X-Иман және махаббат

Бөлім: Иман және махаббат 96

                   (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

Сонымен пайғамбарлық қасиеттің бірі «Аян алу» яғни құдайдың хикметті белгілері, аяттарына жалғанудың Алла тағаланың «Бір» және растығының дәлелі болып, Бұл нұрды Алланың құлына берген сыйы және ол барлық жаралыстың да себебімен жалғанып тұрғанын да білген жөн. Сондықтан ақылдылық, жоғарғы дәрежедегі зеректік, сезімталдық, аңғарымпаздықты осы парасаттылық қуаттарынан нәр алып біз ақылымызды жетілдіре аламыз. Бұл қуаттарды әрбір ұлттың, халықтың тілмен, рухани өмірмен байланысты өз арасындағы даналардың жүрек өнімдері — ұждандылығы арқылы жүрегінде пайда болған шынайы сезімдердің рухани бейнелері саналық қуат болып табылады. Саналық қуаттардың әсерінен шығармашылықтың да нәтижелерінің тазалығы, сөз тақуалығы арқылы қол жеткізген аяндармен ата-баба, әулие-әмбилерінің кітаптарына жалғанып оқылған баталардың, көрген түстерді жори білудің арқасында пайда болатын көңілдің өнімдері де болады. Парасатылықққа жеткен, жүректегі иман мен тақуалықтардың өнімі ел басқарушылардың, зиялы қауымның рухани жағдайы болып, бұл халықтың да рухани азғындамауына, тылсымдық жүректер арқылы жалғанып, ұрпақтарымызға қасиеттілік болып бейнеленіп, ұлттық тектіліктің өнім беруіне де бірден бір себептердің негізі болмақ. Парасаттылық, естіліктің қазынасы, жүректердің рухани боймен бейнеленген бейнесі аруақ болып, күзетші жаннаттан болашақ тағдырдан хабар жеткізуші болып, туысқандар арасында да, ниеттес ағайын адамдар тобының  арасында жүректен- жүрекке сәулесі де беріліп отырады.  Керісінше ұлтық парасаттылық, естілікке  қарсы осындай жындық қуаттардың да шайтандармен қосылуы арқылы да  халықтың жүрегіне өз көлеңкесін түсіріп, біреу қандай арсыздық істесе және сол мемлекет ішінде қандай қашықтықта болсын, екінші біреу оны дереу қайталай бастайды.  Сондықтан да; «Сырттан салады, іштен тарайды, сынықтан басқаның бәрі жұғады», «Әдепсіз ауылға қыз түгіл, қатыныңды да апарма» деген даналарымыз. Абай атамыз естіліктен хабар болатын мұндай ақылды ел билеушінің де, байдың да, ұры-залымның да, кедейдің де меңгеруге қошы болмайтын заманның туатынын ескертіп кетіпті. «Кең жайлау-жалғыз бесік жас балаға, Алла асыраған пендесі аш бола ма? Ержеткен соң сыймайсың кең дүниеге, Тыныштық пен зар болып баспанаға.»  (8-ші өлең М. Ю. Лермонтовтан) Ақылды меңгерудің бесіктен басталып, өмірдің арпалысымен аяқталатынын және ақылсыз адамның жаны тыныштық, баспана  таппайтынын яғни иман жүректен орын ала ала алмайтынын да ескертіпті. Екінші қырынан қарасақ; «Жас өспірім замандас қапа қылды, Сабыр , ар жоқ, аял жоқ, ілді- жұлды, Тұрлау қылып, еш нәрсе басқара алмай, Сенімі жоқ серменде өңкей жынды. Жамандық, жақсылық пен-оған бір бос, Дін ісін, Құдай ісін айыра алмас. Арын сатып, ант ұрып іздегені-Бір семіз ат, аяғы бір табақ ас. Тұралусыздың қолынан не келеді, Ынтасыз қайтіп өнер үйренеді? Еңбегі жоқ, еппенен мал табам деп, Сендіре алмай, сене алмай, сенделеді. Онда оны алдайды, мұнда мұны, Жанын берсе, табылмас сөздің шыны. Алты жақсы жүз жылқы болған басы Бір семіз ат болады оның құны.» ( 108-өлең) Парасаттылықты меңгеру жастық шақтан әдет қылған ар, ұяттылық, сабырмен және адал еңбек қылумен байланысты деп түсіндірсе, ал; «…Сенімі жоқ серменде өңкей жынды. Жамандық, жақсылық пен-оған бір бос, Дін ісін, Құдай ісін айыра алмас..» деген ұғымның қазіргі таңда дін ісін шариғатты жол қылып алып Құдай ісін уахи, аянды меңгеруді «серік қосу» деген жындылықтың шығатынын және де; «… Алты жақсы жүз жылқы болған басы Бір семіз ат болады оның құны.» деген ұғымның рухани тұрғыда алты ауыздық қуатының және 100 ет малының бір хайуандық қуатқа, жынға айналуын ескертеді. Бұл тақырыпты енді бір «төртеуін түгелдейтін» ақыл қырынан қарасақ; «Жапырағы қураған ескі үмітпен Қиял қып өмір сүріп, бос жүріппін. Жылбыр қағып, көңілді тыншытпайды Қашанғы өтіп кеткен бұлдыр бір күн. Ол дәурен өмір емес, бір көрген түс, Ойға түйме қызықты қиялдан күс. Қарашы, өз бойыңда түгел ме екен Ыстық жүрек, өң-шырай, қуат пен күш? Төңкеріліп құбылған жұрт-бір сағым, Шынға шыдап, қоса алмас ынтымағын. Көптің аузын күзетсең, күн көрмейсің, Өзіңді-өзің күзет, кел шырағым!» (208-өлең) Өткен өміріңді түспен көріп, тағдырыңды тазарту арқылы жүректің тақуалығы, іштің нұрлануы-өң болып, қайрат-жыныңды да ақылмен меңгеру керек екен. Және көптің соңына еріп масһабшы да болма деп ескертеді. Ал өзің енді іштегі менің Ол Алланың яғни «Бірдің» нұры болып саналады. Жалпы Алла тағаланың 8 сипаты «Бір» болып табылса; Фатиха сүресі 7 аяттан тұрғанымен Фатиханы  атаудың бір аят болып; 8 сандық белгіден «Бір» дің Бір Алланың сипаты пайда болатыны және енді 8;18; 28;38;48;58;68;78;88;98;108; болып 11 саннан жиілік ырғақтан тұратын таспихтың да құпиясы осындай жағдайдан пайда болады. Және құранда да 8 пайғамбардың, 8 діннің бір исламға бірігуін де есімдермен белгілеп қойғаны да хақ. 8 түрдің, 8 жынның, 8 қарсылықтың да белгілері осыған да дәлел. Қазақ дәстүрі 8-ге негізделген. «Сегіз қырлы бір сырлы» деген нақыл парасатылыққа, естілікке бір ақыл, бір иманды меңгере білуге байланысты айтылған.   Пайғамбарымыздың жоғарыдағы, «Ізгі адамның жақсы түсі пайғамбарлықтың қырық алтыдан бір бөлігі»  немесе «БІРІ» деген сөздің өзінде осындай бірліктің сыры тұрғанын, мұны сонау замандарда-ақ Абай атымыздың белгілеп түсіндіруінен және бұл сандардың сырына Інжіл, Тәурат, Забур, пайғамбарлар жазбалары  дәлел беріп тұрғаны Құдайдың хикметі қазақ әулилеріне кітап берілгендік емес пе?

Сонымен енді парасаттылықтан жұртқа ақыл айта білетін кісіліктің туындайтыны да сөзсіз. Бұл жағдайды қазіргі кезде шариғаттың масһабтық білімін меңгеріп алып, жасы қырыққа толмай 23 санды пайғамбарлық қасиетті меңгеруші; «Уағызшы, ілімді» «намазхан» аталғандардың жағдайы қазақ дәстүріне құран ілімімен сәйкес келе ме? «Біздің қазақты оңдырмай жүрген бір жұбаныш деген бар. Оның қуанышы-елде бір жаманды тауып, я бір адамның бұл өзі қылмаған жаманшылығы шықса, қуанады. Айтады: құдай пәленшеден сақтасын, о да адаммын деп жүр ғой, оның қасында біз сәулелі (намазхан іші нұрланған) кісінің бірі емеспіз бе, оған қарағанда мен таза кісі емеспін бе?-деп. Оған құдай тағала айтып па, пәленшеден тәуір болсаң болды деп? Я білгендер айтып па, әйтеуір өзіңнен надандығы асқан, я жаманшылығы артылған кісі табылса, сен жаманға қосылмайсың деп..»  Ал енді ислам әлеміндегі түрлі топтарды былай қойғанда өзіміздің бауырларымыз масһабшылардың қылығы осы емес пе? Намаз оқыған, құранды түсінбесе де арапша жаттап алған бала ғұлама, ақылды, ойшыл саналып, әкесінен артық, бес парызбен таза кісі болдық, Ханафи деген нұрланған діннің шексіздікке жалғанған тура жолы, қалғандары біліммен ғана шектеліп  адасқандар деген сияқты бір ұлттың ішінен дін ұстанмен жаман–жақсыға бөліп, бөлшектеп жүргендерге құдай осылай істесеңдер бәрінен де тәуір боласыңдар деген бе екен? Өздерін, дін ұстанымдарын кімдермен, қандай әулие жақсылармен салыстырып жақсы кісі аталып жүр екен? Сонда Имам Ағзам Ясауи, Арыстан баба, Укаша сахаба, пір Бекет баба, Әл-Фараби сияқты 100-деген хикметті біртұтас ұлттың дәстүрін қалыптастырған бабалардан да жақсы, масһабтың білімі  артық және құдайдың хикметі де көп берілген деген ұғым шығып тұрған жоқ па?  Шындығын, хақиқатын салыстырып, өздерінен сұрап көрсеңіздер солай ма екен?. « Жаманға салысып жақсы бола ма? Жақсыға салысып (салыстырумен) жақсы болады да. Жүз ат бәйгеге қосылса, мен бәйге алдым деген сөз болса, алдыңда неше ат бар деген сұрар, артында неше ат бар деп сұрағаның несі сөз? Мен бес аттан, он аттан ілгері едім дегенің несі қуаныш? Енді бір жұбанышы-жалғыз біз бе, елдің бәрі де сүйтіп-ақ жүр ғой, көппен көрген ұлы той, көппен бірге болсақ болады да деген сөзді жұбаныш қылады. Оған құдай тағала айтып па еді көптен қалмасаң болды деп. Көпке қаһарым жүрмейді деп. Көпке тұзағым жетпейді деп пе? Ғылым көпке келіп пе? Біреуден тарап па? Хикмет көптен тарай ма? Бірден тарай ма? Көпке қорлық жүрмей ме?..» (23-сөз) Сонымен масһабашылардың бәріне ғылым келген, сондықтан Ханафи масһабының саны көп, сондықтан тура жолда дегеннің өзі және мұның Құдай ісімен уахи, аяндармен бекімей ой жорумен ғана пайда болғаны да парасатты естілікпен  ойланған кісіге әшкере болып тұрған жоқ па?

Енді бұл жағдайдың өзге қырларынан танып көрсек; «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік Ер табылса жарайды, қылса сұхбат. Кейбіреу тыңдар үйден шыққанынша, Кейбіреу қояр көңіл ұққанынша. Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар, Абайлар әрбір сөзді өз қалынша. Шын көңілмен сүйсе екен, кімді сүйсе, Бір сөзімен тұрса екен, жанса-күйсе. Қырмызы, қызыл жібек бозбалалар, Оңғақ бұлдай былғайды, бір дым тисе…Жолдастық сұқбаттастық бір үлкен іс, Оның қадірін жетесіз адам білмес. Сүйікті ер білген сырын сыртқа жаймас, Артыңнан бір ауыз сөз айтып болмас….Біреудің көркі бар деп жақсы көрме, Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге ерме! Әйел жақсы болмайды көркіменен, Мінезіне көз жетпей, көңіл бөлме!…Ақыл керек, ес керек мінез керек, Ер ұялар іс қылмас қатын зерек. Салақ, олақ ойнасшы, керім-кербез, Жыртың-тыртаң қызылдан шығады ерек…Жаман таяу қазады өзіңе ор, Оған сенсең, біркүні боларсың қор. Ары бар, ұяты бар үлкенге сен, Өзі зордың ығы да зор. Қазақтың қайсысының бар санасы? Қалт етсе дап-дайын бір жаласы, Пысықтықтың белгісі-арыз беру, Жоқ тұрса бес бересі, алты аласы.» (23-ші өлең)  Кісілікке керекті қуанышты жасыңнан іздеп ұлға жар табу, қызға бай табу адал еңбек, шын көңілмен өмірді  сүйіп көңілді өсіру қуаныш болу керек екен. Негізгі жұбанышың ары бар, ұяты бар үлкендер болса, соларға сүйеніп өмір сүрген елдің санасы болады. Негізгі жастардың да іздегені де, табатыны да саналық ақылды меңгерумен және бұл сезімдік ақылдың негізі жемісі болып, қаракеттік ақылды меңгере білудің яғни бес қуатты өнермен алуды меңгеріп, оны жарына беріп одан алтау қылып алуды меңгеріңдер деп ескертеді. Бұл қазіргі таңда жан күйлік психологиялық  әлемдік тұрғыда да төрт түрлі ақылдың сипаты да оны меңгерудің ішкі сырлары да, ілімі де жоғалған сырды Шәкәрім атамыз жүйелеп көрсетіп кеткенін де білген жөн.

«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес. «Мені» мен «менікінің» айрылғанын «Өлді»деп ат қойыпты өңкей білмес. Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған. Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, Өлмейтін артына сөз қалдырған?. Кім жүрер тіршілікке көңіл бермей, Бақи қоймас пәнидің мінін көрмей. Міні қайда екенін біле алмассың, Терең ойдың телміріп соңына ермей. Дүниге дос ақиретке бірдей болмас, Екеуі тап бірдей боп орныға алмас. Дүниеге ынтық,  машһарға амалсыздың Иманы түгел деуге аузым бармас..» (123-ші сөз) Адамзаттың үлкендік кісілігіне сай ақиреттің ризығын жинау керек. Оны ойшылдықпен, еркін ақылмен ғана іздеп табуға болады екен. Және ізгілік амалың қуанышыңа, иманың жұбанышыңа айналсын деп ескертеді атамыз.

«Жол көрмек, жоба білмек, жиһан кезбек, Бой жеңбек, ер жігітке, ақыл таппақ. Тағдырын көрушінің хақтан біліп, Көшелі өнер иесін жүрсе жақтап. Ниетің түзу болса сенің аппақ., Екі елі аузыңа қойсаң қақпақ, Сыбыр, өсек дегенді сырттай жүріп, Ғылым, өнер, мал таппақ, жұртқа жақпақ.» (223-ші сөз) Сонымен біз бұл насихаттардан не ұғындық, қандай жеміс тердік? Қазіргі өздерін кісі деп білетін жұрттың қуанышы неде? Ел биліктің қуанышы дүние мен малды жинап 30 елдің қатарына қосылсақ, бай ел болсақ , құдайсыз дінсіз ел басқарып, мәңілік ел боламыз дейді. Мұны құдай тағала осылай қылсаңдар мәңгілік өмір суын ішкіземін бүкіл халқыңа деп айтты ма екен? Бір пенденің жындылығы асып, күші тасып әлемнің бір ойынынан озып келсе болғаны, бүкіл халық қол шапалақтап қуанып мақтанатын болдық. Жалаңаш арсыз қыз, қатындарды алдымызда билетіп қойып, көтін ашқаннан, жалаңаштанып арын аздырғаннан жұлдызы жарық періштеге айналды деп қуанып,арнаулы жорнал арнап, күнде халыққа көгілдір терезелерден жарнамалап, отбасы түгел тектенді деп және қуанып жар саламыз. Қатын, қыздарымыз ел билігіміз, үлкендеріміз еркетермен теңсіңдер деп заң шығарды деп, еркек болғанына мәз қуаныштары асып, тасып өздерінің тұздары сасып, жұбаныштарының өзін санап тауса алмайтын болдық. Жұбаныштың да саны артқан сайын ақыл мен естіліктің де қуаты азайатынын да аңғарудан қалдық. Күнде қуанатын, қуанбасақ, күлмесек өмір сүре алмайтын мастарға, жындыларға айналып та алдық. Баламыз намаз оқып кісі болды деп төрге шығарып қойып, жартылый арапша ойы жоқ сөзінің ұғымы жоқ, әйтеуір ескілердің айтқаны, әулиелігі осы екен деп ақылын тыңдаймыз, арттарынан үп-үлкен болсақ та намазға ұйып, бұған да шүкір деп, кемеңгер ел басшымыздан бастап қуанышымыз қойнымызға сыймай, қуаныштардың барлық түрін жұбанышқа айналдырып алдық. Осы жастарымыздың ойын-сауық сөз қуып уақыттарын босқа өткізбей, өнер іздеп, адал еңбек етіп арам терлерін шығарып, жарларына беретін бес бересін бере алды ма, ақыл сарайларына мүлкін жинай алды ма, рухани егінін алты аласын алып, естілік сана қуаттары толып қырықтан аспай иманы жетілмейді-ау деген бір есті кісінің ойына келетін әзір ақыл таба алмай қалдық мүлде. Абай атамыз осы неге жол кез, жоба ізде деп айтты екен, бұл адам баласын немен жұбатады екен деп ойланатын философ сөз мамандарының қуанышы да біртүрлі адамдықтан қашып, аты-жөні де бөтенге айналып алғанын, тілді білсе болды ойдың қажеті болмай ұлт боламыз деген жалған қуаныштарын аңғара аламыз ба? Тегіңді қазақшалап кісі боласың деп аруағын мазақтап, елді қуантып қойған өздері үлкен, істері бала–шағаларды кім қой деп айта алып, иман іздеп ісіміздің ақ-қарасын құдай тағаланың өзінен сұрайық дейтін осындай пайғамбарлық қасиет «Уағызшы, ілімді» қалай меңгермекпіз? Жастарға ғылым, өнерден, адал еңбектен іздеңдер қуаныштарыңды, ақыл толмай, иманды іздемей, сыртыңды түзеп «намазхан» аталып босқа қуанба, әуелі иманның есігін жер кезіп табыңдар дейтін ақсақалдардың өздерінің қуанышы ұлтының дәстүріне, тарихына, ата-бабаларының  аманатына махаббаты болу керек еді. Жұбанышымыз жасымызға, үлкендігімізге, көпті көргендігімізге жасымызға сай, ішіміздің нұрлы екенін, жастардан көрі жаратқаннан дұғамыздың қабыл болатындығына, намаздарымызды орындаудан жұбаныш тауып, жастарға үлкендіктің ақ батаның үлгісін көрсету саналықтың, иманы түгел кісіліктің өзі еді. Ендігі үлкендердің, зиялы қауым аталғандардың  құдайдың өзі, Алланың достары түгіл, басымен де дос бола алмай жастардың ісін істеп, сөзін сөйлеп жас балаша мәз болып ойын сауықтан, дүниенің қызығынан қол үзе алмай тапқан жұбаныштарынан жаның түршігіп, Абай атамыздың зар заманның туғанына ғана көзің жетіп қайғырудан басқа амал бар ма, жоғардағы айтқандай кісілігі болған, өмірдің өз кезегіне қарай келетін қуанышы мен жұбанышын, ақ пен қарасын, адал мен арамын, махаббатын иманы арқылы айыра білетін  өз тағдырын көру арқылы ұлт тағдырын болжай білетін, тегін тазартқан есті қазаққа; Енді пайғамбарлық қасиеттің бір; «Сапарлы болуды» неге серік қосу дейді осы «Уағызшылар»?  Келіңіз тағы талқылап көрейік…(жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *