Ясауи баба аманаты қазағыма

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 102

Иманым шарықтап отырған кезім еді,

Періштелер маған тылсыммен белгі берді,
Ойымды жинап дағы үлгермедім,
Бабамның кесенесіне алып келді,

Құлпы тастың басына кіріп бардым,
Отырған пенделерге қайран қалдым,
Денелері адамдікі болғаныменен,
Ешкібас екеніне көзімді салдым,

Оң жақта отыр екен молда сымақ
Алладан келіп жетті-ау оған сынақ,
Ол да бұзау бас ниеті арам,
Құранын сатады екен, тамақ қырнап!

Талай пенде келіп кетті-ау бұл мекенге,
Ұлы бабам куәгер ғой талай дертке,
Ағаттықпен қателік жасап қойса,
Мойнына күнә артып, жалынады екен кесенеге,

Деді Бабам келгендерге жеткіз менен,
Басыма келсін Ш ы н ниетпенен,
Дүнияй тірліктерін сұрамасын,
Ондайларға болады тозақ мекен,

Ақиретін сұрап,Аллаға мұңын шақсын,
Күнәсін мойындап, Аллаға тәубе  айтсын,
Бақилықпын, тоқтаған амалым бұл дүниеде
Көмегім жоқ и м а н с ы з пенделерге

Рухыңнан айналайын Бабам менің,
Артынан жайлап басып мен келемін,
Шығарып салуға мені ол қамданды,
Шықтық бірге алдына кесененің

Айбынды он мың мурид, нұрын шашқан,
Қылышын көтеріп, талайдың мысын басқан,
Сабырлықпен тур екен пірін күтіп,
Нұрлы жүздері күн көзіне шағыласқан,

Бабам сонда құбылаға басын бұрды
Артынан муридтары қатарға тұрды,
Қамданып жамағатпен намазға олар,
Жаратқанға жалбарынып басын сәждеге ұрды  …..

        ( ШЕБА РАХМАТУЛЛАЕВА  2010 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *