Айналайын шырағым
Алтын тұғыр пырағым.
Сен туғанда жетпіс мың періште
Бет пердесін шешіпті
Сөйтіп тұрып Алладан
Тілеуіңді тілепті.
Періштелер тілегі қалауы ма
Бұл пенде хан болады да.
Хан болып бір күні тұрады
Төбесінен күн туады.
Сол күнді ол құмар қып
Туын ілді тұмар қып,
Бүкіл елі силаған
Сонша ғасыр қиналған
О, Алла бізден алма деп
Дұға қып бет сипаған.
Өмірің сенің өзенің
Басыңда бар екен бәрі де
Сыйлайды жас, кәрі де.
Туғанда сен, жетпіс мың періште
Ен салыпты еңсеңе
Елдің баласы бол дейді,
Бақ, нұр болып сол елге қон дейді.
Періштелер шақырып азан
Салыпты жауыңнан қорған.
Төрт құбылаң тең екен,
Жегенің сенің бал екен.
Қасыңды да досыңды
Ұстайсың сен парымен.
100 сынақ келген Алладан
Бәрінен оңай өттің ғой
Несібе ырзық бәрі той.
Зиянға онша зауқың жоқ
Көңілің ояу, қарын тоқ
Сен баспаған тауың жоқ,
Сен шешпеген дауың жоқ.
Мыңдаған тағдыр егесі
Шындап бірақ келгенде
Бар жаныңның егесі
Бір АЛЛА, ОЛ біліп қой
Көңілге соны түйіп қой!
(Деп тоқтады тылсым күш 2010 жыл
ШЕБА РАХМАТУЛЛАЕВА)