(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)
Алдыңғы тарауда пайғамбарлық қасиеттің ақылдылықты меңгеріп халықты жақсылыққа иманға шақыруға байланысты молдалықтың сипаты «уағызшы-ілімділікті» талдау жасап, енді мұның нәтижесі 44-ші пайғамбарлық қасиет болған «Сапарлас болу» яғни адамзат арқылы жер ана рухына, жаратылысқа жалғану болу керек. Бірақ біздерге ол үшін де кімді, неге жалғану ішкі дүниеміздегі ақылдық қуатымыздан, жанымыздың сипатынан да, қандай нәрсенің ақпараттардың пайда, зиянынан да хабардар болу керек екен. Сонымен әуелі 43-ші пайғамбарлық қасиеттің белгісі болған «40-өнердің иесі» болудың сырын Абай атамыздың насихатынан баяндап көрейік.
« Адам ұғымы екі нәрседен: бірі-тән, бірі-жан. Ол екеуінің орталарында болған нәрселердің қайсысы туа біткен (тектен қасиет), қайсысы кәсіби (өмір тәжірибесімен жиналған қасиет)-оны білмек керек. Ішсем, жесем демектің басы-туа біткен (тағдырмен берілген), ұйықтамақ та соған ұқсайды. Аз ба, көп пе, білсем екен, көрсем екен деген тілек, мақсаттың болуы, бұлардың да басы- жаратылыстан. Ақыл, ғылым-бұлар кәсіптік болмақ. Көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады. Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпымен, ұнамсызы ұнамсыз қалпымен, әрдайым өз суретімен көңілге түседі. Ол көңілге түсуші бағанағы бес нәрседен (бес сезімдік қасиеттен) өткен соң, оларды жалғастырып, көңілде суркттемек.Ол-жанның жаратыластан қуаты дүр. Бір ұмытпастық жақсы нәрседен көңілге жақсы әсер нәтиже, түйін болып, жаман нәрседен көңілге жаман нәрселер нәтижесі, түйін болатын секілді болмақ. Бұл қуаттар әуелде кішкене ғана болады. Ескеріп баққан адам үлкейтіп, ұлғайтып, ол қуаттардың қуатын зорайтады. Ескерусіз қалса, ол қуаттың қайсысы болса да жоғалады, тіпті жоғалмаса да, аз- маз нәрсе болмаса, үлкен ешнәрсеге жарамайтын болады.» Сонымен адам баласының жаратыластан алған жан қуаты нәпсімен ішім жеммен және табиғатынан білуге, көруге белгілі бір қасиеттерді, кәсіптерді меңгеруге құштарлығы, тектілігі болуы да керек. Сонымен бірге тіршілік ету барысында тәрбиемен, түрлі өмірдің, табиғаттың, қоршаған ортаның, ұлтының тұрмыстық жағдайына бейімделумен байланысты бес сезім арқылы қалыптасатын жан қуатының барын да білген жөн.
«Кімде-кім сырттан есітіп білу, көріп білу секілді нәрселерді көбейтіп алса, ол-көп жиғаны бар адам: сынап орындысын, орынсызын-бәрін де бағанағы жиған нәрселерінен есеп қылып, қарап табады. Бұлай етіп бұл қаракетке түсінген адамды ақылды дейміз. «Құдай тағала өзі ақыл бермеген соң қайтейік?» демек, «Құдай тағала сенімен мені бірдей жаратып па?» демек-құдай тағалаға жала жауып, өзін құтқармақ болғандығы. Бұл-ойсыз, өнерсіз надан адамның ісі. Оған Құдай тағала көрем, есітпе, көрген, естіген нәрсеңді ескерме, есіңде сақтама деп пе? Ойын-күлкімен, ішпек-жемек, ұйықтамақпен, мақтанмен әуре бол да, ішіңдегі қазынаңды жоғалтып, хайуан бол деген жоқ. Кейбіреулер айтады: «Ақыл туа бітті, табиғатынан болмаса да, талап –жаратылыстан, табиғи болмақ. Талап берілген адам ақылды тапты, талабы жоқ кісі таба алмады»,-дейді. О да бекер.Талап балада да бар, оған талас қылуға болмайды. Бағана айттық қой, жан қуаты басында кішкене болады, ескермесе жоғалып те кетеді, ескерсе, күтіп айналдырса зораяды деп. Жан қуатымен адам баласының нәтижесін (үнін, қуатын) алған өнерлері де, күнде тексерсең, күнде пайдаға асады. Көп заман тексермесең, тауып алған өнерлеріңнің жоғалғандағын және өзіңнің ол мезгілден бір басқа адам болып кеткеніңді білмей қаласың. Қай жоғалған өнер: « ал, мен жоғалдым»деп, хабар беріп жоғалады. Енді қусаң, бағанағы әуелгі табуыңнан қиынырақ тиеді.» Сонымен жан қуатының тәннің қалауына қызметін атқаруға байланысты ішкі сезімдік болып сырттан әсерлерді алуымен байланысты өсіп жетіледі, тәнге қызметке тұрады. Ал енді екінші бір сипаты ол өнермен, кәсіппен, қаракетпен байланысты жанның да негізгі жаратылыстық табиғи талабын орындаумен нәтижеленеді. Сондықтан бұл жерде екі түрлі жан қуатының екі түрлі ақылды меңгерумен көрінісін береді. Бірі сезімдік ақыл болып, екіншісі қаракеттік ақылмен байланысты болмақ. Және жанның екі түрлі сапасы шығып «Адам баласына бірінші білім емес тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы болады» деген Әл-Фараби атамыздың өсиеті осы жағдайды да ескертіп тұрғаны хақ. Бұл туралы «Құлшылықтар философиясында» мағлұматтар жазылып баяндалып жатыр, сондықтан әзірге терең талқылаудың да қажеті шамалы.
«Жан қуаты дейтұғын қуат-бек көп нәрсе, бәрін мұнда жазарға уақыт сыйғызбайды. Бірақ әрбір өнердің тыстан тауып алып, ішке салғанын, соның тамырын берік ұстап тұруға жараушы еді. Көп заман ескермеген адамның ол бағанағы өнердің өзінің ең қызықты, қымбатты жерлері жоғала бастайды. Онан соң көп заман өтсе, сол өнерді сақтайтұғын қуаттың өзі де жоғалады. Онан соң қайта кәсіп қылуға болмайды.Бұл қуаттың ішінде үш артық қуат бар, абайлаңыз, соны жоғалтып алу жарамас, ол жоғалса, адам ұғымы хайуандық болады, адамшылықтан шығады. Біреуі орысша «подвижный элемент» деп аталды. Ол не нәрсе? Не көрдің, не есіттің, әрнәрсені білдің, соны тезірек ұғып, ұққаныңмен тұрмай, арты қайдан шығады, алды қайда барады, сол екі жағына да ақылды жіберіп, жұмсап қарамаққа тез қозғап жібереді. Егер бұл болмаса, көп білу де көп оқу да оңды пайда бермейді. Керекті уақытыңда ойламай, керекті уақытыңда айтпай, дайын уақытынан кеш қалып, «Әй әттеген-ай! Үйтуім керек екен, бүйтуім керек екен» деп, өмір бойы ғапыл болып-ақ отырғаның.» Сонымен жоғардағы жанның екі сапасына қажетті бұл басқарушы, қадағалаушы қуаттардың ақылдың күші деп білген жөн. Ақылдың зеректік, зейіндік, жетелік, жадылық, жат, сана және естілік деген сапаларының барын білсеңіз, бұлардың бәрі тұтастай алғанда ақыл күші, қуаты болып жанның қызметшісі болатыны да сөзсіз. Енді бұл қуаттың түрі жадымен, зейінділікпен, жатпен және жетемен байланысты болып келеді.
«Біреуін орысша: «сила притягательная однородного» дейді. Ол-бір нәрсені есітіп, көріп білдің, хош келді, қазір соған ұқсағанын тексересің. Түгел ұқсаған ба? Яки бір ғана жерден ұқсағаны бар бара ма? Әрдайым сол іске бір келіскен жері бар нәрселердің бәрін ойлап, білгенін тексеріп, білмегенін сұрап, оқып, бөтеннен хабарланып білмей тыншытпайды.» Бұл ақылдық қуатты сезімдік қуат деп атаймыз да біздің ішкі дүниеміздің, тәніміздің, етіміздің жүйкеміздің қалыпты жұмыс істеуі мен тазалығына байланысты болмақ. Себебі біздің ішкі ақыл сарайымызда не бар, біз соны ұнатып, білуге алуға тырасатынымыз да осы қуаттық сезімдеріміздің әсерінен болмақ. Киімнің жабық болуы, бойымыздың қалыпты болуы да, ішкен тамағымыздың арам, адалдығы, шариғаттың парыздарын орындай білуміз де осы қуаттың жағдайына әсер ететіні сөзсіз. Және мұның қызметшілері жоғарыдағы келтірген ақылдың барлық сапасына да тәуелді болмақ.
«Үшіншісін орысша: «впечатительности сердца» дейді. Яғни жүректі мақтаншақтық, пайда күнемдік, жеңілдік, салғырттық-бұл төрт нәрсенің бірлігін кірлетпей таза сақтаса, сонда сыртан ішке барған әр нәрсенің суреті жүректің айнасына анық раушан болып түседі. Ондай нәрсе тұла бойыңа жайылады, тез ұмыттырмайды. Егерде бағанағы төрт нәрсемен жүректі кірлетіп алсаң, жүректің айнасы бұзылады, я қисық, я күңгірт көрсетеді. Енді ондай нәрсемен оңды ұғым болмайды.» Сонымен бұл ақылдық қуатты Әл-Фараби атамыз сезімнің аңғарымпаздығы деп атап, мұның адам баласының санасымен, төбедегі тері мен бас сүйегі арасындағы май қабатымен (қалыңдығымен, тазалығымен) байланысты төбедегі «чакра-күн» және тері арқылы барлық денеден ақпараттар алып жүрекпен, көңілмен, сыртқы бой өрісі жарықпен тікелей байланыста тұратын ерекшелігі де бар.
«Әрдайым тән қуатымен сырттан тауып, сырттан сақтайсыз, оның аты дәулет дейді. Оның да неше түрлі кеселі, кесапаты бар нәрселерін білмесең, сақтай алмаушы едің ғой. Соған ұқсаған іштегі жан қуатымен жиған нәрсенің аты ақыл, ғылым еді ғой. Оның да неше түрлі кеселі, кесапаты тиер нәрселері бар. Оны білмесең, бақпасаң –айырыласың. Және әрбір жақсы нәрсенің өлшеуі бар. Өлшеуін білмек-бір үлкен керек іс. Ойланбақ жақсы, іске тіпті салынып кеткен кісі ойын байлай алмай, қиялы болып кеткені болады. Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық-бұл нәрселердің бәрінің де өлшеуі бар. Өлшеуінен асырса боғы шығады. «Ненің қызығын көп іздесің, соның күйігін бір тартарсың» деген. Біздің жанымызда ашық та, құпия да болмау керек қуаты бар. Ол мен айтқан үш қуаттың ішіндегі екеуі. Яғни : «сила притягательная однородного» (сезімдік ақыл қуаты) мен «подвижной элемент»-бұл екеуі қосылып тұратұғын нәрсе, күллі пайда бұлардан шығады, уа күллі залал, зияндық да бұлардан шығады. Мансап сүйгіштік, мақтаншақтық, ашуланшақтық, өтірікшілік осыған ұқсаған әрбір маскүнемдікке (мастыққа) тартып, құмар қылып, ақылдан шығарып жіберетұғын нәрселер осы екеуінен болады. Бұларды түбегейлеткенде жақсы нәрселерді түбегейлетіп, жаман нәрселерді шығарып, құмарпаздыққа салып жіберетұғын нәрседен бойды ерте тыйып алу керек. Пайда, залалды айыратұғын қуаттың аты ақыл еді ғой. Бар ақыл қуаттың бірлігі мұны тоқтатып болмайды. Һәм ақыл, Һәм қайрат-екі мықты қуат қосылып тоқтады. Ол екеуі кімде бар болса, бағанағы екі қуатың екеуі де аз болса, яки бірі бар, бірі жоқ болса, бағанағы екі қуаттар-бірі басы қатты асау ат, жүгенсіз тауға ұра ма, тасқа ұра ма, суға ұра ма, жарға ұрама-құдай білсін, әйтеуір жолда көрген есті ақылы дұрыс адамдар әлі де сұрамай қалады. Сенде ерік жоқ. Екі етек жайылып, екі көзің аспанда, масқара болып кеткенің өлгенше.» (43-ші сөз) Абай атамыз жан қуатының біздің діншілеріміз, ғалымдарымыздың рух пен жанды бір деген ұғымын мүлде терістей отыра және үш түрлі ақылдық қуаттың сырын баяндап отыр. Бұл насихаттан біздер сезімдік, қаракеттік және сезімнің аңғарымпаздығы деген үш түрлі ақылдық қуаттың сырын білдік. Сонымен бірге қаракеттік және сезімдік ақылдық қуаттардың негізгі біздердің өміріміздің қажетін өтеушісі болып, барлық жамандық та, жақсылық та осы екеуінің қатысуымен болып, ал мұны бір қалыпты ұстап тұруға орнымен жұмсауға да рухқа тікелей байланысты қайрат атты ақылдық қуаттың қажеттілігі болып және бұл жерде толық баяндалмаған сезімнің аңғарымпаздығы болған саналық қуатқа да алдағы уақытта арнаулы тоқталамыз. Сонымен негізінде 4 ақылдық қуаттардың ғана бірлігінен жанның өз талабында өсіп жетіле алатынын естен шығармаған жөн.
Енді бұл жанның ақылдық қуаттармен байланысты ішкі сырына, адамзаттың жан күйіне пайғамбарлық қасиет болған қырық қожа-40-өнерге қатысын атамыз өлеңдермен қалай түсіндірген екен? «Ішім өлген, сыртым сау, Көрінгенге деймін-ау. Бүгінгі дос-ертең жау, Мен не қылдым, япырмау?! Өз үйінде өзендей Күркірейді, айтса дау. Кісі алдында кірбіңдеп, Шабан, шардақ және шау, Мұндай ма едің ана күн, Мұның қалай, батыр-ау? Үш күн арқаң босаса, Бола қалдың бас асау. Жан қысылса, жайтаңдап, Жанды еріткен жайдары-ау. Жан жай тапса, сен неге Жат мінезсің жабырқау? Ұрлық пенен қулыққа Байланғанда, кестің бау. Берерменде бесеусің, Аларманда және алтау. Топ болғанда көресің Түрлі дауды жүз тарау. Аяғында сендейлер Көрмей жүр ме ханталау? Қайтіп кірер есікті Қатты серіппе, жарқын-ау! Жетілсең де, жетсең де, Керек күні бір бар-ау.» (43-ші өлең) Бұл өлеңнің негізгі сыры өз жан қуаттарыңмен сырласу деп түсінген абазал. Бұл жерде үш қуаттың «үш күн» жарық болып, бірақ әйел мен еркек арасындағы некелік «бесті беру мен алтыны алу» рух пен жан қуаттарының алмасуларымен және ақылдың алты тобы мен қырыққа толып «Топ болғанда көресің» деген астарлы ұғыммен адам жасының да қырыққа толып ақылдың толуымен меңгеретін жүз түрлі махаббаттың тарауларына байланысты екенін ескертеді. Сонымен бірге жанға «жарқын» деген ат қойып оның ұйқы кезінде адам тәнін тастап шығатынын да түсіндірген.
«Көк ала бұлт сөгіліп, Күн жауады кей шақта. Өне бойы егіліп, Жас ағады аулақта. Жауған күнмен жаңғырып, Жер көгеріп, күш алар. Аққан жасқа қаңғырып, Бас ауырып, іш жанар.» (143-ші өлең) Қазақ даналығындағы; « Батамен ер көгерер, жаңбырмен жер көгерер» деген нақылдың жаңбырмен келетін жан қуатымен және киелі сөз батамен келетін қуатпен жанның жетілетінін де және іштің жанып, бастың ауыруы, көздің жасы да осы жан қуатынан шығатынын баяндап өтіпті. Сонымен бұл адамзаттың ішкі дүние дәулетінің де негізі екенін білдіріп тұрғаны да хақ. (жалғасы бар)