III-Өзіңді-өзің танығың келсе  

Бөлім: Өзіңді-өзің танғың келсе 1

Қазақтың даналығында өзін тану білімінің әзірге екі жағдайын ғана қарастырсақ; «Ілім мен білім ортасын ұстамасаң бүлін» деген нақылдың ішкі сырына үңілсек; бұл пайғамбарымыздың; «Намазда, құлшылықта барлық нәрсенің ортасын ұстаныңдар» деген өсиетіне сәйкес мұны мизан деп те атауға болады. Яғни әрбір нәрсені өлшеу үшін де оған қарама-қарсы өлшемін, салмағын да тауып және ол екі арасының қашықтығын, уақытын білумен дәл ортасын да табу керек. Сонымен ілім мен білім дегенімізді қалай түсінеміз? Жалпы жаратылыста 6 түрлі білім бар және 3 сипатты  жұбы пары да бар. 6 күндік білім негізін  жарық деп барлық нәрсенің ішінде өз жарығы болып оны меңгеруді білім деп атаймыз.Білім адамзаттың меңгерген ақылының  сөзге, санға, түрлі өлшемдерге заттануға айналып тұрақтауын білдіреді. Бірақ білімнің де тегі ілім болып сол әлемдік жаратылысты тану ілімінен қаншалықты қуатты меңгерумен алған біліміміз пайдалы әрекетке айналып, егер біз ілімнің қарсылығы болған қара күштер арқылы білімді пайдаға асыратын болсақ, онда адамзатқа түбінде өзіміз меңгерген біліміміз зиянды әрекетке айналады. Сонымен білімді қозғауға арналған ой қуаты деген бар. Ой дегенімізді біздің табатын ой жоруымыз емес, керісінше білімнің негізі, жаратылыс басы,  ішкі үні, қуаттылығы,  өлшемі деп түсіну керек. Сондықтан ой білімнің қуаты болып, оны ақылмен өлшеп алғанда ғана пайдалы болмақ. Ойдың салмағын таразының екінші басына қою үшін де, оның таза немесе жалған екенін де ажырата білу үшін де; ілім мен білімнің ортасын табуға негізделген ақыл қуаты керек. Ақылдың да екі сапасы білімдік және ілімдік болып бөлінетінін де ескеру керек.  Білімдік жағдайдағы ойдың қуатын өлшеуге арналған сапасын; сана, саналылық деп атайтын себебіміз Сана қуаты ілімнің салмағын, пайда-зиянын өлшеуге қауқарсыз және сана білімдік тұрғыдағы ғана ойдың тазалығын, мидың әрекетін мақұлдауға немесе қарсы болуға арналған іштен шығатын ақыл қуаты болмақ. Ақыл қуатының да тазалығы қараланбауы және сананы жетілдіруге де байланысты дәстүрлік әдет-ғұрпымыз, дін ұстану салтымыз да барын ескерген жөн. Мұнсыз біз қандай ілімнің бізге пайдалы екенін аңғаруға қандай білімді ғалым, дана болсақ та жаңылысатымыз да хақ. Себебі ілім философиялық тұрғыда астарлы сөздермен, нақылдармен, дін насихаты тұрғысында да түрлі тәпсір көзқарастар және пайғамбарлық өсиеттермен берілгендіктен мұны да тұрақты білімге айналдырып алып, ілімдік теориялық қана сипаты бар, ал тәжірибелік  сипатын өмірден електен өткен рухани болмысымыз біздер өз жерімізден шыққан ата-аналарымыздың ішінен әулиелік, даналық дәрежесіне ғана жеткен тұлғалар істерінен, сөздерінен ғибрат, үлгі алу арқылы ғана меңгерген ақылға да лайық болмақ. «Пәлен елдің кісісі болған екен, мындай даналық сөзі қалған екен»,- деп оны тәжірибеге алып амалға айналдырудан біздердің өзге ұлттық ерекшелік, қарама-қарсылық тұрғысында өзімізді танудан мүлде қашықтап кетеміз. Тіптен пайғамбарымыз айтыпты деген өсиеттің өзін пайғамбарымыздың өмір сүрген ортасы арап және надандық дәуірлерде болғандықтан, мұны біздің кейінгі замандар уақиғасын бастан кешірген әулие бабаларымыз қалай қабылдап, қандай амал қылды деп қана ізденсек және бұл амалдар соңғы кездерде даналар өсиетімен дәстүрімізде бекіген бе әлде бағзы замандарда ғана жеке әулиелік амалдар түрінде ғана қалған ба деп ақылмен қабылдасақ, санамызда бейнеленсе, таза жүрекпен мақұлдап иман тұрғысында қабылданса ғана, біз бұл құлшылықтың заман біліміне қарай ортасын таба аламыз. Себебі мұндай өсиеттердің бәрін біз жаппай тәжірибе жүзінде қайта тексеруге де қысқа ғұмырымыз жетпейді және мыңдаған жыл өмір сүре де алмаймыз. Сондықтан да жаратушы иеміз мұндай өсиеттердің бәрін тексеріп тәжірибеден өткізген мың жыл өмір сүрген Лұқман атта дананы үлгіге қалдырып, осы бабамыздың қалдырған өсиеттеріне де табыну туралы құранда белгі қылған. Сонымен ұлттық негіздегі даналардың ғана ақылдарына жүгіне отыра білім мен ілімнің ерекшелігін де айыра білген маңызды болмақ. Ілімнің теориялық өлшемін Құдайлық ақыл кітаптардан, пайғамбарлар өсиеттерінен, ұлтық нақылдардан алсақ, ал тәжірибелік сипатын әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізден аламыз да оның қарсы жағына меңгерген  білімізді қойып, ал ортасын өлшемін тағы да Құдайдың өзінен яғни біздің өзімізде тұрған «МЕН»- махаббат, сүйіспеншілік атты болмысынан сұрау арқылы, Лұқмандық қасиетті меңгерумен ғана өзімізге шамамызға керекті ілімді де, білімді де өлшеп алып амалға айналдыруға болады.

Екінші жағдайда арамызда ортамызда өмір сүріп жатқан халыққа ақыл беруші өзгелердің кісілік ісіне, үлгі амалына қарап оны ұлттық дәстүріміздің, әулие даналар амалдарымен салыстыра отыра, адамдық үлгі ретінде қабылдаумен де біз өзіміздің әрекетімізді оған қарсы қойып ортасын табумен, яғни өзіміздің бүгінгі жағдайымызды ақылды әлде ақымақ екенімізді де анықтауға болады. Сонымен бірінші тәсілді ақылмен меңгеру үшін де, алдымен екінші тәсілді яғни еліктеуді Абай атамыз айтқандай; «Бір ғалымды көрсеңіз, айтпаңыз ондай болмақ қайда деп..» немесе «Сенде бір кірпіш дүниеде, кетігін тапта бар қалан» деген өсиеттерін негізге алуға да болады. Сонымен заманымызда үлгі болатындай ғалымдар, ел билеушілер, зиялы қауым өкілдері, дінші, тақуа, кісілігі жетілгендер, өнерлі талантты адамдарға еліктеуден, табынудан біз алғашқы сатыға ғылым арқылы ғылымды меңгерген олардың тобына қосылып, бір ақылдық қуаттар арқылы әр нәрсенің ортасын табуға қабілетті яғни ілімді, білімді кісі бола аламыз. Олай болса қазақ елінде кімге қарап кімнен үлгі алуға болады? деген сауалдың туындауы да сөзсіз. Бір тұтастыққа жеткен тұлға бар ма? Жұлдыз, ғалым, ақын немесе әулие деп атаған табынған тұлғаларымыз бізге үлгі бола ала ма? Олардың ақылдылығын қалай анықтаймыз? Міне осы сауалдарға да жауап алу үшін олардың ақылдарының үлгісін салыстара білуге де ақыл туралы білімді меңгеру керек екен. Сонымен әуелі хат танып оқи білу білімді меңгеру де керек. Бірақ осы біліміміз өзімізге зиянды әсерін беріп басқа жаққа лағып, сол ортаның барлық салтына, тұрмыстық әдетіне, намазына да негізделіп ақылымыз байланып қалмау үшін де ұлттық дәстүрлік негіздегі  құлшылықтардың  тәрбиесін алға қоя білу керек болады. Олай болса біздің ақылымыз яғни; зейін, зерде, жете, сана, жат, жадымыз және естілігіміз, кісілігіміз тән тазалығына міндетті түрде тәуелді болып, егер тәнімізге арам аспен және оны сыртқы әсерлерден қара ластанған ақпараттық түрде сезім жүйкемізге кері әсерін беретін сәулелердің енуінен де қорғай білу керек. Абай атамыздың;

«Бас жоғары жаралған, мойын төмен,

Қарашы, дене біткен ретіменен.

Істің басы- ретін танымақтық.

Иман білмес тағатты қабыл деген.» өсиетін негізге алсақ адамзаттың барлық өзін-өзі тануы бастан, бастың тазалығын және басты меңгеруден басталады екен. Сонымен бұрынғы замандарда қандай пенденің әйел, еркек екенін анықтау үшін де басына қарап оның тұрмыстық өмірдегі дәрежесін, ақылдылығын да белгілейтін бас киімнің ерекшелігі болған. Патшада тәж, ғалым, данада, билерде өзінің лаузымына қарай бас киімі, сол сияқты қойшы мен жылқышының да бас киімінде ерекшелік болған. Ендігі біздің танымдық үлгімізде бұл дәстүріміз мүлде салтымыздан шығып түріне қарай анықтауға мәжбүр болдық. Ал енді сыйластық тұрғысында да бастың теңдігі біздердің үлкен кіші түгіл жыныстық теңдігімізге әкеліп соқтырғаны да сөзсіз. Кейде жасыратыны жоқ әйл затының ерекшелігін анықтау үшін көрсетіп қойған бұлтиған артық жерлеріне қарап тануға тура келеді де, мұндай көзқарастың өзі ұятсыздықты тудрады, онан әрі қарай иманды да жойып отыруға себеп болады. Олай болса ақымақтықты туындатуға себепші болған қандайда пенденің өзі ақымақ болып саналуы керек. Сонымен енді сайттардағы сұқбаттастық жағдайда бірін-бірі тану үшін суретін қоюмен әшкере танымал болатын да европалық әдетіміз бар. Мұндай жағдайда нені аңғара аламыз?

Суретіне қарап бұл заманда шайтан не жындылығын ғана аңғаруға болады. Бас киімсіз адам баласының ішкі нұрын, оның сөзге ұялған-ұялмағанын және ішкі дүниесінің тазалығын, көзіндегі мейірім, ақылының тазалығын, жүзіндегі шырайынан танып  білдірмеу үшін жалаңбас жүреді де кімнің иманы бар, жоқ оны білу мүлде мүмкін емес.  Сондықтан тіке қарап көзбен атысу яғни жыландай жындылықпен арбасуды ақылдылық деп қабылдаймыз. Көзін жасырса ақымақ, қорқақ, өтірікшідей бағалаймыз. Бұл да замандық біліммен байланысты шет жұрттан келген надандық. Сонымен енді қандайда бір пенденің «Адамдығын» өмірдегі орнын әшкерелейтін бас киімі жоқ болса қазақ дәстүрінде де ғылымда да мұндай адам баласының сана қуаты толық болуы жетінші чакра-күнінің болуы да мүмкін емес. Демек ғылымға-білімге жүгінсек, онда тектілігінде де кемістік бар. Ілімге жүгінсек те бойы толық жабылмаса саналығы дұрыс, қаны да таза болуы мүмкін емес. Олай болса мейлі патша, имам, хазірет, ғалым болсын жүрек көзінің ашық болуы да мүмкін емес. Бірақ, басты меңгермей қалған алты күнінен де әлемде ғылым-білімді меңгеріп адам аталып жүрген жоқ па?- деген сауалға да білім тұрғысында жауап беру керек. Оған да талдау жасап көрейік. Осындай басты қадірлемеуден біздің де шет елдік немесе ескі заман біліміне негізделген ақылымыз таза ақылға, ойшылдыққа жалғана алмағандықтан алтыншы, бесінші күнімізді меңгеруді де теріске алып алдық. Бұған дәлел; бұрынғы заман тектілігін әшкерелейтін аты-жөніне ондағы белгілі аталардың есіміне  қарап та кеңес үкіметінің кезінде сыйласуға, адамдығын тануға болатын еді. Мұны да шайтанның жамағаттары азғырумен тегіңді яғни ныпсыңды қазақшаласаң қазақ және текті болғаның деп, керісінше қазақтықтан, үлкенін құрдастай  атаудан тыйған дәстүрлік тектіліктен мүлде шығарып, арсыздарға айналғандардың өз атасын ат қылып артына мінгестіріп алғанынан тексіздіктің ғана туындайтынын алтыншы, бесінші күндерінің жетілмейтінін де білген жөн. Сондықтан да мұндай атты пенделердің мейлі әйел, еркек ғалым болсын естері кемдеу болады. Көбіне ызақор өзінен басқа білімді жоқтай тәккаппарлардан болады. Яғни Абай атамыз ескерткендей; Кітаптан оқып, біреуден біліп молдалардан үйреніп алады да, сонан кейін мың кісі қарсы болсада өз бетінен өлтірем десе де бұрылмайтындар «тәкледи имандылар» деп түсіндірген.  Енді бұндай топтардың жындылықтарының себебін мен «Жын-шайтан», «Құлшылықтар философиясы» атты жазбаларда білімін тарқатып жазып жатырмын. Сондықтан жеке-жеке талқыламай жалпы өзін-өзі танудың ерекшеліктерін ғана баяндап көреміз… (жалғасы бар) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.