VI-Иман және махаббат

Бөлім: Иман және махаббат 54

  (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы, философиялық ойшылдығы)

    Адамға  халінше адамгершіл болмақ-қарыз іс. Бірақ өзгелердің адамгершілігіне сүйеніп алу (пайда іздеу) дұрыс емес. Молдалар тұра тұрсын, әсіресе бұл заманың ишандарына (қожаларға) бек сақ болыңдар. Олар-бүлікшіл ғалым. Бұлардан зияннан басқа ешнәрсе шықпайды. Өздері үкім, шариғатты таза білмейді, көбі надан болады. Оған қарамай өзін-өзі дін жолын жетік білуші деп және біреулерді де түземек болып әрекет қылады. Бұл олардың сыбағасы емес, бұлардың жеткізбек болған үлгілері адам аздырушылық, дінге де зиян келтірушілер болмақ. Бұлардың сүйгені-надандар, сөйлегені-жалған, дәлелдері тасбиғы мен шалмалары, онан басқа ешнәрсе жоқ.

Енді біліңіздер, ей перзенттер!  Құдай тағалаланың жолы деген Алла тағаланың өзіндей шексіз, өлшеусіз болады. Оның шамасына өлшеміне ешкім жетпейді. (қандай да бір масһаб ұстанымдары да сопылық, тарихат жолдары да жол болып табылмайды. Бағыт бағдар беруші мектептік білім ғана болмақ) Бірақ сол жолға жүруді өзіне шарт қылып кім қадам басты, ол таза мұсылман. Толық адам делінеді. Дүниеде түпкі мақсатың өз пайдаң болса-өзің шектеулісің. Ол жол Құдайдың жолы емес. Ғаламнан жиылсын, маған құйылсын, отырған орныма (мешітерге иман өзі) келе берсін деген ол не деген ынсап? Не түрлі болсада да, я дүниеңнен, я ақылыңнан, я малыңнан әділет, шапағат секілді біреулерге жақсылық тигізбек мақсатың болса, ол жол-құдайдың жолы.

Ол-шексіз жол. Сол шексіз, өлшемсіз жолға аяғыңды берік бастың, шексіз өлшемсіз Құдайға ұнауға, ұқсауға тырысып ерекше сүйікті құлдарынан болуға үміт бар, ал өзге жолда не үміт бар. (сонымен құдайға ұқсау дегеніміздің өзі сүйікті достары болған әулие-әмбилерге, даналарға табынып ұқсауға тырысу арқылы құдайға сыйынамыз екен) Кейбіреулердің бар өнері, мақсаты киімін түзетпек болады да, мұнысын өзіне дәулет деп біледі. Бұл істердің бәрі өзін көрсетпек, өзін-өзі базарға салып, бар ақылы көзінде тұрған ақымақтарға «бәрекелде» дегізбек. «Осындай болар ма еді едік» деп біреулер «Осындай бола алмадық» деп күйінер. Мұнан не пайда шықты? Сыртқа қасиет бітпейді. Алла тағала қарайтұғұн қалпыңа (бойыңа, өрісіңе, аураңа) болымсыз ықыласыңа (ниетке, көңілге) қасиет бітеді. (Олай болса сыртын түземек түгіл, жалаңбас, жалаңаяқ намаз оқып, сыртым тазарды «намазхан» болдым немесе бес уақыт намазбен, бес парызды жол қылған әрекетпен де жанаттық боламыз деп ерекшеленген де ақымақтықтың бір түрі болмақ) Бұл айнаға табынғандардың ақылы қаншалық өсер дейсің? (Ақылды өсірмейтін қандайда бір құдайға құлшылық айнаға табынғанмен бірдей) Ақыл өссе, ол түпсіз терең жақсылық сүймектікпен өсер.

Құдай тағала дүниені кемелдік шеберлікпен жаратқан және адам баласын өсіп-өнсін деп жаратқан. Сол өсіп-өну жолындағы адамның талап қылып ізденер қарызы ісініп (көбейіп өсіп) алды-алды әуелі дос көбейтпек. (Алла достарымен аруақтармен рухани жалғанбақ)  Ол досын көбейтпектің амалы өзінің өзгелерге қолынан келгенінше достықтың мақамында (әулие-әмбилердің бақылауында, уахи, аянында болу, тылсыммен байлансты қарым-қатынаста) болмақ. Кімге достығың болса, достық шақырады. Болмағанда ешкімге қастық ойламай (серік, шерік деп азғырмай) және өзіне өзгешелік бермек (дәстүрінен алшақтамақ) ниетпен, өзін тілмен немесе қылығымен (өзге елдің салтын алып) артық көрсетпектіктің де екі түрі бар. Біріншісі; Әрбір жаманшылықтың жанында жүріп (арсызданған дінінен, дәстүрінен бас тартқан халық ішінде, арасында жүріп) мұндай адамның адамшылығын бұзатын жаманшылықтан бойын қорғаудан да адамға нұр болады. Екіншісі; Өзін-өзі өзгелерге қастық қылмақ, біреулерді қор тұтпақ, керісінше әрекеттер дұшпандықты ғана шақырады. Және өзі өзгеше ерекшеленбектіктің  (ғұрпынан, дәстүрінен, дін салтынан бас тартудың)  түбі мақтан.

Әрбір мақтан біреуден асамын деген күншілдіктің нәтижесін  ғана береді. Ал мұндай күншілдік екінші бір күншілдікті қозғайды. Мұндай жағдайда үш түрлі істердің зияндарынан сақтанудан адамның көңіліне тыныштық береді. Енді күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Мұндай зияндардан қашу керек. Біріншісі; надандық. Екінішісі; еріншектік. Үшіншісі; залымдық деп білесің. Надандық-білім, ғылымның жоқтығы және дүниеде ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады. (тек пәндік тұрғыдағы білім емес ғылымды, ілімді де бірлеп қоса білу де керек) Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік-бәрі осындайлардан шығады. Залымдық-адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпандық мінез пайда болса, ол адамдар тобында да адамдық қасиетінен де бөлінеді, бір жыртқыш хайуан есебіне қосылады. Бұндай аурудың емі халқына деген махаббат, әлем халқына шапағатшылдығы, қайраттылығы, мінезінде тұрлаулық, тұрақталығы, әділетті атқарған істерінде алды-артын байқарлық білім, ғылым болсын. (ғылымды болу тек білімнің артықтығымен емес болжампаздық, көріпкелдік, сәуегейлік, сөз құдіретін меңгерген болашақ пен өткен шаққа да рухани сапарға шыға білетін абыздық қасиет қабілеттермен де көрінісін бермек).

Және мұндай білім, ғылым Құдайға бағынышты болсын. Ғылым әуелі әлемдік ғылымға бағынышты, тәуелді болсын. Яғни Құдай тағала бұл ғаламды жаратты, ерінбеді өзара келісімімен, хикметпен кемелдік бір жолға салып жасады. Сіздердің ісіңіз де бір жақсылық амалды тірек негіз қылып, соған арқа сүйерліктей шеберлікпен болсын. Және Құдай тағала әр түрлі нәрселерді де жаратты, барлығында бір түрлі пайдалы хикметі бар. Сенің де ісіңнен зиян, кесір шығып кетпейтіндей көпке пайда боларлық бір үміті бар іс болсын. Бұларсыз істеген іс емес. Және мұндай ізгі ниетсіз тағат (орындаған намаздарың және оқуларың да) құлшылық емес. Білсеңдер Құдай тағала ешбір нәрсені хикметсіз жаратпады. Ешбір нәрсеге хикметсіз қозғалып еңбек етуді міндет, борыш қылмады. Бәрінің өзіне тән хикметі (ішкі сыры, зайырлық діні) бар, бәрінің (зайырлық) себебі бар. Біздің қауым, халықты былай қойғанда ғылым махаббаты бар дарындыларға себеп пен парыздарды білмекке қарыз, міндет деп білу керек. Талаптанып еңбек қылу керек. (Біздердің түсінігімізде «аномальды» құбылыстарды заманға қарай болып жатқан түсіп жатқан белгілерді аяттар, яғни құдай тағаланың біздерге көрсеткен хикметі деп ұғыну керек. Қандай бір жанды, жансыз жаратылыстардың  мейлі ішкен жеген тағам болсын, мейлі  белгілі бір себептермен табиғаттың «экологиялық» тұрғыдағы әсерлерінен адамзаттың рухани физикалық тұрғыда алатын қуат көздері болып мұны да хикмет деп түсіну керек. Сондықтан әрбір заманға қарай қуаттардың да артып оны меңгеруге керекті ақылдың күшінің де қажеттілігін Абай атамыз; «Құдай тағаланың жолы деген Алла тағаланың өзіндей шексіз, өлшеусіз болады. Оның шамасына, өлшеміне ешкім жетпейді.» деп ескертумен қазіргі замандағы болып жатқан «экстремизм» мен бүлкішілдіктің себебі де біздердің қай салада болсын мейлі дін, мейлі ғылым тұрғысында шектеулі шартты қағидаларына негізделіп ақыл-ойымыздың жетілмей қалуын жаппай надандануға да себеп болғанын аңғаруымыз да керек. Біздердің белгілі бір замандағы сол замандық ақылдық қуатқа ғана лайық тәпсірмен құлшылық істерін, мейлі масһаб, тарихаттарды тура жол шексіздік атауымыздың өзі де осындай надандықтан, шектелуден туындаған. Және де;    «Құдай тағала дүниені кемелдік шеберлікпен жаратқан және адам баласын өсіп-өнсін деп жаратқан. Сол өсіп-өну жолындағы адамның талап қылып ізденер қарызы ісініп (көбейіп өсіп) алды-алды әуелі дос көбейтпек.» Ал мұндай жағдайда досты көбейту деген діншілердің серік қосу деп мұны зиялы қауымның екі қолын көтеріп келіскен қазақтың ата жолы дәстүрі екенін Абай атымыз да аз ғана сөзбен ескертіп өтіпті. (жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *