Тағдырға болар кім себеп?

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 50

Үміт  күтсең ұрпақтан,

Тый бойыңды жаманнан,

Сырттан келген жаман қасиет,
Ол ұрпаққа қәсірет,

Жамандық қаныңменен болады,
Зияны ұрпақ қуады,
Тағдырың содан байланып,
Жақсылықты, имандықты жояды,

Шиеленіскен тағдырлар
Жауабын оның кім сұрар,
Адамды қысып-буып,
Жын-шайтан құзға лақтырар,
Ей, адамзат баласы,


Құлшылық тура жолда жүрсең егер,
Зиян су,суық жүрісті доғар,шегер,
Зиянмен құлшылық араласса,
Тағдырың шиленіседі, бәрі бекер!!!
—————————————————————————
Бір жиында Расулулла отырғанда,
Сұрақ қойды иман жүзді адамдарға,
Кімнің иманы кәміл болады?
Деді да, жауап күтті сұрағына,

Сахабалар ойланды әрлі бері ,
Періштелер иманы кәміл -деді,
Терең ойға батып отырған Расулулла
Нұрланып сонда оларға жауап берді,

Періштелер нұрдан құлшылыққа жаратылған,
Бас иеді әмір күтіп Жаратқаннан,
Жынысы жоқ, ішпейді, жемейді да,
Жауап іздеңдер басқа жаратылыстан,

Сахабалар ұзақ ойланбай жауап берді,
Бізді иманымыз кәміл деді,
Қарады сонда Ол мүбәрәк көздерімен,
Ұялтты сахабаларын сөздерімен,

Араларыңда пайғамбар  боп мен тұрғанда,
Жол болсын сендердің ондай ойларыңа,
Күнделікті керемет алдарыңда,
Имандарың берік қой олай болса.

Заманның соңына таяу  үмметім майданалар,
Ақиретін ұмытып, дүние қуар,
СОЛ КЕЗДЕ БІР ҚАУЫМ БОЛАДЫ ЖЕР БЕТІНДЕ,
АЛЛАНЫҢ АҚ ЖОЛЫНА ҚҰРБАН БОЛАР,

Шапағатым менің сол үмметке түсер,
Хақтың Өзі сол үмметті қатты сүйер,
Кереметсіз, пайғамбарсыз жүрсе дағы
Аллаға  берік, иманы кәміл келер !!!!

(2010 23 шілде   ШЕБА РАХМАТУЛЛАЕВА)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *