Әр заманның қозғалыс әрекетіне қарай бағзы замандардағы адамдардың қоғамы мен қазіргі таңдағы адамзат қоғамының өмір сүру ерекшелігі болуы сөзсіз. Бұл біздердің тәуелді түрде бағынатын уақыттың жылдамдығына, қуаттық, өрістік түрленуіне байланысты жаратылыстағы барлық қозғалыс егелерінің де қозғалыстық қарекеттік жылдамдықтары да, өрістік сапалары да, қуаттық шамалары да түрленуге түсуіне байланысты адамзаттың құндылықтарының да бағалау шамалары өзгеріске, түрленуге түсіп отырады. Сонымен қандай да бір болмысты заманға қатысты адамның өзінің әрекетінің дұрыстығын, ненің пайда-зиянын, ұяттың шамасы, адамгершілік парыздар мен қарыздардың шамаларын, шектерін т.б. біздің бақытты өмір сүруімзге не қажет, қандай амалды орындау керек деген сияқты бар сауалдарға жауапты да білім мен ілімді де үйренуге керек қуатты, рахаттық қызықтардың пайда-зиянын да, сөздерді ұғыну қабілетін де біздер тек ақыл арқылы анықтап өлшеп ала аламыз.
Олай болса ақылдың екі көмекшісі барын және ақылдың да адамдық тұлғалық, даналық құндылыққа жетудің алты қадамы болатынын білген жөн. Ақыл-алтыда деген данагөй бабаларымыз. Олар; 1.Сезімдік ақыл; 2.Сезімдік ақылдың аңғарымпаздығы;(Интуиция) 3. Қаракеттік ақыл; 4. Түйсіктік ақыл. Яғни қаракеттік ақылдың аңғарымпаздығы (Интеллект) 5.Танымдық ақыл. 6. Даналық ақыл болып соңғы екеуі ізгілік пен діндарлыққа байланысты болмақ. Енді ақыл біліммен, тәрбиемен байланысты екі сипаттан бастау алып өмірлік тәжірибелер, қаракеттер, түрлі өнерлерді, шаруашылық, ізгілік істер мен діндарлықты, тақуалықты меңгеру барысында өсіп жетіледі, қуаттанды. Сонымен Әл-Фараби атамыздың; «Балаға әуелі тәрбие беру керек, ал тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы болады» деген өсиетіне жүгінсек; Қандайда бір заманның оқиғалары, барлық іс-әрекеттері түбінде білімге, шежірелік уақиғаларға, дін қағидаларына айналады. Және заманға байланысты барлық шаруашалық, өмір сүру мен түрлі ләззат, рахаттануға, өзара дүние пайдасы, ойын-сауық, қызықтар сияқты адамзаттың әрекеттері де білімге айналып мұндай білімді енді тәрбиемен меңгермесек біз қай істің қандай жағдайда пайдасы барын, қандай жағдайда зиянды әрекеттерге айналып адам баласына рухани азғындық әкелетінін бағалай да алмаймыз.
болып адамзат баласы екі түрлі жағдайда өмірді бағалау тәсілін меңгерді. Бірінші жағдайда ақыл білімді меңгерумен тарихты зерттеп өмірден өткен даналарды, ата-баба құндылықтарын зерделеу арқылы осы заман оқиғаларымен салыстыра отыра дінін қалыптастырса, екінші жағдайда замандық іс-әрекеттерді меңгерумен тіршіліктің, қаракеттің түрлі жағдайдағы қайшылықтарында пайда болатын білімнен туындаған көзқарастардың нәтижесіне бағалайды. Екі жағдайда да адамның мінез-қылықтарының тұрақтап негізделуін қамтамасыз етіп, адам баласы өзінің жасына, қызметіне, қоғамға, ортаға байланысты жинаған бедел, абыройының туысқанға, жақындарына жақсы көрінуімен немесе халықтың қол соғып таң қалдырған өнерлерінің көрінісіне қарай өзінің адамдық болмысының негізін қалыптастырады. Енді мұндай жинаған бедел, абыройдан, жақсы атаудан айырылып қалмас үшін барлық ақыл-ойын, іс-әркетін осы жолда жұмсап сақтауға, жанын жұмсауға даяр болып тұрмыс кешетіндер көпшілігіміз болып табыламыз. Және бұл жалпы қоғамдық үрдіске, тұрмыс салтына айналғанда ұжымдық ақыл болып бір-бірімізден қалмауға қайталуға тырысып дүние тіршілігінде қоғамдық өмірдің қай саласында болсын, беделді сақтау, өзін көрсете білу және мұндай жағдайда қалайда өзінен-өзі асып түсуге тырысу, жарысқа да түсіп кетуге себепші болады. Мұны енді; Ұжымдық ақыл деп атап, ал бұл әрекетіміз дүниедегі даму жағынан ең төменгі ақыл болып саналады да, тіптен жеке жағдайда есуас аталатындар да даму жағынан ұжымдық есуастықтан жоғары тұрады. Сонымен ұжымдық ақылдың ерекшелігі тағдыр, құдай еркі, шариғат дегенге мүлде қарсылық білдіріп, меңгерген білімінен басқа өзге ілімді де, заманға қарай түсетін құдайлық аяндарды да мойындамай, өздерін керемет әулие санап, халықтың жоғын жоқтаушы ретінде көрсеткенімен негізінен шайтан жамағатына айналып; алауыздықты, ағайынды бір-біріне қарсы қоюды, ашкөздікті, қанағатсыз, сабырсыз, дүние қызығын ғана дәріптеушілер болып саналады. Және мұндайлар өзара бірлестікте тобыр болып кез-келген өздеріне қолайлы ұнаған бір әрекеттерді жақтаушы топқа айналып, өздерінің мұндай әрекеттерін қорғауға арналған ұжымдық ақылдарына қарсы болған адам баласын жабылып талаудан, ашық мазаққа айналдырудан еш жиіркенбейді, мұны әділеттілік орнату деп санайды.
Сонықтан мұндай заманға қарай бейімделіп негізделуден әрбір адам баласы өзін-өзі құтқармай, мұндай мінез-құлықтан арылмай жалпы қоғамды бүтіндей түзеп тастаймыз деген дін, мемлекет саясатынан түк нәтиже шықпайды. Мұндай кезеңде діннің өзі ескіден келе жатқан талай мың жылдар өткен рухани құндылықтарға негізделіп, бейімделу жолын таңдаса, онда бұл да ұжымдық ақылға айналып діннің азғындығын, бөлшектенуін ғана қалыптастырады. Себебі заманға сай пайда болған қозғалыстар мен түрлі білімдермен арада қайшылықтар пайда болып және іс-әрекеттер тұрғысында да өмір сүру қамында мұндай құлшылық істерінің адамзат өмірін қамтамасыз етуге, жақсылықтарға жәрдем беруде, түрлі қиындықтардан құтқарып жол көрсетуде өз мақсатын орындай алмай өмір қамында рухани тұтастыққа бірігіп кетуге кедергі түседі. Сонымен адамзат мұндай тығырықтан қалай шығады және бұрынғы замандарда қалай шыққан деген сауалдың да туындауы керек. Бұрынғы замандарда осындай негізделуден адамзат ақылының тұрақтап заман біліміне, діннің тұрақты істеріне байланып өрісінің тарылуынан Құдайдың өзі жәрдем беріп құтқаратынын заманға сай түрлі хикметті жағдайлардың, белгілердің түсетінін де біле бермейміз. Мұны қиямет уақиғасы деп атайды. Яғни ақпараттық өркендеуге жаратылыс себептерінің, себепшілерінің де адамзатпен түрлі жағдайға әрекетке түсуі басталамақ. ….