IV-Өзіңді-өзің танығың келсе

Бөлім: Өзіңді-өзің танғың келсе 172

                       (басы; 1-3 тарауларда)

   Адам баласын өзін-өзі тану үшін Ес деген қабілетін жаратқан. Қандайда бір жаста, атақ дәрежеде, ел басқару орындарында жыныстарының ерекшелігіне де қарамай естіліктің де әр түрлі деңгейде болып, адамдығын тану үшін есті ақылдың шамасына қарай өзіміздің де есіміздің артық кемін ажырата аламыз. Сонымен біз қандайда бір қасиеттің, адамдық құндылықтың шамасын анықтау үшін білімді меңгеруіміз, яғни білімді болуымыз шартты. Шартты деген ұғымның өзі белгілі бір шектеумен байланысты ақпараттарды қабылдап, сіңіруіміздің шамасын белгілейді. Қандайда бір танымның, ақпараттардың, қасиет-қабілеттердің, күштердің ең жоғарғы өлшемі Алланың Өзі болып табылады. Сондықтан біз жаратушымыздың бізге өлшеп берген дінісіз яғни шартсыз ақылының қуаты, құдайлық идея арқылы ғана біз «Өзін» яғни жаратушы иеміздің бізге айқын болған хикметті қасиет егелерін тани отыра және осындай құндылықтарды меңгерген қасиетті құлдары, Өзінің досы аталған әулие-әмбилеріне, даналықтың бұлағы болған кісілеріне қарап ұнап ұқсауға, үлгі-ғибрат алуға міндеттіміз. Мұны біздерге қалдырған мирас, аманат деп атаған, киелі кітаптарға, кісілікке жалғану деп атаған да дұрыс. Олай болса біз ақылға, рухани тұрғыда кісілікке табынуымыз яғни сәждеміз, қызметіміз, құлшылығымыз болып табылады. Адам атамызды алғашқы жаратқанда таза дінсіз шартсыз ақылдан Ақтардан сансыз (топыр) аяттардан яғни құраннан жаратқан екен. Сондықтан оған Раббымыз барлық біздерге әшкере болатын жаратылыстың негіздерін белгілеген сөздердің атауларын Адам атамызға үйреткенде періштелер бұның ішкі сырын, жаратылыстық нәрселердің қасиетін, аттарын білуге Ақтық-таза ақылдық шамасы болмағандықтан; Адам атамыз мұндай атаулардан тарайтын барлық жаратылыс егелеріне ат қойып шыққан екен. Сонымен Ақ-құдайлық идея таза ақыл болып біздің жаратылысымызда бұл нұр, шырақ яғни Мұххаммед-сүйіспеншілік-махаббат деген атпен Адам атамыздан бері жалғасып келеді. Сондықтан Адам атадан бұрын Мұхаммед пайғамбарымыз, яғни махаббат атты пайғамбарлық қасиеттің жаратылғаны да мәлім болды. Қандай да бір жаратылыстың сырын, білімін меңгеру үшін біз қалайда осы Ақтың белгілі бір қуатын жүктеп алуымыз керек. Ал енді Ақ-нұр болса жердің барлық жаратылыс нәрселерінің ішкі зайырын және жердің серігі Ай планетасы арқылы жердің бар тіршілігін басқарушы негізгі қозғалыс қараның және қызылдың қарсылық себепшісі және Ақтың ең көп мөлшері суда болуын да білген жөн. Барлық нәрсенің жұбы пары болу себепті жұп ұғымы қасиеттілігі, мақсаты ұқсас жаратылыс егелері болса, ал парлық; бұл қарама- қарсылық жағдайындағы қасиетімен байланысты болмақ.  Сонымен жерге жаратушымыз алты түрлі оттың сапасын беру үшін яғни алты күнде жаратылудың да және жалпы әлемнің жеті күнде жаратылуын паш еткен. Осылай жаралыстың негізгі себептерінің сипаттарынан біздің яғни адам баласының киелігінің қасиетінің негізгі өлшемдері де пайда болып, бұл қасиетті қуаттарды, күштерді меңгеру үшін де біздерге керекті ақылдың қуатын, шамасын меңгеруміз адамзаттың негізгі сәжде құлшылығы болмақ. Осындай жағдайда барлық жаратылыстық нәрселердің бәрі адамзаттың тіршілігіне арнап жаратылғанмен олардың белгілі бір мөлшерде ғана бізге пайда беріп шектен, шамадан асырып пайдаланған жағдайда зиянын тигізетінін, мұның сырын біздің қысқа өмірімізде меңгеріп түсінудің мүмкін еместігі де сөзсіз. Сондықтанда бұл ілімнің тәжірибелерін біз мыңдаған ғасырлардан бері жалғасып келе жатқан ата-баба тәжірибесіне, олардан қалған ақылдың өлшемі білімге сүйене отыра пайда-зиянын ажыратуды үйренуіміз керек. «Сонымен біздің өмір сүрген жердің үстінде, астында, ортасында және көктен түсетін кез келген құбылыста құдіретті күштің киесі болмаса адамды жалықтырып жібереді. Ақылды адам өлгенше айналасынан сол Ұлы Күштің киесін іздеп аласұрады. Мән мен мағынадан жұрдай болған барлық білім адамның сакральды табиғатын ашпайды. Адам қарабайыр тіршілік иесіне айналады.» Бұл ойларды айтқан Иран ғалымы Саид Хусеин Наср екен.  Адамзаттың қандай да бір замандарда, дәуірлерде өмір сүрсін, тылсымды табиғат күштерінің сырын меңгеруге талпынысы және оны қалайда басқаруға деген құштарлығы ешқашан бесеңдеген емес. Біздің жаратылысымызда өзгелерге ақыл айтып, көпшілікті басқаруға деген құштарлығымыз Адам атамызды жаратып, оған барлық періштелердің қызмет қылуымен және Ібіліс періштесінің қарсылығымен оны қалайда меңгеріп жеңіп бағындыруға деген құштарлық, нәпсілік негізіндегі арадағы бәсеке қиямет-қайымға тіршіліктің соңына дейін жалғаса беретін, ұрпақтан ұрпаққа өмірдегі өзіміздің тәжірибе білімімізді аманаттап қалдырып отыруға; біздің жаратушы иеміздің Өзі-ұлы күшті, бір  тәңірімізді ақылмен танып, әрекетке, амалға, намазға айналдыра білген  құлшылық сәждеміздің нәтижесі де болмақ. Енді Адам атамыз жер бетінде адамзат тіршілігінің басы болып және жер бетіндегі өмір сүру, тіршілік етуден ешқандай тәжірибесі болмағандықтан құдайдан үнемі тікелей үйреніп сұрап отыру қажет болғаны да сөзсіз. Сонымен діннің ілім тұрғысында яғни сөз жүзіндегі ақыл тұрғысында көрінісін, кітабын Адам атамыз алғашқы болып алып, мұны тәжірибе жүзінде ақылға, білімге яғни белгілі шартты дінге айналдырып ұрпақтарға аманаттап отырғаны да хақ. Олай болса замандар өткен сайын бұл білім жеткіліксіз және оған қарсы білімдердің ібіліс тарапынан пайда болуына байланысты ілім жүзінде үнемі құдайдан уахимен ел ішінен елшілерді, даналарды, пайғамбарларды шығарумен жетілдіріп отырғаны да сөзсіз.  Білімнің де адамға тікелей берілген көрсетілген аяндар жүзінде және теріс ойдың ібілістің ықпалымен тіршілік нәпсілік қажеттілікті өтеу барысында пайда болатынын, ал мұның пайда-зиянын анықтап отыруға үнемі ақылды толықтырып отырмаса, бағы замандағы адамзатқа пайда берген білімнің керісінше зияндылығы да артып мұның соңына түскен жағдайда адамзаттың азғындыққа түсуі де, тарихаттан қалған оқиғалар айқын дәлелді де болмақ. Сонымен тек Адам атамыз ғана білімді алудан бас тартып, себебі жаратылыс киелерінің де қарсылықтары болған- қара күштердің ол замандарда Адам атамызға тигізетін зияндылығы да аз болғаны сөзсіз.  Ал қалған ұрпақтардың мұндай қарсылық тұрғысындағы қара күштердің өндірушісі де болып шайтан жамағатына айналып азғындыққа түсуіне, ібілістің азғыруына ерушілердің де артуына байланысты, діннің де сан алуан тұрғыда ілімінің артып отыруына да себепші болғаны сөзсіз. Сонымен бұл қарама-қарсылықтың соңғы нүктесін дін ілімнің оқылуының, оның кітап болып түсуінің соңғы нәтижесі болып Мұхаммед пайғамбарымыздың ислам дінін толық негіздеп, намаздарының орындау үлгісінің негізін қалап кетуі болмақ. Бірақ бұл енді дін білімнің адамзатқа оқылмай осымен тұрақтады десек, онда ібілістік білімнің де — қарсылықтың да тоқтауы керек. Ондай болу да мүмкін емес. Жаратылыс, қозғалыс заңына да қайшы. Сондықтан құранның біздерге аталарымызға түсініксіз құпия сырларының және оның көмес-физикалық, ғайып-метафизикалық ілімдерін сөз жүзінде құдайдың Өзі яғни киелігін, даналығын меңгерген сүйікті құлдары арқылы оқылуын ой тұрғысында жалғастыра бермек.  Ой қуатын заманға қарай меңгеру арқылы біз ақылымызды толықтыра отыра және бұрынғы заман ойшылдарынан, даналардан, елшілерден, пайғамбарлардан үлгісін алып, ғибраттанып табыну, сүйіспеншілік арқылы біз жер бетіндегі тіршілікті онан ары қарай дамытып отыруға тиістіміз. Осы тұрғыда өмірде өзіміздің атақ-даңқымызды, ақылды сөзімізді, шаруашылық өмір сүрудегі білімімізді кейінгі ұрпақтарға мирас қылып қалдыру арқылы біз өзіміздің мәңгілік өмір сүруге жер бетінде белгі қалдырамыз. Осы тұрғыда; Омар сахаба былай дейді: «Дүние даңқы малмен, ақирет даңқы ізгі амалмен шығады». «Адамдармен жақсы мәміле жасай алу — ақылдың жартысы, жақсы сұрақ қоя білу — білімнің жартысы, істі жақсы басқара білу — тіршілік етудің жартысы».

Сонымен 4 түрлі әрекетпен біздің адамдық сәждеміз толық болады екен. Ізгі амал туралы әркім өзінің ақылының, имандылығының шамасына қарай атқаруға тиісті болса, осыған қажетті ақылдың жартысын, білімнің жартысын, тіршілік етудің яғни адамның өзін-өзі басқара білу тәрбиесін де меңгеру керек екен.  Олай болса мұны меңгеруге де бірінші кезекте толымды ақылдың жағдайын қандай жағдайда толық ақыл, қандай жағдайда ақылымыздың кемдігін де аңғарудың маңызды екенін де білу керек. Осы тұрғыда менің тылсымнан келген уахи, білімге байланысты және көптеген даналардың қалдырған өсиеттеріне, нақылдарына негізделген; «Құлшылық құпиясының философиясы» атты жазбада ақылдың білімі оның қандай жағдайларда қуаттанып, қандай жағдайда жоғалуына байланысты насихат жазылып жатыр. Сондықтан бұған терең үңілмей жалпы сыртқы бейнесіне қандай жағдайда біз өзімізді тану арқылы есті аталуымыз керек деген сауалға жауап бермекпіз. Сонымен бізге негізгі керек шартты; «Санасызға сан айтасаң да түсінбес, жетесізге жеті айтасаң да түсінбес» деген нақылмен аталарымыз адамға ең басты керек түсіну қабілетін жетілдірмей ешқандай білімнің де тәрбиенің де, заңның да, діннің де ықпалы болмайтынын ескертіпті.  Естіліктің де маңызы осы түсіну қабілетінің қуаты сана-сезім мен ерік күші мінездің сипатын білдіреді. Біздің  саналығымызды, мінезімізді  яғни естілігімізді қандай тәрбиемен болсын толымды қалыптастыра алмаймыз. Тек қана ата-ананың алғашқы үлгісін ғана қалыптастырмаса, ал зорлықпен үйрету арқылы жалпы ақылдық қуат қылып беруі мүлде мүмкін емес. Біз естілігімізді өзіміздің еркімізбен, жан талабымен ғана өзіміз іздеп  таба аламыз. Бұл тұрғыда ең бастысы мінездің қасиеті әділдікті меңгеруден бастауымыз керек. Ал әділдікті меңгеру үшін де біз өз ұлтымыздың тұрмысын, тілін, мінезінің, қасиеттілігінің шартты дін тағлымы болған әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізден хабардар ғана болып қоймай, оны ізгі амалға айналдыруға  ниеттеніп, талаптанып қана қоймай қандай жағдайда бізге пайдасы мол алуымыз керек және оны тез оңай жолмен меңгеруге болатын дәстүрлік тәжірибе жүзінде бар үлгілерге де табына білу керек.  Осы тұрғыда біздерден бұрын өткен бабалармыздың, даналарымыздың нақылдар мен өсиеттері де жеткілікті жол бағыт сілтеуі де хақ. Бірақ біздер үлгі алу амалы тұрғысында, ондай Алланың сүйікті құлына айнала білген даналардың, әулие-әмбилердің қасиеттіліктеріне таң қалып таңдай қағып табындық, сүйдік дегенмен  қандайда бір бізге беймәлім қасиеттің, құбылыстың тегіне, кітабына қалай жалғану тәсілдерін білмей біз ақылды болып жақсы амал қыла алмаймыз. Ал қандайда бір қасиеттің тегін аңғару үшін және оны меңгеру үшіне біз ретін білмей намаздарын түрлі жағдайда орындаған амалдарын ақылсыз қайталай бергеннен де нәтиже жоқ, керісінше адасуға апарып соқтыруы да сөзсіз. Сондықтан да ең оңай шарты мұндай адамдық құндылықтарды бұзатын жамандықтарды түсіну, онан жирену, қалайда мұндай ұятсыз, арсыз істерге бой ұрмау  амалдары арқылы ғана бізде қасиеттілікке жете алуға жол көрсететін белгіні табамыз. Осындай жағдайда; «Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа»- деген сияқты иттік мінезді жеңіп, тәрбиелеу арқылы әр рудың, ұлттың, әлемдік халықтардың да салттық ерекшелігіміздің де сан алуан түрлігі барын ескерткен деп түсінген жөн. Арап елдері мұны намаз оқуға жығылу арқылы мастық, иттік мінездерінен, ұятсыздықтардан арылып қасиеттілікті меңгеру жолын ұсынады. Европа елдері білім арқылы ақылды меңгеріп, мінезді қалыптастыру жолын ұсынады. Біздердің де бүгінгі салтымыз қалайда білімді болу арқылы ақылды аталып, осындай дәрежемізге байланысты керек  мінезді де білім арқылы меңгеру жолын таңдап алдық. Бірақ біз европадан білімін алумен бірге оның сөзін де алып, оны іске, амалға айналдырып ойлау  мінезіміз де соған қарай бейімделгендіктен де европалық ұятсыздыққа қарай барлық болмысымызды, өмірімізді де ұқсатып табынып алғанымызды мүлде аңғарудан қалдық. Сонымен;«Ақылды сөз қылмақ қиын, ақылды сөзді ақылды іс қылмақ одан да қиын.» Біздің сөз сөйлеу мәнеріміз, өнеріміз ақылымыздың көрінісі болса, ал ісіміз сол ақылдың амалға айналған нәтижесі болып шығады екен. Олай болса біз өзіміздің ар, ұяттылығымыз өз дәстүрімізден қаншалықты ерекшеленуіміздің өзі, осындай мінезіміздің  ұлттық болмысымызға сай болмай қылығымыздың да естілігінің кем болуынан, ақылымыздың қаншалықты жетілмегенінен көрініс бермек. Білімділікті меңгерудің де негізі тыңдай білумен,  жақсы сұрақ қоя біліп, есту қабілетімізді;  зейінімізді жетілдіріп және түсінігіміздің де білімімізге, ой қуатына сай жетелік қуаты болғанымен, ал саналы болу үшін де сан алуан түлі жаратылыстық білімнен хабардар болуымыз және ұлттық тұрғыда ар, ұяттылықты сақтай білуіміз  де керек екен. Және  біздің мұндай инемен құдық қазғандай еңбек етіп жинаған біліміміз ақылдың жат, жады қуаттарын қалыптастырса, енді мұның амалдық нәтижесінің өз сөйлеу өнеріміз біздің зерделігіміздің яғни мінезіміздің, тіл білімінің, жігерлігіміздің, ойламдылығымыздың шамасын әшкере бейнелейді екен. Бірақ мұндай жағдайда сананың жұбы болған жанның тірлігін білдіретін ұжданның, көңілдің қуаты болған зеректік ақыл қуаты қалыптасуы мүмкін бе? Әрине жоқ. Себебі білімге ғана сүйенген идея-ақыл қуаты бар жерде зеректік болмайды. Өйткені білім қазіргі өмірімізден басым түсетін болса, онда өміріміздің мәнділігі өткен шаққа айналады. Ал өткен шаққа сүйене отыра болашақты пайымдаудан ақыл жылдам, ұшқыр болудан қалып әрі тірі болудан да қалады. Мұндай жағдайда ақылымыз тек тәннің және жақсы тұрмыстың ғана қамын жеп, рухани қажетті басқа керекті қуаттарды ұмыттырады. Мұнан біздің тәніміз арсыздық, ұятсыздыққа тез бой үйреніп тұрпайыланады. Ал ағзаның мұндай жағдайда сылбыр, ұйқыл-ояу, ішкі сезімдердің қабілеті жоғалуынан ақыл тірі, зерек болу мүмкін емес. Адамзаттың жанын оятатын үнемі ізденіп талаптануға, тылсымдық қуаттарға жалғанып аян уахилар жүйесін алып, жанды тазартып отыруға тиісті  зеректік қуаты мен жетелік қуаттың әлсіреуінен қазақ қана емес әлемдегі түрлі рухани дағдарысқа түуге себепші болғаны да сөзсіз.  Сонымен адамзат білімді меңгеріп, зейінді, жадылы, жаттауға қабілетті және ел басқаруға зерделі-талантты болғанымен естілікті меңгергуе қабілетті зерделік, жетелік ақыл қуатын жетілдіру әдістерін, жан ғылымын мүлде ескерусіз қалдырған десек те болады. Мұндай жағдайда адамдар ұзақ уақыт тыныштықта өмір сүрсе де бойкүйездікке бой алдырып, табиғаттағы барлық жаман әдеттерді сіңіруге құштар болады. Мұны қалыпты салттарына айналдырып алады. Мұндай жағдайда білімді қауымның да қайта жол тауып түзелу, адамдықты қалыптастыру қабілеті жойылады. Ар-ұяттылық салтының жоғалуымен жігер, қайрат, ішкі ерік, еркін ойлау қабілеті де жоғалады. Олай болса біздің есті аталған білімді зиялы, ел басқарушы қауымымыздың да одан үлгі алған бұқара халықтың да естілігі қалыпты деп айтуға болмайды да. Ал енді мұндай жағдайда біздің зердемізге тікелей берілетін қуат арқылы рухымыздың тірілуімен, жанымыздың оянып рухымызға жетілік қабілет беруге де қазақ дәстүрінде өзіндік намазының барын білеміз бе?…. (жалғасы бар)

Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *