XV-Иман және махаббат

Бөлім: Иман және махаббат 160

               (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

Адыңғы тарауда Абай ата қара сөздерінің 31-ші сөзі мен 19-шы сөздерінің орындарының ауысып кеткендігі туралы ескерткенбіз. 31-сөз естіліктің жағдайымен байланысты болса, енді 19-шы сөз пайғамбарлық қасиеттің «Қарилық» қабілетімен байланысты болмақ. Жалпы сөздердің негізгі ұғымдарын өзгертудің сонау бағзы заманнан бері жалғасып ақырында; «сөздің бәрі араптардан пайда болған»  деген Аллаға ортақ қосу әрекетінің қазіргі таңда мүлдем шарықтаған шегіне жетіп, арап халқының  сөз атауын мағынасы әрекетіне қарай  тәпсірлемей құран арқылы сол қалпында ала салумен нәтижесінде қорқынышты бір шектеу үкімдерге айналдырып алып, шариғатты жол – шексіздік қылып, ислам әлемінің «экстремизмдік» жағдайға түсуіне де осындай ескі тәпсір білімдерін заманға қарай сандық тұрғыда қайта зерттелмеуінен де зұлымдыққа түсуге себепші болғаны да хақ. Осы тұрғыда енді қарилық деген тек құранды жаттап алумен байланысты деп түсініп, ал негізде ол ақылдың қабілетімен естілікпен яғни қаракеттік ақылға талаптылыққа байланысты  есте сақтау қабілетімен байланысты екені де шындық. «Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі-көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екіншісі-сол нәрсені естігенде ғибратану, үлгі алу керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшіншіден-сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші-ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер бір кез болып қалса, (уайымға) салынбау керек. Ой кеселдері; уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе-күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғұн нәрселер.» (19-сөз; кітапта 31-ші сөз) Сонымен құранда да бұл санды есту, көру сезімдерімен байланысты және Мариям- бой ұсынушы болып баяндалып, қарилық қасиеттің негізінен ана қанының тазалығына, діл қуаттылығына байланысты екені де сөзсіз.

«Байлар жүр жиған малын қорғалатып, Өз жүзін, онын беріп, алар сатып. Онын алып, тоқсаннан дәме қылып Бұл жұртты қойған жоқ па Құдай атып? Барып келсе Ертістің суын татып, Беріп келсе бір арыз бұтып-шатып, Елді алып, Еділді алып есіреді, Ісіп-кеуіп, қабарып келе жатып. Әрі-бері айналса аты арықтап, Шығынға белшесінен әбден батып. Сұм-сұрқия, қу, білгіш атанбаққа. Құдай құмар қылыпты қалжыратып. Қорғаласа, қорықты деп қоймаған соң, Шаптырады қалғаа бай да аңдытып. Күшті жықпақ, бай жеңбек әуел бастан, Қолға түсер сілесі әбден қатып. Жаны аяулы жақсыға қосамын деп, Әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып.» (19-шы өлең) Бұл жерде астарлы түрде дүниенің соңына түсіп қулық сауғандар 10-күндік (он саулық) рухани қуатты өзінің 100-малдық қуатына айырбастап алатынын және  тегінің де он саусақтық өнерге байланысты  азуын итке айналуын баяндаған. Шәкәрім атамыз; «Онан да өнер үйрен тек жүрсең де, Ақы алмай, тамақ қана жеп жүрсең де. Өнер білсең-он күнде жүзді аласың, Басында пайда алмай-ақ көп жүрсеңде..» он күндік қуат арқылы 100 түрлі бұлшық етке толық қуаттың зейнеттелуін ескертіпті.

   «Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын, Түбін ойлап, уайым жеп айтқанмын. Ақылдылар арланып ұялған соң, Ойланып түзеле ме деп айтқанмын. Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын, Бірінің бірі шапшаң ұқпас сөзін. Көздің жасы, жүректі қаныменен Ертуге болмайды ішкі мұзын. Жұртым-ай, шалқақтамай сөзге түсін, Ойланшы, сыртын қойып, сөздің ішін. Ыжаңдамай тыңдасаң нең кетеді, Шығарға сөз емес қой әңгіме үшін. Адасып алаңдама, жол таба алмай, Берірек түзу жолға шық, қамалмай. Не ғылым жоқ, немесе еңбек те жоқ, Ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай. (119-шы өлең)  Жалпы жарықтық қуаттың яғни күннің саны 13-санымен белгілі болады. Мұның 8 саны жаннаттық қуаттармен байланысты болса 5 күні жалғандық яғни бес түрлі қуатпен байланысты болмақ. Енді 10 күн дегеніміздің өзі осы бес саусақ қуаттың парымен оң солымен 10-күн болып ғылым келу, ғылымды меңгеруде сөз өнерінің сөзді ұғыну қабілетімен байланысты екенін, ол үшін де адал еңбек пен өнерді меңгерумен де байланысты екенін ескертеді.

«Ғалымнан надан артпас ұққанменен, Тағдыр көрмей қоймайды бұққанменен. О дағы қалыбынан аса алмайда, Жауқазын ерте көктеп шыққанменен.» (219-шы өлең) Қандай жағдайда да ғалымның дәрежесі артық болғанымен бірақ тағдырға да бағыну керектігін, мысалға қырыққа толмай ғалым болып өзіңнен өзің асуың да мүмкін емес. Сан ғылымына жүгінсек 19-санның ішкі сыры 91 санмен байланысты болмақ. Аталарымыз; «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» деп осындай адам баласының сөзді түсіну қабілетімен ғылымды меңгерумен байланыстылығын да ескерткен. Енді құранда да «Сендерге 19 санын сынақ қылдым..» аяттың да құпиясы сөзді ұғынумен ойшылдықпен адамзатқа байланысты 3 түрлі дәрежелі ақпараттық жағдайда өмір сүретін болсақ, яғни 1. Жануарлық; 2.Құс тілімен, 3.Адамдық дәрежедегі ақпараттар жүйесінің соңғысы 19 сандық  қасиеттің ішкі сыры 91 санмен де байланысты 10 күн 9 түрлі жанның әрекетінен туындайтынын да есіңізден шығармаңыз. Сонымен бұл санның қарилық қасиеттің, есте сақтау қабілетінің жалпы сырын; « Қайғы шығар ілімнен, Ыза шығар білімнен. Қайғы мен ыза қысқан соң, Зар шығады тілімнен. Қайтіп қызық көремін Әуре сарсаң күнімнен? Қайрылып қарап байқасам, Ат шаба алмас мінімнен. Қайғылы, қартаң біздей шал, Қарай берсең, қайда жоқ? Есер, есірік болмасаң Тіршіліктен пайда жоқ…» Ілімді меңгермей ақиреттің қайғысы да болмайды әрине. Қазіргі біздің заман ақсақалдары мен зиялы қауымы ілімнен хабары аз болғанымен білімділері де жеткілікті. Бірақ мұндай жағдайда қайғылары дүниемен байланысты болып, естілігі де ызақорлық екендері сөзсіз. Ал кейбір көпшілік жастарымыздың білімсіз ақылы да толмай ілімнің соңына түсіп тек ақиреттің қайғысына беріліп, арты зұлымдыққа түсуге де себепші болып жатқандары да жеткізікті елімізде. Сондықтан көбінде қазіргі үлкендердің есерлігі мен есіріктігі ғана арттағы жастарға үлгі болып жатқаны да хақ. «…Ақыл бітпес дәулетке, Дәулет бітпес келбетке. Болымсыз қулық толымсыз Болады балаң жөргекте. Ішімен жау боп, сыртымен  Кім тояр қылған құрметке? Кеңшілікте туған жоқ Шықсын деген жел бетке. Тарлықта қанша тайпалса, Қадірі болмас, әлбетте…»  Ішін тазарта алмаған нұрландыра алмаған жас түгіл үлкендердің де құрметті, дәрежелі атақтары болғанмен құрметке, адамдық әулиелікке лайығы да аз қазіргі таңда. «..Сыйласа елің ұлықтап, Араласып қызықтап, Қызық пенен тыныштыққа Қазақ тұрмас тұрықтап. Қаңқылдап біреу ән салса, Біріне-бірі жуықтап, Тебінісіп қамалар, Тоқтатып болмас сырықтап. Түзу бол деген кісіге Түзу келмес Ырықтап. Сырдай тартып қашады, Ұстайсың қайтіп құрықтап..» Бұл біздің бүгінгі заман жастарымыздың шетінен әнші болып; «жұлдыз-кемеңгер» аталып естілікке, арға тоқтауға, тұрықтауға, сөз ұғыну мінезіміздің жоғалғандығына да белгі болар. «..Ел жайын біліп, қансаңыз, Айтайын, құлақ салсаңыз: Кейбіреуі дүрсіп жүр, Жер тәңірсіп кер мағыз. Кейбіреуі-зәкүншік, Ондырмасын, берсе арыз. Кейбірі пірге қол берген, Іші залым, сырты абыз. Кейбірі қажыға барып жүр, Болмаса да қаж парыз. Мұсылмандық ол ойлап, Өтеген қашан ол қарыз? ..» (91-ші өлең) Сонымен мұсылмандықтың әлсіреуіне біздің дініміз бен заңға шоқынған білімді ақылға айналдырып алған, бүгінгі болмысымыздың және бес парызбен қажылыққа барып сөз ұғынатын қасиетіміздің, өнер ғылым меңгеретін мұсылмандық қабілетіміздің 10 күніміз бен 9 жандық қабілетіміздің жоғалуына әкеліп соқтырғаны да сөзсіз. Құранда мұндай құр біліммен және ой жорумен айналысып ата-баба мирасы, тылсымдық кітаптарын тастап дәстүрінен қашықтағандарды «Кітап арқалаған есек сияқты» деп ескерткен. Абай атамыз да бұл жағдайды;

«Қырық-елу қос бір жерден Қайтқан екен керуендер. Мал айдап барып әр елді Сауда қылып жүргендер. Алтын артқан бір есек Соларменен келеді. Ол жай жүрсе, жұртта жай, Ол желсе, жұрт желеді. Тамам қостың байлары Маңайынан кетпейді. Қошемет қылып бәрлері Шомын да жөндеп ерттейді. Ортаға алып әлгіні Бәрі бірдей сыйлайды. Бірі сүйіп құлақтан, Бірі жүнін сипайды. Сылап-сыйпап, қадірлеп, Беретұғын жем де артық. Есер шіркін есіріп, Болып алды тым тантық. Көш бойы жұрт қасында, Өзгемен жұмыс жоқ. Атты теуіп, адамды Тістесе де сөгіс жоқ. «Құдай аман сақта,-деп,-Жарда, суда!»-бата алған. Еркелетіп ат қойып, «Жапарқұл мырза» аталған. Алтын үсте жүргенде, Сол қадірмен көп жүрген. Өз ойында көк есек Өзгеше тудым деп жүрген. Алтынды бір күн бай алды, Есектен жұрт түңілді. «Жапарқұл» аты жоғалды, Боқ тасуға жегілді. Қарасаңшы бойыңа, Ұзын құлақ қалпың ғой. Жұрт ергені соңыңа-Үстіңдегі алтын ғой.» (191-ші өлең) Сонымен ғылым берілу ойшылдықпен және қандық ұлттық тазалықты, ділді сақтау болса, енді оны аздыратын естіліктің сөз ғылымына байланысты қарилық қасиеттің тоқырауға түсіп және ойсыздықтың барлық сипатын қазақ зиялы қауымы мен ел билеушілерінің «Жапарқұл» аталған дәрежесімен  жер тәңірісіне айналып, тек заңға салмақ салып беделді аталуымен қазақ руханиятының бұл күндерінің қараңғылыққа түсіп ұлт жанының өнім бермей жатқанына нәзік жандылардың түрлі аурулары,  іштен дертті балаларды туып жатқаны да дәлел бола алады.

Сонымен мұндай пайғамбарлық қасиет алған қарилықты меңгеруге де енді сипаты «Аз сөзділік» қасиеті болып, яғни сөйлеген сөзіміздің ұлттық  ар білімімен сәйкес болуы да шарт; «Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғындығы да бар. Әуелі «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүргені құрсын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпен мал тап деген сөз болса, ол-ар кететұғұн іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек ол арлының ісі. «Қалауын тапса қар жанады», «Сұрауын тапса адам баласының бермейтіні жоқ» деген-ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой. «Атың шықпаса, жер өрте» дейді. Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат? «Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол» дейді. Тәңірге жазып, мінбей-түспей арып, шөмеңдеп диуаналықпен бір күн болған буралық неге жарайды?»Алтын көрсе, періште жолдан таяды» дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны. «Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті» дейді. Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғұн антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе? Ата-ана шамасы келсе, михнаттанып мал жиса да, дүниелік жиса да, артымда балаларыма қалсын дейді. Ол ата-ананы малға сатқан соң, құдайға дұшпандық іс емес пе? Осындай білместіктпенен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек.» (29-шы сөз) Қазақтың ұзын сөзділігі сөз астарларына мән бермеуден ардың жоғалуына тап болмас үшін әрбір мақалдардың, нақылдардың өз орнын тауып айтылуы да маңызды болмақ. Және енді сөздің құндылығын сақтау керектігін; «Сорлы Көкбай жылайды, Жылайды да жырлайды. Ол жыламай қайтіп тұрады, Мынау азған қу заман Қалыбында тұрмайды. Біреу малыңды ұрлайды, Бірау басты қорлайды,…болмаған соң Жылауына зорлайды.» (29-шы өлең) Ақын, жыршылардың да сөздің құндылығын меңгеруге арды аздырмауға маңызды орындары да бары сөзсіз.

«Талаптың мініп тұлпарын, Тас қияға өрледің. Бір ғылым еді іңкарың, Әр қиянға сермедің. Көзіңді салдың тұрғыға, Бейнетін қиын көрмедің. Бірге оқыған құрбыға Бас бәйгені бермедің. Бала болдың, жас болдың — Жалғандыққа ермедің. Төре болдың, бас болдың — Көкірегіңді кермедің. Ел ішіне сау келсең, Тағлым айтпас ер ма едің? Жол көрсетіп сонда өлсең, Арманым бар дер ме едім? Іздеп табар жалғаннан, Бала берген пенде едім. Пенде өлмейді арманнан, Мінеки, менде өлмедім.» (129-шы өлең) Әбдірахман өлгенде деген тақырыппен аз сөзділікпен жастардың қасиетінің қандай болуының үлгісін баяндап көрсеткен екен. Және  сөздің қасиетін сақтау мен үлкендіктің де үлгісін; «Жайнаған туың жығылмай, Жасқанып жаудан тығылмай, Жасаулы жаудан бұрылмай, Жау жүрек, жомарт құбылмай, Жақсы өмірің бұзылмай, Жалын жүрек суынбай, Жан біткеннен түңілмей, Жағалай жайлау дәулетің Жасыл шөбі қуармай, Жарқырап жатқан өзенің Жайдақ тартып суалмай, Жайдары жүзің жабылмай, Жайдақтап қашып сабылмай, Жан біткенге жалынбай, Жақсы өліпсің, япырмай!» (92-ші өлең) (жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *