Арыстан бабаның рұхына сәлемдесу 

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 39

Нұрлысың бабам менің айналайын?
Халық осы, заман сондай не қылайын?
Білемін мен бәрін сен сезіп жатсың
Шапағатыңды келгендерге төгіп жатсың

Біреулердің ниеттері қабыл болар
Біреулер темір тұяқ, бос жел қуар,
Біреулері қауһарсыз, харам ниетті да бар
Тілектерін құдайға ұсыну ауыр болар?

Аманатпен өмір сүрген бабам менің,
Рухыңа қайта-қайта бас иемін.
Пайғамбардан  шапағат алып жатырсың ба ?
Сол жолды аңсап арттарыңнан мен келемін.

Қиналғанда маған да жолды көрсет,
Бұл жалғанда адастырмай қолдау көрсет,
Жаратқанның жарығын көріп жатсың
Сұраймын Алладан құранмен бер деп медет !

(4.11.2012 жыл ШЕБА РАХМАТУЛЛАЕВА)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *