V-Иман және махаббат

Бөлім: Иман және махаббат 95

(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы, философиялық ойшылдығы)

Сонымен шынайы ғылым әр ұлттың өзіне тән нақылдары мен онан туындайтын ғұрыппен, дәстүрмен және осы дәстүрлі дінін дәлелдеген даналарының философиялық ойшылдығынан белгілі болмақ екен. Олай болса әлемдік дәрежеде мұндай ғылымның негізі де философия іліммімен сөз тазалығын қалыптастырушы  ойшылдықпен өлшену керек. Құранның өзі философияның адамзат ойшылдығының жоғарғы межесі және логикалық білімнің де тұғыры, себебі ашық аяттар мен сыры жабық аяттардан тұрады. Енді Абай атамызды әрі қарай тыңдасақ; Дүниеде шынайы ғылым бар, олар айтылған, жазылған нақылдар деп түсіндіріледі. Бұндай нақылға жүйріктер ғалым аталады. Құдай тағала еш нәрсені себепсіз жаратпаған мұны зерделеп, зерттеп ұлы жаратушы туралы түсініктерге негізделген хадистерге, жақсы істерге құштар болып ғибраттанушыларды тыюға болмайды. Бәлкім игілік ісінің себебін білмекке құмарлықтан жақсы іске, жақсылық жасауға ғашықтықтық шығады. Құдай тағаланың затына пендесінің ақылы жетпесе де дәл сондай ғашықпын демектің өзі орынсыз.

Ғашықтықтың, сүйіспеншіліктің халын нәпсімен, мақұлықтық байланыссыз Алла тағаланың пендесін махаббатының және рахметінің бірлігінде жаратқанын біліп, махаббатына махаббатпен елжіреуді-сүюді құдайға ғашық болды дейміз. Мұндай жағдайда құдайдың хикметіне пенде өз ақылы жетерлік қадірін ғана білсем деген әрбір істің себебін іздеушілерге Хакім деген ат беріледі. Бұлар хақтың бірлігінен терістер мен қарсылықтарды айырып себептерін білмекке тырысқанымен барлығы адам баласының пайдасы үшін, ойын күлкі түгіл, дүниедегі бүкіл ләззат бұларға екінші мәртебе болып, бір ғана хақты таппақпен, әр нәрсенің себебін таппақпен ләззаттанады. Адаспай тура іздеген хакім-дана болмаса, дүние ойран болар еді. Адамзат ниетінің, пиғылының қазығы-осы даналар, әр нәрсе дүниеде бұлардан шығады, бірлігіне айналады. (Бұл жерде атамыз замандық қозғалыс туралы және осындай замандардағы түрлі жағдайдалармен де түрленіп адамзатқа пайдалы, зиянды әсер беретін барлық рухани күштермен байланысты себепті меңгеруді, қасиеттілікке жетуді ескертеді. Ал енді қандайда бір қозғалыс себептерді  қандайда дін білімімен кітап жүзінде немесе масһабтық біліммен де тек сөз, насихат түрінде болмаса нақты намаздық амалын, әрекетін орындауын және рухани қозғалысты қалай меңгеруін сол замандық уақыттық қозғалылысқа қарай Құдайдың өзі уахи, аяндарымен түсіндіретінін де білген жөн. Сондықтан мұндай себептердің адамдық қасиеттілікке байланысты негізделуі тек аруақ арқылы ғана мүмкін болатынын да естен шығармаған жөн).

Бұлардың ісінің көбі-дүние ісі, яғни осы даналардың-хакімдердің жасаған, таратқан істері. (Өркениетті қалыптастыру түрлі зауыттар мен мәшинелер шығару тәрізді.)  Дүниеде жасалған ізгілік істер ақиреттің егіндігі дегендей, ақиретке егіндік болатын сол. (осындай адамзатқа пайдалы ғылым-білім жетістігі) Әрбір ғалым-хакім, дана емес. (ақылдың 6 сатысын даналықты меңгере алмайды) Әрбір дана — хакім, ғалым. Ғалымдардың нақылында мұндай мұсылман иман тәкледи (дінді жетік меңгере алмаған ғалымдар тек біреулердің айтуымен, үйретуімен, кітаптан алған біліммен мысалға маһаб ғалымдары сияқты) кәсіп қылады. Даналардың ақылмен бірлікке жетсе иманы шынайы болады. (философиялық мектептің, даналықтың маңыздылығы да осыдан туындайды) Бұл даналардан мұрат (мирас кітап алғандар)-мұсылман даналары болмаса, күмәнсіз тура діннің даналары (шынайы иманды хакімдікті) таба алады десе де, дүниенің әрі адам баласының өмірінің сырына жетсе де, діннің хақ мағрипатына-танымына жете алмағандар. Себебі бұлардың көбі –иманның 7 шартынан біріншісін бір Алланы танымақтығынан ғайри (күмәнсіз сенімді). Ал қалған иманның 6 шартына кім күмәнді, кім қарсы болып толық танымға жете алмағандар. (Енді Абай атамыздың меңзеген; Иманның 7 шарты дегенміз; 1. Алла тағаланың бар екеніне, біреу екеніне сену, иман келтіру яғни бірлік білімін меңгеру; 2. Періштелерге сену, сипаттары, қасиеттері білімін меңгеру; 3.Дін кітаптарына иман яғни алдымен құранды сосын қалған кітаптардың білімін де меңгеру; 4. Пайғамбарларға иман келтіру, яғни олардың өсиеттерін, сүннеттерін де меңгеру;5. Ақирет күніне иман келтіру, яғни ақиреттің себептерін, сырын меңгеру, уахи аянға жалғану; 6. Жақсылықтың да жамандықтыңда төркіні Алла тағаладан деп иман келтіру, яғни бұл себепшілердің сынақтарының да маңызын, білімін меңгеру; 7. Өлгеннен кейін ол жақта өмір бар екеніне иман келтіріу, олай болса ақиреттің тіршілік иесі аруақтық білімді меңгерумен де нәтижеленеді.)

Бұлар дін ұстазымыз болмас да, дін басшымыз құдайдың елшісі пайғамбарымыздың хадисінде; «Адамның жақсысы адамға пайда келтірген адам» деген. (олай болса біздің масһаб біліміндегі елшілік пайғамбарымызбен бірге тоқтаған деген ұғымды жалғанға шығарып, әрбір дін басшы құдайдан бізге елшілікке тұрған бізге пайда келтіруші адам саналады)  Ал енді хакім (ғалымдар) ұйқы, тыныштық, әуес қызықтардың бәрін қойып, адам баласына пайдалы іс шығармаққа, яғни электрияны тауып, аспаннан жайды бұрып алып, дүниенің бір шетінен әзір тез  жауап алып тұрып, от пен суға айласын, амалын тауып, мың адам қыла алмастай қызметтер істетіп қойып тұрғандығы ерекше адам баласының ақыл-пікірін ұстатып хақ пен қарсылықты айырмақты үйреткендіктен (мұндай зиялы парасатты қауымның) баршасы өнегелі болған соң, біздің оларға міндет қылуымызға болмайды.

Бұл замандардың молдалары хакім-дана, ғалымдарға дұшпан болады. Бұлары білімсіздік әрі бұзық пиғыл, адам баласы нашар жаратылған, көңілі жамандыққа ауып тұрады дегенге есеп. Олардың шәкірттерінің бәрі арап-парсыдан тіл үйренсе, соған мәз болып, өзіне өзгешелік беремін деп әуре болып, жұртқа пайдасы тимек түгіл түрлі-түрлі зиянкестік қылады. (экстремизм, терроризм туындайды) «хай-һой» менен, мақтанменен қауымды адастырып бітіреді. Бұлардың көбі әшейін надандық түгіл надандықтан тыйылуға талабы болса, қандайда хақ сөздер келсе (заманға қарай уахи, аян аруақтан бата) сол мезетте ынсапқа келіп, ғибрат алсын.

Рас сөзге ор қазып, тор жасамақ не деген ынсап, құр өзімшілдік. Және әр өзімшілдік-адам баласын бұзатын пиғыл. Растықтың бір аты-хақ. Хақтың бір аты-Алла. Бұған қарсы қаруласып қарсыласқанша, мұны ұғып, әділетпен бамдау (пайымдау) керек. Мұндай пиғылдардан күпір болу қаупі де бар. Және пайғамбарымыз; «Ақыр заманда бір жылдық бір күн болар» дегенде сахаба әріптестер; «Бұл бір жылдық бір күнде намаз нешеу болады» деп сұрағанда оның пәтуасы сол заманның ғалымдары білер деген сөзінен ғибрат алып көрсек, заман өзгерумен қағидалар да өзгеретінін білдіргені мәлім емес пе? ( Олай болса соншама замандар өткен масһаб білімін сол қалпында өзгеріссіз және намазын да тура жол қылып алудың астарында не жатыр. Абай атамыздың өзі өзінің заманында мұның теріс екенін «Имансыздық намазда қызылбастан салған жол» деп бекер ескертті ме?)

Бұл күндегі білім ордасы ескі медреселер ғұрпында болып, бұл заманға пайдасы жоқ болды. Соған қарай Түркия патшалығында соғыс мектебі салынып жаңа өнеге үлгіге айналған. Мұндағылар ұзақ жылдар өмір өткізіп, ғылымды пайдасыз ұзақ өзара бақастықтан, бәсекемен, (өзара ерегістермен, көреалмаушылықтармен) күндерін өткізіп тіршілік дүниеде бір ессіз адам болып шығады, ешбір қаракетке лайығы жоқ болған соң адам аулауға, адам алдауға салынады. Көбіне мұндай ессіздердің насихаты да әсерсіз болады. (сезімдік ақылға негізделген масһабтық білімдердің, тарихат, сопылық дін топтарының адамзаттың заманға лайық қаракеттік ақылын, алғырлығын жетілдірумен айналысуға бағыт беруге, рухани жетілдіруге ешқандай да жобасы жоқ екені де сөзсіз).

  Дүниелік әлем бір ғана түрлі ақылға нұрды тұрақтатын нәрселерден тұрады. Жоқшылықтың адамды хайуандандырып жіберетіні де болады. Бәлкім дүниенің ғылымын да білмей қалмақтық-бір үлкен зиянды надандық, ол құранда ескертіліп тыйым берілген; дүниеде кімде–кім өзіне өзгешелік бермек болып мал табуға махаббатын аударып, дүниені жақсылық қылуға қолым қысқа болмасын деп және өзім біреуге кіріптар болмайын деп, малға махаббатын аудармай, ізгілікке бола адал кәсіппен тапқан дүние (жамандыққа түсірмек) емес. Біз ғылымды сатып мал іздемек емеспіз. Малды жұмсап ғылымды кәсіп қылмақпыз. Өнер өзі де мал (қуат), өнерді үйренбектің өзі де адамдық. Бірақ ол өнер әділеттіліктен ауытқымай шариғатқа, дәстүрге үйлесімді болсын.  (жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *