ЕЛ  БИЛЕУ КӨПТІҢ ІСІ МЕ?  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 46

Сөз түсіну, адам болу қиын екен,

Ең оңайы ақылды беру екен.

Шайтандарға дүние мал бере берсең,

Жындыларға жағасың ақылына көне кетсең.

Жындылар көп бүгінде ерегіскен,

Мас болып ескі кекті өнеге еткен.

Құдайдың тағдырына қарсы тұрып,

Дін бірлігін ұлтыңнан бөлек еткен.

Мықтылығын, мақтанын дәлел еткен,

Нәпсінің де қажетін желеу еткен.

Сатты, бітті, қазынаң таусылды деп,

Дәстүрін қазақ тегін бөлек еткен.

Құдайды да мұндайлар желеу еткен,

Бойына өлшемей ақылды сөзі неткен.

Қу өмірдің қулығын сауып айтып,

Ар, ұятын, дүние, малға себеп еткен.

Мықтылығы сөзінде көшеде өскен,

Жақсылығын ел көрмеген керең екен.

Жарық болып ақылын шашқанымен,

Дәлелденбей қанша жыл босқа кеткен.

Қырғызды да мақтағанды кереметтен,

Ұлтжандылар ел биледі деп төбелеспен.

Біріккенде үш елдер неге жалынып жүр,

Қосыңдар деп қатарға жалықты ма ерегестен.

Украина жындылары билікпен ерегескен,

Билікті тартып алды қан төгіспен.

Құдайым қабыл алып тілектерін,

Не қалды енді біртұтас мемлекеттен?

Даудың басы болған жоқ па күн көрістен,

Жабылып басқарып шаруаны өркендетпек.

Көп жынды басқарғаннан пайда осы,

Тоз-тоз боп елін қайғы-қасіретке душар еткен.

Қазаққа шаруа жайын күн көрістен,

Елбасына құдайым өнер берген.

Байлықпен көш бастауды мақсат еткен

Көшін қазақ түзеді арман еткен.

Байлық жинап бақыттылыққа кімдер жеткен,

Қателік болды билікте емес өзіңде өскен.

Ар, ұятыз азып-тозған салтың болды,

Надандықтың бұл шегі ессіздіктен.

(шілде айы 2014)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *