаулық салмай.

Қатын, қыздар арманы еркек болмақ

Етексіз, арсыздықпен сәнді қумақ.

Қол менен аяқ арасынан жала алып,

Ер азамат қаны азып, болды тулақ.

Ауруды емдегенің  мақтан болды –ай,

Дүние байлық қызығы думан тойды-ай.

Дерттеніп іштен балаң әлсіз туып,

Тегіңді тоздырсаң да уайым қылмай.

Зиялы қауым, ел билігің тексіз болған,

Дінші ғалым тажал боп елін қырған.

Есебін беруге сын сағаты үкім түсті,

Тарихта қызыл қырғын белгі қалған.

(Шілде. 2014 жыл)

***   ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *